Түйіндеме: мақалада автор бүгінгі таңда әлемнің барлық елдері өздерінің білім беру жүйесінде кеңінен қолданысқа енгізген қашықтықтан оқытудың тиімділігін жан-жақты сипаттаған. Елдің тұрақты түрде дамуы үшін ең алдымен негізгі көрсеткіш ретінде білім беру жүйесінің дұрыс жолға қойылуы тиіс екенін көрсеткен. Адамзат үшін үздіксіз білім алудың қаншалықты маңызды екендігін сипаттай келе мақалада ол үшін жақсы бір мүмкіндік қашықтықтан оқыту екендігі түйінделеді.
Кілттік сөздер:үздіксіз білім алу, оқыту, қашықтықтан оқыту, білім беру жүйесі
Қашықтықтан оқыту - үздіксіз білім алуды жүзеге асырудың тәсілі ретінде Біз бүгін үнемі даму үстіндегі, тоқтамайтын қозғалыстағы, ылғи алға жылжып отыратын, секунд сайын жаңа өзгерістерге ұшырайтын әлемде өмір сүрудеміз. Сондықтан біз өмір сүретін ғылым мен техника барынша жетілген жаһандану заманының талаптары да жоғары. Үздіксіз ақпарат толқыны дәуірінде өз позицияларын - ұстанымын сақтап қалу үшін бүгінгінің адамдарының (мұндай тіркеспен жазу ғылыми жұмыс үшін дұрыс емес) білім мен біліктерінің де әрқашан толысып отыруы шарт.
21-ғасыр адамдарына бір ғана бағытта дамып, бір ғана бағдарды ұстану аздық етеді. Сондықтан жаңа өркениет өкілдерінің түрлі салада жетіліп, жан-жақты дамуы, кез келген жағдайға бейімделе алуы аса маңызды. Бұл қабілеттерге қол жеткізудің басты жолы – өзін-өзі дамыту шаралары. Ал кез келген жаңа дағдыны игеру немесе біліктілікті арттыру оқу үрдісімен шектесетіні мәлім. Осыдан үздіксіз білім алу қажеттілігі пайда болады.
Үздіксіз білім алу – адамның өмірі үшін қолайлы жағдай тудыратын арнайы ұйымдастырылған оқу әрекетінің бірнеше сатыдан тұратын тұтас үрдісі. Адамның кәсіби дайындығы міндеттері әлеуметтік өзекті және перспективті қажеттіліктержі ескерумен қатар, адамның өздігінен білім алуға, өмір бойы жан-жақты әрі үйлесімді дамуына деген талпынысын қанағаттандыруы керек [1].
Әр адам оның өміріндегі басты тұлға өзі екенін түсінуі тиіс. Сол себепті де ең тиімді инвестиция – бұл адамның өзіне бағытталған шығындары. Білімді жетілдіру, біліктер мен дағдыларды шыңдау, шығармашылықты дамыту – осының барлығы адамның болашағының сәтті қалыптасуының алғышарттары. Себебі жоғарыда атап өткендей, біз тұрақсыз, өзгермелі дәуірде күн кешеміз. Оның жылжымалығы сондай, біз тіпті өзіміздің ертеңгі күнгі жоспарларымыздың жүзеге асуына толық сенімді бола алмаймыз. Осындай ерекше кезеңде тек бір құбылыс ешқашан өзгеріске ұшырамайды, оны сізден ешкімнің тартып алуға мүмкіндігі жоқ – ол адамның білімі. Сол себепті де бүгінгі таңда білімнің әлеуметтік құндылығы артып, адамның қабілеттерінің бағалануы мен оның болашағы тікелей білім деңгейіне тәуелді болып отыр. Осы кезекте Елбасының жолдауында «XXI ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда, ол өз мазмұны жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады және солай болуға тиіс. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады»,- деп, білімнің орнын ерекше атап өтуі дәлел бола алады [2].
Үздіксіз білім беруді жүзеге асырудың ең тиімді жолдарының бірі – қашықтықтан оқыту формасы болып табылады. Себебі қашықтықтан білім беру үздіксіз оқыту үрдісі сияқты адамның жасы, әлеуметтік жағдайына, денсаулық ерекшеліктеріне қарамастан, мекендік, кәсіби шектеулерсіз жүзеге асырылады. Бұл үздіксіз және қашықтықтан оқытудың сабақтас екенін көрсетеді.
Бүгінгі таңда білім берудің қашықтықтан оқыту формасы уақыт және кеңістіктік шектеулерге тәуелсіз, жаппай үздіксіз білім алу жүйелерін құру, жалпы ақпарат алмасу мүмкіндігін береді. Қашықтықтан оқыту жүйесі жеке компьютер және ғаламторға қосылу арқылы қажетті дағдылар мен жаңа білімдерді меңгеруге өте қолайлы. Үздіксіз білім алушының компьютері қайда орналасқаны маңызды емес, сол себепті оқу үрдісі үй жағдайында, жұмыста, әлемнің кез келген ғаламторға шығуы бар нүктесінен жүргізіле алады. Бұл қашықтықтан оқытудың үздіксіз білім беруде дәстүрлі форматтан (форматпен салыстырғанда,,,, кандай айырмашылығы бар ????) ең ұтымды тұстарының бірі. Себебі, білімді жетілдіру барысында қашықтықтан оқыту форматын таңдай отырып, білім алушының, біріншіден, уақыты үнемделеді. Бұл жоғарыда атап өтілгендей, оқыту үрдісінің кез келген ортада жүргізіле беретінімен байланысты. Екіншіден, білім алушының қаражаты да сақталады. Себебі қазіргі уақытта ғаламтор арқылы оқу – білім алудың ең арзан түрі болып табылады. Үшіншіден, білім алушыда мақсатты көзделген білімдерден бөлек, өздігінен білім алу және ақпаратты саралау қабілеттері жетіледі. Ал бұл екі дағды үнемі жаңашылдықты талап ететін, ақпараттық кеңістікте өмір сүруші үшін аса қажет. Міне, осылайша қашықтықтан оқыту жүйесі үздіксіз білім беруді барлық адамдар үшін қолайлы әрі қолжетімді етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер: Концепция непрерывного образования [Электронный ресурс].- Режим доступа: http// www.ido.tsu.ru
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы орта білім жүйесін ақпараттандыру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламасы. –Алматы, 22 қыркүйек 1997ж. 3645 Өкім.