Бастауыш мектеп оқушысын әлеуметтендіру арқылы өзін-өзі бағалауы



бет1/8
Дата20.06.2022
өлшемі127.71 Kb.
#459364
  1   2   3   4   5   6   7   8
Бастауыш мектеп оқушысын әлеуметтендіру арқылы өзін


Бастауыш мектеп оқушысын әлеуметтендіру арқылы өзін-өзі бағалауы

МАЗМҰНЫ




ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ӨЗІН.ӨЗІ БАҒАЛАУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕСІ 1.1 Әлеуметтік жұмыстың мәні ... 5
1.2 Әлеуметтік аспектісіндегі «мен» тұжырымдамасының дамуы ... 24
1.3 Тұлғаның әлеуметтенуін зерттеу ... 30
1.4 Оқушылардың әлеуметтік белсенділігі және өзіндік баға беру теориялары 39
2. БАСТАУЫШ МЕКТППОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗІН.ӨЗІ БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ 2.1 Бастауыш сынып оқушыларында кездесетін әлеуметтік психологиялық қиындық түрлері және оларды шешу жолдары ... 45
ҚОРЫТЫНДЫ 50

КІРІСПЕ


Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасында қазіргі таңда жүріп жатқан әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістер жас ұрпақ өмірінің барлық жақтарын әлеуметтендіру үрдісіне ықпал етеді. Бұл мәселеге байланысты елбасымыз Н.Назарбаев: «... жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе - білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында үлттық жэне дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және әлеуметтік -адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады», - деп атап көрсетті. Осыған байланысты бұл күндері жалпы білім беретін мектептердегі әлеуметтік тәрбие ісінің мазмұнын Отандық және әлемдік өркениетті елдердегі психология, педагогика және физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып жетілдірудің қажеттілігі туындауда. Әлеуметтендірудің сыншылдық тұжырымдасының басты теоретиктері (Карл Роджерс, Д.Гербертмид, А.Маслоу, Жан Пиаже, Лоуренс Колберг, Н. Миллер, Дж.Доллард, Альберт Бандура, Ури Бронфенбреннер) өз еңбектерінде тұлғаның қоғамда орын алған тәртіпке саналы және тіпті сыни тұрғыда қарауын қалыптастыру, қоғамда өз орнын табуға ұмтылуын дамыту міндеттерін алға қойды. Тұлғаның өзіндік бағалау ерекшеліктерін қарастырған жұмыстарда тұлғаның әртүрлі даму жақтары нақты қарастырылған (Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович, А.И.Липкина, И.И.Чеснакова т.б.) Өзіндік бағалауды адамның мінез-құлқын реттеуші, жеке бастық феномен ретінде сипатталған көптеген эксперименттік жұмыстар бар. (В.Д.Демина, З.В.Сафин, С.Ф.Спичак т.б.) Сонымен қатар, Қазақстанда жүргізілген зерттеулердің ішінде профессор Ж.Ы.Намазбаеваның жетекшілігімен Р.С.Сабырова, С.Ж.Өмірбекова жэне Л.С.Пилипчуктың жұмысында балалардың өзіндік сана-сезімдері, өзіндік бағалау ерекшеліктері зерттелінді. Қазіргі қоғамда бастауыш сынып оқушыларының өзіндік бағалауын әлеуметтік тұрғыда зерттеудің психология ғылымы мен педагогика ғылымы үшін қажеттілігі эрқашан да зор. Сондықтан да, біздің зерттеуіміз өзін-өзі бағалау оқытудың табыстылығына әсер ететінін негіздей отырып, бастауыш сынып оқушыларының өзіндік бағасын анықтауға арналады. Өзінің әртүрлі тұрғыларында бағалау Отандық және шетелдік психологтар мен педагогтар (Қ.К.Жампеисова, Жарықбаев, Р.Т.Мендалеева, А.К.Рыспекова, А.Е.Берікханова. Б.Г.Ананьев, Ю.К.Бабанский, П.П.Блонский, Дж.Брунер, Л.И.Божович, Л.С.Выготский, Э.Ф.Голубева, А.Н Леонтьев, И.Я.Лернер, А.Ф.Лурия, М.Н.Скатин, Д.Б.Эльконин, А.И.Липкин) еңбектерінен көрініс тапты. Сонымен бірге, әлеуметтік педагогикалық бағалаудың мэнін анықтайтын бағалау әрекетінің құрылымы мен жүйесі тұжырымдалған қағида бойынша бағалау әрі үрдіс [24], әрі іс-әрекет [27], әрі әлеуметтік біліктілік жиынтығы [30] және қызмет ету аясы [66] ретінде қызмет көрсетеді. Мектептің келешекке жылысуы үшін одан да маңызды мәселелер, әлеуметтік психологиялық қиындықтар туындайды. Яғни, біріншіден, баланың жеке басы мен жас ерекшелігіне, екіншіден, оқу үрдісіндегі қиындықтар мен оқу мәліметінің ерекшелігіне байланысты. Сол қиындықтарды әлеуметтік педагог, психологпен мұғалім бірлесе отырып, шешу жолдарын тауып, жеке тұлганың жеке бас ерекшелігі ескеріліп, оқытудағы кемшілік жеке түлганың қандай кешенді қасиеттеріне байланысты екенін анықтау керек. Сондықтан да, жалпы орта білім беретін мектептен жеткіншек үрпаққа білім беру сапасын, оқыту әдістемелерін, элеуметтік тэрбиелерін жетілдірумен бірге оқушыларға жан-жақты тәлім-тәрбие берудің әлеуметтік мазмұнын, әдістемелік іс-шараларын қоғамдық талаптарға негізделіп, үнемі жаңартып отыруды талап етеді.
Зерттеу нысанасы: Әлеуметтік психологиялық, әлеуметтік педагогикалық қолдау барысында баланың өзін-өзі бағалай отырып, білімді игере алуы.
Зерттеу объектісі: Оқу іс-әрекеті контекстіндегі бастауыш оқушыларының жеке тұлғаның дамуы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет