Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін факторлар. Жоспары: Тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін факторлар. Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу»



бет1/4
Дата15.01.2024
өлшемі19.17 Kb.
#489122
  1   2   3   4
жеке тұлғаны дамытуға әсер ететін фактор



Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін факторлар.
Жоспары:
1. Тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін факторлар.
2. Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» ұғымдары және олардың арақатынасы. Тәрбиенің негізгі тұғырлары.
3. Отбасы – бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және белсенді субъектісі.

Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» ұғымдары және олардың арақатынасы. Педагогика ғылымында тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, оқыту, дамыту, қалыптастыру, әлеуметтендіру, табыстылық, тұлғаның құзыреттілігі т.б. негізгі категориялары мен ұғымдары болып табылатыны белгілі.


Тәрбие үдерісінде тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» бір — бірімен тығыз байланыста дамиды. Даму дегеніміз, ең алдымен адам ағзасындағы физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер. Бұл өзгерістер белгілі бір әлеуметтік ортада болады. Адам биологиялық жанды зат ретінде дүниеге келеді де, ол даму үрдісінде әлеуметтік қызметтерді (өмірге, адамдарға, еңбекке, тұтастай қоғамға қатысты, т.б.) атқару арқылы ғана тұлға болып қалыптасады.
Тәрбие әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда қоғам бақылайтын және түзету
енгізетін, жастарды мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып бағыттайтын, қоғамның қазіргі және болашақ өміріне қатысуға мақсаттылықпен даярлау ісі. Тәрбие туралы түсінікке баланың жеке басының қалыптасуы мен дербес ерекшеліктерін ескерумен іске асырылатын толық қанды және толық құқылы тұлға тәрбиелеуге болады деп тануды талап ететін және педагогикалық үдерістің субьектісі ретінде тұлғаның қоғамдағы жаңа ұстанымы орнығады.
Тұлғаның қалыптасуы ұғымына баланың қоғамда өздігінен өмір сүруге қабілеттілігі, өз
тағдырына өзі үкім ете білуі және өзінің қарым-қатынасын түсіне білу қабілетін меңгерген, сонымен бірге құндылық атаулыны тұрақты таңдай алу сияқты дамудың шартты түрдегі жетістіктері жатады.
Тұлғаның қалыптасуы – тұлғаның шындықпен өзара әрекеті барысындағы өзгеріске түсу үдерісі және оның дене құрылысы мен әлеуметтік-психологиялық жаңаруындағы өзгерістердің пайда болуы.
Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында тәрбие ортадан дамуына қажетті материалды іріктейді; жағымсыз ықпалдардан шығу жолдарын іздестіреді; оқушының мүмкіншілігін анықтайды, ашады, табиғи нышандарының дамуына жағдай жасайды.
Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі көптеген идеяларға негізделеді:

— адамды қабілетіне және дарындылығына сүйеніп, жан-жақты дамыту;


— ересек адамдар мен балалардың бірлесу ісәрекеттерінің ынтымақтастығы, мұғалім мен балалар еңбегінің бірлестігі, мұғалімнің балаға ерекше көңіл аударуы, ата-аналармен мен мұғаліммен ынтымақтастық, өзін-өзі құрметтеу идеясы , өзінөзі тәрбиелеу т.б.
Тәрбие адамның ішкі жан дүниесіне ұнамды қозғау салып, өзіндік өңдеу белсенділігін
арттыра алса ғана, адам өз дамуындағы қызметін орындай алғаны.
Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның
кемелденуін және тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді.
Балада табиғаттан, тумысынан жалпы адамдарға тән сөйлеу мәдениеті және жеке өз басына байланысты әртүрлі нышандар қоры, табиғи қасиеттері жеке адамның өзіндік мүмкіншіліктерін құрайды, солар арқылы түрлі қабілеттіліктердің қалыптасуы басталады.
Табиғи мүмкіншіліктер адамның әлеуметтік өмір әрекеттерінің барысында дамиды.
Адамның өмір сүру ортасы болмаған жағдайда табиғи нышандардың, қабілеттіліктер мен бейімділіктердің де күші жойылады.
Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор, ол – адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық, дағдысына бағытталған жұмыс. Егер тәрбие жеткіліксіз, әлсіз болса, баланың қалыптасуына кері әсер етеді.
Жеке тұлға дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы әсерлер екі топқа бөлінеді: ішкі және сыртқы. Қоршаған орта, тәрбие – сыртқы әсерлер. Сыртқы әсерлерінен пайда болатын сезімдер мен толғаныстардың жиынтығы – ішкі әсерлерге жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы – осы екі фактордың байланысынан пайда болады.
Тұлғаны әлеуметтендіру біріккен қарым-қатынас іс-әрекет барысында қалыптасады. Педагог кез келген қызметке кірісуі үшін алдын ала қойылатын талаптарды ескереді. Педагогикалық талапты орындау ғана педагогикалық мақсатты қатынастардың нәтижелі болуын қамтамасыз етіп қоймайды. Балалар ұжымындағы шағын топтардың пікірі мен беретін бағасы және іс-қылықтары да маңызды.
Тұлғаны әлеуметтендіруде әлеуметтік тұрғыда отбасына әлеуметтік-экономикалық,
құқықтық, психологиялық және педагогикалық, баланы отбасына тәрбиеге алған отбасына қолдау көрсету, көп балалы және мүгедек балалы отбасы балаларының денсаулығын нығайтуға көмектесу негігі орын алады.
Тәрбиенің негізгі тұғырлары
Тәрбие көп факторлы, күрделілігі оның сан-алуан болуымен қарастырылады. Мектепте
тәрбие тұлғаның іс — әрекет, қарым – қатынасы арқылы, барлығы интеграциялы түрде іске асады.
Тұлғаның біртұтастығын қамтамасыз ету тәрбие жүйесінің мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, әдістері мен формаларын, ұстанымдарын, пайдаланатын құралдарын тығыз байланыста жүргізуді қажет етеді.
А.Маслоудың тұжырымдауын негізге алатын болсақ тұлғаның өзін негізгі құндылық
тұрғысынан қарастырыла отырып, тұлға бойындағы құндылықтарды қоғам және әлеуметтік орта арқылы қатынастарда қалыптастыру болып табылады. Расында да, өмірдің құндылық қоғам мен әлеуметтік ортаның мақсаты мен міндеттері, мемлекеттік экономикалық даму үдерісі арқылы іске асады. Тұлғаның құндылықтары атадан берілген тек арқылы дамитыны, қоғам мен әлеуметтік ортаның даму мен сұранысынан туындайтыны белгілі. Қоғам өркениеттік деңгейде дамыған сайын тәрбие үдерісіне қойылар талап та өзіндік ерекшелігімен өрнектеледі.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде тәрбие үдерісін ұйымдастырудың келесі
әдіснамалық тұғырларын ұсынады:
Өркениеттілік тұрғысынан алатын болсақ еліміз әлемдік деңгейде білім кеңістігіне
кіріктірілуі тәрбие үдерісіне де жаңашыл көзқарастармен қарауды талап етіп отыр. Ұлттық және әлемдік құндылықтарды кіріктіре отырып, әлемдік деңгейде талап етілетін құндылықтарды тұлғаның бойына сіңіруімізбен қатар, қоғамда әлемдік деңгейде көзқарастарды қалыптастыру.
Қазақ елі көп ұлттың басын біріктіріп отырған демократияшыл және өркениетті елдер тұрғысынан мәдениеті, рухани — адамгершілік құндылықтар жағынан әлемдік өркениет көшіне ілесе алатын елдер қатарынан табылуы өркениеттіліктің басты шарты де бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет