Тұмау эпидемиясы кезінде бухгалтер болып жұмыс істейтін 22 жастағы бойжеткенде, әлсіздік және қатты басының ауруы пайда болды. Жұмыстан кетуге мәжбүр болды және үйге дәрігер шақыру қажет



Дата25.04.2023
өлшемі16.09 Kb.
#472692

Есеп № 1
Тұмау эпидемиясы кезінде бухгалтер болып жұмыс істейтін 22 жастағы бойжеткенде, әлсіздік және қатты басының ауруы пайда болды. Жұмыстан кетуге мәжбүр болды және үйге дәрігер шақыру қажет. Дене температурасы 39,60 С көтерілді, дәрі қабылдағаны мен бас ауруы басыла қойған жоқ. Дәрігер «тұмау» диагнозын қойды. Тұмаудың дамуына не себеп?
Есеп № 2
Науқас К. 56 жаста онкологиялық диспансерге тексерілуге келіп түсті. Тәбеттің нашарлауына, асқорытудың бұзылуына, әлсіздікке шағымданады. Ауырғанын 1 жыл бұрын сезінді, медициналық көмекке жүгінбеген, «халықтық ем тәсілдерімен» емделген. Сонғы жарты жыл ішінде дереу арықтаған, арқасында ауру сезімі, айқын әлсіздік пайда болған. Тексерген кезде науқас кахексияға ұшыраған, терісі бозарған, көз астында және аяқтарында ісінулер байқалады. Қосымша тексеруден кейін «Асқазанның обыр ісігі. IV сатысы. Метастаздар» диагнозы қойылды. Кахексиялық ісінулердің дамуында қандай патогенетикалық фактор басты орын алады?
Есеп № 3
Науқас облитерацияланған эндоартритпен дәрігерге оң жақ тобығының ауырсынуына шағымданып келді. Тексергенде оң жақ тобығы өте бозғылт және ұстағанда суық. Науқаста шеткері қан айналымының қандай өзгерісі дамыды?
Есеп № 4
Қоянның оң құлағын иннервациялайтын жүйкесін және жоғарғы мойын симпатикалық түйінін кесіп алынып тасталған. Қоянның оң жақ құлағында шеткері қан айналымның қандай өзгерісі дамиды?
Есеп № 5
46 жасар науқас айқын семірумен эндокринологтың қабылдауына келді. Қай гормон май мобилизациясын тежейді және семірудің дамуына ықпал етеді?
Есеп № 6
Науқаста Н., 35 жаста, вирустық тұмау оң жақтық пневмонияның дамуымен асқынды. Жедел қабыну кезінде организмнің инфекциядан бейспецификалық қорғанысын қамтамасыз ететін жедел фаза белоктарын атаңыз?
Есеп № 7
65 жасар науқас сол жақ қарыншаның айқын жеткіліксіздігі бойынша ауруханаға түскен. Күндіз де, түнде де көп уақыт бойы аяғын төмен түсіріп, төсекте отырып өткізуге мәжбүр болған. Төсекке жатқан кезде ентігу бірден күшейіп, мазалаған. Науқаста ентігу отырған жағдайда азайып, жатқан кезде неге күшейетін-дігін түсіндіріңіз.
Есеп № 8
Т. деген науқас, 60 жаста, бойы 160 см, дене салмағы 80 кг, ауруханаға әлсіздікке, ентігуге, жүрек соғуының жиілеуіне, іріңді қақырықтың бөлінуі-мен жүретін жөтелге, бас ауырсынуына, ұйқышылдыққа, тәбетінің төмен-деуіне, дене температурасының 38-39ºС дейін жоғарлауына шағымданып келген. Бірнеше күн бұрын ауырған. Тексеру мәліметтері: дене температу-расы 38,5ºС, қандағы лейкоциттер мөлшері 13х109л, ЭТЖ (эритроциттердің тұну жылдамдығы) – 20 мм/сағат. Аускультация кезінде сол жақ өкпеде ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Науқаста тыныс алудың қандай түрі байқалады? Қандай ауру туралы ойлауға болады? Симптомдар патогенезін түсіндіріңіз.
Есеп № 9
К. деген науқас, 20 жаста, бойы 164 см, дене салмағы – 65 кг, үзілісті пайда болатын тұншығу ұстамасына, тұтқыр қақырықтың бөлінуімен жүретін тыныс шығарудың қиындауына шағымданады. Мұндай ұстамалар соңғы екі жылда, үйлерінде ит пайда болғаннан бері байқала бастаған және суық ауамен тыныс алғанда немесе қатты қобалжығанда ұстамалар өршіп кететіні байқалған. Анасы есекжем ауруымен, ал ағасы поллинозбен ауырады. Патогенезі бойынша тыныс алу жеткіліксіздігінің қандай түрі? Бұл ауру қалай аталады? Бұл аурудың өршуі науқаста қандай салдарлар туындатуы мүмкін және неге?
Есеп № 10
С. деген науқас, 32 жаста, бойы 175 см, дене салмағы 80 кг, ентігуге, жүрек соғуының жиілеуіне, әлсіздікке, қажуға шағымданады. Кеудесіне ренгеноскопия жасаған кезде плевра қуысында үлкен көлемде сұйықтық бар екендігі анықталған. Патогенезі бойынша тыныс алу жеткіліксіздігінің қандай түрі? Қандай ауру туралы тұжырымдауға болады?

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет