БЕ­ҒА­зы-дәН­Ді­бай мә­ДЕ­НИ­еті­НІҢ СҮйек өҢ­деуіне қА­тыс­ты өзек­ті мӘселелері



бет1/21
Дата20.07.2016
өлшемі1.78 Mb.
#211957
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21



Тарих
История

С.Қ.Сә­ке­нов

Л.Н.Гу­ми­лев атын­да­ғы Еура­зия ұл­ттық уни­вер­си­тет­і, Ас­та­на

БЕ­ҒА­ЗЫ-ДӘН­Ді­БАЙ МӘ­ДЕ­НИ­ЕТІ­НІҢ
СҮЙЕК ӨҢ­ДЕУІНЕ ҚА­ТЫС­ТЫ ӨЗЕК­ТІ мӘселелері


В статье оз­ву­чены ос­нов­ные нап­рав­ле­ния в изу­че­нии кос­то­рез­но­го де­ла бе­га­зы-дан­ды­ба­ев­ско­й культуры Са­ры­ар­ки. Оп­ре­де­ле­ны ос­но­во­по­ла­га­ющие кри­те­рии для изу­че­ния из­де­лий из кос­ти. Выс­ка­зы­ва­ет­ся пред­по­ло­же­ние о ре­мес­ле­нном ха­рак­те­ре кос­то­рез­но­го про­из­вод­ства в эпо­ху брон­зы.

The main directions in study of cat from the bone Begazy-Dandybaevsk’s of populations of Saryarka are sounded in article. The background criteries are determined for study the works from bone. The author spook out the suggestion about craft nature manufacture of cut from the bone in epoch of bronze.
Адам­зат ерте за­ман­нан бе­рі әртүр­лі та­би­ғи зат­тар­ды пайда­ла­на­ды. Бұл зат­тар­дан ең­бек құ­рал­да­рын, тұр­мыс­қа қа­жет­ті нәр­се­лер­ді жа­са­ған. Ар­хе­оло­ги­ялық ес­кер­ткіш­тер­де жақ­сы сақ­тал­ған­да­ры: тас, қо­ла, мыс, сүйек пен мүйіз­ден жа­сал­ған зат­тар. Са­ры­ар­қа­да қо­ла дәуірі­нің қо­ныс­та­рын­да, зи­рат­та­рын­да сүйек­тен жа­са­лған зат­тар көп та­был­ған. Бұ­ған қа­ра­ған­да Са­ры­ар­қа­да сол за­ман­да сүйек өңдеу өте жақ­сы да­мы­ға­нын туралы айту­ға бо­ла­ды. Бі­рақ бү­гін­гі күн­ге дейін сүйек пен мүйіз­ден жа­сал­ған зат­тар же­ке зерт­тел­ме­ген. Сүйек пен мүйіз­ден жа­сал­ған зат­тар қо­ныс­тың мә­де­ни қа­ба­тын­да өте көп, ал зи­рат­тар­да си­рек кез­де­се­ді.

Жұ­мыс­тың мақ­са­ты — бұл зат­тар­дың жүйелі­лі­гі мен фун­кци­онал­дық ро­лін, мә­де­ни, хро­но­ло­гия­лық не­гіз­де­рін анықтау. Мақаланың тарихнамалық не­гі­зі­не бе­ға­зы-дән­ді­бай қо­ныс­та­ры­ның (Ата­су I, Шор­тан­дыбұ­лақ, Мыр­жық, Ақ-Мұс­та­фа, Қар­қа­ра­лы I, II, Су­ықбұ­лақ) бас­па­ға шы­ға­рыл­ған мә­лі­мет­тері кі­ре­ді1. Жұ­мыс­тың зерттеу нысаны ретінде Е.А.Бө­ке­тов атын­да­ғы Қар­МУ-дың Ар­хе­оло­гия жә­не эт­ног­ра­фия мұ­ра­жай қо­ры­ның сүйек­тен, мүйіз­ден жа­сал­ған бұйым­да­ры пайда­лан­ды. Не­гі­зі­нен, бұл зат­тар бе­га­зы-дән­ді­бай мә­де­ни­еті­нің Кент қо­ны­сы­нан та­был­ған2. Жұ­мыс­тың ме­то­дика­лық не­гі­зі­не Ә.Х.Мар­ғұ­лан­ның, М.Қ.Қа­дыр­ба­ев­тің, Ж.Құр­ман­құ­лов­тың, А.П.Бо­ро­дов­скийдің зерт­те­уле­рі кір­ді.

Бе­ға­зы-дән­ді­бай тайпа­ла­ры­ның эко­но­ми­ка­лық не­гі­зі­не жайылым­ға шы­ға­ры­ла­тын мал ша­ру­ашы­лы­ғы жатқан, ол ха­лық­ты ши­кі­зат­пен қам­та­ма­сыз ет­кен3. Сүйек пен мүйіз­ден жа­сал­ған зат­тар­дың жүйелі­лігін зерт­те­ген, бас­па­ға шы­ғар­ған Ә.Х.Мар­ғұ­лан (1979); М.Қ.Қа­дыр­ба­ев, Ж.Құр­ман­құ­лов (1992) еді. Ав­тор­лар жер өң­деу құ­рал­да­рын, қа­ру-жа­рақ­тар, ат әб­зел­де­рі, те­рі өң­деу құ­рал­да­ры­ның си­пат­та­ма­сын алғашқылардың бірі болып жаз­ғандар.

Кен­тте­гі ар­хе­оло­ги­ялық қаз­ба жұ­мыс­та­ры­ның нә­ти­же­сін­де жа­ңа қы­зық мә­лі­мет­тер алын­ды, мұ­ның нә­ти­же­сін­де та­ри­хи де­рек­тер ба­за­сын тол­ты­ру­ға жә­не сүйек­ті ке­су қо­лө­не­рі­нің да­му­ы жайлы айту­ға бо­ла­ды. Зерт­те­лу жұ­мыс­та­ры жүр­гі­зіл­ген бұйым­дар Кент мә­де­ни қа­ба­тын­да­ғы, бе­ға­зы-дән­ді­бай мә­де­ни­еті­нің ор­тан­ғы ке­зе­ңі, ал қыш ыдыс сы­нық­та­ры мен ме­тал­дан жа­сал­ған мү­кам­мал II мың, б.з.д. соң­ғы ға­сыр­ла­ры­мен мер­зім­де­ле­ді.

Сүйек­тен жа­сал­ған құ­рал­дар­ға ал­ғаш рет кө­ңіл бөл­ген ар­хе­олог­тар Э.Лар­те мен Т. де Мор­тилье, олар па­ле­олит сүйек зат­тар­ды екі ка­те­го­ри­яға бөл­ді: 1) өң­дел­ген; 2) жа­ну­ар­лар­мен ке­мі­ріл­ген4. Бұл бө­лу­дің не­гіз­гі екі ар­гу­мен­ті бар. Бі­рін­ші­ден, адам өң­де­ген сүйек­тің үл­гі­лі өз­ге­ріс­те­рін кө­ру­ге бо­ла­ды. Екін­ші­ден, кө­бі­не­се сүйек­тің сыр­тын­да қал­ған із­дер­ді адам ісі­не жат­қы­за­тын, бі­рақ зерт­теу ба­ры­сын­да ол із­дер жа­ну­ар­лар­дан қал­ға­ны айқын­да­ла­ды.

XIX ғ. екін­ші жар­ты­сын­да сүйек­тің сыр­тын­да қал­ған із­дер­ді адам не­ме­се жа­ну­ар­лар­дан қал­ға­нын айқын­дау үшін әр­бі­рі­не әр­түр­лі кри­те­рийлер ұсы­ныл­ды. Ал­ғаш­қы қауым ада­мы сүйек­тен жа­сал­ған қа­ру-жа­рақ­ты тас қа­ру-жа­рақ­та­ры­нан ер­те қол­дан­ған де­ген тұ­жы­рым ке­ңі­нен та­рал­ды. Құ­рал ре­тін­де жақ сүйегі мен азу тіс­ті пайда­лан­ған. Бұл «сүйек» ма­те­ри­ал­дар­ды зерттеу ар­хе­оло­ги­ялық де­рек­тер­ге сәйкес XIX ғ. аяғын­да бас­тал­ды5. Кейін­гі зерт­те­улер­де сүйек пен мүйіз өң­де­уге өте аз кө­ңіл ауда­рыл­ған. Ке­ңес ар­хе­оло­ги­ялық әде­би­ет­те­рін­де сүйек­тен жа­сал­ған зат­тар­ды ар­хе­оло­ги­ялық қаз­ба­лар­да ең көп кез­де­се­тін зат­тар ре­тін­де қа­ра­ған. Бі­рақ­ кейбір бас­па­да сүйек­тен жа­сал­ған құ­рал­дар мен ос­те­оло­гия ма­те­ри­ал­да­ры нақ­ты же­ке зерт­тел­ме­ген­дік­тен, бір-бі­рі­мен ша­тас­ты­ры­лып жа­зыл­ған. Ежел­гі «сүйек өн­ді­рі­сі­нің» бас­тап­қы ғы­лы­ми зерт­те­уле­рі XIX ғ. дұ­рыс жол­ға қойыла бас­та­ды. Бұл зерт­те­улер­ді тас дәуірін зерт­тейтін ма­ман­дар ал­ғаш­қы бо­лып қол­ға ал­ды. Өйтке­ні сол кез­де­гі адам­дар­дан қал­ған сүйек­тен жә­не мүйіз­ден жа­сал­ған зат­тар құн­ды ар­хе­оло­ги­ялық де­рек­ке айнал­ды. Ке­ңес ар­хе­оло­ги­ясы өн­ді­ріл­ген сүйек­тен жә­не мүйіз­ден жа­сал­ған зат­тар­ға бас­қа­ша көз­қа­рас­та бол­ды. Ежел­гі өн­ді­ріс та­ри­хы­ның мәселесі бас­ты зерт­теу ба­ғы­ты бол­ға­ны­мен де, бас­қа ма­те­ри­ал­дар­мен са­лыс­тыр­ған­да, өз дең­гейін­де зерт­тел­ме­ді.

30-шы жыл­да­ры сүйек өн­ді­рі­сі­не қа­тыс­ты мә­лі­мет­тер­ді, әр­түр­лі сүйек­тен жа­сал­ған зат­тар­ды ал­ғаш­қы қауым зерт­теуле­рі­не ен­гі­зе бас­тайды6. Ке­ңес ар­хе­оло­гия әде­бие­тте­рін­де бұл ең ал­ғаш өн­ді­ріл­ген сүйек­тер бе­ре­тін мә­лі­мет­тер де­рек ре­тін­де та­ныл­ды. Ол әде­би­ет­тер­де тек қа­на сүйек­тен жа­сал­ған зат­тар­дың си­пат­та­ма­сы ға­на емес, со­ны­мен қа­тар фун­кци­онал­дық пайда­ла­ну жа­ғы, қа­лай өн­ді­ріл­ге­ні, жал­пы сүйек өн­ді­ре­тін тех­но­ло­гиясы қа­рас­ты­рыл­ған. Оған қа­ра­мас­тан, кейін­гі ке­зең­ге жа­та­тын сүйек өң­ді­руі­не қа­тыс­ты мә­лі­мет­тер­ді жи­нақ­тау про­цес­і жү­ріп жа­тыр. Ар­хе­оло­ги­ялық бас­па­лар­да сүйек­тен жа­сал­ған зат­тар­ды си­пат­тау, жүйеле­уден бас­қа эк­спе­ри­мент ар­қы­лы мә­лі­мет­тер де жа­зы­ла бас­та­ды. М.Е.Фосс өз ең­бек­те­рін­де мы­на­ны айрық­ша көр­сет­ті: ежел­гі сүйек­тен жа­сал­ған зат­тар фор­ма­сы жа­ғы­нан кон­сер­ва­тив­ті жә­не хро­но­ло­ги­ясы бойын­ша өте аз қор­тын­ды­лар бе­ре­ді. Хро­но­ло­ги­ялық ма­те­ри­ал­дар­дың хро­но­ло­ги­ялық тәр­тіп­пен ор­на­ла­суы бұл қон­дыр­ғы­ны жү­зе­ге асы­ру­дың бір жо­лы еді. Сон­дық­тан да сүйек өн­ді­рі­сі­нің зат­та­ры сыр­ттан қа­ра­ған­да нақ­ты мә­лі­мет­тер бе­ре сал­ма­ған­дық­тан, зерт­те­уші­лер­ді қы­зық­тыр­майды. С.А.Се­ме­нов­тың айтуы бойын­ша, сүйек өң­де­уді зерт­теу тас­тан ме­тал­ға өте­тін ке­зең­нің ес­кер­ткіш­те­рі­нің хро­но­ло­ги­ясын дә­лел­деу үшін өте ма­ңыз­ды. Отан­дық ар­хео­ло­гия кейін­гі кез­де­рі мы­на­ны мойын­да­ды: «сүйек­ті көп уақыт қол­дан­ған­да жа­сал­ған зат­тар­дың түр­ле­рі ға­на емес, оны өң­де­уде­гі әдіс­тер де өз­ге­ре­ді». Со­ның өзін­де қа­ра­пайым өң­деу әдіс­те­рі одан да қүр­де­лі әдіс­те­ме­ге ауысуы хро­но­ло­ги­ялық си­пат­та­ма­сы­ның не­гі­зін құ­райды.

Кейбір ар­хе­оло­ги­ялық жұ­мыс­тар­дың ба­ры­сын­да сүйек пен мүйіз­ді өң­де­уді кешенді түр­де зерт­теу иде­ясы да­мы­ды. Ең ал­ды­мен, ол Б.А.Ры­ба­ков пен С.А.Изю­мов­тың бас­па­ға шы­ққан ең­бек­те­рі­не қа­тыс­ты. Сүйек өң­де­уді ин­тер­пре­та­ци­яла­уда олар қа­зір­гі эт­ног­ра­фи­ялық мә­лі­ме­ттер­ге сәйкес ши­кі­зат пен де­рек­тер­дің схе­ма­ла­рын қа­л­пы­на қайта кел­ті­ру, өң­дел­ген құ­рал­дар­дың тра­со­ло­ги­ялық әдіс­те­ме­сі ар­қы­лы анық­тал­ған із­де­рі­не сүйене­ді. Оған қо­са тра­со­ло­ги­ялық ана­лиз бір­тін­деп әдіс­те­ме­лік қа­ғи­да­ға айнал­ды жә­не құ­рал-сайман­дар­дан қал­ған із­дер тек ең­бек құ­рал­дар­ын қайта қал­пы­на кел­ті­ру­ге ға­на емес, өн­ді­ріс опе­ра­ци­яла­ры­ның мә­нін жә­не жа­са­ушы­лар­дың про­фес­си­онал­дық тә­жі­ри­бе­сін кө­ру­ге мүм­кін­дік бе­ре­ді. Сон­дық­тан да бұл тех­но­ло­ги­ялық да­му, С.А.Изю­мо­втың пі­кі­рі бойын­ша, тек қа­на жар­ты­лай фаб­ри­кат­та­рын ға­на емес, өн­ді­ріс­ке қа­жет­ті сүйек ши­кі­зат­та­рын дайын­дау про­це­сін то­лы­ғы­мен көр­се­те­ді. Сүйек өң­деу ше­бер­ха­на­ла­рын ма­ман­ды­рыл­ған өн­ді­ріс ор­ны ре­тін­де қа­рау аса ма­ңыз­ды ал­ғы­шарт бо­лып та­бы­ла­ды. Т.И.Круг­ли­ков­тың ойынша, бойын­ша, ал­дын ала дайын­дал­ған зат­тар кри­те­рийле­рі­нің бі­рі бо­ла ала­ды. Бұн­дай бел­гі­лер ма­ман­дан­ды­рыл­ған құ­рал-сайман­дар­дың бар бо­лу­ын­да еді. Құ­рал-сайман­дар мен ма­ман­да­ну­ының ара­сын­да­ғы бас­қа ма­те­ри­ал­дар­мен са­лыс­тыр­ған­да өң­деу тех­но­ло­ги­ясы­ның ерек­ше­лік мә­се­леле­рін де қоз­ға­ды.

Сүйек пен ағаш ма­те­ри­ал­да­рын өң­де­удің ұқ­сас­ты­ғы жө­нін­де Б.А.Ры­ба­ков кері­сін­ше пі­кір­ді ұс­тан­ды. Оның айтуы бойын­ша, ағаш пен сүйек си­яқ­ты ма­те­ри­ал­дар­дың қат­ты­лы­ғы әртүр­лі әдіс­тер­дің жә­не инстру­мен­ттер­дің бо­лу­ын та­лап ете­ді, ал ол өз ке­зе­гін­де сүйек өң­де­уші­лер­дің қо­лө­не­р­ле­рі ар­қа­сын­да ерек­ше топқа жа­та­ты­нын айқын­да­ды. Сүйек пен мүйіз­ді өң­де­уді зерт­теу мә­се­ле­сі ке­ңес ар­хе­оло­ги­ясын­да 50-ші жж. ал­ға жыл­жы­ды. Оған көп үлес қос­қан С.А.Се­ме­нов. Ол мы­нан­дай те­зис шы­ғар­ды: сүйек бет­те­рін­де іс-әре­ке­тте­рі­нен қал­ған із­дер то­лы­ғы­мен ар­хе­оло­ги­ялық де­рек бо­лып та­бы­ла­ды. С.А.Се­ме­нов өз ең­бек­те­рін­де сүйек­тен жа­сал­ған құ­рал­дар­ға фун­кци­онал­ды-тра­со­ло­ги­ялық жа­ғы­нан жә­не осы байыр­ғы сүйек өң­ді­рі­сі­не тра­со­ло­ги­ялық жо­ба жа­са­уға көп кө­ңіл бөл­ді. Ол «тас ға­сы­ры­ның ада­мы ұсақ жә­не ірі жа­ну­ар­лар­дың бар­лық сүйек­те­рін қол­дан­ды» жә­не сүйек­ті өн­ді­ріс тә­жі­ри­бе­сін­де тек қа­на тас ға­сы­рын­да ға­на емес, кейін­гі уақыт­та да, тех­ни­ка­да ме­талл үс­тем­дік ете бас­та­ған­ға дейін, жан-жақ­ты пайдаланғандығы жайлы сөз етті.

А.П.Ок­лад­ни­ков­тың шы­ғыс-сі­бір­лік ар­хе­оло­ги­ялық ма­те­ри­ал­дар не­гі­зін­де жа­зыл­ған ең­бе­гінің мәні ерек­ше. Оның зер­тте­уле­рін­де жер­леу кешендерінен мү­кам­мал­дар жә­не зат­тар­ды өң­де­уде­гі талдау кел­ті­ріл­ді. М.П.Гряз­нов­тың жұ­мы­сы көп қызы­ғу­шы­лық ту­ғыз­ды. Ав­тор сүйек өң­ді­рі­сін зерт­те­й келе, ежел­гі сүйек өң­де­уші­лер­дің про­фес­си­онал­дық дең­гейіне тоқ­тал­ды. Ол жө­нін­де Ә.Х.Мар­ғұ­лан да айтқан: «Әр­түр­лі ма­те­ри­ал­дар­дан жа­сал­ған әртүр­лі зат­тар Ор­та­лық Қа­зақ­стан­да­ғы қо­ла дәуірін­де қол­да­ныл­ған түс­ті ме­талл, тас жә­не сүйек­тен жа­сал­ған зат­тар­ды жа­са­уда үл­кен ше­бер­лік­ке жет­кен­ді­гін көр­сет­кен, олар тас пен сүйек­тер­дің бе­тін те­гіс­те­ген, қат­ты зат­тар­ға ою-өр­нек­тер сал­ған». Көп­те­ген сүйек­тен жа­сал­ған зат­тар­дың жә­не жар­ты­лай фаб­ри­кат­тар­дың та­бы­лу­ынан, Мыр­жық қо­ны­сын­да­ғы сүйек үйін­ді­сі­не сауын мүйізі­нің «қойма­сы­на» ана­лиз жа­сау не­гі­зі­нен М.Қ.Қа­дыр­ба­ев пен Ж.Құр­ман­құ­лов мы­нан­дай ше­шім­ге кел­ді: бұл бөл­ме сүйек­ті өң­де­уге ар­нал­ған ше­бер­ха­на еді7. Шет ел­дер­де байыр­ғы сүйек өң­де­уді зерт­теу «жа­ңа ар­хе­оло­ги­ямен» ты­ғыз байла­ныс­ты. Бі­рін­ші орын­ға қойыл­ған мә­се­ле — сүйек зат­та­рын әр бөл­ше­гі­не дейін зерт­теу. Зерт­теу жұ­мыс­та­ры сүйек­тер­дің сыр­тқы бет­те­рі­нің жә­не эк­спе­ри­мен­тте­рін жүр­гі­зу­ін ба­қы­лау ар­қы­лы өт­ті.

Ме­талл дәуірі­нің сүйек­ті ке­су мә­се­ле­сін қа­рас­ты­ру С.А.Се­ме­нов­қа бұл өн­ді­ріс­тің да­муы ба­ры­сы­на қа­тыс­ты бір­не­ше ше­шім­дер жа­са­уға мүм­кін­дік бе­ре­ді. Оның пі­кі­рі бойын­ша, байыр­ғы кез­де­рі сүйек­ті өң­деу ісі­нің прог­рес­і сүйек, мүйіз жә­не сойдақ тіс­тер­дің қо­сым­ша ши­кі­зат ре­тін­де өте ма­ныз­ды бол­ған­ды­ғы­мен байла­ныс­ты. Ал­ғаш­қы қо­ғам­ның ма­те­ри­ал­да­рын қол­да­ну тех­но­ло­ги­ялық мүм­кін­ші­лік­тер­ді ар­тты­ра­ды жә­не жал­пы прог­рес­ті тез­де­те­ді. Әсі­ре­се ме­тал­ды қол­да­ну ерек­ше әсер ет­ті. Де­ге­ні­мен де, кейін­гі дәуір­лер­де сүйек­ті тас құ­рал­дар­мен өң­деу өз мүм­кін­ші­лік­те­рін жо­ғал­тқан жоқ. Ма­ман­ды­рыл­ған сүйек өн­ді­ріс­тің жал­пы диф­фе­рен­ци­ялау про­це­сі әртүр­лі зат­тар­дан жа­сал­ған қа­ру-жа­рақ­тар (сүйек пен мүйіз) ши­кі­зат ма­те­ри­ал­дар­дың рол­ін ар­тты­ра­ды.

Бе­ға­зы-дән­ді­бай мә­де­ни­еті­не жа­та­тын әр­түр­лі қо­ныс­тар­да та­был­ған көпте­ген сүйек мү­кам­мал­дар нә­ти­же­сін­де Ә.Х.Мар­ғұ­лан бы­лай де­ген: «Сүйек өн­ді­рі­сі Ор­та­лық Қа­зақ­стан­да ор­на­лас­қан тайпа­лар­дың қо­ла дәуірін­де ең үл­кен дә­ре­же­ге жет­кен, өйтке­ні сол кез­де сүйек өн­ді­ру үй ша­ру­ашы­лық­тың бас­ты ба­ғы­тын­да бол­ған, әсі­ре­се бе­ға­зы-дән­ді­бай ке­зе­ңі­не, XIII–X ғғ. б.з.д., сәйкес ке­ле­ді»8.

Әр ке­зең­ге со­зыл­ған сүйек өң­деу ісі­нің та­ри­хын зерт­тей ке­ле, мы­нан­дай қо­ры­тын­ды­ жасадық. Зерт­те­улер­де ал­ғаш­қы ке­зе­ңі­нен бас­тап қа­зір­гі зерт­те­улер­ге дейін мы­нан­дай мә­се­ле­лер қа­рал­ды:

1) сүйек сыр­тын­да қал­ған із­дер­ді зерт­теу (мы­са­лы: тех­но­ло­ги­ялық өн­деу не­ме­се жа­ну­ар­лар қал­дыр­ған із­дер­ді анық­тау);

2) «сүйек­тен» жа­сал­ған зат­тар­ды ар­хе­оло­ги­ялық де­рек­ке жат­қы­зу;

3) сүйек өн­ді­рі­сі­нің ши­кі­зат ба­за­сын анық­тау;

4) фун­кци­онал­дық-тра­со­ло­гия ар­қы­лы сүйек­тен, мүйіз­ден жа­сал­ған зат­тар­дың пайда­ла­ну­ын анық­тау;

5) сүйек өн­ді­рі­сі­не қа­жет сайман­дар­ды анық­тау;

6) же­ке ше­бер­ха­на­ның бө­лі­ну мә­се­ле­сі;

7) жо­ға­ры про­фес­си­ональ­ді сүйек өң­дейтін ше­бер­лер, олар­дың сүйек өн­ді­ріс­ ісін жүр­гі­зуі.

Өкі­ніш­ке орай, отан­дық ар­хе­оло­гия сүйек өң­деу ісі же­ке бө­лім бо­лып зерт­тел­ме­ген. Зерт­те­уші­лер ежел­гі сүйек өн­ді­рі­сі­не аса қат­ты кө­ңіл бөл­ме­ген, бас­па­лар­да тек қа­на олар­дың си­пат­та­ма­ла­ры ға­на бе­ріл­ген. Ежел­гі сүйек өң­де­уге қа­тыс­ты мә­лі­мет­тер бү­гін­гі күн­ге дейін аз, ал бұл жағ­дай осы са­ла­ның да­му­ын, сол кез­де­гі нақ­ты эко­но­ми­ка­ға қа­жет қан­дай роль­ді ат­қар­ғанын зерт­те­уге қиын­дық тү­сі­ре­ді.

Кент қо­ны­сын­да­ғы бү­кіс сүйек мү­кам­мал­дың ке­ше­ні бе­ға­зы-дән­ді­бай тұр­ғын­да­ры­ның көп­те­ген ша­ру­ашы­лық әре­кет­те­рі­нің са­ла­сын қам­ти­ды. Бұл ке­зең сүйек өң­деу ісі ең гүл­ден­ген уақыт еді. Оны Кент қо­ны­сын­да­ғы ма­те­ри­ал­дар ға­на емес, бас­қа ес­кер­ткіш­тер­ден де байқа­уға бо­ла­ды. Сүйек пен мүйіз­ден жа­сал­ған бұйым­да­ры мы­на қо­ныс­тар­дан бел­гі­лі: Шор­тан­дыбұ­лақ, Ақ-Мұс­та­фа, Мыр­жық. Кент қо­ны­сы мен Ор­та­лық Қа­зақ­стан­ның бас­қа қо­ныс­та­ры­нан та­был­ған ма­те­ри­ал­дар Са­ры­ар­қа сүйек өң­деу ісі­нің ірі ор­та­лы­ғы бол­ған­ды­ғын көр­се­те­ді.

Сүйек­ті өн­деу қи­ын­ды­ғы­на қа­рай бар­лық бұйым­дар­ды екі топ­қа бө­ле­міз:

1) сүйек өң­де­уші­лер­дің ар­найы дайын­ды­ғын қа­жет ет­пе­ген зат­тар (ту­пи­ки, конь­ки, ши­ло — біз, т.б.);

2) күр­де­лі, фи­лиг­ран­ьді өр­не­гі бар сүйек пен мүйіз­ден жа­сал­ған бұйым­дар, оны тек тә­жі­ри­бе­лі ма­ман­дар ­ға­на іс­тей ал­ған.

Ер­те­де­гі сүйек өң­деу ісі­нің ма­ман­да­ну мә­се­ле­сі ас­пап­тар­ға емес, өң­ді­ру­ші­нің про­фес­си­онал­дық тә­жі­ри­бе­сі­не да байла­ныс­ты. Бір жа­ғы­нан ал­сақ, сүйек­ті өң­деу күн­де­лік­ті, бә­рі айна­лы­са бе­ре­тін іс си­яқ­ты; бас­қа жа­ғы­нан — күр­де­лі са­лын­ған, жо­ға­ры дә­ре­же­де бейне­лен­ген зат­тар­ды тек тә­жі­ри­бе­лі жә­не бі­лік­ті ше­бер­ ға­на жа­сай ала­ды. Сүйек бұйым­да­ры­ның жо­ғар­ғы дең­гейі, кейбір ав­тор­лар­дың пі­кі­рі бойын­ша, «сүйек­ті өң­де­уде­гі тұ­рақ­ты дәс­тү­рі» бар әле­умет­тік ор­та бол­ған­ды­ғын ку­әлан­ды­ра­ды. Бұл өз ке­зе­гін­де кейін­гі қо­ла ға­сы­рын­да жал­пы әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық да­му қо­лө­нер­лік си­пат­та бол­ған­ды­ғын айғақ­тайды. Біз­дің бі­лу­іміз­ше, көр­ші да­мы­ған тер­ри­то­ри­ялар­да (Қы­тай, Үн­діс­тан) сүйек­ті ке­су өн­ді­рі­сі­нің ма­ман­да­нуы ер­те­ден бел­гі­лі, ол ер­те мем­ле­кет­ті­лік ке­зең­ге сәйкес еді.

Қо­лө­нер­ді бө­лу мем­ле­кет­тің қа­лып­та­су ке­зе­ңі­не тән. Әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық да­му­да бұн­дай дә­ре­же­ге же­ту сүйек өн­ді­рі­сін қо­лө­нер­дің қа­та­ры­на жат­қы­зу үшін қа­жет еді. Бі­рақ сүйек өн­ді­рі­сін ин­ди­ви­ду­али­за­ци­ялау әле­умет­тік проб­ле­ма­лар­мен байла­ныс­ты мә­се­ле: өн­ді­ру­ші­ні өз әле­умет­тік ор­та­сы­нан бө­лу жә­не ол өзі өн­дір­ген өні­мі­нің иеге­рі бо­ла­ды ма? Бұн­дай проб­ле­ма­ға қа­зір­гі ар­хе­оло­ги­яда жауап жоқ. Со­ны­мен қа­тар сүйек өң­де­уде­гі өнім нақ­ты мен­шік бо­ла ма? Дегенмен, кейбір сүйек бұйым­да­ры­ның же­ке ка­те­го­ри­яла­рын­да мен­шік­тің бел­гі­сі бар, кер­тік (на­сеч­ка) тү­рін­де. Г.Ф.Ге­нинг пі­кі­рі бойын­ша, ол өз ке­зе­гін­де зат­тың тек қа­на иеге­рі ға­на емес, со­ны­мен бірге қауым­нан бө­лек ше­бе­рі. Кент ма­те­ри­ал­да­ры не­гі­зін­де бұл про­це­стің ерек­ше­лі­гі ­мен те­рен­ді­гін анық­тау әлі ал­да. Мүм­кін, сүйек­ті ө­ңде­уші­лер, гор­няк пен ме­тал­лур­гтар си­яқ­ты, Са­ры­ар­қа­да­ғы бе­ға­зы-дән­ді­бай қо­ға­мы­ның қол­­ө­нер­ші­ле­рі­нің бір ка­те­го­ри­ясын құ­ра­ды. Бұл қо­ғам, зи­рат­тар­ мен қо­ныс­тар­да­ғы ма­те­ри­ал­дар­дың не­гі­зін­де қа­рас­тыр­ған­да, ал­ғаш­қы қо­ғам ке­зе­ңі­нен шы­ғып, өр­ке­ни­ет пен мем­ле­кет құ­ру са­ты­сы­на өт­кен­ді­гін байқа­та­ды. Осы ма­ңыз­ды ше­шімді бе­ға­зы-дән­ді­бай дәуірін­де­гі Са­ры­ар­қа тұр­ғын­да­ры­ның сүйек­ті өң­деу ісін зерт­те­улер ар­қа­сын­да дә­лел­де­уге бо­ла­ды.

Әде­би­ет­тер ті­зі­мі



  1. Мар­гу­лан А.Х. и др. Древ­няя куль­ту­ра Цен­траль­но­го Ка­зах­ста­на. – Ал­ма-Ата, 1966.

  2. Ев­до­ки­мов В.В., Вар­фо­ло­ме­ев В.В. Эпо­ха брон­зы Цен­траль­но­го Ка­зах­ста­на и Се­вер­но­го Ка­зах­ста­на. – Ка­ра­ган­да, 2002.

  3. Сон­да. – 62-б.

  4. Се­ме­нов С.А. Пер­во­быт­ная тех­ни­ка // МИА. – 1953. – Вып. 54.

  5. Клейн Л.С. Ар­хе­оло­ги­чес­кие ис­точ­ни­ки. – Л., 1978. – С. 18.

  6. Ефи­мен­ко П.П. Пер­во­быт­ное об­ще­ство. – М., 1953. – С. 246.

  7. Ка­дыр­ба­ев М.К., Кур­ман­ку­лов Ж. Куль­ту­ра древ­них ско­то­во­дов и ме­тал­лур­гов Са­рыар­ки. – Ал­ма-Ата, 1992. – С. 54.

  8. Мар­гу­лан А.Х. Бе­га­зы-дан­ды­ба­ев­ская куль­ту­ра Цен­траль­но­го Ка­зах­ста­на. – Ал­ма-Ата, 1979. – С. 323.

ӘОЖ 94(574)

М.Сол­тан, Л.Қ.Шот­бақо­ва

Е.А.Бө­ке­тов атын­да­ғы Қа­ра­ған­ды мем­ле­кет­тік уни­вер­си­те­ті



Найман жӘ­не Ке­рей тайпа­ла­ры (VІІІ–ХV ғғ.)

В статье изучен вопрос о происхождении обитавших на территории Западной Монголии в VIII–XIII вв. племен Найман и Керей, ранее рассматривавшихся как Монгольские племена. На ос­но­ве ис­точ­ни­ков и на­уч­но-ис­сле­до­ва­тельских ра­бот до­ка­зано их тюркское про­ис­хож­де­ние.

In this article regard ethno origin history the tribes Naiman and Kerei, that inhabited West Mongolia’s territory in IX-XIII century. Before the tribes Naiman and Kerei regard how Mongolia’s tribes. On basis sources and researches proved Turkeys origin tribes Naiman and Kerei.
Қа­зақ­стан та­ри­хын­да­ғы ашыл­ма­ған құ­пия қал­та­рыс­та­ры көп ке­зең — ор­та ға­сыр дәуірі. Осы уақытта қа­зақ хал­қы­ның құ­ра­мын­да бол­ған ірі эт­ни­ка­лық топ­тар ре­тін­де Ман­ғол им­пе­ри­ясы құ­рыл­ған­ға дейін өз мем­ле­кет­те­рін құ­рып, та­ри­хи де­рек­тер­де Найман, Ке­рей ру­ла­ры өз ат­та­рын қал­дыр­ды. Қа­зақ хан­ды­ғын құр­ған ру­лар­мен қа­тар қа­зір­де де қа­зақ хал­қы­ның ру­лық құ­ра­мы­на енген бұл ру­лар­дың өз­ге қа­зақ хал­қын құ­райтын ру­лар­дан ерек­ше­лі­гі — ІХ–ХІІ ғғ. бір­ге та­рих сах­на­сы­на ке­ліп, қа­зір­гі Қа­зақ­стан тер­ри­то­ри­ясы­нан тыс жер­лер­ді ме­кен­деуі. Жо­ға­ры­да аты атал­ған ру­лар­дың ме­кен­де­ген жер­ле­рі бү­гін­гі күн­нің өзін­де Өр Ал­тайдың ба­урайы, көр­ші­лес мем­ле­кет­тер — Ре­сей Фе­де­ра­ция­сы­ның оң­түс­тік шы­ғы­сы, Қы­тай елі­нің сол­түс­тік шы­ғы­сы, Мон­ғо­лия Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ба­тыс өңір­ле­рін алып жат­қа­ны та­рих­тан бел­гі­лі. Сон­дық­тан­ да бұл ру­лар та­ри­хын тек қа­зақ же­рі­нен ға­на емес, көр­ші­лес мем­ле­кеттер тер­ри­то­ри­ясы­нан із­де­уге ту­ра ке­ле­ді. Осы ру­лар­дың ба­тыс Мон­ғо­лия же­рін­де жат­қан өт­кен ізін зер­ттеу жұ­мыс­та­ры соң­ғы екі жыл­да қол­ға алы­на бас­та­ды. Найман, Ке­рей ру­ла­ры­ның IX–XII ғғ. құр­ған мем­ле­кет­те­рі ту­ра­лы біз­ге жет­кен кө­не де­рек­тер же­те қа­рас­ты­ры­лып, тайпа­лар­дың ХІІІ ғ. кейін­гі та­ри­хы­мен са­лыс­тыр­ған­да бір­ша­ма зерт­те­ліп ғы­лы­ми айна­лыс­қа ен­ген.

Та­ри­хы тағ­дыр­лас осы бір екі ру­дың ор­та ға­сыр­да­ғы жү­ріп өт­кен та­ри­хын ХVІІ–ХІХ ғғ. орыс жә­не шетел­дік ға­лым­дар зерт­тей бас­та­ды. Ор­та ға­сыр­лық шы­ғыс зерт­те­уші­лер­дің ең­бек­те­рін­де жә­не Қы­тай жыл­на­ма­ла­рын­да олар ту­ра­лы де­рек­тер кел­ті­рі­ле­ді. Бұл тайпа­лар­дың Қа­зақ хан­ды­ғы құ­рыл­ған­ға дейін­гі (XIV ғ. аяғы–XV ғ. ба­сы­на дейін­гі) тағ­ды­ры біз­ге кө­мес­кі. Одан кейін­гі та­ри­хы XIX ғ. дейін то­лық­тай зерт­те­ліп өз ба­ға­сын ал­ған жоқ. Ха­лық­тың ба­сы­на қи­ын­дық ту­дыр­ған Монғол жә­не Жоң­ғар шап­қын­шы­лы­қтары ке­зін­де қал­қан бол­ған, жау ше­ка­ра­сын­да­ғы Найман, Ке­рей ру­ла­ры ал­ды­мен қи­ын­дық­қа тап бол­ды. Сон­дық­тан Найман, Ке­рей ру­ла­ры­ның та­ри­хы ак­ту­аль­ді мә­се­ле­лер­дің қа­та­рын­да тұр. Со­ны­мен, осы уақыт­қа дейін та­рих­шы-зерт­те­уші­лер­дің ара­сын­да Найман, Ке­рей ру­ла­ры­ның шы­ғу те­гі­не байла­ныс­ты «түр­кі тек­ті ме әл­де монғол тайпа­сы ма?» де­ген да­улы мә­се­ле­лер ту­ын­дап кел­ді. Шы­нын­да да, та­рих­та Ке­рей мен Найман тайпа­ла­ры қай кез­де пайда бол­ды, ар­ғы шы­ғу тек­те­рі қан­дай? Қа­зір­гі Найман, Ке­рей ру­ла­ры­ның та­ри­хи де­рек­тер­де IX ғ. мем­ле­ке­тін құ­рып, ірі ұлыс­ты ел­ге айнал­ған тайпа­лар «Найман» жә­не «Ке­реит» тайпа­ла­ры­мен ара­сын­да­ғы эт­нобайла­ныс­тар қан­дай? де­ген мә­се­ле­лер­ді қа­рас­ты­райық.

Қа­зақ хал­қы­ның, со­ның ішін­де Ор­та жүз­дің, бел­ді ру­ла­ры­ның бі­рі — Найман­дар. Найман ру­ла­ры­ның шы­ғу те­гі­не байла­ныс­ты та­ри­хи да­улы көз­қа­рас­тар мен ше­шіл­ме­ген мә­се­ле­лер көп. Найман ру­ын та­рих­шы­лар­дың бір бө­лі­гі өз­ге ру­лар­мен қа­тар Қа­зақ хан­ды­ғын құр­ған түр­кі руы ре­тін­де мойын­да­са, ен­ді бір то­бы олар­ды мон­ғол тек­ті ру­лар қа­та­ры­на жат­қы­за­ды. Екіжақ­ты көз­қа­рас­тың пайда бо­лу­ына се­беп Найман ру­ының ме­кен ет­кен же­рі ге­ог­ра­фи­ялық жа­ғы­нан Мон­ғол мем­ле­ке­ті­не көр­ші жат­қан­дық­тан, мон­ғол тайпа­ла­ры­ның құр­ған им­пе­ри­ясы­ның дәуір­ле­ген ке­зін­де ық­па­лы­ның күш­ті бо­лу­ынан кейбір түр­кі ру­ла­ры­ның бел­гі­лі бір ке­зең­де мон­ғол­да­ну про­це­сі­не ұшы­рауына байла­ныс­ты.

Ке­рейлер мен Найман­дар­дың түр­кі тек­ті ру­лар екен­ді­гін дә­лел­де­уге нақ­ты анық де­рек­тер жоқ екен­ді­гін ал­ды­ға тар­та оты­рып, мон­ғол тек­ті ру­лар­дың қа­та­ры­на жат­қы­за­тын зерт­те­уші­лер И.Я.Шмидт, В.П.Ва­сильев, А.М.Поз­дне­ев жә­не Д.Ос­сон. Кейін осы та­рих­шы­лар­дың ойын ары қа­рай да­мы­тып дә­лел­де­уші­лер В.В.Бар­тольд, Г.Н.По­та­нин, И.П.Пет­ру­шев­ский, Л.Н.Гу­ми­лев, Ш.Ш.Уәли­ха­нов бол­ды. Осы та­рих­шы­лар­дың көз­қа­рас­та­ры 60-жж. дейін ба­сым бо­лып, бас­шы­лық­қа алы­нып кел­ді1. Шы­ғыста­ну­шы-зерт­те­уші­лер­дің бі­рі Н.А.Арис­тов ор­та ази­ялық оно­мас­ти­ка­ның мы­сал­да­ры­на сүйене оты­рып, Найман­дар­дың түр­кі тіл­дес еке­нін дә­лел­де­се де, түр­кі тіл­ді не­ме­се түр­кі­ле­ніп кет­кен мон­ғол­дың се­гіз руы, се­бе­бі олар­дың ата­ула­ры­ның өзі мон­ғол ті­лін­де екен­дігін айта­ды. Л.Гу­ми­лев Найман­дар­ды мон­ғол­ша сөйлейтін түр­кі тек­тес ру­лар деп екіжақ­ты ой тұ­жы­рым­да­ды2. Со­ны­мен, жо­ға­ры­да аты атал­ған та­рих­шы­лар­дың кө­бі:



  • Найман­дар­дың ті­лі­не ен­ген мон­ғол ті­лін­де­гі сөз­дер мен ір­ге­лес мон­ғол ру­ла­ры­ның ық­па­лы­нан ен­ген кейбір салт-дәс­түр­ле­рін­де­гі ұқ­сас­тық­та­рын;

  • Найман ру­ла­ры­ның атауының өзі мон­ғол ті­лін­де бо­лу­ын;

  • ге­ог­ра­фи­ялық ор­на­ла­суы жа­ғы­нан олар­дың та­рих­та бел­гі­лі бол­ған кез­де­рі ІХ ғ. бас­тап ме­кен­де­ген тер­ри­то­ри­яла­ры Монғо­лия же­рі еке­нін дә­лел ре­тін­де ұсы­на­ды.

Ру­дың бел­гі­лі бір та­ри­хи ке­зең­де күш­ті мон­ғол­да­ну про­це­сі­не ұшы­рауынан ар­ғы те­гін де жат­ жұр­ттық деп қа­ра­уға бол­майды. Найман ру­ының атауы мон­ғол ті­лін­де­гі «се­гіз» мағы­на­сын бе­ре­тін­ді­гі нақ­ты шын­дық. Ру атауына қа­рап оның шы­ғу те­гі­не бол­жам жа­сай са­лу қайшы­лық­қа алып ке­ле­ді. Найман­дар ту­ра­лы ал­ғаш­қы ма­ғлұ­мат қы­тайдың «Ляо ши» («Ляо елі­нің та­ри­хы») жаз­ба­ла­рын­да VІІІ ғ. бел­гі­лі бо­ла бас­тайды3. Осы де­рек­те­гі ма­ғлұ­мат­қа сүйеніп, Найман­дар­ды кө­не «се­гіз оғыз» тайпа­сы­ның бір­лес­ті­гі­мен байла­ныс­ты­ра­ды. Ен­ді «Найман» атауының шы­ғу та­ри­хын Найман руы­ның шы­ғу те­гі­мен ұш­тас­ты­ра оты­рып, ойымыз­ды тұ­жы­рым­дайық. VІІІ ғ. «се­гіз оғыз­дар» мен ХІІІ ғ. Найман ру­ының та­ри­хи жә­не эт­ни­ка­лық туыс­тық жа­қын­дас­ты­ғын де­рек­тер­ге сүйене оты­рып, Найман ру­ын «се­гіз оғыз», кейін «цзу бу», не­ме­се «Найман», атап кет­кен Оғыз ру­ынан шық­қан тү­рік тіл­дес ха­лық еке­нін та­рих­шы Л.Л.Вик­то­ро­ва өз зерт­те­уле­рін­де әр тек­ті мол та­ри­хи де­рек­тер­мен дә­лел­дейді. «Се­гіз оғыз» атауы ал­ғаш өзі­нің мен­шік­ті то­ғыз оғыз хал­қын «оқ пен от­тың кү­ші­мен жи­нап бі­рік­тір­ген Тү­рік қа­ға­на­ты­ның соң­ғы әмір­ші­сі Өз­міш-те­гін­ді 745-ші ж. жең­ген ұйғыр ха­ны Мойын­шо­ра ту­ра­лы де­рек 750-ші ж. тұр­ғы­зыл­ған «Сэ­лен­ге тас жа­зуы» ата­ла­тын Ойғыр ес­кер­ткі­шін­де ба­ян­дал­ған4. Осы ес­кер­ткіш­те Мойын­шо­ра шап­қын­шы­лы­ғын­да орын ал­ған оқи­ға­лар се­гіз оғыз­дың ал­ғаш­қы әс­ке­ри ша­ра­ла­ры ға­на емес, олар­дың та­рих­та осы­ған дейін еш мә­лі­мет бол­ма­ға­ны­мен, эт­носа­яси субъ­ект ре­тін­де де көр­ші­ле­рі­мен сол кез­де қа­рым-қа­ты­нас жа­са­ға­ны мә­лім бо­ла­ды. Тү­рік қа­ға­на­ты­ның ежел­гі ме­ке­нін­де ХІІІ ғ. мем­ле­кет құ­рып, гүл­ден­ген Найман руы ту­ра­лы кө­не тү­рік ес­кер­ткіш­те­рін­де­гі жаз­ба­лар олар­дың ар­ғы ата-те­гі ту­ра­лы еш сыр аш­пауы таң қал­ды­ра­ды. Найман­дар­дың ар­ғы ата­ла­ры се­гіз оғыз­дар бол­са, түр­кі құл­пытас­та­рын­да­ғы ес­кер­ткіш­тер­де се­гіз оғыз­дар­дың аты айқын жа­зыл­ған. Сэ­лен­ге ес­кер­ткі­шін­де Мойын­шо­ра «тә­ңі­рі — Жер­дің қол­дауымен тү­рік мем­ле­ке­тін, өзі­нің бақ­та­ла­сы Тай-біл­ге-Тұ­тық­ты, «то­ғыз та­тар» ода­ғын қо­са тал­қан­дап, же­ңіс­ке жет­ке­нін тас­қа мақ­та­ныш­пен ойып жа­за­ды4. Осы же­ңі­ліс­тен кейін ұйғыр­лар­ға ба­ғы­ныш­ты бол­ған «се­гіз оғыз» та­ри­хын­да VІ ғ. со­зыл­ған қа­ратү­нек за­ман бас­тал­ды. Ұйғыр қа­ға­на­ты­на кейін се­гіз оғыз­ға өз­де­рі құ­лап қал­ған­ға дейін Қыр­ғыз қа­ға­на­ты үс­тем­дік ет­ті. Се­гіз оғыз бір­лес­ті­гі­нің тағ­ды­ры Тү­рік қа­ға­на­ты­мен тағ­дыр­лас бол­ды5. ХІ ғ. се­гіз оғыз бір­лес­ті­гі­нің қайта бас кө­те­ріп, жан­да­нуы бас­қа­ша си­пат алып, Қи­дан­ның Лао им­пе­ри­ясы­ның құ­ра­мын­да оғыз­дар мон­ғол­ша «Найман» есі­мі­мен бел­гі­лі бо­ла бас­та­ды, — деп та­рих­шы­лар та­ри­хи оқи­ға­ны осы­лай ұш­тас­ты­ра­ды. Бұ­дан ХІІ–ХІІІ ғғ. Найман мем­ле­ке­ті­нің шы­ғыс ше­тін, яғ­ни Хан­гай жо­та­сы­ның сол­түс­тік-ба­ты­сын, «се­гіз оғыз­дар» ме­кен­де­ге­ні ту­ра­лы Л.Л.Вик­то­ро­ва дә­лел­дейді. Са­лыс­тыр­ма­лы түр­де алып қа­ра­сақ, се­гіз оғыз­дар мен Найман­дар­дың эт­но­тер­ри­то­ри­ясы бір-бі­рі­мен сәйкес­ ке­ле­ді. Осы ту­ыс­тас деп қа­рап отыр­ған ру­лар­дың ата­лу өз­ге­ше­лі­гі жай ға­на се­гіз не­ме­се, то­лық айтқан­да, «се­гіз құ­рам­ды ру» де­ген ұғым­ды біл­ді­ре­тін «се­гіз оғыз» түр­кі атауы қа­лай жә­не қай та­ри­хи оқи­ға­ға орай эт­ни­ка­лық тек­тік бел­гі­ле­рін жойып, атауының сан­дық бел­гі­сі бір тіл­ден екін­ші тіл­ге не­ге ауда­ры­лып кет­ке­ні да­улы мә­се­ле. Проб­ле­ма­ның ше­ші­мін Қи­дан үс­тем­ді­гі ор­на­ған­нан кейін­гі «се­гіз оғыз­дар­ға» өз ық­па­лын жүр­гіз­ген монғол тіл­ді са­яси ат­мос­фе­ра алып кел­ген та­ри­хи жә­не әле­умет­тік про­цес­тер­ден із­дес­ті­ру ке­рек. Де­рек­тер­ден кө­не тү­рік­ше се­гіз деп атал­ған сөз­ді за­ма­ны­на сай, яғ­ни «Найман» атауы, құ­ра­мын­да се­гіз оғыз бір­лес­ті­гінің абстрак­ті­лі-сан­дық атауы жа­тыр1. Бі­рақ ата­удың өз­ге­руі ру­лар ода­ғы­ның эт­ни­ка­лық та­би­ға­ты­на қа­ты­сы жоқ. Осы уақыт­қа дейін Қа­ра Ер­тіс пен Ба­тыс Ал­тайдан Тар­ба­ға­тайға дейін­гі ара­лық­та ме­кен­деп, ата жұр­тын­да қал­ған Найман­дар­дың ше­жі­ре­сі олар­дың тек­тік са­бақ­тас­ты­ғын көр­се­те­тін де­рек­ті ма­те­ри­ал­дар бо­лып та­бы­ла­ды.

Со­ны­мен, Найман ру­ла­ры­ның та­рих сах­на­сын­да гүл­де­ну ке­зе­ңі Х–ХІІ ғғ. Хан­гай тауынан Тар­ба­ға­тайға дейін­гі ұланғайыр да­ла­ны ме­кен­деп, «Найман» атауына ие бол­ға­ны шын­дық­қа жа­на­са­ды. Ға­лым­дар бұл ата­удың шы­ғу­ына әртүр­лі бол­жам­дар жа­сайды. Н.А.Арис­тов «Найман» атауы Ха­тун өзе­ні­нің бір са­ла­сы «Найма» сө­зі­нен шы­ғуы мүм­кін еке­нін бол­жайды. Ал Л.Л.Вик­то­ро­ва­ның тал­дауы «Найман» атан­ған ха­лық­тың та­ри­хи-ге­ог­ра­фи­ялық ор­на­ла­суы жә­не эт­ноте­гі мен ті­лі­не әр жақ­ты тал­дау жа­сай оты­рып: «Түр­кі­лік «се­гіз оғыз» бір­лес­ті­гі­нен шық­қан ру­ға көр­ші­лес ха­лық­тар «Найман» атауын қойған», — деп көр­се­те­ді. Осы пі­кір­ді шетел­дік жә­не отан­дық та­рих­шы­лар­дың кө­бі қол­дайды1.

Ен­ді Ке­рей ру­ының шы­ғу те­гі­не тоқ­та­лайық. Қа­зақ хал­қы­ның құ­ра­мын­да­ғы Ке­рей руы — Қа­зақ хан­ды­ғын құ­р­ған ірі тайпа­лар­дың бі­рі. Ке­рей руы та­ри­хи де­рек­тер­де ΙΧ ғ. ал­ғаш рет «Ке­рейт» де­ген ата­умен та­рих сах­на­сын­да бел­гі­лі бо­лып, мем­ле­ке­тін құр­ған ірі түр­кі тайпа­. Со­ны­мен қа­тар өз­ге қа­зақ хал­қын құ­райтын ру­лар та­ри­хы­мен са­лыс­тыр­ған­да ке­рей ру­ының тағ­ды­ры сан қи­лы та­ри­хы­мен күр­де­лі жә­не қа­зақ та­ри­хын­да­ғы ак­ту­аль­ді мә­се­ле­лер­дің қа­та­рын­да тұр.

Ке­рейттер ту­ра­лы ең кө­не де­рек Хан­зу жаз­ба­ла­рын­да: «Ке­рейттер VII–IX ға­сыр­лар­да Байкал кө­лі­нің сол­түс­ті­гін­де ор­ман елі­мен ара­лас-құ­ра­лас тұ­рып, IX ғ. со­ңын­да мон­ғол да­ла­сы­на қа­рай ойыс­қан көш­пен­ді­лер», — деп көр­се­те­ді3. Та­ри­хи зерт­те­улер мен де­рек­тер­де­гі мә­лі­мет­тер­ді са­лыс­ты­ра оты­рып, Ке­рейттер VII–IX ғғ. ара­лы­ғын­да Яг Яав­ган, Ту­ла, Сэ­ленг өзе­ні­нен, Мон­ғол үс­тір­ті­не дейін­гі сайын да­ла­да, ба­ты­сын­да Найман Ұлы­сы, сол­түс­ті­гін­де Мер­кіт­тер, оң­түс­ті­гін­де мон­ғол­дар, шы­ғы­сын­да Тан­гуд­тың Ся мем­ле­ке­ті­мен ір­ге­лес жат­ты5. Г.Е.Грумм-Гр­жи­майло зерт­те­уле­рін­де X ғ. Шы­ғыс Сі­бір­ден Ал­тай өл­ке­сі­не мон­ғол­дар­мен қа­тар әуелі Би­кин ода­ғы, со­ңы­нан Найман, Ке­рейттер ке­ліп қо­ныс­тан­ды деп жа­за­ды. Ол зерт­те­уле­рін­де әрі қа­рай 1007 ж. Ке­рейттер атын атап, олар шы­ғыс­та­ғы түр­кі тайпа­ла­ры­ның ішін­де бір­ден-бір еле­улі тайпа бол­ға­ны ту­ра­лы Абуль-Фи­рад­жы­ның ең­бе­гі­нен үзін­ді кел­ті­ре­ді. Жо­ға­ры­да кел­ті­ріл­ген де­рек­ті Ра­шид-ад-Дин­нің ең­бе­гін­де­гі мә­лі­мет­тер дә­лел­дейді. Ке­рейттер бөг­де жұр­ттан ауып кел­ген тайпа бол­ған­дық­тан, Бо­дан­чар әуле­ті үшін жат ұр­пақ екен­ді­гі «Мон­ғол­дың құ­пия ше­жі­ре­сін­де» ашық айты­ла­ды6. Та­рих­шы­лар ара­сын­да Ке­рейлер­дің шы­ғу те­гі­не байла­ныс­ты түр­лі көзқа­рас­тар IX–XII ғғ. өмір сүр­ген Ке­рейттер­ді Тэ­му­чин­нің бас­тауымен Мон­ғол мем­ле­ке­ті­нің ір­ге та­сын қа­ла­ған са­яси мүд­де­ле­рі бір мон­ғол тек­тес тайпа­лар қа­та­ры­на жат­қы­за­ды. Бұл Ке­рей ру­ының тұр­мыс сал­ты, әдет-ғұр­пын­да­ғы ұқ­сас­тық пен ге­ог­ра­фи­ялық ор­на­ла­су ерек­ше­лі­гі­не байла­ныс­ты ұқ­сас­тық­та­ры­на қа­рай оты­рып жа­са­ған тұ­жы­рым бо­ла­тын.

Найман ру­ының атауы «Найман» сө­зі­нің шы­ғу­ына жа­ңа­ша бір дә­лел­ді ұсы­ныс­тар­ды та­рих­шы З.Қи­на­ятұ­лы ұсы­на­ды. Оның зерт­те­уле­рі мон­ғол ру­ла­ры­ның бір­лі­гі «Ха­маг мон­гол улс» ХІ ғ. пайда бол­ған­ға дейін мон­ғол де­ген ха­лық та­рих­тан бел­гі­сіз бол­са, олар VІІІ ғ. бел­гі­лі тайпа «се­гіз оғыз­ды» қа­лай Найман ата­мақ? Осы­ған орай Найман атауының мә­нін Ш.Уәли­ха­нов­тың: «Қа­зақ­тың шы­ғу те­гі» де­ген ең­бе­гін­де айтыл­ған ойлар­ды зер­де­лей оты­рып, та­рих­тың ашыл­ма­ған қал­та­ры­сы­нан із­дес­ті­ру ке­рек. Ш.Уәли­ха­нов «Қа­зақ ру­ла­ры­ның кө­бі өз ата­ула­рын ар­ғы ата-ба­ба­ла­ры­ның есі­мі­мен байла­ныс­ты­рып атайды», — деп, «Найман» атауын­да та­би­ғи бір іш­кі сыр жат­қан­ды­ғын мең­зейді. Мон­ғол ті­лін­де­гі де­рек­тер Найман­дар­дың ІХ ғ. та­ри­хы­нан еш ха­бар бер­мейді. Тек Х ға­сыр­дың 20-жж. Ляо әуле­ті­нің де­рек­те­рін­де Қи­дан­ның ба­тыс Цзу-бу­мен те­ңес­ті­ріл­ген «Найман» атауының одақ құ­ра­мын­да бо­лып, ХІ ға­сыр­дың ба­сын­да «Найман» атауымен бел­гі­лі бол­ған түр­кі тайпа­ла­ры­ның ұр­пақ­та­ры еке­ні айқын дә­лелде­ді. Осы мә­се­ле­ні ше­шу жол­да­рын зерт­те­уші З.Қи­на­ятұ­лы Найман ру­ының Х–ХІ ғғ. ге­ог­ра­фи­ялық ор­на­ла­су жағ­дайына на­зар ауда­ра оты­рып, Найман­дар ме­кен ет­кен Хан­гайдан Тар­ба­ға­тай, Онон­нан Көк Ер­тіс­ке дейін­гі ара­лық­та бел­гі­лі се­гіз өзен бар еке­нін көр­се­те­ді. Олар: Ор­хон, Се­лен­гэ, Бұл­ғын, Идэр, Зав­хан, Эгий, Ца­ган гол, Қоб­да1. Бұл көр­се­тіп отыр­ған өзен ара­лы­ғын Найман­дар Қи­дан мем­ле­ке­ті­нің қол ас­ты­на өт­кен­ге дейін, одан кейін де ме­ке­ндеуіне байла­ныс­ты осы өл­ке­ні ме­кен­де­ген ру­лар­ды «се­гіз өзен» елі ре­тін­де Қи­дан­дар «Найман» атап ке­туі мүм­кін де­ген жа­ңа ойлар ұсы­на­ды. Бұл ойда ел, ру­лар­ды оның ор­на­лас­қан не­ме­се ме­кен­де­ген жер, су жағ­дайына орай атау үр­ді­сі жа­тыр. ХІІ–ХІІІ ғғ. Найман­дар Хан­гай жо­та­ла­ры, Ал­тай тауының Бу­ян­ты, Қоб­да өзен­де­рі­нің бойын жә­не шы­ғыс Ал­тай жо­та­ла­ры, Қа­ра Ер­тіс өзе­ні, Зайсан кө­лі­нің ал­қа­бын ме­кен­де­ді.

Қа­зір­гі Ке­рей ру­ының ар­ғы ата­ла­ры ре­тін­де мойын­да­лып отыр­ған Ке­рейттер мен Ке­рейлер ара­сын­да жа­қын­дық бар ма? Жал­пы ру­дың атауы «Ке­рей» сө­зі­не тоқ­та­ла­тын бол­сақ, IX–XII ғғ. «Ке­рейт» атауы мон­ғол ті­лін­де­гі «Ке­рейлер» де­ген ма­ғы­на­да, мұн­да­ғы «т» көп­тік жал­ғауы. Ке­рейлер Ұлы­сы ту­ра­лы құн­ды де­рек бе­ре­тін Ра­шид-ад-Дин­нің ең­бе­гін­де: «Ер­те­де бір хан­ның се­гіз ұлы бо­лып­ты. Се­гі­зі­нің өң-тү­сі бір­дей қа­ра то­ры бол­ған. Сон­дық­тан олар­ды «Ке­рейттер» (қа­ра то­ры­лар) деп атап кет­кен»5. Осы тұ­жы­рым­ды Әбіл­ға­зы­ның « Тү­рік ше­жі­ре­сі» ең­бе­гі жә­не Ш.Құ­дайбер­ге­нұ­лы­ның «Хан­дар ше­жі­ре­сі» ең­бе­гін­де­гі мә­лі­мет­тер дә­лел­дейді7. Мон­ғол та­рих­шы­сы Д.Ос­сон «Ке­рей» атауы тайпа бір­лес­ті­гі­нің аты еке­нін көр­се­те оты­рып, Ке­рей тайпа­сы­ның көр­ші­лес жат­қан мон­ғол тайпа­ла­ры­мен жа­қын ара­лас­қан, салт-са­на, мі­нез-құл­қы, кейбір сөз­дер­де­гі тіл­дік ұқ­сас­тық­та­ры бар түр­кі тайпа­сы еке­нін атап өте­ді1. Ке­рейттер тайпа­сы­ның қа­зір­гі ұр­па­ғы қа­зақ хал­қы­ның Ке­рей руы еке­нін көп­те­ген та­рих­шы­лар қол­дайды.

Та­рих кө­шін­де Найман­дар мен Ке­рейлер­дің тек­тік құр­ылы­мы та­лай өз­ге­ріп, то­лы­ға түс­ті. Ор­та жүз тайпа­ла­ры­ның бір­де-бі­рін­де ру­лық салт пен ұран­ның әр алу­ан­ды­ғы Найман­дар­дан өз­ге­сін­де кез­дес­пейді. Өйтке­ні Найман­дар ара­сын­да кір­ме топ­тар көп кез­де­се­ді. Ше­жі­ре­лер­де Найман ұр­па­ғы­ның та­ра­лу­ын­да бір із­ді­лік жоқ. Найман ру­ын та­рат­қан ше­жі­ре­лер­дің әртүр­лі нұс­қа­ла­рын са­лыс­ты­ра оты­рып, кір­ме­лік бел­гі­ні Найман­дар­дың рең­дік атауынан байқаймыз. Мә­се­лен, Қа­ра Ке­рей ру­ына жа­та­тын Ақ Найман ата­сын ше­жі­ре­лік дәс­түр кейде кір­ме­лер­ге жат­қы­за­ды. Қа­ра найман, ақ найман, бу­ра найман, се­міз найман сын­ды ру ата­ула­ры­на бө­лу­ді З.Қи­на­ятұ­лы олар­дың ге­не­ало­ги­ялық құ­ра­мы­мен байла­ныс­ты­ра­ды4. Та­ри­хи жаз­ба­лар­да найман­дар­дың бет-пі­шіні жа­ғы­нан сар­ғыш шаш­ты, қыр мұ­рын­ды, ат жақ­ты, қа­ба­ғы би­ік еу­ро­па­лық мү­сін­ді тайпа бол­ған­ды­ғы ту­ра­лы айты­ла­ды. Х ғ. бас­тап мон­ғол­дар мен қи­дан­дар­мен ара­ла­су нә­ти­же­сін­де өз­ге­ріп, түп­кі эт­ноте­гін сақ­тап қал­ған­дар­ды ХV–ХVІІ ғғ. ерек­ше­леп ақ найман, са­ры найман т.б. атау орын ала­ды8. Бұл ерек­ше­лік бү­гін­де ру ішін­де сол қал­пын­да қа­лып отыр.

Найман­дар мон­ғол­дар­ды өз­де­рі­не жат ел, ата жауы са­нап мон­ғол мем­ле­ке­тін құ­ру­ға жан­та­лас­қан Шың­ғыс хан­ның бір­де бір іс-әре­ке­тін қол­да­ма­ған, оны­мен әс­ке­ри одақ­та құр­ма­ған, мон­ғол­дар­ға қар­сы топ­тар­ды өз жан­да­ры­на жи­нап, қайсар­лық­пен соң­ғы ха­ны­на дейін қар­сы­лық көр­сет­кен. Осы де­рек­тер­ді не­гіз­ге ал­ған мон­ғол та­рих­шы­ла­ры­ның өз­де­рі Найман­дар­дың шы­ғу те­гі түр­кі­лер бол­ған­ды­ғы­на кү­мән ту­дыр­майды. Осы тұ­жы­рым­ды бізде қол­даймыз.

Қа­зақ хал­қы­ның ауыз әде­би­еті, хи­са-жыр­ла­ры, дас­тан­да­ры жә­не ше­жі­ре­лер өт­кен та­рих­мыз­дан көп­те­ген мағ­лұ­мат­тар бе­ре­тін ауыз­ша сақ­тал­ған де­рек­тер. Ру­лар ше­жі­ре­сі ру­лар­дың ар­ғы те­гі қа­лай шық­қа­ны ту­ра­лы аңыз-әң­гі­ме­ден бас­тап, ха­лық­тың өсіп-өңіп та­ра­лу­ын, ата мен ба­ла­ны тіз­бек­тей оты­рып та­ра­та­ды. Алайда, жо­ға­ры­да көр­сет­ке­ні­міз­дей, ауыз­ша ше­жі­ре­де­гі де­рек­тер ар­қы­лы дә­лел­ді жа­зыл­ған ғы­лы­ми ең­бек­тер­де­гі тұ­жы­рым­мен са­лыс­тыр­ған­да сәйке­се бер­мейді.

Найман ру­ының шы­ғу­ына байла­ныс­ты ауыз­ша біз­ге жет­кен ше­жі­ре де­ре­гі­не тоқ­та­лайық. Найман ру­ының ше­жі­ре­сі шы­ғыс қа­зақ­стан­дық Сейіл­хан Нұр­ға­зы­ұлы мен Бо­тай Кі­тап­байұлы­ның Тоқ­та­мыс хан­нан бе­рі қол­дан қол­ға та­ра­лып ке­ле жат­қан ауызе­кі ше­жі­ре­сі де сақ­тал­ған мә­лі­мет­те Найман тайпа­сы­ның ар­ғы ата­сы Найман шал­дан та­рал­ған бір тұ­қым­ды ел. Аңыз-әң­гі­ме же­лі­сі бы­лайша айты­ла­ды: «Бағ­зы за­ман­да ел ішін­де жа­сы 96-ға кел­ген Найман ат­ты шал­дың жал­ғыз ұлы жас­тайынан қа­за бо­ла­ды да, ке­лі­ні Ақ­сұ­лу кер­без же­сір қа­ла­ды. Ақыл­ды ке­лін әулет­ті ұр­пақ­сыз қал­дыр­мас үшін ата­сы Найман­ға өзі­нің сі­ң­лі­сін алып бе­ре­ді. Көп ұза­май Тоқ­пан ат­ты ұл туады, ер жет­кен соң Ақ­сұ­лу кер­без Тоқ­пан­ға үйле­ніп, Бел­гі­бай ат­ты ұл ту­ады. Осы Бел­гі­бай «то­ғыз таң­ба­лы Найман­ның» ата­сы са­на­ла­ды. Осы­лай Найман­ның ұр­па­ғын жал­ғас­тыр­ған ке­лін Ақ­сұ­лу кер­без­ді ха­лық Ес­ті Ана (ене) атап ке­тіп­ті»8. Жо­ға­ры­да тоқ­та­лып өт­кен зерт­те­уші­лер ең­бе­гін­де­гі жа­сал­ған ғыл­ыми тұ­жы­рым мен тайпа­лық ми­фо­ло­ги­яның мә­лі­ме­ті­нен сәйкес­тік кө­ре ал­маймыз. Ше­жі­ре-аңыз­ды әркім әр­түр­лі айтқан­дық­тан, субъ­ек­тив­ті­лі­гі ба­сым. Алайда аңыз­дың не­гіз­гі сұл­ба­сы, мә­лі­ме­ті ел ауызын­да сақ­та­ла­ды. Сон­дық­тан біз Найман ру­ын бір ұр­пақ­тан та­рал­ған, түр­кі тек­тес тайпа­лар ре­тін­де та­ни­мыз.

Шың­ғыс хан­ның би­лік­ке ке­лу­імен кү­шейген Мон­ғол мем­ле­ке­ті­нің шап­қын­шы­лы­ғы одақ­та­сы Ке­рей Ұлы­сы­н­да қи­рат­қа­ны та­рих­та бел­гі­лі. В.В.Бар­тольдтің бол­жа­мы бойын­ша, Шың­ғыс хан­нан же­ңіл­ген Ке­рейттер­дің бір бө­лі­гі шы­ғыс­қа бос­қа­нын дә­лел­дейді. Осы кез­де Мон­ғол үс­тір­ті­нің ба­тыс ше­бі Шың­ғыс хан­мен Ке­рей ха­ны Тог­ире­ил хан­ның ежел­гі қар­сы­лас­та­ры Найман жә­не Ойрат тайпа­ла­ры­ның же­рі ре­тін­де Ке­рейттер­ге жа­бық еді. Тек Найман ха­ны Бұйрық­пен жа­қын­ды­ғы бар Жа­қам­бы (Тог­реил хан­ның іні­сі) ға­на Кем-кем­гук­тен Са­ян аса­тын мүм­кін­ді­гі бол­ды. Қа­зір­гі Ал­тайшы­лар, Ха­кас ор­та­сын­да жә­не XVI ғ. тө­мен­гі (Тю­мень) Сі­бір бойынан кез­де­се­тін Ке­рейлер то­бы Жа­қам­бы елі­нің үрім-бұ­та­ғы бо­луы әб­ден мүм­кін9.

Ке­рей руы та­ри­хын зерт­те­уші та­рих­шы З.Қи­на­ятұ­лы де­рек­тер­ге тал­дау жа­сай оты­рып, мон­ғол де­рек­те­рін­де­гі жә­не Ра­шид-ад-Дин «Жыл­на­ма­лар жи­на­ғын­да­ғы» ең­бе­гін­де кез­де­се­тін «Ке­рейт» жә­не «Ке­райчин» сө­зі ұлыс­тар­дың атауы ре­тін­де ата­ла­тын сөз ете­ді5. Бұл жер­де­гі же­ке атау оның лауазым­дық аты­мен бір­ге ата­лып тұр­ған же­ке ру атын бе­ре­тін ұғым. Ра­шид-ад-Дин­нің ең­бе­гін­де «Кә­дір хан Ке­райчин ұлы­сын азат етіп, Са­рық хан­ға бе­ре­ді» деп жаз­ған жол­дар бар. Осы ата­уды Ра­шид-ад-Дин же­ке ру аты ре­тін­де атап отыр­ма» әл­де бір ұлыс­тың атын екі түр­лі атап отыр ма? де­ген мә­се­ле­ні кө­те­ру­ге бо­ла­ды. Мұн­дай екі түр­лі атау қа­зір­ге дейін жал­ға­су­мен ке­ле­ді. Н.Лев­шин Ке­рейт жә­не Ке­рей екі тайпа ХVІ ғ. әуелі Өз­бек ода­ғы­ның құ­ра­мы­на, со­ңы­нан Қа­зақ ода­ғы­ның құр­амын­да бол­ға­нын ха­бар­лайды. Сол си­яқ­ты кө­не та­ри­хи бай де­рек­тер­ді көп­теп сақ­тап кел­ген қы­тайлар «Ке­рейт» жә­не «Ке­рей» атауының ара жі­гін айырып жа­зып кел­ге­ні біз­ді таң­дан­ды­ра­ды1. Қы­тай им­пе­ра­то­ры Цянь Лун­ның құ­зы­рын­да­ғы ғы­лым ко­ми­те­ті­нен бас­тыр­ған «Ляо, Цзин жә­не Юань ди­нас­ти­ясы та­ри­хын­да кез­де­се­тін жат ата­лым­дар­дың та­ғы­лым сло­ва­ры» («Цзинь-Ляо-Юань-Сань-Ши-Юй-Цээ») ат­ты ең­бек­те ке­рейлер­ді — Цюй-Лин, ке­рейттер­ді — Кэ-Лэ (хэ­рэ) деп ата­ға­нын кө­ре­міз.

Қы­тай де­рек­те­рі­нің де мә­лі­мет­те­рі бойын­ша, «Ке­рейлер» сө­зі­нің ма­ғы­на­сы «қа­ра ба­ран» де­ген сөз екен­ді­гі­не тоқ­та­лып өте­ді. ІХ–Х ғғ. дә­лі­рек, та­ри­хи де­рек­тер­де көр­се­тіл­ген­дей, 924 ж. ор­та­лық жә­не ба­тыс мон­ғол да­ла­сы­нан Ойғыр тайпа­ла­ры­ның Тұр­пан­ға қа­рай жап­пай кө­шу­іне байла­ныс­ты олар­дың бұ­рын­ғы ме­ке­ні бос қа­ла­ды. Осы бос өл­ке­ге өзі­не қауіп­сіз көр­ші­лес ел із­де­ген Қи­дан би­леу­ші­сі Ам­бағай Ойғыр иды­құ­ты У-Му-Шу-ге хат жа­зып, қайта ора­лу­ла­рын сұ­райды1. Қи­дан би­ле­уші­сі сол кез­де­гі өзі­мен көр­ші­лес мем­ле­кет­тер шы­ғы­сын­да Шүр­шіт Қы­тай, ба­ты­сын­да бой кө­те­ріп ке­ле жат­қан ұсақ мұ­сыл­ман мем­ле­кет­те­рі­нен қауіп­те­ніп, өз­де­рі­не қауіп­сіз бұ­рын­ғы түр­кі тайпа­ла­ры­ның ұр­пақ­та­ры­ның қайсы­сы кел­се­ де, қар­сы емес бол­ған­ды­ғы байқа­ла­ды. IX ғ. аяғын­да осы бос жат­қан тер­ри­то­ри­яға Қы­тай де­рек­те­рін­де «Да­да­лар» де­ген ат­пен пайда бол­ған түр­кі-мон­ғол тайпа­ла­ры ке­ліп қо­ныс­та­на бас­та­ған. Осы тайпа­лар­ды қы­тайдың жаз­ба де­рек­те­рі «Хэн­ли» де­ген ата­умен атай оты­рып, олар­дың ар­ғы те­гі Қа­ң­лы­лар­дан шы­ғуы мүм­кін де­ген мә­лі­мет бе­ре­ді. Жо­ға­ры­да «Ке­рей» эт­но­ни­мі­не тал­дау жа­са­ған­да зерт­те­уші­лер­дің кө­бі­нің бол­жам­да­ры эт­но­ним­нің мағы­на­сы «ке­рі» не­ме­се «ба­ран» де­ген сөз екен­ді­гін құп­тайтын­ды­ғы­на тоқ­тал­ған бо­ла­тын­быз. Ен­де­ше, Ке­рейттер тайпа­сы қа­ра Қа­ң­лы­лар те­гі­нен шық­қан­ды­ғы ту­ра­лы мә­лі­мет бе­ре­ді3. Алайда Ке­рейттер­дің Үйсін те­гі­нен екен­ді­гі ту­ра­лы пі­кір­ді бұ­ған дейін­гі зерт­те­уші­лер Н.Арис­тов, Г.По­та­нин, Г.Е.Грумм-Гр­жи­майло, Ш.Құ­дайбер­ди­ев, Ә.Мар­ғұ­лан ең­бек­те­рін­де жә­не 1990 ж. Шың­жан­да ба­сыл­ған «Қа­зақ ше­жі­ре­сін­де» жа­зыл­ған.

Н.Арис­тов Ке­рейттер­ді IX ғ. Қы­тай де­рек­те­рі­нен ха­лық ре­тін­де си­пат­тап жаз­ған­ды­ғын кез­дес­ті­ре­ді. «Абақ­тың тү­бі са­ры үйсін­нен, оның тұ­қы­мы он екі ру абақ ке­рей ата­нып кет­ті», — деп жаз­ды Шә­кә­рім Құ­дайбер­ді­ұлы. Ал Г.Е.Грумм-Гржи­майло «Ке­рейлер Жоң­ғар үйсін­де­рі­нің ұр­па­ғы бо­луы әб­ден ық­ти­мал» де­ген бол­жам жа­сайды. Біздің ойымызша, бұл айтыл­ған­дар­дың қайсы­сын­да да та­ри­хи не­гіз бар, өйтке­ні Ке­рейттер­дің тек та­ри­хи-ге­ог­ра­фи­ялық ор­на­ла­су жағ­дайы ға­на емес, тайпа таң­ба­ла­ры үйсін­дер­ге жа­қын ке­ле­ді. Ме­кен­де­ген жер­ле­рі Есіл, То­был, Нұ­ра, Ер­тіс өзе­ні­нің бойы, Же­ті­су, Іле, Тар­ба­ға­тай, Жоң­ғар ойпа­ты бол­ды. Ке­рей тайпа­ла­ры­ның X ғ. мон­ғол да­ла­сын­да бел­гі­лі бол­ған ұр­па­ғы Ке­рейттер жо­ға­ры­да атал­ған тайпа­лар үйсін жә­не қаң­лы тайпа­ла­ры­ның өң­де­рі қа­ра түс­ті ұр­пақ­та­ры ре­тін­де бел­гі­лі бол­ды4. Бұ­лай деуіміз­ге дә­лел ке­рей тайпа­ла­ры­ның Же­ті­су, Ер­тіс, Іле, Ор­хон өзе­ні Хан­гай та­ула­ры­ның ал­қа­бын ме­кен­де­ге­ні.

Қа­зақ же­рін ежел­ден ме­кен ет­кен тайпа­лар­дың ішін­де тек найман­дар­да ға­на мем­ле­кет­ті «қос өкі­мет­тік» жүйеде бас­қа­ру ісі бол­ды4. Бұл мем­ле­кет­тің екі қа­на­тын, бі­рі­нің ісін бі­рі ба­қы­лауынан да­мы­ған құ­бы­лыс бол­ды. Мұ­ны Ра­шид-ад-Дин бы­лайша си­пат­тайды: «Олар­дың ер­те за­ман­да­ғы пат­ша­ла­ры­ның аты «Кү­ші­лік хан, не­ме­се «Бұйрық хан», бол­ды. «Кү­ші­лік хан» сө­зі­нің мағ­на­сы — «күш­ті» жә­не «ұлы мем­ле­кет қайрат­ке­рі», «Бұйрық­тың» мағ­на­сы — бұйрық бе­ру­ші, орын­да­ушы» де­ген мағ­на­да. Бұл де­рек үс­тем­дік ету­ші әулет­тің әле­умет­тік жағ­дайы мен мәр­те­бе­сін көр­се­те­тін бел­гі­лі әле­умет­тік құ­бы­лыс­тың орын ал­ған­ды­ғын байқа­та­ды. Найман қо­ға­мы­ның бү­кіл ру­ха­ни жә­не са­яси дү­ни­есі «кү­ші­лік хан» лауазы­мын ал­ған адам на­за­рын­да бол­ды. Найман­дар­дың қос өкі­мет­тік са­яси жүйесі жә­не осы жүйеден шық­қан «бұйрық» хан жүйесі­не қар­сы, «кү­ші­лік» хан жүйесі­не тұ­рақ­ты иде­ялық қол­дау жа­сау қа­жет­ті­лі­гі­не сай ұлыс шар­тты екі мем­ле­кет­тік жүйеге бө­лін­ген1. Бұл оқи­ға Та­ян хан мен іні­сі Бұйрық хан­ның би­лік ет­кен ке­зін­де бол­ған еді. Найман Ұлы­сын бас­қар­ған қос үкі­мет­тік жүйе тө­мен­де сыз­ба­нұс­қа тү­рін­де бе­ріл­ген.
Бас­қа­ру — ҰЛЫС — Бас­қа­ру

  


Кү­ші­лік хан  БА­ҚЫ­ЛАУ  Бұйрық хан

 


Күш­ті жә­не Бұйрық бе­ру­ші

мем­ле­кет қайрат­ке­рі жә­не орын­да­ушы


Осы қос өкі­мет­ті, ұлыс­ты бас­қар­ған ағайын­ды екі хан Найман елін ал­да қан­дай қауіп-қа­тер кү­тіп тұр­ға­ны­на же­те мән бер­мей араз­да­сып ке­те ба­ра­ды. Бір­қа­тар әмір­лер­ мен сар­баз­дар әке­нің ті­ке­лей заң­ды мұ­ра­ге­рі үл­кен хан­ды жақ­та­са, та­ғы бі­ре­уле­рі кі­ші­сін қол­да­ды. Сон­да­да ру та­ғы­на Та­ян хан отыр­ды. Ті­рі ке­зін­де да­ныш­пан әке тақ үшін та­лас бо­ла­ты­нын кү­ні бұ­рын біл­ді. Әке­ле­рі олар­дың бір-бі­рі­не де­ген өш­пен­ді­лі­гі мен бі­рін-бі­рі жақ­тыр­мауы олар­ды ал­да не кү­тіп тұр­ға­нын еле­меуі ойлан­ды­ра­ды. Та­ян хан тіп­ті бі­раз күн­ге өз ор­нын бер­се де, оған Бұйрық хан ке­ліс­пейті­ні бел­гі­лі еді5. Найман Ұлы­сын бас­қа бір ру­лар­мен одақ­тас­ты­ра оты­рып, бір ор­та­лық­қа ба­ғын­ған мем­ле­кет­ке бі­рік­ті­ру үшін кү­рес­кен Инанч-Біл­ге-Бұ­қа хан­ның са­яси ба­ғы­ты­ның құр­дым­ға кет­ке­ні де айқын аң­ға­рыл­ды. Ағайын­ды екі жі­гіт ара­сын­да­ғы та­лас өр­ші­ген сайын Шың­ғыс хан­ның ба­ғы дәуір­лей тү­се­ді. Ра­шид-ад-Дин осы оқи­ға­ға өз ба­ға­сын бе­ріп: «Аса да­ныш­пан Инанч-Біл­ге-Бұ­қа хан айтып кет­кен­дей, ақыр аяғын­да со­лай бол­ды», — деп жа­за­ды5.

Найман­дар­дың азып-то­зу дәуірі ту­ра осы тұс­тан бас­тал­ды жә­не ол ке­зең шы­ғы­сын­да бас кө­те­ріп ке­ле жат­қан мон­ғол шап­қын­шы­лы­ғы­на тап бол­ды. Бұл кез­де қа­лай де­ген­мен Найман­дар­дың күш-қу­аты мон­ғол­дар­дан әл­де қайда ба­сым бо­ла­тын. Араз­дас­қан ағайын­ды екі хан елі­нің кү­шін бі­рік­ті­ре ал­май, Ал­тайдың та­улы өл­ке­сін жә­не ете­гін­де­гі жа­зық жер­лер­ді ме­кен­де­ген екі ел­ге айна­ла­ды8.

Найман ру­ын түр­кі те­гі­не жат­қы­за­тын зерт­те­уші­лер­дің көш ба­сын­да Ра­шид-ад-Дин тұр. Ав­тор әйгі­лі та­ри­хи ең­бе­гін­де мон­ғол­дар­дың өзін оғыз-түр­кі те­гі­не жат­қы­за­ды. Ол өзі­нің әйгі­лі «Жыл­на­ма­лар жи­на­ғы ең­бе­гін­де ІХ–ХІІ ғғ. мон­ғол же­рін­де өмір сүр­ген ру­лар­дың ішін­де Найман­дар­ды «әрқайсы­сы­ның өзін­дік ел­дік би­лі­гі бол­ған түр­кі ру­ла­ры» то­бы­на жат­қы­за­ды. Ра­шид-ад-Дин­нің мә­лі­ме­ті бойын­ша, Найман ру­ының түр­кі те­гі­нен шық­қан­ды­ғын өз зерт­те­уле­рін­де дә­лел­деп жүр­ген шетел­дік зерт­те­уші­лер­ден Х.Хов­рос, П.По­уха, А.Бов­ров­ни­ков, Г.Е.Грумм-Гржи­майло, Н.А.Арис­­тов, С.Му­ра­яма, Л.Л.Вик­то­ро­ва жә­не отан­дық зерт­те­уші­лер С.Аман­жо­лов, Ә.Мар­ғұ­лан, З.Қи­на­ятұ­лы, А.Сә­бет­қы­зы т.б. ата­уға бо­ла­ды.

Қо­ры­та айтқан­да, «найман» атауы мон­ғол ті­лін­де бол­ған­мен, найман ру­ының ар­ғы те­гі түр­кі ру­ла­ры «се­гіз оғыз­дар­дан» та­ра­ған «се­гіз ру», не­ме­се «се­гіз өзен елі», де­ген мағ­ына бе­ре­ді. Сөз со­ңын­да қа­рас­ты­рып отыр­ған тайпа­лар­дың та­рих­та бел­гі­лі бол­ған кез­де­рі­нен бас­тап, өз та­ри­хын­да қо­ныс аудар­ған ке­зең­де­рі­не тоқ­та­лып өтейік:



  • Ке­рей руы өз та­ри­хын­да VII–IX ғғ. Сол­түс­тік ор­ман­ды да­ла­дан ал­ғаш Ал­тай тауының шы­ғыс бе­ті, Мон­ғо­ли­яның ба­ты­сын­да­ғы сайын да­ла­ға «Хәк­ли» (Ке­рейттер) тайпа­ла­ры ке­ліп қо­ныс­тан­ды;

  • Ке­рей тайпа­ла­ры екін­ші рет 1203 ж. Шың­ғыс хан шап­қын­шы­лы­ғы­нан Ал­тай өңі­рі­нен шы­ғыс­қа бір бө­лі­гі, ба­тыс­қа бір бө­лі­гі көш­ті. Тоз-тоз бол­ған Ке­рейлер бір­не­ше топ­қа бө­лі­ніп, монғол­дар­ға ба­ғын­ған не­гіз­гі топ Са­ян тауының са­ға­сы, Ер­тіс, Ал­тайға дейін­гі бұ­рын­ғы Найман­нан бо­са­ған ал­қап­қа ауа қо­ныс­та­нып, Үйсін, Қаң­лы, Қып­шақ­тар­мен қо­ян қол­тық ара­лас­ты;

  • XIII–XV ғғ. қа­зір­гі қа­зақ хал­қын құ­райтын өз­ге тайпа­лар­мен бір­ге Мо­ғол­стан мем­ле­ке­ті­нің би­лі­гін­де бол­ды. 1420–1430 жж. жоң­ғар­лар­дың ал­ғаш­қы шап­қын­шы­лы­ғы­нан Іле, Тар­ба­ға­тай өл­ке­сін­де­гі ата­ме­ке­ні­нен ығы­сып, Ер­тіс­тің тө­мен­гі са­ға­сы, Ар­қа да­ла­сы­на қа­рай көш­ті. М.Ты­ныш­ба­ев Ке­рейлер бұл жо­лын­да қал­мақ­тар шап­қын­шы­лы­ғы­на тап бо­лып, Ке­рейдің он екі руы­ның ал­тауы ға­на жойылып, қал­ған ал­тауынан ру елі өсіп-өн­ге­нін атап өте­ді;

  • Ке­рейлер XIV–XVII ғғ. Же­ті­су, Ер­тіс бойы, Ар­қа өңі­рін ме­кен ет­кен. Абақ Ке­рейлер Абы­лай хан­ның тұ­сын­да Ке­рей Жә­ні­бек­тің бас­тауымен Өр Ал­тай, Ер­тіс, Сауыр Жәң­гір­ге дейін­гі ара­лық­ты ме­кен­де­ді.

Найман­дар — ежел­ден Ал­тай өңі­рін ме­кен­де­ген түр­кі тайпа­ла­р:

  • 1204–1218 жж. Шың­ғыс хан шап­қын­шы­лы­ғы Найман­дар­дың азат­тық үшін кү­ре­сі ке­зін­де Найман­ның көп­ші­лік бө­лі­гі мон­ғол­дар үс­тем­ді­гі­не ба­ғын­бай Ал­тай өңі­рі­нен Ар­қа­ға жә­не Же­ті­су өңі­рі­не қа­рай көш­ті. 1246 ж. ита­лиян­дық са­яхат­шы Планд Кар­пи­хи Найман тайпа­сын Қа­ра Ер­тіс­тің ба­сы, Тар­ба­ға­тай, Ал­тайдың тас­ты суы, Шүйге дейін­гі жер­лер­ден кез­дес­тір­ге­нін жа­за­ды;

  • Найман­дар­дың осы то­бы Жоң­ғар шап­қын­шы­лы­ғы ке­зін­де Ер­тіс­тің тө­мен­гі са­ға­сы, Ала­көл, Зайсан, Же­ті­су­ға дейін ше­гі­ніп көш­ті;

  • 1726 ж. Найман­дар Сәм­ке би­ле­ген кез­де Ре­сей ше­ка­ра­сы­на жа­қын кө­шіп ке­ле­ді. Бес жыл­дан соң, яғ­ни 1731 ж., Абы­лай хан би­лі­гі­не бет бұ­рып, Ала­көл, Зайсан, Ал­тайға дейін­гі жер­лер­ді ме­кен­де­ді;

  • 1750–1760 жж. Ала­тау, Ал­тайды Жоң­ғар­лар­дан азат ет­кен со­ғыс­қа бел­сен­ді қа­тыс­қан Найман­дар VI ғ. кейін өз­де­рі­нің байыр­ғы ата­ме­кен­де­рі­нің бір бө­лі­гі Ер­тіс­тің бойы, Шың­ғыс­тау, Қа­ра Ер­тіс, Бұқ­тыр­ма­ға дейін­гі жер­лер­ге ие бо­лып ме­кен етіп қал­ды;

  • XVIII ғ. бі­рін­ші жар­ты­сын­да Ке­рейлер мен Найман­дар қу­ғын-сү­ргін­нен, ұлы дер­жа­ва­ның бас­қын­шы­лық зор­лық-зом­бы­лы­ғы­нан қа­шып, ата­ме­ке­ні­нен ауа көш­ті;

  • XIX ғ. екін­ші жар­ты­сын­да Қы­тай же­рін­де қа­лып­тас­қан қа­зақ ди­ас­по­ра­сы­ның бір бө­лі­гі Ал­тай тауының те­ріс­кей бе­ті­не асып, мон­ғол елі­не тұ­рақ­та­ды;

  • XX ғ. 30–60 жж. Қы­тай елі­нің зор­лы­ғы­нан қа­шып, түр­кі тек­тес ел­дер­ге жә­не ата­ме­ке­ні­не қа­рай көш­ті. XX ғ. 90-жж. бас­тап бү­гін­гі күн­ге дейін шет ел­де­гі қа­зақ­тар­дың кө­ші­не іле­сіп, Қа­зақ­стан же­рі­не ора­лып жа­тыр.

Әде­би­ет­тер­ тізімі



  1. Қи­на­ятұ­лы З. ІХ–ХІІ ғасыр­лар­да Мон­ғол үс­тір­тін ме­кен ет­кен соң­ғы түр­кі тайпа­ла­ры. – Алматы, 2001. – 52-б.

  2. Гу­ми­лев Л.Н. Қи­ял пат­ша­лы­ғын із­деу. – Алматы, 1992. – 92-б.

  3. Нығ­мет М. Қа­зақ­тың қыс­қа­ша та­ри­хы. – Алматы, 1994. – 165-б.

  4. Ақ­тай С. Найман хан­ды­ғы. – Алматы, 2001. – 14, 15-б.

  5. Ра­шид-ад-Дин. Жыл­на­ма­лар жи­на­ғы. – М.-Л., 1952. – 113-б.

  6. Мон­гол­дың құ­пия ше­жі­ре­сі. Көш­пен­ді­лер ше­жі­ре­сі (ХІІ–ХІІІ ғғ.).

  7. Әбіл­ға­зы. Тү­рік ше­жі­ре­сі. – Алматы, 1992.– 37-б.

  8. Құ­дайбер­ді­ұлы Ш. Тү­рік, Қыр­ғыз, Қа­зақ Һәм хан­дар ше­жі­ре­сі. – Алматы, 1991. – 37-б.

  9. Му­ка­нов М.С., Вос­тров В.В. Ро­доп­ле­ме­ной сос­тав и рас­се­ле­ние ка­за­хов (ко­нец ХІХ–на­ча­ло ХХ ве­ка). – Алматы, 1968. – С. 68.

ӘОЖ 94 (574+575.1/.4)+39

А.Н.Мұ­қа­но­ва

Е.А.Бө­ке­тов атын­да­ғы Қа­ра­ған­ды мем­ле­кет­тік уни­вер­си­те­ті




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет