Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы



Дата03.07.2016
өлшемі100.69 Kb.
#175306



Қарағанды облысы әкімдігінің

2015 жылғы «12» тамыздағы

№ 45/07 қаулысымен

бекітілген



«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы

ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін)

реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға)

шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



  1. Жалпы ережелер

1. «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

2. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:


  1. көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - ХҚО).

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) көрсетілетін қызметті берушінің шешімі.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру», «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №257 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11018 болып тіркелген) бекітілген «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттар тізбесі (бұдан әрі - өтініш) бар өтініші мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері өтінішті түскен күні 15 (он бес) минуттың ішінде тіркейді және басшыға береді;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштама қоя отырып, жауапты орындаушыны 15 (он бес) минуттың ішінде таңдайды;

3) жауапты орындаушы өтінішті қарайды, шешім жобасын 10 (он) жұмыс күндері ішінде дайындайды және көрсетілетін қызметті беруші басшысына қарауға жолдайды;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешімге қол қояды қол қойылған күні 15 (он бес) минуттың ішінде кеңсеге жолдайды;

5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері шешімді тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға 15 (он бес) минуттың ішінде береді.

8. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;

2) басшының бұрыштамасы;

3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің дайын нәтижесі;

4) көрсетілетін қызметтің қол қойылған нәтижесі;

5) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) жауапты орындаушы.

10. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау: 

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері өтінішті 15 (он бес) минуттың ішінде тіркейді және басшыға береді;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштама қоя отырып, жауапты орындаушыны 15 (он бес) минуттың ішінде таңдайды;

3) жауапты орындаушы өтінішті қарайды, шешім жобасын 10 (он) жұмыс күндері ішінде дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жолдайды;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешімге қол қояды және қол қойылған күні 15 (он бес) минуттың ішінде кеңсеге жолдайды;

5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері шешімді тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға 15 (он бес) минуттың ішінде береді.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
11. ХҚО жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеудің ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) ХҚО қызметкеріне өтінішті ұсынады. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) барлық қажетті құжаттарды ХҚО берген кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

2) ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініштің дұрыс толтырылуын және құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;

3) 1-процесс - мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін ХҚО-ның қызметкері ХҚО ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі - ХҚОЫАЖАЖО) логин мен парольді (авторизациялау процесі) енгізуі;

4) 2-процесс - ХҚО қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын шығаруы және ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушының, сондай-ақ сенімхат бойынша көрсетілетін қызметті алушы өкілінің мәліметтерін (нотариалды куәландырылған сенімхат болған жағдайда, басқа куәландырылған сенімхатының мәліметтері толтырылмайды) енгізуі;

5) 3-процесс - электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорына немесе заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі - ЖТМДҚ/ЗТМДҚ) көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері туралы, сонымен бірге Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі - БНАЖ) - көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат мәліметтері туралы сұранысты жолдауы;

6) 1-шарт - ЖТМДҚ/ЗТМДҚ көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінің және БНАЖ сенімхат мәліметтерінің бар болуын тексеруі;

7) 4-процесс - көрсетілетін қызметті алушының ЖТМДҚ/ЗТМДҚ-да мәліметтерінің және БНАЖ-да сенімхат мәліметтерінің болмауына байланысты, мәліметтерді алу мүмкіндігінің болмауы туралы хабарлама қалыптастырылуы;

8) 5-процесс - ХҚО қызметкерінің электрондық сандық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭСҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) ЭҮШ арқылы электрондық үкіметінің аумақтық шлюзі автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі - ЭҮАШ АЖО) жолдауы;

9) 6-процесс - ЭҮАШ АЖО-да электрондық құжатты тіркеу;

10) 2-шарт - көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының жалғаған құжаттар топтамасының сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);

11) 7-процесс - көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасында бұзушылықтың болуына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру немесе көрсетілетін қызметті алушының ХҚО қызметкері арқылы тиісті құжаттарды алғандығы туралы қолхат алуы;

12) 8-процесс - көрсетілетін қызметті алушының ХҚО қызметкері арқылы ЭҮАШ АЖО-да қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін (шешім алу) алуы.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі ХҚКО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні. ХҚКО-ға өтініш білдірген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.



ХҚО арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде іске қосылатын ақпараттық жүйелердің өзара функционалдық іс-қимылдары осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.

12. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 2-қосымшасында берілген.


«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік

жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес

қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген

бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға,

қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша

ХҚО арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде іске қосылатын ақпараттық жүйелердің өзара функционалдық іс-қимылдарының диаграммасы









ӨТІНІШ

КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІ АЛУШЫ

«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша


Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы



Өтінішті тіркеу

(15 минуттан артық емес) келіп түскен күні

Бұрышытама қою және жауапты маманды анықтау (15 минуттан артық емес)

Өтінішті қарау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындау және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жіберу

(10 жұмыс күндері ішінде)








Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру (15 минуттан артық емес)


Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қою және көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне жіберу

(15 минуттан артық емес)










Мемлекеттік қызмет ХҚО арқылы көрсетілген жағдайда



Өтініш пен құжаттар топтамасын қабылдау (15 минуттан артық емес)

Электрондық өтінішті тіркеу (15 минуттан артық емес) өтініш түскен күні

Құжаттар топтамасын дайындау және көрсетілетін қызметті берушіге беру (15 минуттан артық емес)

Өтінішті тіркеу

(15 минуттан артық емес)






Бұрыштама қою

(15 минуттан артық емес)






Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындау және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қол қоюына ұсыну

(10 жұмыс күндері ішінде)




Мәліметтердегі қатенің болуына байланысты қолхат беру


Өтінішті жіберу


Мемлекеттік көрсетілентін қызметтің нәтижесін ХҚО жолдау (15 минуттан артық емес)






Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру

(15 минуттан артық емес)






Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қою және көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне жолдау (15 минуттан артық емес) қол қойылған күні

Шартты белгілер:






- мемлекеттік қызметті көрсетудің басталуы немесе аяқталуы





- құрылымдық бөлімшелер рәсімдерінің (іс-қимылдарының) атауы






- таңдаудың нұсқасы




- келесі рәсімге (әрекетке) көшу

АЖ

-ақпараттық жүйе

ХҚО АЖ



- халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесі



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет