Ұто директоры Қ. C.Әбдиев 2015 ж. 5В020300 – «Тарих» мамандығы үшін



Дата08.07.2016
өлшемі41.74 Kb.
#184414
Бекітемін

ҰТО директоры

___________ Қ.C.Әбдиев



2015 ж. «____»____________

5В020300 – «Тарих» мамандығы үшін

«Шығыс пен батыстың жаңа және қазіргі заман тарихы» пәні бойынша

Тест спецификациясы

1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тестіге «Шығыс пен батыстың жаңа және қазіргі заман тарихы» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген.






Мазмұны

Тест тапсырмалар саны

1

Дәстүрлі қоғамның дағдарысы (ХVII ғ. ортасы – XVIIІ ғ. ортасы). Батыс өркениеті XVIII ғ. аяғы – XIX ғ. басындағы дамуы

1

2

Еуропа және Солтүстік Америка елдерінің XIX ғ. бірінші жартысындағы дамуы. Индустриалдық қоғамға өтудің ұлттық модельдері


1

3

Батыс Еуропа және Солтүстік Американың негізгі елдерінің ХХ ғ. басындағы дамуы

1

4

Батыс қоғамының бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы дамуы

2

5

Батыс елдеріндегі соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы экономикалық және саяси дағдарыс (1918-1923 жж.).


2

6

Батыс елдеріндегі ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы тұрақтану кезеңі.

2

7

1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және оның Батыстың ірі елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық зардаптары. Дағдарыстан шығу жолдарын іздеу.


2

8

Халықаралық қатынастар және екінші дүниежүзілік соғыс

2

9

Батыс Еуропа және Америка елдерінің соғыстан кейінгі қалпына келтіру мен тұрақтану кезеңіндегі дамуы

2

10

Батыс елдерінің ХХ ғ. 60-жылдары мен 70-жылдарының бірінші жартысындағы дамуы

2

11

Батыс Еуропы және Солтүстік Америка елдері ХХ ғ. 70- жылдарының екінші жартысы – 80-жылдарында.

2

12

Батыстың ірі елдері ХХ–ХХI ғғ. тоғысында. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері: социализмнен нарықтық эконо­мика мен либералдық демократияға өту

2

13

Жаңа заманның бастамасындағы Шығыс елдері. Ерекшеліктері мен даму ұстанымдары (Үндістан, Қытай, Жапония, Иран, Осман империясы).

2

14

XVII – XIX ғғ.Еуропа елдерінің Шығысқа экспансиясы

2



Барлығы:


25

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

«Батыс және Шығыс елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы» – эксперименттік оқу жоспарына енгізілген базалық пән. Бұл пән шетелдердің XVII ғ. – ХХІ ғ. басындағы дамуының негізгі жолын мазмұндайтын әлеуметтік-экономика­лық, саяси және мәдени-рухани үрдістерді кешенді түрде оқып-үйренуге бағытталады. Оны оқып-үйренудің үлкен саяси, тәрбиелік және танымдық маңызы бар, өйткені әлем тағдырында Шығыс пен Батыс елдерінің ролі өсіп жатқанымен айқындалады.



5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.



Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:

Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет