Тыныс алу жүйесінің аурулары. Бронхиттер. Бронхит



бет14/105
Дата03.12.2023
өлшемі308.1 Kb.
#485263
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   105
Terapia

Туберкулез.
Туберкулез – әр түрлі мұшелерді зақымдайтын, көбіне өкпеде орнығып, ағзаның улануымен, клиникалық көрінулер полиморфизмімен сипатталатын, толқын тәрізді өтетін созылмалы жұқпалы дерт. Тырнақтар мен шаштан басқа адам ағзасының барлық мүшелерін, улпаларын зақымдап, туберкулездің өкпеден тыс түрлерінің дамуы мүмкін.
Этиологиясы. 1882 ж 24-ші науырызда неміс ғалымы Роберт Кох туберкулез қоздырғышын – туберкулез таяқшасы деп ашты.Сондықтан Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы 24 –ші Науырызды ресми Дүниежүзілік Туберкулезге қарсы күрес күні деп жариялады.
Туберкулез таяқшасының бірнеше түрі болады.

  1. Mycobacterium bovis – бұқалар түрі.

  2. Mycobacterium tuberculosis – адамдар түрі.

  3. Mycobacterium avium - құстар түрі.

  4. Mycobacterium murium - тышқандар түрі.

Олар, көлемі жіңішке таяқшалар, аэробтар, өсу орталғы 37-380С, эндотоксин бөледі, аллергендік қасиеті бар, құрамында антиген бар. ТБ сыртқы ортада үлкен төзімділікпен ерекшеленеді: көше шанында 10 күнге дейін, кітап парақтарында – 3 айға дейін, науқастың киімдерінді және ішкі киімінде 3-4 айға дейін, суда 5 айға дейін, ал қарда өте ұзақ уақыт олардың өміршендігі сақталады.
Эпидемиологиясы мен патогенезі: Жұқтырудың негізгі көзі – туберкулездің ашық түрімен ауыратың науқас. Туберкулездің ашық түрімен ауыратын науқас емделмесе жылына орта есеппен 10-15 адамға туберкулез жұқтырады.
Құрамында ТБ бар, шикі сүт және басқа сүт өнімдерін қолданғанда, сондай-ақ ауыру жануарларды күтіп баққанда адам туберкулезбен ауыруы мүмкін. Жуғу жолдары – аэрогендік (ауа арқылы), қарым қатынас арқылы.
Инфекция жұқтырғандардың бәрі бірдей туберкулезбен ауырмайды, атап айтқанда иммундық жүйесі нашарлаған адам туберкулезбен ауыру ықтималдығы жоғарлайды.
Жұқтырған адамдарда ағзасында біріншілік туберкулезді комплекс дамиды. Дене қызуы кенеттен 38-390С-қа көтеріледі, 2-3 апта вирустық инфекцияға уқсап ауырып, сауығады.Кейін оларда Манту байқауы оң көрсетеді. Өкпеде рентгенге түсіргенде Гон ошақтары байқалуы мүмкін: диаметрі 1 см –ге дейін қальций мен қапталған, ішінде МТ таяқшалары сақталған ошақтар. Жұқтырғандардың ішінен 10-15% ғана кейін иммунитеті төмендесе екіншілік туберкулезбен ауруы мүмкін.
Жіктемесі: орнығу орнына сәйкес туберкулездін мынадай түрлерін ажыратады:

  1. Өкпе туберкулезі – өкпе паренхимасы зақымданады.

а) ашық түрі – қоршаған ортаға МТ (+), таратады
б) жабық түрі – қоршаған ортаға МТ (-), таратпайды

  1. Өкпеден тыс туберкулез - барлық басқа мүшелермен ұлпалардін туберкулезі (плевраның, лимфа түйндерінің, іш құысының , несеп- жыныс жүйесінің, бұындармен сүйектердін, бас миы және жұлын қабықшаларының).

Клиникасы. Туберкулездің негізгі белгілері: 2 аптадан артық жөтелу, әлсіздік, салмақ жоғалту, тершендік, әсіресе түнгі уақытта шылқылдап терлеу, кеуде қуысындағы ауырсыну, қан түкіру, ұзақ уақыт бойы дене қызуының субфебрильды жоғарлауы. Науқастың беттерінің үші қызарып, көзі жылтырап, жасарып кеткендей болады.
Диагностикасы.

  1. Ауру белгілері бар науқастардан қақырықты бактериоскопиялық әдісімен зерттеу.

  2. Туберкулезбен ауыру қауіпі жөғары халық арасында флюорография әдісін қолдана отырып, туберкулезді ерте анықтау.

  3. Өкпе рентгенографиясы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет