Ертегі түрлерін оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу Елеман Ақнұр Шеризатқызы ПМНО 21-1 тобы Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Сурабалдиева Б.Т. Аристотель: Аристотель: «Ғылым, білімді дамытады, шындық пен адасудың шекарасын белгілейді, ал адамгершілік адам бойындағы құнды қасиеттер, жақсылық пен жамандықты айыру өлшемдері болып анықталады. Білімге тек оқу процесі арқылы қол жеткізілсе, адамгершілік ерік-тәжірибенің және әдептің нәтижесі болып табылады» Аристотель моральды дианоэтикалық және этикалық деп санайды. Дианоэтикалық және этикалық қасиеттердің бірлігі шынайы моральдық мінез-құлықтың ақыл-ой сезімімен үйлесуі болып табылады.Белгілі бір нәрсені, оның табиғатын, моральды сол тақырыппен зерттеу,қоршаған ортамен қарым-қатынас тәсілдерін үйретеді.Ол этиканы мінез-құлық, темперамент есебінде түсініп, адамгершілік немесе ізгілік этикасына адамзаттың жақсылық нышандарын жатқызады, осылай бағалауды Аристотель айқындады. Аристотель моральды дианоэтикалық және этикалық деп санайды. Дианоэтикалық және этикалық қасиеттердің бірлігі шынайы моральдық мінез-құлықтың ақыл-ой сезімімен үйлесуі болып табылады.Белгілі бір нәрсені, оның табиғатын, моральды сол тақырыппен зерттеу,қоршаған ортамен қарым-қатынас тәсілдерін үйретеді.Ол этиканы мінез-құлық, темперамент есебінде түсініп, адамгершілік немесе ізгілік этикасына адамзаттың жақсылық нышандарын жатқызады, осылай бағалауды Аристотель айқындады.
XI ғасырдың көрнекті ойшылы Ж. Баласағұнидің әлемдік, қоғамдық ой-пікірімен танымал болған философ болды. Ж. Баласағұни «Жақсы адам көрсе қызар, желөкпе емес, тек атына адал, уәдесіне берік адамды ғана ер кісі деуге болады» ол [4,20 б.]. Тек байсалды, жанашыр, байсалды адам моральға жақын, олардың өзіндік ойы, өзіндік мақсаты, өзіндік бағыты болады. Адам өз бағытының иесі. Ол үшін ол көп жұмыс істеп, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруы керек. Ж. Баласағұн сондай-ақ адами сезімге, экономикалық көңіл-күйді назарға алды.
Қазақтың ұлы ойшылы, ғалымы Әл-Фараби «Ақылдың мәні туралы», «Мемлекет қайраткерлерінің астарлы әңгімелері", «Бақыт жолында» және т. б. педагогикалық мазмұнда жазылған, белгілі болған трактаттарында былай дейді: «Адамды ізгілік қасиеттерге баулу, адам деген ардақты атаққа лайық болу үшін оқу, білім, тәрбиені, ғылымды меңгеру, осы жолда өмір бойы еңбектеніп, әрекеттенген абзал, мұның өзі адамға зор бақыт» деп бақытты болу, қоғамдық іс-әрекеттерді жақсарту, білімділікке, тәрбиелікке байланысты»-деп атап айтқан [6,92 б.]. Демек, Әл-Фарабидің пікірінше, білім, тәрбие-рухани жанның, адамның адамгершілігінің белгісі.
Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде: «Адамгершілік – қоғамдық өмірдің объективтік заңдылықтарына сәйкес адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негіз болып табылатын талапқа сай белгілері бір гуманистік принциптерді білдіретін моральдық ұғым» деген анықтама берген.
Себебі, біз гуманизмді адамның ақыл-ойы мен шабытының ерекше жиынтығы ретінде қарастыра аламыз және адамды еркін ойлау, әділеттілік және теңдік принциптерін құрметтейтін адам ақылының шынайы иесі ретінде анықтай аламыз.
Халық ауызының басқа түрлері сияқты, ертегілер де адам баласының еңбек – кәсіп ету, тұрмыс- тіршілік құру тәжірибесіне байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, оларды неліктен болатындығын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен; өздерінң ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жайындағы ұғым – түсініктерін, нанымы мен сенімін әңгімелеп айтатын болған. Сөйтіп ертегі -әңгімелердің алғашқы үлгілері туған.
Бірте келе, экономиканың ілгері дамуы, қоғамдық қарымқатынастардың алға басу, адам баласының дүние танымының, ой-өрісінің, сана-сезімінің ұлғайып өсуі жалпы халық шығармаларына, соның ішінде ертегілерге көп әсер еткен. Осы негізде ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге ұшырап жаңа ертегілер туа бастаған және онда адам баласының арман- мүддесі, ой-санасы, болашақта күтетін үміті суреттеледі. Осы ретте туған ертегілерден адам баласының тұрмыс-тіршілігі, өмірі, ісі басты орны алады, қоғамдық мәні бар мәселелер көтеріледі
Қазақ ертегілерінің ел арасында жиналып, хатқа түсуі, баспа жүзіне шығуы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады деуге болады. Бұл ретте Ш. Уәлиханов, Ә.Диваевтың басқа бірнеше адамдардың айрықша еңбек сіңіргені байқалады. Олар Б.Дауылбаев, С.Сейфулин, О.Әлімжанов, Ж.Айманов, Б.Досымбеков, М.Ибрагимов т.б. Осы аталған адамдар Орынборда, Омбыда, Қазанда, Астрахань мен Ташкентте шығатын газет – журналдар бетінде қазақ ертегілерін үнемі жариялап отырады.
Олар өздері жинаған ертегілерді не орысша, не қазақша бастырады, кейде бір тілде ғана шығарады. Ертегілер қазақ тілінде шығаратын болса, онда қысқаша мазмұнын орысша аударады.
Бұлардың жинаған материалдары өткен ғасырдың жетпісінші жылдары басталып, Дала уалияты газетінде, Торғай обылыстық ведомосында, Ақмола облыстық ведомосында, Орынбор газетінде, Орынбор губерналық ведомосында, Астрахань газетінде т.б. үзілмей басылып тұрады. Қазақ ауыз әдебиетінің, соның ішінде ертегілердің көптеген үлгілері, әсіресе, Омбы мен Орынборда шығатын газеттерде молырақ жарияланады.
Бірі – заттық, Заттық жақсылық мұқтаж адамдарға мал беру, ішкізіп-жегізу, киіндіру...
Екіншісі – моральдық, имандылық. Моральдық жақсылық - әр адамның мұқтаж болған уақытында ғылым мен ағарту және тәрбиелеуге керек қажетті өтеу.
Автор жақсылықтың қай түрін болса да қоғам өмірінен бөлек қарамайды
ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде ғұмыр кешіп, тәлім – тәрбие саласында ойлы пікірлер айтқан зиялылардың бірі – Ғұмар Қарашев. Оның адамгершілік, ел бірлігі туралы толғаныстары өз алдына бір төбе. Ғ.Қарашевтің пікірінше, жақсылық екі түрге бөлінеді.
Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса, ертегі тіл жағынан керек нәрсе. Бала әдебиеті жоқ жерде ертегі баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор керегі бар нәрсе. Баланы қиялдандыруға, сөйлеуге үйретеді. Бұрынғылардың сана, саңлау, қалпы-салты жағынан дерек берумен керегі бар нәрсе.
Осы тұжырымдамаға Жүсіпбек Аймауыттың Ертегі, әуезелерін пернелі, кестелі сөздерін тастап, баланың өз сөзімен қайта айтуға болмайды, - деген пікірі үндесіп жатыр.
Ахмет Байтұрсынов ертегінің маңызы туралы былай дейді:
Адамгершілік тәрбиесінде мұғалімге тән міндеттер бар. Олар:
Достарыңызбен бөлісу: |