Қан ешуақытта денедегі клеткаларымен тікелей жанаспайды. Қанмен келетін қоректік заттар, оттегі және тағы басқалар, клеткалар араларын толтырып жатқан мөлдір я сорғыштау сұйық зат- ткань сұйықтығы арқылы беріледі. Әртүрлі органдардан ағатын лимфаның өзіндік ерекшіліктері болады, себебі, әрбір органда жүретін алмасу процесінің өзіндік өзгешіліктері бар. Мысалы, ішектен ағатын лимфаны сүт сөлі деп атайды. Оның себебі,ішектен лимфаға ас қорыту кезінде өте майда май түйіршіктері өтедіде, ол лимфаның түрін ағартады. Лимфаның құрамы Адам лимфасында -94-95,8% су, 2-3%-ке дейін белок ( альбумин, глобулин, фибриноген); оның ішінде фибриноген-0,04-0,06%; азлап дәнді лейкоциттер, лимфоциттер болады. Эритроциттер жоқ. 0,7-0,8% минерал тұздары; 0,4-0,9% май боладыы. Сыбағалы салмағы – 1,012-1,023. Көкірек ағысы арқылы тәулігіне 1-3 л. Лимфа қанға құйылады. Лимфа қылтамырлары лимфа тамырларына бірігеді, оның ішкі бетінде қақпақшалары бар. Ол қақпақшалар лимфа сұйықтығының бір бағытка (жүрекке) қарай ағуын қамтамасыз етеді. Екі ірі лимфа тамырлары жүректің қасындағы үлкен қанайналу шеңберінің ірі вена қантамырларына қосылады. Лимфа сұйықтығы вена канымен араласып, жүректің оң жақ жүрекшесіне құйылады. Лимфа түйіндері Лимфа түйіндері лимфа тамырларының қосылған жерінде жасушалардың жинақталуынан түзіледі. Олар қантамырлардың айналасында орналасады. Лимфа түйіндерінің пішіні - домалақ, сопақша, үрмебұршақ тәрізді (иммунды жүйені естеріңе түсіріңдер). Лимфа түйіндерінің бір жағы ішке қарай кіріңкі, ойыстау болады. Осы ойыстау жерінде артерия қантамырлары мен жүйкелер орналасқан. Лимфа түйіндерінің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген тығыз қаптама қаптайды. Лимфа түйіндерінің орналаскан жері: қолтық, шап, мойын, құрсақ қуысы, шынтақ пен тізенің бүгілісі, астыңғы жақсүйeк және т. б. Кейде лимфа түйіндері жиналған бактериялардың әсерінен қабынып, ісіп кетеді. Мысалы, баспамен ауырғанда мойындағы түйіндер іседі (без шошиды). Лимфа түйіндері қан түзілу үдерісіне, ағзаның қорғаныш реакциясына қатысып, лимфа ағынын реттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |