Тыныс алу жүйесінің аурулары. Бронхиттер. Бронхит



бет1/105
Дата03.12.2023
өлшемі308.1 Kb.
#485263
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
Terapia



Тыныс алу жүйесінің аурулары.
Бронхиттер.
Бронхит – бронхтардың қабынуы – тыныс алу жүйесі ауруларының ішінде жиілігі бойынша бірінші орын алатын ауру. Бронхитпен көбіне балалармен жасы ұлғайған адамдар, мамандық зияндылықтары бар және шылым шегетін ер адамдар ауырады. Суық, ылғалды климат тұрғындары мен ызғарда жұмыс жасайтын адамдарда жиі кездеседі.
Жедел бронхит - бронхтар кілегей қабығының жедел диффузды, сирегірек – қабырғасының барлық қабаттарының бір мезгілде қабынуы.
Этиопатогенезі. Жедел бронхиттің 90%-да анықталатын қоздырғышы – вирус немесе микоплазма. Бронхтық эпителийге вирустардың енуінен, ондағы зат алмасу бұзылып, эпителийлік жасушалар түлеп жойылады, оған бактериялар қосылып, қабыну басталады.
Клиникалық көрінісі. Жедел бронхит жедел респирациялық аурудан кейін немесе онымен бірге басталады. Жоғарғы тыныс жолдарындағы қабыну процесі трахеяға түседі. Бұл кезде трахеиттің белгілері – құрғақ жөтел, төс артының ашып, қырнап ауруы байқалады. Көп ұзамай қабыну процессі алдымен ірі, кейін ұсақтау бронхтарға өтеді.
Бронхиттің көрінісі қинайтын жөтелден басталады. Алғашқы 2-3 тәуліктегі жөтел құрғақ, кейін болар болмас қақырық түсе бастайды. Қақырық әдетте кілегейлі, кейде кілегейлі-іріңді, оның тәуліктік мөлшері шамалы, 50 мл аспайды. Қиналып қатты жөтелуден кеуденің диафрагмаға бекіген аймақтары, төстің арты ашып ауруы мүмкін. Ұсақ бронхтар қабынса онда жөтелге ентікпе қосылады. Интоксикацияның салдарынан әлсіздік, немқұрайлық, қол-аяқтардың, белдің ауырсынуы. Көбіне дене қызуы қалыпты немесе 2-3 күн ғана субфебрильді деңгейге дейін жоғарылайды. Бірақ грипп болғанда дене қызуы 38-390 С көтерілуі мүмкін, сонымен қатар мұрынның , ауыздың айналасында ұшық шығуы және көмекейдің гиперемиясы байқалады.
Объективті. Перкуссиялық дыбыс әдетте өзгермейді. Тыңдағанда күшейген қатаң везикулалық тыныс және құрғақ сырылдар, сиректеу ылғал сырылдар естіледі. Қызу көтерілген кезде шамалы тахикардия болуы мүмкін.
Қаның анализі онша өзгермейді, қабыну белгілері - нейтрофильдік лейкоцитоз, ЭТЖ –ның жоғарлауы.
Жедел бронхиттың барысы жеңіл 7-14 тәуліктің көлемінде аяқталады. Асқынулары: пневмония, бронхтар түйілу синдромы.
Емі. Ауру асқынбаса амбулаторлы емделеді, жылы жайдағы төсек тәртібі.
Қабынуға қарсы аспирин немесе парацетамол 0,5 г3 рет, обструкция болғанда – теофедрин немесе эфедрин 0,025 г 3 рет. Аскорбин қышқылы немесе Ревит дәрумені 1-2 драже. Дезинтоксикациялық ем: тәулігіне 2-3 литр сұйықтық (бал, лимон, қарақат, таңқурай қосылған т.б.) ішкізу.
Антибиотиктерді тек пневмония қосылған немесе ірінді қақырық болған жағдайларда ғана қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет