Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру



Дата01.07.2016
өлшемі76.53 Kb.
#170236


2014 жылы 6 мамыр №3792 Павлодар облысы әкімдігінің

2014 жылғы «7» сәуір

№ 98/4 қаулысымен бекітілді

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және

тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру,

әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және

ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау

шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламенті



  1. Жалпы ережелер

1. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) уәкілетті органдар (бұдан әрі – қызмет беруші) осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес ұсынады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны – қағаз түрінде.

3. Көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін

қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің

(қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 80 қаулысымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағымен көзделген құжаттар тізбесін ұсыну мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.

5. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, ұсынылған құжаттарды қарастыру үшін 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде тұрақты жұмыс істейтін комиссияға жібереді.

Тұрақты жұмыс істейтін комиссия 10 (он) күнтізбелік күн ішінде ұсынылған құжаттарды қарастырады және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігіне көрсетілетін қызметті алушыға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы ұсыныс жасайды.

Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі көрсетілетін қызметті алушыға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы ұсыныс (хаттама) түскен жағдайда 10 (он) күнтізбелік күн ішінде оны қарастырады және көрсетілетін қызметті алушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы қаулы қабылдайды.

Қаулы қабылданғаннан кейін 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, көрсетілетін қызметті алушы және сенім білдірілген адам (агент) арасында көрсетілетін қызметті алушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы келісім жасалады.

Келісім жасалғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде көтерме жәрдемақы сомасын көрсетілетін қызметті алушының жеке дербес шотына аударады;

сенім білдірілген адам (агент) 30 (отыз) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредитті ұсынады.

6. Келісім мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.



3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде

қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің

(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау


  1. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің тізбесі: көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері, комиссия, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі және сенім білдірілген агент.

8. Рәсімдер (іс-қимылдар) дәйектілігін сипаттау осы Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес блок-схемада әр рәсімнің ұзақтығы көрсетіліп берілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде

халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де

көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ

ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібі көзделмеген.

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және

тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру,

әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген

денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,

спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша уәкілетті органдардың

тізбесі


Р/с




Уәкілетті органның

атауы

Заңды мекенжайы

Телефоны

1

2

3

4

1.

«Павлодар қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32

otdekonompvl@yandex.ru



8 (7182)

32-13-20


2.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Екібастұз қаласы, 50 жылдық көшесі, 10

economica_ekb@mail.ru



8 (71877)

5-42-45


3.

«Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақсу қаласы, Астана көшесі, 52

aksu_budjet@mail.ru



8 (71837)

5-06-98


4.

«Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай ауданы,

Ақтоғай ауылы,

Абай көшесі, 75

akteconom@mail.ru



8 (71841)

2-15-53


5.

«Баянауыл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Баянауыл ауданы,

Баянауыл ауылы, Сәтбаев көшесі, 34

bayan_oebp@mail.ru


8 (71840)

9-14-05


6.

«Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Железин ауданы,

Железинка ауылы, Әуезов көшесі, 19

jekbp81@mail.ru


8 (71831)

2-18-52


7.

«Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ертіс ауданы, Ертіс ауылы,

Желтоқсан көшесі, 104

irtoebp@mail.ru


8 (71832)

2-27-63


8.

«Качир ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Качир ауданы,

Тереңкөл ауылы, Елгин көшесі, 172

kachfin@mail.ru


8 (71833)

2-11-69


9.

«Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Лебяжі ауданы,

Аққу ауылы, Всеволод Иванов көшесі, 98



oeleb@mail.ru

8 (71839)

2-15-34


10.

«Май ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Май ауданы,

Көктөбе ауылы, Қазыбек би көшесі, 23



oebpmr@mail.ru

8 (71838)

9-13-03


11.

«Павлодар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Павлодар ауданы,

Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32

otd_econom@mail.ru


8 (7182)

32-11-45


12.

«Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Успен ауданы, Успенка ауылы, Терешкова көшесі, 29 uspecom@mail.ru

8 (71834)

9-19-31


13.

«Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шарбақты ауданы

Шарбақты ауылы,

Советтер көшесі, 55

sherbmani@mail.ru


8 (71836)

2-26-62






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет