Етістік
Заттың қимылы мен амалын, іс-əрекетін білдіреді. Сұрақтары: не істеді? не қылды?
қайтті?
Тұлғасына қарай: негізгі етістік, туынды етістік
Тек түбірден жасалған етістікті негізгі етістік дейміз. Мысалы: кел, жаз, отыр, оқы, көр, т.б.
Жұрнақ арқылы жасалған етістікті туынды етістікті туынды етістік дейміз: сипат-та, сəн-де,
би-ле, т.б.
Негізгі амал, қимылды білдіретін, кейде сол амалды айқындап
тұратын етістіктің түрін көсемше дейміз. Көсемшенің жұрнақтары:
-а,-е,-й: бара, келе, айта, сұрай, сөйлей, т.б.
-ып,-іп,-п: барып, келіп, сұрап, сөйлеп, біліп, т.б.
-ғалы,-гелі,-қалы,-келі: барғалы, айтқалы, сұрағалы, т.б.
Туынды етістіктің жасалу жолы
-ла,-ле,-да,-де,-та,-те: ой-ла, гүл-де, шеге-ле, т.б.
-лан,-лен,-тан,-тен: ой-лан, үй-лен, əдет-тен, т.б.
-қар,-кер,-ғар,-кер: бас-қар, ес-кер, тең-гер, т.б.
-ық,-ік,-к: бір-ік, тын-ық, дəн-ік, т.б.
-сын,-сін: жат-сын, көп-сін, т.б.
-ыра,-іре: бұрқ-ыра, жарқ-ыра, т.б
Қалып етістіктері:
отыр, тұр, жатыр, жүр
Болымсыз етістік жасалу жолы:
1.
-ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе жұрнақтары арқылы. Мысалы: барма, айтпа, жазба, оқыма, күлме, т.б.
2.
жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы. Мысалы: айтқан жоқ, барған емес, т.б.
Етістік мағынасына қарай:
1.
Сабақты етістік табыс жалғаулы сөзді керек етеді. Мысалы: кітапты (нені?) оқы, хатты (нені?)
жаз, досты құрметте (кімді?), т.б.
2.
Салт етістік табыс септігіндегі сөзді қажет етпейді. Мысалы: ол (кім?) келді, гүл (не?) өседі,
досыңмен (кіммен?) тату бол, т.б.
Әрі етістік, әрі есімдер қызметін атқаратын етістіктің түрі
есімше деп аталады. Есімшенің жасалу жолдары:
-ған,-ген,-қан,-кен: алған, барған, жеткен, көшкен, т.б.
-ар,-ер,-р,-с: алар, жетер, көшер, оқымас, бармас, т.б.
-мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек: алмақ, оқымақ, бармақ, сөйлемек, т,б.
-атын,-етін,-йтін,-йтын: баратын, келетін, айтатын, оқитын, т.б.
Негізгі амал, қимылды білдіретін, кейде сол амалды айқындап
тұратын етістіктің түрін көсемше дейміз. Көсемшенің жұрнақтары:
-а,-е,-й: бара, келе, жаза, айта, сұрай, сөйлей, т.б.
-ып,-іп,-п: барып, келіп, айтып, сұрап, т.б.
-ғалы,-гелі,-қалы,-келі: барғалы, айтқалы, сұрағалы, сөйлегелі, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |