ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
_____________________________________________________________________________
Жоғары кәсіптік білім
БАКАЛАВРИАТ
|
«Бекітемін»
Оқу және әдістемелік жұмысы
бойынша проректоры
проф. Есенжанова Г.М.
«___»___________2009ж
|
ВАЛЕОЛОГИЯ
050507– «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша
сағат көлемі – 2 кредит (90 сағат)
Казахстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі
Алматы, 2010
051102-«Қоғамдық денсаулық сақтау», 051103-«Фармация» мамандықтары бойынша 2006 ж. мемлекеттік білім стандартына сәйкес пәннің типтік оқу бағдарламасын м.ғ.к. проф. Абишева З.С. құрастырды.
«_____»____________2010ж, хаттама №______ Қалыпты физиология валеология курсымен кафедрасының мәжілісінде қаралды.
Қалыпты физиология валеология
курсымен кафедрасының меңгерушісі,профессор Соколов А.Д.
Типтік оқу бағдарламасын «_____»____________2010ж, хаттама №______ медико-биологиялық мамандығының пәні бойынша циклдық әдістемелік комиссиясы талқылады.
ЦӘК төрағасы, профессор Юй Р.И.
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың әдістемелік кеңесінде мақұлданды. «_____»____________2010ж, хаттама №______
Төраға, прфессор Есенжанова Г.М.
Алғы сөз
-
Әзірлеген және ұсынған: С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті
-
Алғаш рет енгізілген
-
Типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес 051101 «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша жасалды.
-
Типтік оқу бағдарламасы С.Ж.Асфендияров атындағы Қаз ҰМУ-дың жоғары білім мамандықтары бойынша әдістемелік кеңесте бекітілді және ұсынылды.
Хаттама №___ «___»_________2010 бекітілді.
Мазмұны
1
|
Түсініктеме хат
|
4
|
2
|
Пәннің мазмуны
|
5-8
|
3
|
Білім беру және оқыту әдісі
|
8
|
4
|
Білімді бағалау
|
8
|
5
|
Құрал жабдықтар және жабдықталуы
|
8
|
6
|
Пән сағатын бөлу
|
8
|
7
|
Тәжірибелік сабақтар, СӨЖ-дің тақырыптық жоспары СӨОЖ.
|
9-10
|
8
|
Ұсынылған әдебиеттер тізімі
|
10
|
9
|
Авторлары
|
11
|
1 Түсініктеме хат
Кіріспе. Валеология – денсаулықты сақтау және оны нығайту туралы ғылым. Соңғы 10 жыл шамасында дүниежүзінде көптеген елдерде, сонымен бірге ТМД-ға мүше елдердегі халық денсаулығының едәуір нашарлауына және адамның өмір сүру деңгейінің қысқаруына байланысты валеология ғылымы дамыды. Бұл ғылымның негізін 1980жылы ы И.И.Брехман қалады. Адам денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің төмендеуі көптеген себептер мен факторларға, денсаулық туралы ілім жаңалықтарынан адамдардың беймағлумдығына және немқұрайлығына да байланысты екенін аңғарамыз. Сонымен бірге аурудың алдын алудың бірінші деңгейдегі бірегей амалдар жүйесінің едәуір нашарлауы осындай жағдайларға әкеп соқты.
Медицина ғылым болып қалыптасқаннан бері оның басты мақсаты- адам денсаулығын сақтау және нығайту, ал ауруды емдеу-медициналық доктринаның екінші бөлімін құрастырады.
Адам денсаулығы деген ұғым бір ғана шеңбер ауқымында қарастырылмауы керек, ол көптеген факторларға тәуелді, ішкі және сыртқы себептермен бірге, бір адамның және тұтастай әлеуметтік, мемлекеттік тұрғыдағы денсаулығына кемел, ұтымды да, тиімді көзқарастарды қалыптастырғанда ғана денсаулық ауқымын тұтастай қамтуға болады.
Валеологияның обьектісі – дені сау немесе ауру алды жағдайда жүрген адам болып табылады. Бұндай адамдар денсаулық сақтау ұйымының назарынан тыс қалады. Валеология осындай адамдармен жұмыс жасай отырып, денсаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтын қалыптастыруда адам ағзасының қызметтік қорларын пайдаланады.
Пәнніңң мақсаты: Студенттерге денсаулықты сақтау және нығайтудың әдістері мен тәсілдерін үйрету, өзінің және өз қоршаған ортасының денсаулығына салауатты көзқарасқа тәрбиелеу.
Пәннің міндеті :
-
Адам денсаулығыны және адам ағзасының қорларын анықтау және сандық баға беру;
-
Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
-
Студенттерге денсаулық сақтау және нығайту әдістерін үйрету.
Оқытудың қорытынды нәтижелері
Студент білу керек:
-
Пәннің мақсатын, міндетін және оның болашақ мамандық үшін маңыздылығын;
-
Денсаулық туралы негізгі түсінікті;
-
Денсаулыққа қауіп төндіретін факторларды;
-
Денсаулықтың жасқа байланысты ерекшеліктерін
-
Денсаулықты сақтау тәсілдері мен әдістерін;
-
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негіздерін;
-
Ағзаны сауықтыру әдістерін;
Үйрену керек:
-
Жеке адамның және ұжымдық денсаулық сақтаудың деңгейін талдау,және болжауды;
-
Денсаулықты сақтау және нығайту үшін қажетті валеологиялық білімді қолдануды;
-
Оқулықтар және ғылыми әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуді;
Қандай дағдыларды игеру керек:
-
Антрометриялық көрсеткіштерді өлшеуді;
-
Артериалдық қан қысымды өлшеуді;
-
Жүрек қағысы мен тыныс алу жиілігін анықтауды;
-
Өкпенің тіршілік сиымдылығын анықтауды (ӨТС);
-
Адам денсаулығын сипаттайтын жүктемелерге сынақ жүргізуді ( Мартине сынамасы, Штанге сынамасы, Генче сынамасы, Гарвард степ-тесті, Купердің 12-минуттік сынамасы);
-
Балалар мен іштегі нәрестелердің физикалық дамуын есептеуді;
-
Сауалнама жүргізу, тесттер;
-
Ағзаны сауықтыру және шынықтыру.
Пререквизиттер және постреквизиттер
Пререквизиттер: экология
Постреквизиттер: дене шынықтыру.
2 Пән мазмұны.
Валеологияның зерттеу обьектісі-адам, оның өмір сүру сапасын көрсететін категория ретіндегі жеке денсаулығы. Басқа ғылымдарға қарағанда валеология адам денсаулығын өзінше бөлек катигория ретінде қарастырады, оның мәні сан және сапа жағынан да анықталуы, сондай ақ әр түрлі деңгейлерде- физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік-экономикалық болжануы мүмкін. Валеология ағзаның жеке жүйелерінің қорларын, олардың психофизиологиялық және регенеративтік қызметін тұрақты жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, өзара бейімделу-компенсаторлық қызметін зерттейді.
Валеологияның зерььеу әдістері:
-
Клиникалық- физиологиялық(артериялық қан қысымының антропометриялық көрсеткішін, қан ағымының минуттік және систолалық көлемін, тамыр соғысының және тыныс алу жиілігін, өкпенің тіршілік сиымдылығын, жүктемелік сынаманы өлшеу т.б.);
-
Гигиеналық (адам ағзасына қоршаған ортаның жәйсіз факторларыәсерін);
-
Әлеуметтік (сауалнама);
-
Психофизиологиялық(тесттер,сұрақтар, тұлғалық мазасыздануды бағалау.т.с.)
-
Ағзаны сауықтыру және шынықтыру әдістері (қимыл белсенділігі, рефлексотеропия, аутотренинг, тыныстау гимнастикасы, тиімді тамақтану т.б.)
-
Отбасын құруды жоспарлау әдістері (контрацепция)
Валеология терминін (латынша valeo-дені сау болу, logos-ілім, ғылым деген ұғымды білдіреді) алғаш рет И.И.Брехман 1980 жылы айналымға енгізді. Валеология қазіргі кездегі ғылымдық деңгейдегі ең бір шешілмеген мәселелерге – бүкіл адамзат үшін өмірлік маңызы бар денсаулықты сақтау, нығайту және қалыптастыруға байланысты пайда болды.
Валеология адам денсаулығын сақтаудың әлеуметтік қажеттілігін меңзейтін ғылым ретінде бүгін ғана пайда болған жоқ. Бұл міндет адамзат алдында әр кезде тұрған. Алайда оның шешімін табу осы бүгінгі күні ғана мүмкін болып отыр, өйткені адамды терең біле бастадық, оның биологиялық, физиологиялық, психологиялық мәні диагностикаға, болжауға, ағзадағы жүйелердің жағдайын және олардың өзара қарым-қатынасын басқаруға, болжауға жоғары мүмкіншілік жасап отыр.
Негізгі ұғым
Студенттерге онтогенездің әр түрлі кезеңіндегі жыныстық деморфизмді ескере отырып, мүшелер мен жүйелердің құрылымдық-қызметтік ерекшеліктері туралы түсінік беру керек. Өмір сүрудің физиологиялық тетіктері, ағзадағы ішкі ортаны тұрақтандыратын реттеуші жүйелердің өзара қарым-қатынасы және өмірдің әр түрлі жағдайларында адамның орынды мінез құлқын қалыптастыру туралы мәліметтерден хабардар болуы қажет.
Денсаулық – экологиялық категория. Қолданбалы мәнде дені сау адам. Абсолюттік денсаулық. Денсаулық ағзаның қоршаған ортамен байланысындағы біркелкілігі іспетті. Денсаулық тұрақтылықты сақтаудың амалы, ортаның сандық және сапалық өлшемдеріндегі өзгерістерге деген икемділігі. Денсаулық адамның биологиялық, әлеуметтік және психологиялық бірлігінің көрінісі ретінде. Денсаулық анықтамасы (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, академик В.П. Казначеев және т.б.).
Дене және психика саулығы. Жеке адамның және қоғамның денсаулығы, олаордың өлшемдері. Денсаулықтың бірқалыпты болуы жеке адамның денсаулығының өлшемі іспетті.денсаулықтың бірқалыпты болуы туралы ұғым. Физиологиялық қалып. Жеке адамның қалыптасуындағы онтогенетикалық және физиологиялық өзгерістеріндегі генотиптің, фенотиптің рөлі. Денсаулықты бағалаудағы қалып ұғымының жеткіліксіздігі.
Денсаулықтың «саны» мен «сапасы» туралы ұғым. Денсаулық қоры. Денсаулықтың саны мен сапасы – негізгі қызмет атқаратын жүйелердің «қорлық мүмкіндіктерінің» қосындысы ретінде.
Валеология – адам денсаулығы туралы ғылым.
Валеология – адам денсаулығы туралы ғылым. Оның пайда болу тарихы және дамуы бүкіл әлемдегі, ТМД елдеріндегі және Қазақстандағы тұрғындар денсаулығының жағдайы. Валеологияны өзінше дербес ғылым ретінде бөліп шығарудың әлеуметтік- экономикалық қажеттілігі. «Қазақстан - 2030» - халықты сауықтырудың ұлттық стратегиялық бағдарламасы. Валеология пәні, оның міндеті мен мақсаты. Дәстүрлі ғылымдар жүйесіндегі валеологияның алатын рөлі. Валеологияның дамуының қазіргі кездегі негізгі бағыттары. Валеологияның негізін қалаушылар. «Денсаулық», «аурулар», «үшінші жағдайлар», «тән саулығы», «психиканың сау болуы» және т.б. туралы қазіргі кезеңдегі теориялар мен тұжырымдамалар.
Денсаулықтың диагностикасы.
Жеке адамның және қоғам денсаулығын болжау.
Маңызды физиологиялық жүйелердің қызмет атқару қалпына баға берудегі қолданылатын негізгі әдістемелік тәсілдер. Жеке адамның және қоғам денсаулығын бағалаудағы негізгі өлшемдер. Тән саулығын сандық тұрғыдан бағалау әдістері, кардиореспираторлық жүйенің қызмет атқару қалпына баға берудің әдістері; антропометриялық (бой-салмақ ара-қатынасы, Брок индексі және т.б.), физиологиялық (жүктемелік сынамалар, Гарвард степ-тесті, Купердің 12 минөттік тесті, дене еңбегіне деген қабілетті анықтау PWC 170, Штанге сынамасы, Генче сынамасы және т.б.). Тест бойынша адамның психикалық саулығын бағалау. Әр түрлі жас кезеңдеріндегі физиологиялық жүйелердің жағдайы. Тән және психика саулығының «сапалық» және «сандық» экспресс анықтамасы.
Жеке адамның және қоғамның денсаулығын болжау. Денсаулықты болжаудың негізгі принциптері. Денсаулықтың демографиялық көрсеткіштері. Сауықтыру бағдарламаларының экономикалық тиімділігін бағалау. Салауатты өмір салтының негіздемелері. Қатер факторларына жоламау, денсаулық қажеттілігінің белгісі ретінде зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстау. Өз денсаулығыңды бағалау және денсаулығыңа деген көзқарас.
Денсаулықтың жас ерекшеліктері.
Жасқа орай кезеңгк бөлудің негіздері. Жас кезеңдерінің физиологиялық сипаттамасы. Жас ұрпақтың денсаулығын қорғаудағы отбасы мен қоғамның рөлі. Биологиялық және күнтізбелік жас.
Тұқым өрбітер денсаулық.
Тұқым өрбітер денсаулық ұғымының анықтамасы. Тұқым өрбітер денсаулықты қорғау және сақтау. Отбасын жоспарлау. Жыныстық қатынастар және денсаулық. Адамгершілік- жыныстық және рухани тәрбие. Отбасы – адам денсаулығын қалыптастырудың негізгі әлеуметтік институты ретінде. Тұқым өрбіту жүйесіне әсер ететін факторлар. Жыныстық қатынас арқылы таралатын аурулар.
Денсаулықты нығайтатын факторлар.
Салауатты өмір салтының маңызды белгілері: ұтымды қимыл белсенділігі, теңестірілген тағам және еңбек пен демалыстың дұрыс тәртібі, психологиялық сәттілік. Қимыл белсенділігі гомеостатикалық реттелістің маңызды факторы. Қимыл икемделу мінезінің құралы. Психикалық, эмоциялық жағдайды реттеудегі қимыл белсенділігінің рөлі. Қимыл белсенділігі жеке дамуды жеделдетуді ынталандырады.
Денсаулық үшін тағамның маңызы. Тағам қажеттілін қалыптастырудың және оның белгілерінің негізгі заңдылықтары. Тағам мөлшерін, сапасын және уақытын реттейтін физиологиялық тетік- тегершіктер. Тағам өнімдері. Өнімдердің колориясы. Теңестірілген, жұғымды тағам туралы ұғым. Су – денсаулық пен өмір негізі, дәрумендер және микроэлементтер.
Денсаулықты сақтай білудегі және нығайтудағы еңбек пен демалыстың маңызы. Демалыс туралы ұғым. Демалыс еңбектенудің түрін алмастыру ретінде. Ұйқының маңызы.
Гигиена – салауатты өмір салтының негізі. Гигиенаның мақсаттары және міндеттері. Гигиена түрлері. Тән, киім, аяқ киім, үй-жай және жұмыс орын гигиенасы.
Биоырғақтар және денсаулық.
Психофизиологиялық денсаулық. Психика және тән саулығы.
Тұқым қуалау және денсаулық.
Қауіп- қатердің негізгі факторлары.
Денсаулықтың қауіп-қатерлі факторлары туралы ұғым. Негізгі қатер факторлары (гиподинамия, артық салмақ, семіздік, артнриалды гипо және гипертензия, анемия, гиперхолестеринемия, «сахарализм»). Психика және тән саулығы. Күйзеліс және денсаулық. Тұқым қуалаушылық. Зиянды әдеттердің (темекі тарту, ішімдік ішу, есірткіге бой алдыру, токскомания, фармакоманияның) ағзаға тигізетін әсері. Кеңінен тараған жұқпалы аурулар (тұмау, тұмау жұқпалы аурулары, туберкулез, ЖИТС, гепатит). Оларды алдын алу амалдары мен жолдары.
Қоршаған орта және адам денсаулығы. Адам ағзасына қоршаған ортадағы физикалық және химиялық факторлардың (шу, инфродыбыс, магниттік дауылдар, діріл, электромагниттік амалдар, ауыр металдар) қолайсыз әсерлері.
Ағзаны сауықтырудың әдістері.
Ағзаны сауықтырудың ең кең таралған әдістері. Дене шынықтырудың түрлері (жүгіру, жүру, спорттық ойын түрлері, ырғақты гимнастика, жүзу, туризм және т.б.). спорт және денсаулық. Дене шынықтыру жаттығуларын мөлшерлеудің жалпы принциптері. Дене жүктемесі және жаттығуды шамалаудың қалпын өзі бақылау.
Психофизиологиялық жаттығу. Психофизиологиялық жаттығулардың денсаулық үшін маңызы. Шығыс медицинасының әдістерімен сауығу (иога, у-шу, рефлексотерапия). Өзін-өзі реттеу әдістері және релаксация (аутотренинг, медитация, вокалды және әуенді терапия, т.б.).
Шынығу. Шынығудың жалпы принциптері. Шынығудың сауықтыру тиімділігінің тетік- тегершіктері. Шынығу түрлері.
П.К.Иванов әдісіне негізделген ағзаны кәдуілгі табиғи сауықтыру жүйесі.
Массаж денсаулықты қалыпты ұстаудың және нығайтудың тиімді амалы ретінде. Жұмысқа деген қабілетті жақсартуға арналған дененің жалпы массажы. Нүктелі массаж. Су-Джок.
Тыныс алу гимнастикасы және оның денсаулық үшін маңызы. Тыныс алу гимнастикасының кейбір таралған түрлері.
Фитопрофилактика және фитотерапия.
3 Білім беру және сабақ беру әдістері.
-
Дәрістер: шолу
-
Тәжірибелік сабақтар: Тақырып бойынша тәжірибелік жұмыстарды орындау, апараттармен, кестелермен, сауалнамалармен жұмыс жасау, тесттік тапсырмаларды орындау, шағын топтарда жұмыс жасау, жұмыстың нәтижесін орындау, хаттамаларды толтыру,қорытынды бақылау.
-
Студенттердің оқытушылармен өзіндік жұмысы: шағын топтармен жұмыс жасу, дайындалған рефераттар мен презентацияларды қорғау.
-
Студенттің өзіндік жұмысы: Оқу және қосымша әдебиетпен жұмыс жасау, тақырыптарды өзіндік игеру, тест тақырыптарына өзіндік жауап беру, тақырыптар бойынша рефераттарды қорғау, интерактивті оқыту бағдарламаларымен жұмыс жасау.
-
Білімдерін бағалау
-
Күнделікті бақылау: тест жүргізу,ауызша сурау, тәжірибелік жумысты орындауын, хаттамаларды тексеру, рефераттарды қорғау.
-
Аралық бақылау: ауызша/жазбаша сұрақ
-
Қорытынды бақылау: сынақ
5 Құрал-жабдықтар
Құралдар: қол динамометрі, тонометрлер, құрғақ спирометрлер, медициналық таразылар, компьютерлер, теледидарлар, DVD, мультиялық проектор.
Жабдықтар: видеофильмдер, мультимедиялық дәрістікжәне оқу құралдары, таратылатын материалдар, бой өлшеуіш, еден таразысы, сантиметрлер, анатомиялық пинцет.
6 Пән бойынша сағаттардың бөліну үлгісі
Барлық
сағат саны
|
Аудиторлық сағат
|
СӨЖ
|
дәрістер
|
Тәжірибелік сабақтар
|
СОӨЖ
|
90 сағат
|
6
|
24
|
30
|
30
|
1 кредит
|
6
|
12
|
15
|
15
|
2 кредит
|
|
12
|
15
|
15
|
7 тәжірибелік сабақтар және СӨЖ,
СОӨЖ тақырыптық жоспарының үлгісі*
7.1 Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспарының үлгісі
№
|
Тақырыптары
|
|
№1 Кредит
|
1
|
Валеологияға кіріспе. Валеология пәні және әдістеріи. СӨС сақтау.
|
2
|
Денсаулық сақтаудағы гигиеналық бөлімнің ролі.
|
3
|
Денсаулықты бағалау әдістемесі (антрометриялық амалдар, жүктеме сынамалары).
|
4
|
Адам ғумырын ұзарту жолдары.
|
5
|
Жеке адамның денсаулығын болжау.
|
6
|
Физикалық денсаулықты өзіндік бағалау әдістері.
|
7
|
Тама0тану валеологиясы
|
№2 Кредит
|
8
|
Жанұяны жоспарлау әдісі
|
9
|
Педагогикалық денсаулық
|
10
|
Зиянды дағдылардың көрсеткіші туралы тесттер.
|
11
|
Жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулар және оларды алдын алу
|
12
|
Психофизиалогиялық жағдайды бағалау
|
13
|
Физикалық денсаулықты сауықтырудың табиғи емес тәсілдері.
|
|
Барлығы: 30 сағат
|
7.2 Оқытушының бақылауымен жүретін студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптарының үлгісі(СОӨЖ)
№
|
Тақырыптары
|
|
№1 Кредит
|
1
|
Денсаулыққа қатер негізгі факторлар. Экология және денсаулық.
|
2
|
Гигиеналық зерттеу әдістері.
|
3
|
Соматикалық денсаулықты анықтау. Өкпе және жүрек қантамыр жүйесінің жағдайын анықтау.
|
4
|
Денсаулықтың жас және жыныс ерекшеліктері.
|
5
|
Адам денсаулығына әсер ететін факторлар.
|
6
|
Дене шынықтыру арқылы сауықтырудың негізгі түрлері.
|
7
|
Ұтымды тамақтанудың негізі. Дене салмағын анықтау әдістері (нақтылы және тиісті). Баланы емізу.
|
№2 Кредит
|
8
|
Тұқым өрбіту саулығы. Өнегелі-жыныстық тәрбие негізі.
|
9
|
Психикалық денсаулық. Психикалық және соматикалық денсаулық.
|
10
|
Зиянды әдеттер.
|
11
|
Көп тараған және аса қауіпті инфекцияларды алдын алу.
|
12
|
Физикалық денсаулықты анықтаудың дәстүрлі емес жолдары..
|
13
|
Психикалық денсаулықты анықтаудың дәстүрлі емес жолдары.
|
14
|
Геронтология. Гериартрия.
|
15
|
Қорытынды сабақ. Сынақ.
|
|
Барлығы: 30 сағат
|
7.3 Студенттердің өзіндік жұмысының (СӨЖ) тақырыптық жоспар үлгісі**
№
|
Тақырыптар
|
|
№1 Кредит
|
1
|
Валеология – денсаулық туралы ғылым.
|
2
|
Жер саулығынан – адам денсаулығына.
|
3
|
Өмірдің тыныс тіршілігі мен денсаулық.
|
4
|
Өмір салты мен денсаулық. Біздің организміміз – «ақылға салса, алынбас қорған».
|
5
|
Еңбек – ұзақ ғұмыр сүрудің түп тамыры.
|
6
|
Денсаулығымызды дәрі-дәрмексіз нығайтайық.
|
7
|
Гиподинамия және оның зардаптары.
|
8
|
Ұтымды тамақтанудың ғылыми негіздері. «Біз тамақтану үшін ғана өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз» деген қанатты сөздің ақиқаттығы.
|
9
|
Дене шынықтырудың ғылыми негіздері. «Мен үшін ыстық та, суық та пайдалы. Бұлардың қайсысы болса да маған қуаныш сыйлайды», дейді моншаны мен мұзды ойыққа түсушілер (морждар).
|
|
№2 Кредит
|
1
|
Медико-педагогикалық тәрбие және жастарды отбасылық өмірге дайындау.
|
2
|
Әр түрлі нашақорлықтың зардаптары.
|
3
|
Тағы да темекі шегудің кеселі жөнінде.
|
4
|
Өз денсаулығың өз қолыңда. Өзіңе өзің көмектес.
|
5
|
Эмоция, стресс және денсаулық.
|
6
|
Дене тәрбиесі – ауру-сырқаулық пен күйзелісті жеңудің ұтымды жолы.
|
7
|
Қартаймау да- өнер.
|
8
|
Ерте қартаймаудың амалдарын қарастыру жолдары.
|
9
|
Дені саудың келбеті де көрікті.
|
10
|
Бос уақыт пен жастардың өмір салты.
|
|
Барлығы: 30 сағат
|
Ескерту:
* - ЖОО 40%-дейін тәжірибелік сабақтардың, СОӨЖ, СӨЖ тақырыптарын өзгертуге хұқылы.
** - Оқу сабақтарының барлық түрлері бойынша тақырыптың тәртібі мен тізімі оқу ретімен сәйкес болу керек.
8 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
орыс тілінде
негізгі:
основная:
-
Букаева Г.К., Алимова Н.Е. Детская валеология. Алматы, 2003.
-
Валеология – наука о здоровье. Учебно-методическое пособие.
-
Под ред.проф. Сатпаевой Х.К., Соколова А.Д., Абишевой З.С. Алматы, 2007
-
Колесинская Р.Д. Возрастные особенности физиологических систем растущего организма. Алматы, 2007.
-
қосымша:
-
Амосов Н.М. Преодоление старости. М., 1996.
-
Апанасенко И.А., Попова Л.А. Медицинская валеология.
-
Брехман И.И. Введение в валеологию – наука о здоровье. Л., 1987.
-
Вайнер Э.Н. Валеология. М.:Флинта: Наука, 2001.
-
Зайцев Г.К., Зайцев А.Г. Валеология. Культура здоровья. Самара, 2003.
-
Замановский Ю.Ф. К здоровью – без лекарств. М., 1990.
-
Здоровье человека и система П.К.Иванова «Детка». Алматы, 1999.
-
Колбанов В.В. Валеология. С-Пб., 2001.
-
Назарбаева С.А. Учение П.К.Иванова – как метод воспитания здоровой личности. Алматы, 1999.
-
Назарбаева С.А. Путь к себе. Алматы, 1999.
-
Тель Л.З. Валеология человека – философия жизни. Астана, 1999.
Ескерту: с - әдебиеттер тізімі жыл сайын жаңартылып отыруы мүмкін.
9 Авторы
-
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық универиситеттінің валеология курсының меңгерушісі профессор, м.ғ.к. профессор:Абишева З.С.
Достарыңызбен бөлісу: |