«Күрек және сүйір тістердің сауыт қуысы мен түбір өзектерінің анатомо-топографиялық ерекшеліктері. Біріншілік эндодонттық жол ашу немесе қалыптасрыру»



Дата17.07.2016
өлшемі128.26 Kb.
#205577

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ ПРОПЕДЕВТИКАСЫ МОДУЛІ

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА




Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулі.

Пән, пәннің коды – Терапиялық стоматология пропедевтикасы, ПДО 01

Мамандық : 051302 «Стоматология»

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА


Тақырып: «Күрек және сүйір тістердің сауыт қуысы мен түбір өзектерінің анатомо-топографиялық ерекшеліктері.Біріншілік эндодонттық жол ашу немесе қалыптасрыру».


Оқу сағатының көлемі – 3 академиялық сағат

Курс: 4

Семестр - 8

Алматы, 2012 ж.

Құрастырған: м.ғ.д. профессор Баяхметова А.А.

асс. Манғытаева Б.Б.


Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулінің отырысында талқыланды

хаттама «__ _ » __ ______ 2012ж.


Бекітілді:

Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулінің жетекшісі

м.ғ.д., профессор __________ Баяхметова А.А.

1. №5 тақырып: «Күрек және сүйір тістердің сауыт қуысы мен түбір өзектерінің анатомо-топографиялық ерекшеліктері.Біріншілік эндодонттық жол ашу немесе қалыптастыру».
2. Мақсат:

1) Білімін қалыптастыру:

- күрек және сүйір тістердің сауыт қуысы мен түбір өзектерінің анатомо-топографиялық ерекшеліктері бойынша;

- Жоғарғы және төменгі жақ күрек тістерінде біріншілік эндодонттық жолды ашу әдісі бойынша ;

- Жоғарғы және төменгі жақ сүйір тістерінде біріншілік эндодонттық жолды ашу әдісі бойынша білімін қалыптастыру.



2) Жұмыстың операциональды дағдыларын қалыптастыру –фантомды блокта күрек және сүйір тістерде біріншілік эндодонттық жол қалыптастыру бойынша жұмыстың операциональды дағдыларын қалыптастыру.

3) Коммуникативті дағдыларды қалыптастыру:

- жаңа терминдерді және жаңа түсініктерді ендіру арқылы: «біріншілік эндодонттық жол», «тістің орташа ұзындығы», «эндодонттық ем», «тістің бетін трепанациялау».



4) Студенттердің мотивациясын жетілдіру- күрек және сүйір тістердің сауыт қуысы мен түбір өзектерінің анатомо-топографиялық ерекшеліктерін оқуға, сау тістерге және тісжегі қуысы бар кезде біріншілік эндодонттық жол ашуға немесе қалыптастыруға студенттердің мотивациясын жетілдіру.
3. Оқытудың мақсаттары:

1) Біртүбірлі тістердің тіс қуысының және түбір өзектерінің анатомо-топографиялық ерекшеліктерін қарастыру.

2) Төменгі және жоғарғы жақтың күрек тістерінің сауыт қуысының топографиялық ерекшеліктерін қарастыру.

3) Төменгі және жоғарғы жақтың сүйір тістерінің сауыт қуысының топографиялық ерекшеліктерін қарастыру.

4) Біріншілік эндодонттық жол туралы көзқарасты қалыптастыру.

5) Сау күрек және сүйір тістерде біріншілік эндодонттық жол қалыптастыру ерекшеліктерімен таныстыру.

6) Тісжегі бар кезге күрек және сүйір тістерде біріншілік эндодонттық жол қалыптастыру ерекшеліктерімен таныстыру.

7) Жаңа түсініктер ендіру және жаңа терминдерге түсініктеме беру: «эндодонтитық жол», «эндодонттық емдеу кезеңдері», « тіс бетіне трепанация жасау»


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Біртүбірлі тіс қуысы – анықтамасы, элементтері.

  2. Біртүбірлі тістер қуысының құрылысының жалпы заңдылықтары.

  3. Тістің жұмысшы ұзындығы туралы түсінік (түбір ұзындығы).

  4. Жоғарғы орталық күрек тістің тіс қуысының топографиясы.

  5. Жоғарғы бүйірлік күрек тістің тіс қуысының топографиясы.

  6. Төменгі орталық күрек тістің тіс қуысының топографиясы.

  7. Төменгі бүйірлік күрек тістің тіс қуысының топографиясы.

  8. Жоғарғы сүйір тістің тіс қуысының топографиясы.

  9. Төменгі сүйір тістің тіс қуысының топографиясы.

  10. Біріншілік эндодонттық жол - анықтамасы.

  11. Сау күрек тістерде біріншілік эндодонттық жол қалыптастыру.

  12. Тісжегі бар кезге күрек тістерде біріншілік эндодонттық жол қалыптастыру.

  13. Сау сүйір тістерде біріншілік эндодонттық жол қалыптастыру

  14. Тісжегі бар кезге сүйір тістерде біріншілік эндодонттық жол қалыптастыру.


5. Оқыту әдістері: түсіндіру, демонстрация,оқытушының жұмысын бақылау, фантомды блокта жұмыс жасау, студенттердің операционалды және коммуникативті дағдыларын тікелей бақылау, альбомда жұмыс дәптерлерінде тапсырмалар орындау, кері байланыс.

Оқыту құралдары: «Күрек және сүйір тістер қуысының анатомо-топографиялық ерекшеліктері» мультимедиялы формата перзентация, фантомды блоктар муляждар, стоматологиялық аспаптар жиынтығы, нативті препараттар (жұлынған тістер) жиынтығы.
Сабақтың қысқаша хронометражы


п/п

Сабақтың кезеңі

Сабақ кезеңінің мазмұны

Оқыту әдістері

Бақылау әдістері

(оқытушының таңдауы бойынша)

Кезеңге берілген уақыт

1.

Кіріспе бөлімі

Амандасу, түгендеу, тақырыпты айту, сабақтың мақсаты мен міндеттері,

мотивациялық сипаттама



-

-

5 минут

2.

Бастапқы білімін тексеру-

Бастапқы білімін деңгейін анықтау

-

1.Ауызша сұрау

2.Жазбаша сұрау

3.Тығыздалған сұрақ

4.Блиц-сұрақ

5.Тест жүргізу


45 минут




Үзіліс










10минут

3.

Негізгі кезең

1. Оқытушы «Күрек және сүйір тістер қуысының анатомо-топографиялық ерекшеліктері» мультимедиялы формата перзентацияны көрсетеді .

2.Оқытушы фантомды блокта сау және тісжегі қуысы бар күрек және сүйір тістерде біріншілік эндодонттық жол қалыптастыруды көрсетеді.

3.Студенттер фантомды блокта сау және тісжегі қуысы бар күрек тістерде біріншілік эндодонттық жол қалыптастырады

4. Студенттер фантомды блокта сау және тісжегі қуысы бар сүйір тістерде біріншілік эндодонттық жол қалыптастырады



Түсіндіру.

Демонстрация.

Түсіндіру.

Демонстрация.

Фантомды блокта жұмыс істеуе

Студенттердің операционалды дағдыларын тікелей бақылау



50 минут








Үзіліс

10мин

4.

Сапаны тексеру кезеңі

1. Білімді қортынды бақылау



1. Жазбаша сұрау

2.Тығыздалған сұрақ

3.Тестілеу

4. күнделікті толтыру сапасын тексеру



15 минут

2.Кері байланыс құру







15 минут

3.Бағалау рубрикасын толтыру (чек-парақтарды), баллдарды санау.







10 минут

4.Бағаларды айту және оны оқу журналына қою.







5 минут

5. Келесі, үйге берілетін сабақтың тақырыбына комментарии жасау.







5 минут




Барлығы

170минут (50 минуттан 3 академиялық сағат = 150минут, үзіліс -20минут)


6. Әдебиет

Негізгі:

1.Боровский Е.В. Клиническая эндодонтия. – М., 2003.

2.Боровский Е.В., Иванов В.С., Банченко Г.В. и др. Терапевтическая стоматология. - М., 2007.

3.Максимовский Ю.М. Фантомный курс терапевтической стоматологии (атлас) – М., 2005.

4.Скорикова Л.А. Пропедевтика стоматологических заболеваний. - Ростов-на-Дону, 2002.

Қосымша:

1.Базикян Э.А. Практическое руководство по эндодонтии. – М., 2007.

2.Барер Г.М. Терапевтическая стоматология. - М., 2002.

3.Бир Р., Бауман М.А., Киельбаса А.М. Иллюстрированный справочник по эндодонтии. – М.: МЕДпресс-информ, 2006.

4.Ламли Ф. Практическая клиническая эндодонтия (пер. с англ.). – М., 2007.

5.Самусев Р.П., Дмитриенко С.В., Краюшкин А.И. Основы клинической морфологии зубов. - М., 2002.

6.Троуп М., Дебелян Д. Руководство по эндодонтии для стоматологов общей практики. – Азбука, 2005.
7. Бақылау (сұрақтар, тест түріндегі тапсырма,жаттығулар)

7.1 Когнитивті компетенцияны бағалау:

Сұрақтар:

1. Біртүбірлі тіс қуысының элементтері.

2. Тістің орташа ұзындығы туралы түсінік.

3. Тістің жұмысшы ұзындығы туралы түсінік.

4. Жоғарғы орталық күрек тістің қуысының топографиялық ерекшелігі


  1. Жоғарғы бүйірлік күрек тістің қуысының топографиялық ерекшелігі

  2. Төменгі орталық күрек тістің қуысының топографиялық ерекшелігі

  3. Төменгі бүйірлік күрек тістің қуысының топографиялық ерекшелігі

  4. Жоғарғы сүйір тістің қуысының топографиялық ерекшелігі

  5. Төменгі сүйір тістің қуысының топографиялық ерекшелігі

10. Біріншілік эндодонттық жол туралы түсінік.

11. Интактілі күрек тістерде біріншілік эндодонттық жол қалыптастыру ерекшеліктері.

12.Тісжегі қуысы бар кезде күрек тістерде біріншілік эндодонттық жол қалыптастыру ерекшеліктері.

13. Интактілі сүйір тістерде біріншілік эндодонттық жол қалыптастыру ерекшеліктері.

14. Тісжегі қуысы бар кезде сүйір тістерде біріншілік эндодонттық жол қалыптастыру ерекшеліктері.
Тест түріндегі тапсырмалар:

1тапсырма.

Жоғарғы орталық күрек тіс қуысының элементтеріне төменде аталғандардың, ТЕК біреуінен басқасының, барлығы жатады:

1.Күмбезі

2. қабырғалары

3. түбір өзегі

4. апикалді тесік

5. түбір өзегінің сағасы

2тапсырма.

Жоғарғы жақтың сүйір тіс қуысының саутқа қарай шығыңқы элементі қалай аталады?

1. күмбезі

2. шеті


3. экваторы

4. мойны


5. төмпешігі

3тапсырма

Төменгі жақтың орталық күрек тіс қуысының сауыт бөлігінің элементтеріне жатады:

1. өзек


2. күмбез

3. шеті


4. бұрышы

5. экваторы

4

Төменде көрсетілген тістердің қайсысының түбірі орта шамадан ұзын болып келеді:



  1. Жоғарғы орталық күрек тіс

  2. Төменгі орталық күрек тіс

  3. Жоғарғы бүйірлік күрек тіс

  4. Төменгі бүйірлік күрек тіс

  5. Жоғарғы сүйір тіс

5тапсырма

Төменде көрсетілген тістердің қайсысының түбірі орта шамадан қысқа болып келеді:



  1. Жоғарғы орталық күрек тіс

  2. Төменгі орталық күрек тіс

  3. Жоғарғы бүйірлік күрек тіс

  4. Төменгі бүйірлік күрек тіс

  5. Жоғарғы сүйір тіс

6тапсырма

Төменде көрсетілген тістердің қайсысында 2 түбір өзегінің болу ықтималдығы НЕҒҰРЛЫМ жоғары?



  1. Жоғарғы орталық күрек тіс

  2. Төменгі орталық күрек тіс

  3. Жоғарғы бүйірлік күрек тіс

  4. Төменгі бүйірлік күрек тіс

  5. Жоғарғы сүйір тіс

7тапсырма

Бір түбірі және екі өзегі бар болуы мүмкін тісті көрсетіңіз:

1. 3.2

2. 3.7


3. 1.1

4. 1.3


5. 1.2

8тапсырма

Төменгі бірінші күрек тісте бір өзек болуы …кездеседі:

1. 70% жағдайда

2. 30% жағдайда

3. 100% жағдайда

4. 50% жағдайда

5. 90% жағдайда

9тапсырма

Күрек тіске трепанацияны жүргізеді:



  1. Вестибулярлы бетінен

  2. Оральды бетінен

  3. Медиальды жанасу бетінен

  4. Дистальды жанасу бетінен

  5. Кесу қырынан

10тапсырма

Төменде көрсетілген тістердің қайсысы 100% жағдайда 1 түбірлі болады:



  1. Жоғарғы орталық күрек тіс

  2. Жоғарғы сүйір тіс

  3. Төменгі бүйірлік күрек тіс

  4. Төменгі орталық күрек тіс

  5. Жоғарғы екінші премоляр

11тапсырма

Сүйір тіс қуысының пішіні:



  1. Ұршық тәрізді

  2. Куб тәрізді

  3. Алмұрт тәрізді

  4. Тамшы тәрізді

  5. Цилиндр тәрізді

12тапсырма

Сүйір тісті трепанациялауды жүргізу:



  1. Вестибулярлы бетінен

  2. Оральды бетінен

  3. Медиальды жанасу бетінен

  4. Дистальды жанасу бетінен

  5. Кесу қырынан

13 тапсырма

Жоғарғы жақтың орталық күрек тісінің қуысына төменде берілген элементтердің, ТЕК біреуінен басқасының, барлығы жатады:

1. мүйізше

2. күмбез

3. табаны

4. түбір өзегі

5. қабырғасы

14 тапсырма

Төменде берілген тістердің ішінде ең қысқа орташа ұзындықтағы тіс:


  1. Жоғарғы бірінші премоляр

  2. Төменгі орталық күрек тіс

  3. Төменгі екінші премоляр

  4. Жоғарғы бірінші моляр

  5. Төменгі сүйір тіс

15 тапсырма

Орта шамамен ұзын тісті көрсетіңіз:



  1. Жоғарғы бірінші премоляр

  2. Төменгі орталық күрек тіс

  3. Төменгі екінші премоляр

  4. Жоғарғы бірінші моляр

  5. Жоғарғы сүйір тіс

16 тапсырма

Төменде берілген тістердің ішінде қайсысында 30% жағдайда 2 түбір өзегі болу ықтималдылығы НЕҒҰРЛЫМ жоғары?



  1. Жоғарғы орталық күрек тісте

  2. Төменгі орталық күрек тісте

  3. Жоғарғы бүйірлік күрек тісте

  4. Жоғарғы сүйір тісте

  5. Төменгі сүйір тісте

17тапсырма

Төменде берілген тістердің ішіндегі қайсысында 100% жағдайда 1түбір өзегі бар?

1.Жоғарғы жақтың орталық күрек тісінде

2. Төменгі жақтың бүйір күрек тісінде

3. Жоғарғы жақтың бірінші кіші азу тісінде

4. Төменгі жақтың екінші кіші азу тісінде

5. Төменгі жақтың бірінші азу тісінде

18 тапсырма

30%жағдайда біртүбір және екі түбір өзегі бар тіс:

1. -3.1


2. 3.7

3. 1.1


4. 2.6

5. 1.2
7.2 Операциональді компетенцияны бағалау-студенттердің операциональді дағдыларын тікелей бақылау арқылы жүргізіледі.


7.3 Аксиологиялық компетенцияны (коммуникативті дағдылар) - жаңа түсініктерді және терминдерді ұғыну нәтижесін бағалау арқылы жүреді: «біріншілік эндодонттық жол», «тістің орташа ұзындығы», «эндодонттық ем», «тіс бетін трепанациялау»


12 беттің беті


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет