СӨЖ Тұлғаның мотивациялық шеңбері және оның иерархиялық құрылымы тақырыптары бойынша баяндамалар дайындау
Жоспары
Кіріспе
1. Мотивация ұғымын қалай түсінуге болады?
2. Жеке адамның мотивациялық сферасы
3. Иерархиялық құрылымдар
3.1. Индивид-ортасы
3.2. Мотивацияның принципі өзін-өзі бағалауы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Психологияның өзектi мәселелерiнiң бiрi мотивация және iс-әрекет
мәселесiн және мотивтердiң шығу тегiн Х. Хекхаузен «мотивация және
iс-әрекет» жұмысында қарастырған. Мотивация – бұл тұлғалық және
iс-әрекеттiк жүйелердiң бiрiгуi негiзiнен пайда болған психологиялық
ерекшелiк. Мотивация туралы теориялар ежелгi грек философтары
мен теологтары iлiмдерiндегi рационализм және ирррационализм
бағыттарымен бiрге дамыды. ХIХ ғасырдың ортасына дейiн ықпалы
басым болған рационалистiк позициясы бойынша, адам жануарларға
еш қатысы жоқ ерекше жаратылыс ретiнде қарастырылды. Тек адам
ғана сана, ақыл-ой, ерiк-жiгерге ие бола алады. Бұл бағыт бойынша
мотивацияның қозғаушы күшi - адамның ақыл - ойы мен санасы және
еркiмен байланысты. Иррационализм негiзiнен жануарлар әлемi
туралы iлiм болды. Мұнда жануардың адамнан ерекшелiгi оның жүрiс
-тұрысы ерiксiз, санасыз, биологиялық жоспарда жүзеге асып,
органикалық қажеттiлiктерге сүйенедi.
Мотивация ұғымы адамның нақты бiр мақсатқа жетуге
бағытталған талаптану жүйесiмен түсiндiрiледi. Мотивациялық
жүрiс - тұрыс “Адам ненi қалайды? Ол неге ұмтылады? деген
сұрақтарға жауап бередi. Адамның талабы әрқашан басым
қажеттiлiктердiң жүзеге асуымен байланысты болады. Адамдар
жүрiс-тұрысының негiзiнде белгiлi бiр қажеттiлiктер болады.
Қажеттiлiк бұл адам бастан кешiретiн мұқтаждық қанағаттануы,
адам тiршiлiгi, оның жеке адамдық тұтастығын сақтау үшiн өмiрлiк
маңызды болып табылады.
Жеке адамның мотивациялық сферасын оның дамушылық
табиғаты тұрғысынан бiрқатар өлшемдермен бағалауға болады.
• Жеке адам мотивациялық сферасының кеңдiгi. Бұл
мотивациялық факторлардың (қажеттiлiк, мақсат, мотив) әр
түрлi сапалылығы, яғни адам да әр түрлi қажеттiлiк, мақсат,
мотивтер неғұрлым көп болса, оның мотивациялық сферасы
соғұрлым кең болады.
• Жеке адам мотивациялық сферасының икемдiлiгi. Бұл қандай
да бiр қажеттiлiктi қанағаттандыру барысында түрлi
мотивациялық талпыныстарды пайдалана алумен сипатталады. Жеке адам мотивациялық сферасының иерархиялылығы.
Бұл жеке адам бойында болатын қажеттiлiк, мақсат, мотивтердiң
әрқайсысы өз алдына мотивациялық диспозиция ретiнде өмiр
сүрмейтiнiн, керiсiнше олардың бiр-бiрiне бағыныштылығы
немесе басымдылық белсендiлiгiмен сипатталынады.
Достарыңызбен бөлісу: |