«Тістің тісжегісі. Анықтымысы. Жіктелуі. Бастапқы,беткей, орта және терең тісжегінің патоморфологиясы»



Дата11.07.2016
өлшемі130.33 Kb.
#190677













С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА




ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ ПРОПЕДЕВТИКАСЫ МОДУЛІ

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА




Модуль терапиялық стоматология пропедевтикасы.
Дисциплина, дисциплина коды – терапиялық стоматология пропедевтикасы, ПДО 01
Мамандық: 051302 «Стоматология»


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА

Тақырып: «Тістің тісжегісі. Анықтымысы. Жіктелуі. Бастапқы,беткей, орта және терең тісжегінің патоморфологиясы».

Академиялық сағат көлемі-3 сағат

Курс: 4

Семестр - 7

2012 ж.
Құрастырған: м.ғ.к., доц Баскакова И.В.

асс. Манғытаева Б.Б.

Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулінің отырысында талқыланды

№ хаттама «___ » _ ___ 2011ж.

Бекітілді:

Терапиялық стоматология пропедвтикасы модулінің жетекшісі

м.ғ.д.. профессор __________ Баяхметова А.А.



1.Тақырып №8. Тістің Тісжегісі. Анықтымысы. Жіктелуі. Бастапқы,беткей, орта және терең тісжегінің патоморфологиясы.
2.Мақсат:

1) Білімді қалыптастыру:

  • Тісжегі үрдісінің негізін түсініуі бойынша;

  • Тісжегінің жіктелуі (анатомиялық, анатомо-топографиялық, ағымы бойынша және т.б..)

  • Бастапқы,беткей, орта және терең тісжегінің патоморфологиясы бойынша

2) Операциональнды дағдаларын қалыптастыру

- макропрепараттармен жұмыс істеу.


3) Коммуникативті дағдаларын жетілдіру

Жаңа түсініктер мен терминдер ендіру арқылы: «тісжегі», «тісжегі қуысы», «деминерализация», «тісжегінің дақты кезеңі», «беткей тісжегі», «орта тісжегі», «терең тісжегі», «зақымдалу зоналары»
4) Құқықтық компетенцияны қалыптастыру
5) Студентердің «Тістердің тісжегісі»бөлімін оқуға деген мотивациясын жетілдіру
3. Оқудың міндеттері:

1) Тісжегі үрдісінің негізін ашу

2) Тісжегінің жіктелуін қарастыру

3) Бастапқы,беткей, орта және терең тісжегі кезінде тістің қатты тіндері мен ұлпада болатын патоморфологиялық өзгерістер туралы түсінік қалыптастыру.

4) Жаңа түсініктер ендіру және олардың анықтамалары «тісжегі», «тісжегі қуысы», «деминерализация», «тісжегінің дақты кезеңі», «беткей тісжегі», «орта тісжегі», «терең тісжегі», «зақымдалу зоналары», «тісжегінің ағымы», «тісжегінің жайылуы», «тісжегінің қарқындылығы», «тісжегінің белсенділігі».
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:


  1. Тісжегі -негізі, анықтамасы.

  2. Тісжегінің жіктелуі.

  3. Тісжегінің ақ дақ кезіндегі патоморфологиялық көрнісі

  4. Беткей тісжегінің патоморфологиялық көрнісі

  5. Орта тісжегінің патоморфологиялық көрнісі

  6. Жедел дамитын терең тісжегінің патоморфологиялық көрнісі.

  7. Баяу дамитын терең тісжегінің патоморфологиялық көрнісі.


5. Үйрету және оқыту әдістері: түсіндіру, демонстрация, оқытушының жұмысын бақылау, макропрепараттарды қарау,шағын топтарда жұмыс істеу, альбомда тапсырманы орындау.

Оқыту затары : мультимедийлі форматта презентация, кестелер, тақырыптық альбом, фантомды курс бойынша атлас , жоғарғы және төменгі жақ тістерінің макропрепараттары, тақырыптық науқастар (волонтерлер).
Сабақтың хронометражы


п/п

Сабақ кезеңі

Сабақ кезеңінің мазмұны

Оқыту әдістері

Бақылау әдісі

(оқытушының таңдау бойынша)

Кезеңге бөлінген уақыт

1.

Кіріспе бөлімі

Амандасу, түгендеу тақырыпты айту, сабақтың мақсаты мен міндеттері, мотивациялық сипаттамасы

-

-

5 минут

2.

Бастапқы білімін тексеру-

Бастапқы білімін деңгейін анықтау

-

1.Ауызша сұрау

2.Жазбаша сұрау

3.Тығыздалған сұрақ

4.Блиц-сұрақ

5.Тест жүргізу


45 минут




Үзіліс










10минт

3.

Негізгі кезең

1.Оқытушы макропрепардан жоғарғы және төменгі жақ тістерін көрсетеді

( волонтерден, тақырыптық науқастан), дақты тісжегі кезеңі мен тісжегі қуысы кезеңін, олардың орналасуының әртүрлілігін және зақымдалу тереңдігін көрсетеді

( волонтердан) .

2.Студенттер макропрепаратан тісжегінің дақты кезеңі көрнісін және тісжегі қуысы кезеңін анықтайды.



Түсіндіру,

демонстрация, Оқытушының жұмысын қадағалау

Макропрепараттармен жұмыс істеу


-

Операциональды дағдаларын тікелей бақылау




50 минут











Үзіліс




10 минут

4.

Сапасын тексеру сатысы

1. Білімді қортынды бақылау




1. Жазбаша сұрау

2.Тығыздалған сұрақ

3.Блиц-сұрақтар

4.Тестілеу



15 минут

2. кері байланыс құру







15минут

3.Бағалау рубрикасын толтыру (чек-парақтарды), баллдарды санау.







15 минут

4.Бағаларды айту және оны оқу журналына қою.







5 минут

5. Келесі сабақтың үйге берілетін тақырыбына комментарии жасау.







5 минут




Барлығы

170 минут (50 минуттан 3 академиялық сағат =150 минут, үзіліс10миуттан 2рет –20 минут).

6.Әдебиет

Негізгі

1. Боровский Е.В., Макеева И.М., Вагнер В.Д. Терапевтическая стоматология. 3-е изд., перераб и доп.- М., 2002г.- 544с.


Қосымша

1. Боровский Е.В. Кариес зубов: препарирование и пломбирование.- М.-2001.- 144с.

2. Борисенко А.В. Кариес зубов. Киев «Книга плюс».-2000.- 344с

3. Лукиных Л.М. Кариес зубов.- Н.Новгород.- 2001.- 186с.


7. Бақылау (сұрақтар, тест түріндегі тапсырма,жаттығулар)

7.1 Когнитивті компетенцияны бағалау:

Сұрақтар

  1. Тісжегі -негізі, анықтамасы.

  2. Тісжегінің жіктелуі.

  3. Тісжегінің ақ дақ кезіндегі патоморфологиялық көрнісі

  4. Беткей тісжегінің патоморфологиялық көрнісі

  5. Орта тісжегінің патоморфологиялық көрнісі

  6. Терең тісжегінің патоморфологиялық көрнісі.


Тест түріндегі тапсырма:

1 тапсырма.

Тістің қатты тіндерінің зақымдану тереңдігіне қарай тісжегінің жіктелуі қалай аталады:


  1. Анатомиялық

  2. Клиникалық

  3. Анатомия-топографиялық

  4. Клинико-топографиялық

  5. Патоморфологиялық

2 тапсырма.

Кіреукенің, дентиннің, цементтің зақымдануларымен сипатталатын тісжегінің жіктелуі қалай аталады:



  1. Анатомиялық

  2. Клиникалық

  3. Анатомия-топографиялық

  4. Клинико-топографиялық

  5. Патоморфологиялық

3 тапсырма.

Тісжегінің клиникалық ағымының сипатына қарай бөлінуі:



  1. Жедел

  2. Субкомпенсацияланған

  3. Жедел қарқынды

  4. Декомпенсацияланған

  5. Тұрақтанған

4 тапсырма.

Қандай заттың жетіспеушілігі тісжегі қуысының дамуына себепкер болады?



  1. Гидроксиапатиттердің

  2. Фторапатиттердің

  3. Полисахаридтердің

  4. Белок матрицасының

  5. Хлорапатиттердің

5 тапсырма.

Беткей тісжегіні нақтылау үшін витальды бояу әдісін жүргізгенде қолданылатын бояу:



  1. Гематоксилин

  2. Негізгі фуксин

  3. Эритрозин

  4. Метилен көгі

  5. Йодтың сулы ерітіндісі

6.

Тісжегінің дақты кезеңінде кіреукеде қандай өзгерістер болады?



  1. гидроксиапатит кристалдарының орналасуы бұзылады

  2. кристалл аралық байламдар қатаяды

  3. кристаллдардың пішіні мен көлемі өзгермейді

  4. қалыпты кіреуге тән емес кристаллдардың пайда болуы

7.

Кіреукдегі деминералдану ошағын витальді бояу әдісімен анықтайды:



  1. сына тәрізді ақауда

  2. гипоплазияда

  3. Бастапқы тісжегіде

  4. Кіреуке эрозиясында

  5. Кіреуке некрозында

8.

Тісжегінің топографиялық жіктелуін көрсетіңіз:

түрлері: штрихті, дақты, борлы-теңбілді, эрозиялы және деструкциялы.


  1. жедел: улану фазасы және жалқықтану фазасы; созылмалы:фиброзды, гранулденген, гранулематозды; созылмалының өршуі …

  2. бастапқы, беткей, орта, терең.

  3. жедел: жартылай, жалпы, іріңді; созылмалы: жәй, өсе қабынуы, шіри қабынуы; созылмалының өршуі …

  4. жедел: жалқықты, іріңді; созылмалы: фиброзды, гранулденген, гранулематозды: созылмалының өршуі …

9.

Қандай қосымша әдіспен тісжегінің дақты кезеңін анықтауға болады?



  1. Цитологиялық

  2. Витальды бояу әдісімен

  3. Микробиологиялық

  4. Рентгенологиялық

  5. Спектрометриялық

10.

Төменде берілгендердің кариесогенді факторларға, ТЕК біреуінен басқасының, барлығы жатады:



  1. Ауыз қуысының микрофлорасы

  2. Тамақтанудың сипаты мен режимі

  3. Сілкей бөлінудің мөлшері мен сапасы

  4. Оганизмге экстремальды жағдай әсері

  5. Жынысы

11тапсырма.

Тісжегіге тұрақтылық аталады:



  1. қабылдаушылық

  2. жайылмалылығы

  3. қарқындылығы

  4. резистенттілігі

  5. реактивтілігі

12тапсырма

Тістің тісжегіге неұрлым тұрақты аймағы:



  1. сайлары

  2. тұйық тесігі

  3. төмпешіктері

  4. жанасу беттері

  5. мойын бөлігі

13тапсырма.

Тісжегі процессінің қарқындылығы дегеніміз-:



  1. бір науқастағы тісжегісі бар тістер саны

  2. бір тістегі тісжегінің саны

  3. зақымдалу тереңдігі

  4. тісжегі ақауының көлемі (величина кариозного дефекта)

14тапсырма.

Тісжегі үрдісінің үдемелілігіне (прогрессированию) қандай факторлар әсер етеді?



  1. Сілекей мөлшерінің ұлғаюы

  2. Сілекейдегі макро-және микроэлементтер концентрациясының жоғары болуы

  3. Кіреуке структурасының тығыздығы

  4. Сілекейдің тұтқырлығының ұлғаюы

  5. Сілекей тұтқырлығының төмендеуі

15тапсырма

Кариесогенді жағдайдың клиникалық көрнісіне төменде көрсетілгендердің,ТЕК біреусінен басқасының барлығы жатады:



  1. Ауыз қуысының гигиенасының нашарлығы

  2. Қызылиектің қанағыштығы

  3. Тіс қақатарының өте көп болуы

  4. Ауыз қуысының гигиенасының жақсы болуы

  5. Ақ дақты тісжегінің өптеп кездесуі

16тапсырма.

Тіс тіндеріндегі морфологиялық өзгерістерді зерттегенде қандай әдісті қолданған ең дұрысы:



  1. Поляризациялық микроскопия

  2. Электронды микроскопия

  3. Стоматоскопия

  4. Люминесценттік диагностика

  5. Флюореценттік диагностика

17тапсырма.

Тісжегі кезінде гидроксиапатит кристаллдарына қандай өзгерістер тән:



  1. кристалл аралық байламдар нығаяды

  2. кіреукенің микроқаттылығы ұлғаяды

  3. гидроксиапатит кристалдарының ориентациясы бұзылады

  4. кристаллдардың пішіні өзгермейді

  5. кристаллдардың көлемі өзгермейді

18тапсырма

Орта тісжегі кезінде тіс шлифінде қанша белдеу анықталады:



  1. 5

  2. 4

  3. 3

  4. 2

  5. 1



Операциональды компонентті бағалау:

  1. Макропрепаратта тісжегінің дақты кезеңі мен тісжегі қуысын анықтау.

  2. Альбомда тісжегінің дақты кезеңі мен тісжегі қуысының (беткей, орта, терең тісжегі) патоморфологиялық көрнісін салу

  3. Шағын топпен жұмыс жасау: негізгі және қосымша зерттеу әдістерін қолдана отырып волонтерге тексеру жүргізу, негізгі және қосымша зерттеу әдістерін қолдана отырып тісжегінің дақты кезеңі мен тісжегі қуысын анықтау



12 беттің беті


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет