Ұто директоры Қ. C.Әбдиев 2014 ж. 5В020500-Филология мамандығы үшін



Дата25.02.2016
өлшемі33.68 Kb.
#21727
Бекітемін

ҰТО директоры

___________ Қ.C.Әбдиев



2014 ж. «____»____________

5В020500-Филология мамандығы үшін

«ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы» пәні бойынша

Тест спецификациясы

1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тестіге «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген.






Мазмұны

Тест тапсырмалар саны

1

ХІХ ғасырдағы қазақ тарихы және әдебиет


1

2

ХІХ ғасырдағы дәстүрлі айтыс өнері

1

3

ХІХ ғасыр әдебиетіндегі Қоқан езгісіне қарсылық сарын.

1

4

Әлеуметтік қайшылықтарға көзқарас баға; қоғамға сын.

1

5

ХІХ ғасырдағы сал-серілер. Ән өлең. Өнерпаздық, сыршылдық ағым.

1

6

Махамбет Өтемісұлы ұлт-азаттық көтеріліс күрескері. Бостандық жыршысы.

2

7

Махамбет және дәстүрлі жыраулық поэзия

2

8

ХІХ ғасырдағы қисса-дастандар.

2

9

Зар заман поэзиясы. Қазақ әдебиеті тарихындағы зар заман ағымы.

2

10

Шортанбай Қанайұлының әдеби мұрасы


2

11

Дулат Бабатайұлының шығармашылығы


2

12

Мұрат Мөңкеұлының ақындық мұрасы

2

13

Шоқан Уәлиханов – қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салушы (1835-1865).

2

14

Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі әдеби мұрасы (1841-1889)

2

15

Абай Құнанбайұлы (1845-1904)

2




Барлығы:

25

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

ХІХ ғасырдан кейінгіге жеткен әдеби мұра сан жанрлы, даму бағыттарының тарихи-әлеуметтік фоны күрделі, қайшылыққа толы аса бай көркемдік әлем. ХІХ ғасыр әдебиеті осы жөннен қазақ әдебиеттану ғылымында ілгергі Шоқан Уәлиханов зердеулерінен күні – бүгінге шейін тарихи, теориялық тұрғыда жан-жақты зерттеліп, қарастырылып келеді.



5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.



Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:

Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет