Түйенің пайдасы мен зияны



Дата09.12.2022
өлшемі386.54 Kb.
#466922
Түйе пайдасы мен зияны

Түйенің пайдасы мен зияны

Қабылдаған:Шахметова.Г.М

Жасаған:Тұрсынбек.А

Жоспары:

  • Сипаттамасы
  • Пайдасы
  • Зиянды әрекеті

Сипаттамасы

Түйелер (лат. Camelus) — сірітабандылар отряд тармағына жататын сүтқоректі ірі жануарлардың бір туысы. Түйелер шөлгеде, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Мұның екі түрі бар: қос өркешті түйе (Бактрия түйесі) — негізгі өсірілетін жерлері:Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Астрахан, Сталинград, Саратов және Чита облыстары, бұрынғы КСРО-да мұның Астрахан түйесі, Қазақстан түйесі, моңғол түйесі деп аталатын негізгі үш тұқымы өсіріледі; бір өркешті түйе (дромедар), —Түрікменстанда, көбінесе Тәжікстанда, Өзбекстанның оңтүстік аудандарында және Қазақстанның кейбір жерлерінде өсіріледі. Ең көп өсірілетін жері — Қарақұм. Қоспақ түрлеріне, пайдалануына, қанына қарай: аруана, желмая, нар деп аталады. Түйенің еті мол, жүні биязы болады.

Пайдасы

Түйенің кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді, сірілі, түксіз тықыр жерлері болады. Түйе шөккен кезде сүйелді жерлері ыстық құмның әсерін сезбейді. Осыған байланысты түйе ыстық құмда шыдай төгіп жата береді. Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы 700-800 кг, мойны иір және ұзын. Денесінің әр жерінде ұзын шудалы жүндері болады. Құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды.

Пайдасы

Ауыр жүк артылып, алыс сапарға жегілсе де мыңқ етпейтін маңғаз жануардың қадірін көшпелі жұрт қатты білген. Айрықша күтімді қажетсінбейтіндіктен «кедейдің малы»атанған жануар табиғи жайылымды тез қоңданады. Әрі оның сүті мен шұбатты медицина тарапынан емдік сусын ретінде мойындалғаны да белгілі. Көзін тауып, өңдей білсе, жүні де өнеркәсіпте таптырмайтын шикізат. Міне, осындай пайдасы мол мал тек әлемде санаулы мемлекеттерде ғана бар.

Түйе суреттері

Зиянды әрекеттері

Халқымыздың өмір бойы қоректеніп келе жатқан ең бір асыл тағамы, шипалы түйе сүті бүгінде денсаулыққа пайдасы жоқ, керісінше, зиянды болып тұрған көрінеді. Әрине, барлығы емес, өнеркәсіп қалдықтары мен радиациялық заттар жиналған жерлерде жайылған түйелердің ғана сүті ішуге жарамсыз. Бұл туралы арнайы зерттеу жүргізген топ мүшелері өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.Біз білетіндей түйе орман аумағында болмайды яғни олар жазық далаларда шөлді аймақтарда тіршілік етеді.Ал сол аймақтың өсімдігі сексеуілге зияны аздап түсуі мүмкін.Мысалы сексеуіл жатаған ағаш болғандықтан оны түйелер таптап сындырып кетулері әбден мүмкін.

Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет