Әбдірайымова Ақниет 205Б
ОБӨЖ-7
*1. XX ғ. философиялық антропология.*
Адам тақырыбы - философияның өзекті, байырғы және өте маңызды мәселесі. Философияның адам мәселесін арнайы зерттейтін бөлігі антропология деп аталады. Оның негізгі сұрағы -“адам дегеніміз не” мәселесі. Адам туралы толық мәліметті пәнаралық зерттеу аясында көптеген ғылымдардың көмегімен жинақтауға болады. Сондықтан да соңғы жылдары адамтану ғылыми танымның ерекше саласы және оқу пәні ретінде жеке қарастырылады. Философия адамды тиянақты, бүтін, біртұтас жүйе деп анықтайды. Ол адамды барлық мәндік қасиеттері мен құбылыстарының өзіндік рухани - практикалық іс - әрекетінің біртұтас жүйесі ретінде, көпжақты, әмбебап жан етіп көрсетеді. Адамның табиғаты мен мәні туралы сұрақ философия тарихындағы барлық ілімдерде орын алған. Адам проблемасын философиялық зерттеудің негізгі өзегі етіп қарастыратын экзистенциализм, персонализм және философиялық антропологияның басқа да көптеген ағымдарын қоспағанның өзінде психоанализ, герменевтика, структурализм, аналитикалық философияда, социобиологияда адам тақырыбы көрнекті орын алып отыр. Мұның өзі тек жай ғана кездейсоқтық немесе ұқсастық емес. Қазіргі уақытта адам төңірегіндегі мәселелердің алдыңғы қатарға шығып, Әлемнің барлық түкпірінде өзекті мәселеге айналуы, ең алдымен, нақты индивидтің күнделікті өмір сүруінде кездесіп отырған өмірлік мәселелердің ұдайы шешіліп отырылуы қажеттігінен туындап отыр.
*2. Адам туралы экзистенциалдық-персоналистік және психоаналитикалық концепциялар.*
Экзистенциализм (лат. eksіstentіa – өмір сүру) – адам өмірінің мәні, оның тұлғалық болмысы жайлы батыс философиясындағы иррационалистік бағыт. Адамның өзіндік Менін тануы өмір мен өлімнің мәні, еркіндіктің мағынасы, адамгершілік, рахымдылық, сұлулық, әділеттілік пен ақиқат, адамның дүниеге келудегі мақсаты, қоғамдағы орны сияқты көптеген филос. мәселелердің шешімін табуға итермелейді. Экзистенциализм бағыты өкілдерінің көзқарасы бойынша: өзіндік Менін түйсіну және өзгемен санасу адамды саналы әрекетке жетелейді. Өзгенің бостандығына қол сұққан жағдайда бостандықтың қадірін білетін адамның ар-ожданы бас көтеруге тиісті. Қоғам егер осындай еркін тұлғалардан құралса, онда үйлесімді, шығармашылық байланыстағы, бірін-бірі түсінетін, әрқайсысы өз құқығын білуімен қатар, өз міндеті мен жауапкершілігін толық сезінетін толыққанды қауымға айналады деп білді. Экзистенциализм философиялық бағыт ретінде 20 ғасырда қалыптасты. Ол адамгершілік құндылықтар күнделікті тұтынушылық қажеттіліктердің тасасында қалған, техногенді, индустриалды, қатыгез қоғамға қарсылық ретінде туындады. Ғаламдық дағдарыстар мен соғыстар және төніп келе жатқан экологиялық апат адамгершілік құндылықтардың құлдырауына, адамның өз қолымен жасалған бірақ, өзіне жат дүниесінде адамның өмірінің мәні мен болмысы жайлы сұрақтар неғұрлым шиеленісе түседі. Адамгершілік құндылықтарға бет бұру бұл бағыттың басты ерекшелігі.
Психоанализ — Австрия ғалымы Зигмунд Фрейд қалыптастырған XX ғасыр мәдениетінің барлық саласына зор ықпал еткен психологиялық ілім және психиатрияны емдеу әдіснамасы. З. Фрейд өз зерттеуін бастаған кезде психиатрия ғылымы биологияның ықпалына айырықша ұшырағаны соншылық, психологиялық құыбылыстардың қалыптасуы мен дамуын түсіндіру және рухани ауруларды емдеу түгелдей өнеркәсіп дәуіріне тән механикалық әдістермен орындалатын. Фрейд 1885 жылы Парижде әйгілі психиатр, қосымша митанушы Charcot-тан тәлім алып, Charcot-тың қояншық (истерия) ауыруын зерттеуінің ықпалына ұшырады. Сөйтіп ол бала кездегі рухани жарақат пен жайсыз кешірменің кейінгі өмірдегі көңіл күйге әсерін зерттей бастады. Алғашқы емі Anna O деп аталған Josef Breuer деген қыздың психологиялық ауруына психоанализ жасаудан . Ол кезде фрейд гипноз және сөйлетіп емдеу (talking cure) тәсілдерін қолданып, емделушінің көңілін мазалаған, алаңдатқан астыртын істі ашуға тырысты. Кейін фрейд гипноз амалы арқылы ауырудың кезінде көңілінде жарақат қалтырған оқиғаны тауып шығуға тырысты. Бірақ бұл ауруды жақсартпаған соң фрейд басқа амалдарды қарастырды.
Психоанализдің басты ережелері :
•Адамның ата тегіне тартқан мінезіне дейінгі барлық психологиялық қасиеттерін бала кезіндегі кешірмесі белгілейді.
•АДамзаттың ісін, кешірмесін және танымын негізінен адамның иррационалды (жабайы, ақылсыз, нәпсілік) аңсары қалыптастырады.
•Бұл аңсарлар незінен санасыз күйде болады.
Осынау санасыз аңсарларды саналы қабатқа әкелу психологиялық өз-өзін қорғау механизмінің қарсылығын туғызады.
Сана мен астынсана (шектелген, жасырынған сана) және нақты шындық арасындағы қайшылықтан рухани соққы пайда болады, ауытқулар туады, психологиялық аурулар келіп шығады.
*3. Адам және тұлға. Тұлға және оның қоғамдағы әлеуметтік рөлі.*
Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігі бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Өзіне немқұрайды қарайтын кейбір қоғам мүшелері басқалар қалай өмір сүрсе, мен де солай өмір сүремін деген принципті ұстанғанымен, шын мәнінде өмірде олай емес.
Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз — ол оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіңдік ой-пікірі көзқарасының болуы, олардың өзі көріп білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі занды құбылыс. Мәселен, біреулер айналасындағы құбылысқа тандана тамашалай қараса, енді біреулер сын көзімен қарап, қорытуы, сын-пікірлер айтуы мүмкін.
Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына физиологиялық, психологиялық, биология. ерекшеліктеріне байланысты. Мәселен, біреулердің нәрсені жасауға іскерлік қабілеті болса, екінші адамда оның болмауы, біреудің ұйымдастырушылық қабілеті күшті болса, екінші бір адамның ұйымдастыру ісіне қабілетсіз болуы, біреуі білімді тез қабылдаса, екі адамның білімді сылбыр, баяу қабылдауы, біреудің дене күші дамыған болып келсе, екінші адамның абстракциялық ойлау қабілетінің баяу дамуы, біреулеі сурет салуға немесе ән салуға бейімділігі болуы мүмкін. Жеке бастың бұл ерекшеліктері адамдардың басқалар ұжымдық қарым-қатынасында байқалады.
Жеке тұлғаға тән қасиет — ақыл, ес, яғни өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу дегеніміз — миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады.
Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардың тәжірибесін жинақтауға да негіздследі. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оқығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоқып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады, толықтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |