Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Тасымова Зарипа Жаппарқызы



Дата09.06.2016
өлшемі56.48 Kb.
#124029
Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің

тарих пәні мұғалімі Тасымова Зарипа Жаппарқызы
«Ой - Дода» шоуының өткізу барысы
Тақырыбы: «Әкем айтқан өсиет

Бабадан қалған қасиет»

Мақсаты: жан – жақты дамыған, елін сүйер, патриот ұл – қыз тәрбиелеудегі отбасы мүшелерінің ролін, халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған баға жетпес қазынасы – бабалардың өсиет сөздерін ұғындыру, отбасылық тәрбиеде әке ролінің орнын дәріптеу, батыл да ойлы, ақылды да арлы, білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеу.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасындағы адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім, жақындарына, туған – туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.»

Н.Ә.Назарбаев

Армысыздар, алқалы топ, келіңіз,

Оймақтай ой толқысына еніңіз.

Пікір айтып, ұрпақ үшін ұғымды

«Ой – Додада» бір шешімге келіңіз.

Әдептен аспайық,

«Ой – Доданы» бастайық!

«Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.

Елімізді жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз,

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басынан дау асырмаған елміз, - деп Қалмақ ханына қазақ деген халықты Қазыбек би бабалар қасиетін бойына жинаған қайсар рухты қазақ елін осылай таныстырған еді.

Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» - деген дана сөз бар. Балапан қыран болып ұшуы үшін оны самғатып ұшыратын ата – анасы да қыран болуы керек деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әке – отбасы тірегі, асыраушысы, қамқоршысы. Ана – отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат – мүддесімен байланысты болуы керек.

Перзент – көздің нұры, жүректің – жыры, ұлы бар үйде – қуат бар, қызы бар үйде – шуақ бар деген өнегелі сөз бекер айтылмаған. Олай болса, бейнебаянға назар аударайық.
І бөлім. Алты аға бірігіп – әке болмас немесе әке беделі – тәрбие тірегі. Барлықтарыңыз да әке өсиетін тыңдап, баба қасиетін бойға түйіп өстіңіздер.

9а сынып оқушысы Аманкелді Әлжанның пікірі: - Мен отбасылық тәрбиедегі ең биік тұлға әке ролі деп мақтанамын. Мен өзім спортты сүйемін, бойымдағы бейім – қабілетіме әкем үнемі қолдау жасап отырады. Қазір облыстық, ресбуликалық, халықаралық дзюдо байқауларына қатысып, жүлде алып жүрмін. Ұстанымым, идеалым – Қазақстанның спорт жұлдыздар Дәулет Тұрлыханов, Ермахан Ыбырайымов сияқты өнегелі тұлғаға ұқсағым келеді. Ермахан ағамыздың спорт тарланы болуға әкесінің ролі зор болған екен. Спортқа, салауатты болып өсуге, жүйрікті баптағандай, қымыз, шұбат беріп, ұлттық тағам беріп, бойын таза күтіп, үлкен қолдау көрсеткен. Әке үміті алдаған жоқ. Баласы «Әлем чемпионы» болды. Мен де анамды ардақтап, әке беделіне құрметпен қараймын.

2. Еркін Әлішер 8а сынып оқушысы: - Мен жүз шайыр шыққан Тұрмағамбет ауылының түлегі екенімді мақтан етемін. Мен де әке беделінің биіктігін қалаймын. Менің үлкен атам – атақты шайыр Разақ Мыңжанұлы. Атам суырып салма ақын, жүйрік жырау болған. Үлкен әжем 90 жаста дүние салды, домбырасыз атамның шығарған өлеңдерін жатқа, түрлі мақаммен термелетіп айтып отыратын. Атамды құрметтегені сонша атамның өлеңдерінің барлығын жатқа білетін. Әкем еңбек сүйетін еңбек адамы, анам – мұғалім, әжем – әнші болған. Менің де суырып салма өлең шығаратын өнерім бар, әжеме тартқан әншілігім де жоқ емес. Үлкен әжеме ұқсап жыраулықтан да құр алақан емеспін. Анам аялы жүрегімен, жұмсақ алақанымен аяласа, әкем мені ата өнерін жалғастырушы деп мақтан етеді.

1 – бейнебаян барысында.

- Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп бағалайсыздар?

- Дені сау, тәрбиелі, өрелі бала өсіру үшін не қажет деп ойлайсыз?

Әкең – қазақ, шешең – қазақ қарағым,

Сен де ұлысың мынау дархан даланың.

Әр халықта ұлттық намыс деген бар,

Оны биік қасиет деп санағын, деп әрбір әке баласына өсиет қалдыратыны анық.


ІІ бөлім. «Әке мен ана теңдігі – тәрбиенің ерлігі».

Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ деген өнегелі ұғымды ойға түйіп, бейнебаянға назар аударайық. Бейнебаянда «Бақытжан Момышұлы, Зейнеп Ахметова ұрпақтарымен». Абыз әкеден тәлім алған отбасы пікірінен жүректің кілтін тапқан тәрби тәлімін көруге болады. Бақытжан ағаның ұстанымы: «Адам бетін көру оңай, жүрегін көру қиын. Отбасында ер болсын, әйел болсын тәрбиесі табысты болса, соған қуану керек». Тұшымды ойын басшылыққа алып, әке мен ана теңдігінің тәрбиелі кілті болар деген ойға келеміз. Қазақстан Республикасының 2006 – 2016 жылдарға арналған Гендерлік саясат заңдылықтары әке мен ана теңдігін оң тәрбие айғағы деп түсіндіреді. Олай болса, әке мен ана теңдігінің тәрбиелік нәтижесі жайлы ой бөлісейік.

- Бала үшін ата – анасының қайсысының беделі күшті деп ойлайсыз?

- Бақытыңды балаңнан ізде деген сөздің мағынасын қалай түсінесіз?

- Менің отбасым, менің әкелік парызым деген ұғымды қалай түсіндіресіз?

- Балаңыздың сабақтарына қатысып, мұғаліммен ой бөлісіп, оң нәтижеге қол жеткізген сәттеріңіз болды ма?

- Ата – ана жиналысына отбасында кім қатысады?

Ата – анам – бақытымсың, барымсың,

Тірегімсің, сүйенішім, бағымсың.

Жалғасындай ата – ананың балалар

Жақсы атымен бар әлемге танылсын.

Күншығыс халқының бір ойшылы бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді деген екен.


ІІІ бөлім. «Ата менен әженің өнегесі

Кең жайылыр құп болса керегесі».

Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы «Жаудан қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Бірінші, балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ әйелдерден қорқамын. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азайып бара жатқанынан қорқамын. Үшіншісі, дәтүрді сыйламайтын ұрпақ көбейіп келеді, оның қолына қылыш берсе, кімді де болса щауып тастауға әзір, үйреніп жатқан бала жоқ...» деп мұңайған екен. Десек те, жаңа өмір, жаңа заман,

Жақсы ғой бірін – бірі бағалаған.

Түйсіксіз тайлақтардан сақта құдай

Тайраңдап, алды – артына қарамаған.

Қарағым, ата – бабаң момын халық,

Өтіпті бір – бірінің жолын бағып.

Өсиетін бабаңның орындай сал,

Одан ешкім кетпейді тоныңды алып, деп ақиық ақын М.Мақатаев жырлағандай, бабалар өсиетінің бүгінгі құндылығына, ата мен әженің отбасындағы тәрбиеге ықпалы жайлы ой өрбітсек.

Аталы сөз – баталы сөз.

Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды.

Балаң жақсы болса – жердің үсті жақсы,

Балаң жаман болса – жердің асты жақсы, дейді қазақ.

Ата - әжелеріміздің бала тәрбиесіндегі ықпалына тоқталайық.
Балалы үй – базар деген бабамыз,

Баба сөзін бойға азық қып аламыз.

Ата менен әже өсірген баладан

Өсіп шыққан талай дарын, данамыз.


Қазақта төріңнен қарт кетпесін деген даналық тұжырым бар. Олай болса, өнегені – қариядан, судың нәрін – дариядан аламыз деген толысқан пікірімізді айтып, оймақтай ой түйейік.
ІҮ. «Ой түйткілдерінің көлеңкелі парағы. Кеше және бүгін.»

«Осындай да әке бар» шымшыма – ысқақ. 10а сынып оқушысы Әбділ - Әшім Перизат.

Әке өсиеті баба қасиетінен бастау алады. Тұрмағамбет Ізтілеуов атамыз «Ұлдарыма» атты өлеңінде

«Ұлдарым қолыңа ал қаламыңды,

Білім біл, ойынға қой алаңыңды.

Білімді қатараңнан бола қалсаң,

Табарсың жолдас – жора, жараныңды» деп білімділікке, ақылдылыққа тәрбиелейді.

Сіздердің алдарыңызда №29 мектептің 8 сынып оқушысы Құрманбекова Гүлдәрі Тұрмағамбет Ізтілеуовтың «Тәлім» термесін орындап береді.


Отбасында үлкен де бар, жас та бар,

Отбасына қол сұға алмас басқалар.

Қасиетті, қадірменді, қастерлі

Отан деген отбасынан басталар.


Қорытынды

Бала шыр етіп дүниеге келгеннен ананың аялы алақаны, әкенің мейірімді шуағына шомылып өскені абзал. Бала дұрыс болса, қоғам да дұрыс.баланың көкірегіне тәрбиенің гүлін, білімнің нұрын арнап, туған Отаны мен кіндік кескен Атамекенінің қадірін жұдырықтай жүрегімен сезе білсе, адамшылық қасиетті ұғына білсе, таусылмас байлықпен пара – пар. Сондықтан, тәрбиенің тәлімі бала бойында бүршік жарып жатса, нұр үстіне нұр болар еді. сіздердің «Ой - додамызға» белсенділік танытып, қатысқандарыңызға ризашылық білдіріп, бүгінгі тәрбиелік шарамызды өзімнің «Ұрпаққа өсиет» өлеңіммен қорытындылағым келеді.

Ұрпаққа өсиет

Ұл – қызым өсіп өркенде

Туып өскен өлкеңде.

Халқыңа тисін шарапат,

Жаныңды армен көркемде.
Пайдаң тисін халқыңа,

Із қалсын нұр боп артыңда.

Аяулы ұл – қыз болыңдар,

Жүректе нұр боп жарқылда.


Көбейсін нұр боп қатарың,

Ұлағатын ал атаңның.

Әдепті бол, арлы бол

Қасиеті дарып батаның.


Жақсы істі жүр үйреніп,

Жаманнан жүр жиреніп.

Әкеден қалған өнегең

Көкірегіңе қалсын түйреліп.


Тірегің – әкең, ардағың,

Анаңменен нұрлы бар маңың.



Жайқалып өскен құрағым

Сендермен нұрлы жан – жағым.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет