Т±лѓа теориялары (З. Фрейд, Э. Эриксон, Э. Фромм, А. Маслоу, К. Юнг, К. Роджерс)



бет1/7
Дата04.03.2024
өлшемі152.5 Kb.
#494118
  1   2   3   4   5   6   7
3 лек

Тұлға теориялары (З.Фрейд, Э.Эриксон, Э.Фромм, А.Маслоу, К.Юнг, К.Роджерс)

  • З.Фрейдтің психоанализдік негізгі тұжырымдамалары мен принциптері
  • Зигмунд Фрейд 1856 жылы 6 мамырда Австрияның Фрайберг қаласында дүниеге келген. З.Фрейдтің “психоанализ” терминін алғаш енгізуін, оның ғылымға қосқан үлкен үлесі деп тануға болады.
  • “Психоанализ” терминінің үш мағынасы бар: 1) тұлға және психопатология теориясы; 2) тұлға көңілінің бұзылуының терапиялық әдісі; 3) индивидиумның саналы түрде сезілмейтін ойлары мен сезімдерін зерттеу әдісі.
  • ұзақ мерзім психоанализдің дамуында З.Фрейд тұлғалық ұйымдастырудың топографиялық моделін қолданды. Осы модель бойынша психикалық өмірдің үш деңгейін бөлуге болады: сана, парықсыздық (подсознательность) және бейсаналық. Оның ғылымға қосқан ең үлкен үлесі – бейсаналық ұғымын енгізіп, ұғымсыз түрткілермен жұмыс істеу әдісін қолдануды үйретуі.
  • Сана деңгейі тура осы уақытта сезінетін түйсіктер мен әсерлерден тұрады. Ал парықсыздық деңгейі (кейде “қол жететін ес” деп аталады) тура осы сәтте сезілмейтін тәжірибелерді көрсетеді. З.Фрейдтің ойынша, бұл психиканың сезілетін және сезілмейтін аумағының арасындағы көпір болып табылады. Бейсаналықта тұлғаның негізгі детерминанттары болады, олар: психикалық қуат, ояту және инстинктер. Инстинктердің екі түрі бар: либидо немесе сексуалдық қанағаттануға ұмтылу және агрессиялы инстинкт, өлімге ұмтылу. 20-жылдардың басында З.Фрейд өзінің концептуалды моделін қайта қарастырып, тұлға құрылымын негізгі үш компонентке бөлді: ид, эго, жоғарғы эго.
  • “Ид” латынның “Ол” сөзінен шығады. З.Фрейд бойынша “Ол” тұлғаның қарапайым, инстинктивті және тума аспектілерін білдіреді. Ид бейсаналықта өмір сүреді және инстинктивті биологиялық оянулармен (тамақ, ұйқы, т.б.), яғни біздің жүріс-тұрысымызды қуатпен қамтамасыз ететін оянулармен тығыз байланысты. Фрейд бойынша, ид - ешқандай заң мен ережеге бағынбайтын нәрсе. Фрейд идті ағзаның соматикалық және психикалық процестері арасындағы нәрсе деп қарастырады. Ол ид адамды шаршаудан арылтатын екі механизмді көрсетеді: рефлекторлық әрекет және алғашқы процестер.
  • “Эго” (латын. “Эго” - “Мен”) – шешім қабылдауға жауапты психикалық ақпараттың компоненті. Эго идтің тілектерін сыртқы әлемге байланысты шектеу қоя отырып, қанағаттандыруға тырысты. Эгоның қызметі – ағзаның тұтастығы мен тепе-теңдігін сақтау.
  • “Жоғарғы Эго” (латын. “super” - “жоғарғы” және “ego” - “мен”). Адам қоғамда өмір сүру үшін қоршаған ортаға сәйкес құндылықтар, нормалар және әдептер жүйесіне ие болуы керек. Мұның барлығы “әлеуметтену” процесі, яғни құрылымдық модельдің тілі бойынша “жоғарғы эгоның” қалыптасуы барысында жүзеге асады. Фрейд “жоғарғы эгоны” екі жүйеге бөледі: ар-ұят және “эго-идеал”. Ар-ұят ата-ананың жазалауының арқасында пайда болады, ал суперэгоның мадақтаушы аспектісі – бұл эго-идеал.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет