Токбасова Айжан Серикбаевна
старший преподаватель кафедры
дошкольного воспитания и начального обучения
филиала АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по Актюбинской области
.... Сердце!.. Сердце!.. Сердце! Все ваши сокровища — вечные и непреходящие — в нём! Всё ваше благородство зарождается в Сердце, все ваши блага собираются в Сердце! В нём записана тайна предназначения каждого! Думайте о Сердце, думайте Сердцем! Держите Сердце в чистоте!... Ш.Амонашвили
Своё эссе хочется начать словами: «Чтобы зажечь других, нужно самому гореть, а не тлеть», и пожелать всем, кто выбрал для себя путь педагога: не жалеть тепла своего сердца, света своего разума в своей работе, и они смогут сделать наш мир прекраснее, ярче и светлее».
А искру во мне зажег мой первый Учитель? Мое сердце трепещет и молвит Имя: «…Анатолий Прокопьевич Костюк»! «Учитель от Бога», со своим утончённым чувствознанием, взрастивший в каждом из нас зерна познания, вложив в них свое Сердце. Наши уроки были уроками Жизни. Сердце нашего наставника соприкасалось с нашими Сердцами. Он давал нам духовную пищу. Все знания были жизненными, возвышенными образами затрагивал наши сердца. В каждом из нас открывал внутренний потенциал, пробуждал чувства. Анатолий Прокопьевич чудесными таинствами воспитания облагораживал нас. И всходы добрых зерен дали свои плоды. Все воспитанники Анатолия Прокопьевича сегодня состоявшиеся граждане своей страны.
Кто есть «Я» сейчас, это конечно заслуга моих родителей и Анатолия Прокопьевича. Мой путь во взрослую жизнь был определен, это путь моего Наставника – учитель начальных классов. Сегодня 35 лет моей трудовой деятельности. Учитель-это не профессия, а целая ЖИЗНЬ. Получив напутствие от наставника, я определила маршрут движения своей души. И вот по морю жизни я плыву на корабле, имя которому «Любовь». А что такое любовь для меня? Для меня любовь - это жизнь. Любовь – это моя семья. Это дети. Любовь –это моя работа. Ведь только Сердце, несущее добро, излучает благодать. А наши дети нуждаются в ней. Ведь Учитель сегодня – это Свет. Мой капитан, Анатолий Прокопьевич вселил во мне такие качества как честность и это главная моя помощница. Энтузиазм - это источник моего вдохновения. Открытость – сила взаимного уважения и доверия. Свою благодарность и признательность дорогому Анатолию Прокопьевичу я хочу выразить словами : « .. Вы Были и Есть Сердце любящее, Сердце светлое, Сердце понимающее, Сердце щедрое, Сердце Творящее, Сердце чистое …, потому что Ваше Сердце нашло бессмертие в наших сердцах». Знаю и помню, что Добрый человек из доброго сокровища Сердца своего выносит только доброе! Спасибо, что Вы были в моей жизни!»
Оразова Рита Исатайқызы
Ағылшын тілі пәні мұғалімі
Т. Шонанұлы атындағы орта мектеп
Ырғыз ауданы
Алғашқы ұстазым Тәтебаева Жеңіске арналады
Мың алғыс
Балғын кез балалықпен күлімдеген,
Мектепке алғашқы рет гүліменен.
Келдім мен ақ қағаздай аппақ болып,
Мың алғыс ұстазыма білім берген.
Ең алғаш қолға қалам ұстатқан кім?
Әліппемен тілімізді ұстартқан кім?
Дүниеге кірпіш боп қалансын деп,
Білімді санамызға ұштатқан кім?
Алғашқы ұстаз ұмытылмас әрқашанда,
Ол туралы айтылар ән қашан да.
Еңбегі өлшенетін шәкіртімен,
Зор құрметке лайықты ол қашанда.
Қалаған білімнің іргетасын,
Ұстазыңды қалайша ұмытарсың.
Жаны жайсаң , жүрегі жылу сыйлаған,
Мен үшін ол, әрқашан сыйлы адам.
Білімге терең бойлаған,
Оқушы едік сан- салалы ойлаған.
Білім нұрын санамызға дарытқан,
Ол данышпан , білігі мол ойлы адам.
Хромтау ауданы
№3 Хромтау орта мектебі
Биология пәні мұғалімі
Коптенова Н.М.
«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады»
Абай
Ұстаз – деген ұлағатты сөз. Ұстаз... Оңашада отырып ұстаз туралы ойға кетсем, көз алдымнан ақ жарқын мінезді, ақ жүректі, жылы жүзді ұстаз бейнесі көрініп, мені қиялға батырып, еріксіз нұрлы естеліктерге жетелейді...Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі.. Ұстаз өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне арнаған ұлы тұлға.
Ең алғаш мектеп табалдырығын аттап кірген сәтімде күлімдеп, жылы жүзбен қарсы алған, қолымнан жетектеп партаға отырғызып, «Әліппе» кітабын ұстатқан, алғаш әріп үйреткен-менің сүйікті де ең алғашқы ұстазым –Канапина Алмас Бітімбайқызы. Ол мұғалімдердің ішінде ешкімге ұқсамайтын сабырлы, салмақты, білімді, мейірімді жан. Алмас апай қазіргі кезде зейнеткер. Отбасында немерелеріне қамқор болып жүрген жан. Бір – бірімізді көріп кездескенде ылғи үнемі күлімсіреп қарайды. Бәрімізді өз баласындай көріп, ақыл айтып, көп нәрселерді үйретіп жүретін осы ардақты жанның орны мен үшін қашан да ерекше.
Бәрімізді өз баласындай көріп, ақыл айтып, көп нәрселерді үйретіп жүретін осы жанның орны мен үшін қашан да ерекше. Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы бір адам болса, ол- алғашқы ұстаз.
Сондықтан біз Алмас апайымызды екінші ана ретінде білеміз, қадірлейміз. Оның жүріс-тұрысы, сөйлеу мәдениетімен бізді баулып алатын. Бізге өте адал ұстаз ретінде көрінеді. Ол алтыннан да бағалы ойлары, ақыл –кеңесін беруге әрдайым дайын жан.
...Әрбір шәкірттің өзі сүйген, жылдар бойы тәлім алған ұстазының аяулы бейнесі көкірек көрігінде, жүрек түбінде сақталуы заңдылық. Себебі, ұстаз – баланы адам қылып тәрбиелеп, күлімдеген, күнім деген, сенің жүрегіңе болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор тұлға. Алмас Бітімбайқызындай ұстазы бар адам әр кез бақытты!
Бегалы орта мектебінің
биология химия пәнінің мұғалімі
Төлеуғалиева Ажар Уалиханқызы.
Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға демекші,менің алғашқы ұстазым Қалаубаева Сара Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын савхозы Ә.Дербісалин атындағы орта мектебінде қырық жылдан астам мұғалім болып қызмет жасады.Сара апайдың берген тәлім тәрбиесі мен әлі күнге деиін сусындап келемін.Менің екінші анамдай болып кетті десем болады.Маған алғаш қалам ұстатып,әріптерді танытқан жанашыр адам.Апай мен әлі күнге деиін хабарласып,хал жағдайын сұрап, ой бөлісіп, мектептегі балалық шақты еске алып, мәз мәирам болып қаламыз,үнемі жаңалықтармен хабардар етіп отырамын.Апай отбасының ортасында аяулы жар, ардақты ана, ақ жаулықты әже болып отыр.Мен апайымды құрметтеймін, әрі мақтан тұтамын.Ұстаздан шәкірт озады демекші,менде осы кісінің жолын қуып келемін.Меніңде анам мұғалім болғандықтан,ұстаз болудың өзіндік бір ерекшелігі бар. Қазіргі таңда мұғалім болу өте қиын.Ұстазы бардың, ұстамы бар дей келе алға қарай ұмтылып өз мамандығыңның жаңашыл иесі болуы керек деп ойлаймын.
К.А.Урманова
Актөбе қаласы, №37 орта мектебі
Ұстаз бейнесі – әрбір шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздыңлаулағанжалыныәржүреккежылусеуіп, нұрқұятынқуаттың, өмірдіңқайнаркөзі. Тіршіліктегішырақтыңсөнбесошағы. Ұстазөзінің бар күшін, бүкілөмірін бала тәрбиесінеарнағанперіштедепайтсақ та, артықболмайды. Ұстаз бен шәкіртарасында да ұлымахаббатсезіміболадыекен-ау…
Адам есейген сайын алыста қалған балалық шағын қатты сағынады екен. Алаңсыз бақытты шақтың тәтті күндері жиі еске түседі. Бала арман, бала қиял, бала махаббат… Ойғаоралғансайынеріксізезутартасың.
“Білім – арзан, білу – қымбат” демекші, жасұрпақтыбілімнәріменсусындатыпжүргенжаныжомарт, жүрегікең, мейірімшуағыншәкіртінетөгебілген, ұстаздыққызметінабыройменатқарыпкележатқан, күнніңқұдіреттісәулесіндейнұрынтөккенсүйіктіұстазымменқалайкездескенкүнімесімдеерекшесақталыпты.
Әрбіршәкірттіңжылдарбойытәлімалғанұстазыныңаяулыбейнесікөкіреккөрігінде, жүректүбіндесақталу – заңдылық. Себебі, ұстаз – баланыадамқылыптәрбиелеп, болашаққамақсатқоябілугесенімұялатқанзортұлға.
Ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.
Ұстаз!
Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш "Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой.
Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.
Ұстаздарыма еліктеп мұғалім мамандығын таңдадым. Өзім де талай шәкірт тәрбиелеп, шәкіртерімнің алғысына бөлендім. Мейірімді жылы жүрегіңіз, қажырлы еңбегіңіз үшін Сізге мың алғыс!
Өкінішке орай алғашқы ұстазым екі жыл бұрын өмірден озды. Аяулы ұстаз Жұбан ағайымның жарқын бейнесі мәңгілікжадымда сақталады.
Косжанова А.Е.
Ақтөбе қаласы
№56 ЖОББ мектеп
Биіктік. Тереңдік. Осы бір ұғымдар ұстаз сөзімен тығыз байланысты. Көкейде «неге?» деген сауал туған болар? Оған берер жауабым төмендегідей. Мұғалім – мұхит тұңғиығындай терең білімді адам. Оның білігі мен білімі тайызда емес, тереңде. Тереңдік ұғымының ұстаз сөзіне тән болу сыры осында жатыр. Ал енді биіктік турасында сөз етсем, Ана да, дана да, ақын да, хакім де – бәрі-бәрі сол ұстаздан тәлім алады. Осындай тәлім береген алғашқы ұстазым - Бақанова Ляззат апай. Ұстазым тік,қатаң мінезді. талапшыл болды.Ол кісі әр сабағын қызықты етіп өткізетін.Ұстазымыздың берген білімін ынтамен ұғып, санамызға құюға тырысатынбыз. Апай бізге тек білім беріп қана қоймай, бәрімізді тазалыққа, ұқыптылыққа, еңбек-сүйгіштікке үйретті.
Ұстаз біздің екінші анамыз. Ұстаз өз шәкірттерінің бойындағы жақсы қасиеттерін ашуға көп еңбек етеді.
Мектеп бітіргеніме бірнеше жыл болса да, алғашқы ұстазымның бейнесі әлі көз алдымда. Мен де ұстазымның жолын қуып, ұстазыма ұқсағым келген шәкіртімін. Мен де Ләззат апайымдай аяулы ұстаз болсам деймін...
Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім ) есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп – интернат –колледжінің биология пәні мұғалімі Баймурзина Н.К.
Ұстаз... Оңашада отырып ұстаз туралы ойға кетсем, көз алдымнан ақ жарқын мінезді, ақ жүректі, жылы жүзді ұстаз бейнесі көрініп, мені қиялға батырып, еріксіз нұрлы естеліктерге жетелей жөнеледі...Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне бел буған періште .
Ең алғаш мектеп табалдырығын аттап кірген сәтімде күлімдеп қарсы алған, қолымнан жетектеп партаға отырғызып, «Әліппе» кітабын ұстатқан, алғаш әріп үйреткен-менің сүйікті де ең алғашқы ұстазым –Алданазарова Әлипаш апай . Ол ешкімге ұқсамайтын еңбекқор, білімді, мейірімді жан еді. Бәрімізді өз баласындай көріп, ақыл айтып, көп нәрселерді үйретіп жүретін осы жанның орны мен үшін қашан да ерекше. Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы бір адам болса, ол- алғашқы ұстаз.
...Әрбір шәкірттің өзі сүйген, жылдар бойы тәлім алған ұстазының аяулы бейнесі көкірек көрігінде, жүрек түбінде сақталуы заңдылық. Себебі, ұстаз – баланы адам қылып тәрбиелеп, күлімдеген, күнім деген, сенің жүрегіңе болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор тұлға. Адам есейген сайын алыста қалған балалық шағын қатты сағынады екен. Алаңсыз бақытты шақтың тәтті күндері жиі еске түседі. Бала арман, бала қиял, бала махаббат… Ойға оралған сайын еріксіз езу тартасың.Осындай ең алғаш әріп танытып,қолға қалам ұстатқан алғашқы ұстазым өкінішке орай қазір өмірден өтіп кетті,қазір өмірде болғанда ұстазыммен бұрынғы мектеппен,қазіргі мектеп, білім сапасы туралы әңгімелесіп, ой білісіп, көкейімде жүрген сан сұрақтарға жауап алған болар едім.
«Есімде әліппені жаттатқызып, ең алғаш қолға қалам қалам ұстатқаның»
деген өлең жолдарын естігенде еріксіз алғашқы ұстазымды сағынышпен еске аламын.
Кадырова Н.Ж.
Мұғалжар ауданы
Ембі қалалық №3 ОМ
Тұлғаңды арманыма ұксатқанмын,
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.
Есімде, әліппені жаттатқызып,
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның,- деп ақындарымыз жырлағандай, алғаш мектеп табалдырығын аттағанда алдымнан мейірлене қарсы алған алғашқы ұстазым Аманиязова Нұргүл Зейнуллақызы.
Саналы ғұмырының басым бөлігін өскелең ұрпақтың оқу-тәрбиесіне арнап, күні бүгінге дейін бар білгенін шәкірттерінің бойына дарытуды мақсат еткен, өз мамандығының білгірі, менің алғашқы ұстазым – Нұргүл Зейнуллақызының орны ерекше. Ұзақ жылдар бойы оқушыларын білім нәрімен сусындатып келген білікті ұстаз әлі күнге дейін Ембі қалалық №2 орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып, табысты еңбек етіп келеді.
Ұстаз бейнесі – әрбір шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне арнаған періште деп айтсақ та, артық болмайды. Ұстаз бен шәкірт арасында да ұлы махаббат сезімі болады екен-ау… Оңашада отырып, алғашқы ұстазым туралы ойға кетсем, көз алдыма жарқын мінезді, ақ жүрек, жылы жүзді, қашанда көздерінен мейірім шуағын шашып тұратын Нұргүл Зейнуллақызының дидары елестеп, еріксіз қиялға батып, жарқын естеліктерге жетелей жөнеледі... Ол – ешкімге ұқсамайтын еңбекқор, білімді, мейірімді жан. Бәрімізді өз баласындай көріп, ақыл айтып, көп нәрселерді үйретіп жүретін осы ардақты жанның орны мен үшін қашан да ерекше. Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы бір адам болса, ол – алғашқы ұстазым.
Адам есейген сайын алыста қалған балалық шағын қатты сағынады екен. Алаңсыз бақытты шақтың тәтті күндері жиі еске түседі. Бала арман, бала қиял, бала махаббат… Ойға оралған сайын еріксіз езу тартасың. Ұстазымның сүйсіне күлімдей қарап «қонжық» деп еркелеткен сөзі әлі есімде.
“Білім – қымбат, білу – қиын” демекші, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып жүрген жаны жомарт, жүрегі кең, мейірім шуағын шәкіртіне төге білген, ұстаздық қызметін абыроймен атқарып келе жатқан, күннің құдіретті сәулесіндей нұрын төккен сүйікті ұстазымызды қашан да жүріс-тұрысы, шашы, сөйлеу мәдениеті өте сүйкімді, әрі ұстамды тәлімгерімізді біз жақсы қырынан ғана біліп келдік.
Сол жарқын кездерден бері көп жылдар өткенімен, шәкірттерінің сүйіспеншілігіне бөленген ұстазымызға, екінші анамыздай болған Нұргүл Зейнуллақызына айтар алғысымыз шексіз.
...Әрбір шәкірттің жылдар бойы тәлім алған ұстазының аяулы бейнесі көкірек көгінде, жүрек түбінде сақталу – заңдылық. Себебі, ұстаз – баланы адам қылып тәрбиелеп, болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор тұлға.
Хисамеденова А.Ү.
Ақтөбе қаласы №38 орта мектебінің биология пәнінің оқытушысы
Саналы ғұмырының басым бөлігін өскелең ұрпақтың оқу-тәрбиесіне арнап, күні бүгінге дейін бар білгенін шәкірттерінің бойына дарытуды мақсат еткен, өз мамандығының білгірі, менің алғашқы ұстазым – Гүлсім Құралбаеваның орны ерекше. Ұзақ жылдар бойы оқушыларын білім нәрімен сусындатып келген білікті ұстаз әлі күнге дейін Қарабұлақ орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып, табысты еңбек етіп келеді.
order cheap cialiscialis au canadacialis 100mg onlinecialis max dosagecialis generic pharmacy onlinecialis 20 mg 10 pillsfast delivery cialisprice of cialis 10mgcialis discount indiageneric form of cialiscialis dosagem minimageneric cialis 20mgcialis online onlinecialis tadalafil cheapest online
argaiv1730
Ұстаз бейнесі – әрбір шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне арнаған періште деп айтсақ та, артық болмайды. Ұстаз бен шәкірт арасында да ұлы махаббат сезімі болады екен-ау… Оңашада отырып, алғашқы ұстазым туралы ойға кетсем, көз алдыма жарқын мінезді, ақ жүрек, жылы жүзді, қашанда көздерінен мейірім шуағын шашып тұратын Әсем Елубайқызының дидары елестеп, еріксіз қиялға батып, жарқын естеліктерге жетелей жөнеледі... Әр уақытта шашын жоғары түйіп жүретін Әсем апай қазір самайына ақ түсіп, егде тартқанымен, әлі де мейірімге толы көздерімен ауыл оқушыларын күлімдеп қарсы алып тұрады.
Міне, сол қызыққа толы уақыттың өткеніне 6 жыл толғанымен, мектепке келген сайын күлімдеп қарсы алып отыратын сүйікті ұстазыма деген сағынышым арта түсуде. Ол – ешкімге ұқсамайтын еңбекқор, білімді, мейірімді жан. Бәрімізді өз баласындай көріп, ақыл айтып, көп нәрселерді үйретіп жүретін осы ардақты жанның орны мен үшін қашан да ерекше. Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы бір адам болса, ол – алғашқы ұстазым.
Адам есейген сайын алыста қалған балалық шағын қатты сағынады екен. Алаңсыз бақытты шақтың тәтті күндері жиі еске түседі. Бала арман, бала қиял, бала махаббат… Ойға оралған сайын еріксіз езу тартасың.
Осы орайда бастауышта оқығанымызда сыныпта 7 қыз және 12 ұл ғана болған едік. Қыздардың бәрі әр үйдің еркесі болғанымен, өте пысық болды. Барлығымыз бірдей “апайлағанда” ұстазымыздың көзіне жас үйірілетін. Өзге мұғалімдер “шұрқыраған балапандар” деп күлетін. Осындай қарқынмен біз бастауыш сыныпты 19-ымыздың 15-іміз үздік тамамдап, жоғары сыныпқа жолдама алған болатынбыз.
“Білім – арзан, білу – қымбат” демекші, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып жүрген жаны жомарт, жүрегі кең, мейірім шуағын шәкіртіне төге білген, ұстаздық қызметін абыроймен атқарып келе жатқан, күннің құдіретті сәулесіндей нұрын төккен сүйікті ұстазыммен қалай кездескен күнім есімде ерекше сақталыпты. Мені бірінші сыныпқа апам жетектеп алып барғанда, Әсем апай бірінші қатардың екінші партасына отырғызғаннан кейін сол партада жетіншіге көшкенше отырған екем. Сабақ аяқталған соң сыныптастарымның барлығы үйлеріне тарасты. Мені алып кететін апам әлі жоқ. Отыра қалып жылағанымда Әсем апай құшақтап, әрең жұбатқан еді. Кабинетте тұрған түрлі ойыншықтармен қалай ойнағанымыз әлі есімде…
Қашанда жүріс-тұрысы, шашы, сөйлеу мәдениеті өте сүйкімді, әрі ұстамды тәлімгерімізді біз жақсы қырынан ғана біліп келдік. Алтыннан да бағалы ойлары мен ақыл-кеңесін беруге әрдайым дайын тұратын Әсем апайымызға еріп, ауыл шетіндегі қырманға, Тауағаштың сұлу табиғатына сыныбымызбен экскурсияға қалай барғанымыз әлі күнге дейін есімізден кетпейді.
Нуралина С.Ж.
Темир ауданы С.Бәйішев атындағы орта мектебінің биология пәнінің оқытушысы
Менің сүйікті ұстазым
Мұғалім ардақты ұмытылмас,
Өзіме бала күннен үні сырлас.
Нәр алып алғашқы рет сол ұстаздан,
Арманның асқарына ұмтылған жас
Н.Әлімқұлов
Ұстаз... Оңашада отырып ұстаз туралы ойға кетсем, көз алдымнан ақ жарқын мінезді, ақ жүректі, жылы жүзді ұстаз бейнесі көрініп, мені қиялға батырып, еріксіз нұрлы естеліктерге жетелей жөнеледі...Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне бел буған періште .
Ең алғаш мектеп табалдырығын аттап кірген сәтімде күлімдеп қарсы алған, қолымнан жетектеп партаға отырғызып, «Әліппе» кітабын ұстатқан, алғаш әріп үйреткен-менің сүйікті де ең алғашқы ұстазым –Жетілгенова Гаухар апай. Ол ешкімге ұқсамайтын еңбекқор, білімді, мейірімді жан. Бәрімізді өз баласындай көріп, ақыл айтып, көп нәрселерді үйретіп жүретін осы жанның орны мен үшін қашан да ерекше. Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы бір адам болса, ол- алғашқы ұстаз.
...Әрбір шәкірттің өзі сүйген, жылдар бойы тәлім алған ұстазының аяулы бейнесі көкірек көрігінде, жүрек түбінде сақталуы заңдылық. Себебі, ұстаз – баланы адам қылып тәрбиелеп, күлімдеген, күнім деген, сенің жүрегіңе болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор тұлға.
Дуйсембаева Жанар Шакиржановна- биология пәнінің мұғалімі.
Хромтау ауданы Сарысай орта мектебі.
«Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға»
Абай.
Барлық ғалым да, шахтер де, президент те, инженер де осы ұстаздың тәлімімен алға қарай қадам басып, талай биіктерді бағындырған. Ең алғаш қолға қалам ұстатқызып, әліппені жаттатқызатын кім? Әрине, ұстаз. Ал сол мектеп қабырғасында жүрген кезінде шалалығыңды жасырып, балалалығыңды асыратын кім? Ол да ұстаз. Мен 1981 жылы ең алғаш мектеп табалдырығын аттап, бірінші сыныпқа тарыдай болып келгенде, қолымнан ұстап партаға отырғызып, басымнан сипаған ең алғашқы ұстазым- Кобулова Бибатпа Мутигуловна. Менің ол кісіге деген алғысым шексіз. Себебі, оқушы білімінің бастапқы іргетасы қалай қаланса, кейінгі болашақ өміріндегі жолдары жарқын болады. Бізді білім нәрімен сусындатып, саналы тәрбиесін бойымызға сіңіру жолында аянбай еңбек етіп , ерекше бір ыстық ықыласпен бөлеген апйымызға шексіз ризамын. Өйткені, ол кісінің біз үшін сіңірген еңбегі орасан зор. Біздің қуанған және мұңайған кезімізде жанымыздан табылып, анамыздай бізді аялаған, сыныптағы бар баланың тілін тауып, жаманын жасырып, жақсысын асыратын, өзінің табиғатына лайық сабырлы мінезімен баурап алатын қасиеті біз үшін үлгі-өнеге. Жарық дүниеге әкелген, өмір нәрін сепкен анамызға қалай қарыз болсам, қателігімізді түзеп, осынау жарқын өмірге жол сілтеген ұстаздарымызға да сондай қарыздармыз. «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға»,- дейді Абай атамыз. Шынында да бүкіл жан-тәнін бала тәрбиесіне арнап, барлық баланы бес саусағындай көретін асыл жандарға жетер жан бар ма? Сондықтан да, осынау асыл жандардың еңбегін зая кетірмей, үмітін ақтау менің борышым. Маған әрқашан қамқоршы бола білген, білім шыңына жетелеген, таң шапағымен бізді мектептен күтіп, күліп қарсы алатын ұстаздарыма алғысым шексіз.Мен Сізді ешқашан есімнен шығармаймын, берген білім-тәрбиелеріңіз менің өмір жолымда көп әсерін және пайдасын тигізері анық! Сізге мың алғыс! Қиын да қызықты еңбектеріңізге тек қана сәттілік, биік белестер және ақылды, білімді шәкірттер тәрбиелей берулеріңізге тілектеспін! Мен мына жүрегімді жарып шыққан өлең жолдарын аяулы да кадірлі ұстаздарыма арнаймын.
Мектептің лүпілдеген жүрегісің,
Сен менің пірімсің білемісің?
Болашаққа жол сілтер тірегімсің,
Шіркін-ай, мәңгі бірге жүрермісің?
Құдіретіңе біз сенің бас иеміз,
Үмітіңді ақтармыз деп сенеміз.
Атыңды көк аспанға жазбасақ та,
Есіміңді мәңгі сақтап біз жүреміз.
Тұрады сөз басында әуелі анам,
Ұстазым екінші сен жыр арнасам.
Адамзатты білімімен сусындатар,
Арманым жоқ дәл өзіңдей ұстаз болсам!
Өміріңе жарық сәулесін түсіретін игі істердің иесі ұстаз атаулы мектеп түлектерінің жүрегінде жаңғыра сақталуы һақ!!!
|
Жубатканова Д.Т.
Әйтекеби ауданы Қарабұтақ селосы
Т.Г.Шевченко атындағы о/м
Физика және информатика пәнінің мұғалімі
Ұстаз –деген ұлағатты сөз.Ұстаз біздің екінші анамыз.Менің алғашқы ұстазым - Сүлейменова Мағзұма апай. Есімде әліппені алғаш жаттатқызып, ең алғаш қалам ұстатқызып, әріп танытқан, қалай отыруды, қалай жүруді, қалай дұрыс сөйлеуді үйреткен Бәрімізде алғашқы ұстаз алдында қарыздар емеспіз бе? Тым болмаса осы жерде олар туралы естеліктер жазып қалдырайық Неге екенін, ұстазымның айтуынша, бала кезімде түрлі ойыншықтармен ойнаудан гөрі қолыма қағаз, қалам алып апай болып ойнаудан жалықпайды екенмін. Осы арман мектеп қабырғасында жүргенде - ақ басты мақсатыма айналды да, мұғалім болуды риясыз жақсы көрдім, жан – жүрегіммен шын қаладым.
Ұстаз... Жай ғана қарапайым сөз... Осы қарапайым ұғымның әрбір адамзат жүрегінен орын алатыны, тек қана орын алып қана емес, оның өмірлік ұстанымының, дүниеге деген көзқарасының, адами қасиеттерді сіңіруінің қайнар көзі екендігі сөзсіз. Халқымыздың біртуар перзенті, қазағымның маңдайына сыймай кеткен нар тұлға Шәкәрім Құдайбердіұлы: "Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз болады. Олар - адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек" десе, ұлы Абай "Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда адам боларсың елден ерек" деп толғаған. Міне, осы Абай мен Шәкәрімнің үндесе айтқан пікірлері ұстаз хақында айтылған секілді. Себебі, осы қасиеттер өз бойынан табыла отырып, оны ұрпақ бойына дарытатын да, дамытатын да ұстаз. Яғни, ұстаз - мемлекетіміздің бірінші байлығы деп саналатын халықтың, ұрпақтың санасын қалыптастырушы, мол жауапкершілік пен қоғамның ауыр жүгін арқалаған тұлға.. Ұстаз – шәкірттердің жан дүниесін қалыптастыратын және шәкірттердің жақсы қасиеттерінің өсуіне себепкер болатын, сонымен қатар шәкірттің жүрегін, жанын азықтандыратын адам.
«Үлкен бір жұмысты сәтті орындаудың бір ғана жолы бар. Ол істі жан-тәнімен сүю қажет» демекші, адам баласы өмірде жемісті ғұмыр кешуді әрі бақытты болуды армандайтыны шындық. Табысты жұмыс жасасам, аңсаған арманыма жетсем деп тілейді. Алға қойылған мақсаттарының орындалуын көксейді. Ол осы үшін әрекет жасайды, еңбек қылады. Шәкірттердің әр жетістігіне қуану мен өз еңбегіңнің жемісін көру – ұстаз үшін үлкен бақыт. Өз шәкірттерімді баули жүріп, кез - келген жұмыста нәтижеге жетуге ынталандырамын, оларға сенім білдіремін. Сенім болмаса, адам баласы жетем деген биігіне жете алмайды. Жан - жағына жиналған шәкірттерін көргенде, жапырағының жайқалып өскеніне, еңбегінің жемісті болғанына шүкіршілік ететін.
Әрбір шәкірт мені үлгі тұтып, менімен бір мақсатқа бірігуге талпынса, бір мүддеге бағыт алса, қоғамның ауыр да абыройлы жауапкершілігін арқалаудан мен жалықпаспын деген ұстазымның айтқан сөзі менің мәңгі жадымда. Сөз соңында Абай атамыздың бір шумақ өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.“Мені” мен “менікінің” айрылғанын “Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған. Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған? Кім жүрер тіршілікте көңіл бөлмей, Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей, Міні қайда екенін біле алмассың, Терең ойдың телміріп соңына ермей. Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас, Екеуі тап бірдей орныға алмас. Дүниеге ынтық, махшарға амалсыздың Иманын түгел деуге аузым бармас.
Абдраманов Гайдар Темирбекович,
Байғанин ауданы, № 3 Қарауылкелді орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
«Ұстаз» дегенде, «алғашқы ұстаз» дегенде үнемі ойыма балалық шағымның үлкен бір бөлшегі есіме түседі. Себебі, сенің балалық шағың алғашқы ұстазбен тығыз байланысты болады. Ең алғаш мектеп табалдырығын аттағанда қоңырау дыбысы мен алғашқы ұстазды кездестірерің айдан анық. Алғашқы ұстазың сені шыңдап, болшағыңа жол салып, жігеріңді қайрап, арманыңа қанат бітірсе, одан асқан ұлы тұлға жоқ деп білемін. Дарыныңды бағалай отырып, оған бағыт-бағдар көрсете білсе, Абай ақын айтқандай «Табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам сол» деп білемін. Ең алғаш қаламды қолыма ұстатып, ұлпадай болған талабымды жерге қалдырмай: «Сенің қолыңнан бәрі де келеді, сенің болашағың жарқын» деп үнемі жігерлендіріп отыратын демеушілерімнің бірі десем артық болмас еді.
Ұстаз – ұлағатты ұлы тұлға. Ғалым да, ақын да, ұшқыш та ұстаздан тәлім алған. Сондықтан, барлық адамзат ұстаз деген ұлағатты тұлғаны ұмытпай, қадір тұтып оған құрмет көрсетуіміз қажет. «Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп, табуға үйретеді» демекші алғашқы ұстазым менің жақсы жақтарымды үнемі айтып, басқаларға үлгі болуға итермеледі. Менің мұғалімдік қызметті таңдауымның себебі де алғашқы ұстазыма қарап бой түзеп, үлгі тұтып, соған ұқсағым келгендігінен бе деп білемін.
Ахмет Байтұрсынов пен Ыбырай Жақаев: «Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз. Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол нағыз ұстаз» дейді. Сондықтан ұстаз бойынан қамқорлық, мейірім деген қасиеттерді көп байқадым. Ол өзінің шәкіртіне қамқор бола отырып, тәрбие мен білімді ұштастыра отырып, өн бойымызға дарыта білді. «Алғашқы ұстаз» деген сөзді естігенде оның маған жасаған мейірім шуағы төгіліп тұратындай болады. Ол менің талабымды таудай қылып, аңсаған арманымның орындалуына көп септігін тигізді. Ғабит Мүсіреповтің «Адамның адамшылдығы... жақсы ұстаздан болады» деген сөзі менің өмірлік мақсатыма айналғандай болды.
Мен өз сөзімді Спандияр Көбеевтің «Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін» деген ұстаз туралы ұлағатты сөзімен аяқтағым келеді.
Макажанова Назгүл Ахметовна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебі
«Ұстазым менің, ұстазым» деп жыр жазып, қалам тербемеген жан жоқ шығар, сірә! Ең алғаш 1997 жылдың 1 қыркүйегі мәңгі есімде жатталғандай. Үстімде аппақ шағаладай ақ көйлек, басымда аппақ қардай ақ бантик, қолымда алқызыл жайнап тұрған гүлді алып, алшаң басып, Қандыағаш қаласының № 2 мектебінің табалдырығын аттағанмын. Алдымыздан құшағын жайып, жүзі жадыраған бір мұғалім күтіп алды. Ол – Даниялова Бақыт апай еді. Ол әр жерден жамыраған, әр үйдің ерке балаларын жанына жинап, класқа апарды. Әліппені алғаш қолға ұстатып, әріптерді танытқан, қолымызға қалам ұстатып, саусақтарымызды майыстыра жазу жазғызған алғашқы ұстаздың өмірімде алатын орны өте ерекше. Барлық жан дүниесін, жан жылулығын жанындағы балаларға күн нұрындай шуағын сепкен алғашқы ұстазымның өмір жолымдағы биік белестерге көтерілуіме көп септігі тиді. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, Бақыт апайдың жақсылығын қанша айтсам да артық болмас еді. Менің болашағым үшін алғашқы ұстаздың салған сара жолы өмірден өз орнымды табуыма үлкен үлесі зор. «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер – білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар – намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деп ғұлама, ойшыл Әл – Фараби айтқандай, Бақыт апай да дәл осындай жақсылық иесі. «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым – шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады» деген Сухомлинскийдің педагогикалық ойы мұғалімдік мамандықты тек жүрекпен ғана қабылдап, шәкіртке ізгілік нұрын шаша білу. Мен сондай нұр шуағын алғашқы ұстазымнан бойынан алдым.
Мен өз шығармамды мына өлең жолымен аяқтағым келеді.
Хан бол мейлі, қара бол,
Дарын бол мейлің дара бол
Өтетін бәрі алдыңнан
Ұстаздар бейне сара жол.
Барлық жан да ұстаздың алдынан өтеді. Ұстаз ұлы есім. Ұстаздарға әрқашан бас иеміз.
«Өрлеу»БАҰО» Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ кітапхана маманы
Назарбаева Рысбике Құсайынқызы
Дарқандықтың даладай кеңдігіндей,
Адалдықтың ең биік сеңгіріндей,
Адамдықтың шыңдарлы асуындай
Парасаттың шуақты мерейіне
Ұстазым МЕН Сізді теңеймін!
Бұл менің «Ұстаз өзінің алғашқы ұстазы » атты акцияға арнаған жан-жылуымен жанымды жадыратар өз – Ұстазыма арнаған толғанысым.
Менің Алғашқы ҰСТАЗЫМ....
Қазір мен бұл сөзді сағынышпен ғана еске аламын. Аз ба, көп пе, мен мектеп бітіргелі 45 жыл толыпты.
Қатпадай қара қыз, әжесінің тарамыс қолынан тастай қып ұстап алып, ақша қардай жарқыраған мектеп табалдырығын аттаған еді. Жаутаңдаған көздер, шулаған бала, толғанған ата-ана, еркінсіген жоғарғы класс оқушылары, былтырғы класын түгендеген апай... бәрі-бәрі есімде. Бір мезет тыныштыққа шақырып, қолына жұқалтаң дәптер ұстаған,сұңғақ бойлы,ашаң жүзді, қысқа шашын әдемі қайырған, денесіне құйып қойғандай қайырма жағалы, бұдырлы ақ түсті костюм-юбка киген апай «менің класым 1 класс болады »,-деп біз тұрған жаққа жақындады. Жүзінен салмақтылықпен қоса, баланы өзіне тартар шуақ, көзінен мейірім шашып тұр. Ал, дәптер ұстаған аппақ қолының саусақтары салалы екен. Көзім әдемі саусағына түсіп, жаздай алаңсыз ойнап, көл жағасындағы саз бен балшық суға кезек малғаннан жарылып кеткен өз қолыма түсіп ұялып-ақ қалғаным.
Мәжіліс бітер қарсаңда Әжемнің орыс тілінде «Я учусь в первый класс».-деп басталатын әнінен соң, екі-екіден қатарласқан бізді, жетектеген күйі терезесінен шуағы мол түсіп тұрған бөлмеге кіргізді.
Жасыл түспен боялған шағын парта, жарға ілінген қоңыр тақта, жазуға арналған ақ бор, бәрі өте ұқыптылықпен орналасатыны, Апайдың әр әріпті жекелей қайталаған жылы даусы, тайға таңба басқандай етіп қатар –қатар қоңыр тақтаға түскен әліпбилер, қиық қағаздан жасалған түрлі-түсті сурет – бейнелер әлі де болса санамда сақталған.
Баланың алғашқы ұстазы, мектеп табалдырығын жаңа аттаған сәбиді қалай бастап жолға салса, тіпті қалай қалам ұстататынына дейін, баланың біраз дағдысы солай қалыптасатыны даусыз ғой. Біздің Апайдың жазуы өте әдемі еді.Әрбір сабақты асықпай, әр балаға әлсін-әлсін көз жібере отырып түсіндіретін. Апайдың класқа кіргенінен-ақ тыныштық орнап, жапырлай кітап беті ашылатын. Сөйлегенде салмақпен, әдемі теңеулерді айтып, түсіндіретін ойын миыңа құйып жіберетін. Талап ете жүріп - талпындыратын, еңбек ете жүріп - баланы еңбекқорлыққа үйрететін,сабырлы бола тұрып - қайыспас қайсарлыққа жетелейтін. Осы қасиеттерінің белгісі ретіндей, Менің Алғашқы Ұстазым кейін ерен еңбек ете жүріп, мектеп директоры қызметіне дейін жоғарылады. Тағы да есіме түскені Апай бізден әдеби кітапты көп оқуды талап ететін. Соның арқасы ғой қазірде талай мүшел жасты артқа тастасақ да өз ойларын көркем сөзбен анық жеткізетін, әдеби кітапты құшырлана оқитын кластастарым өте көп. Осы арада Апайымнан үйренгенімді, тоқығанымды айтқым келеді. Апайдан әдеміге талпынуды, қиындыққа шыдауды, мейірім төге тұрсаң да,босбелбеулікке салынбауды үйрендік. Сол кездегі кішкентай қыз қазірде өмірден өзі таңдаған жолы бар, жанұясы, үбірлі-шүбірлі балалары бар, қызметі бар орта жастағы апайға айналды ғой. Бірақ та, білім мен тәлім берген сол Апайымның қоңыр даусы әлі де болса құлағымнан кетпейді.Қазіргі уақытта мен Апайымды жиі көре алмайтыныма өкінемін. Қанша жылдар ізін артқа тастаса да Ардақты Апайымның маңдайынан есіп тұратын мейірбандығы, әдемі де қоңыр үні, уақыт қиындығын кездестірсе де еңсесін тік те биік ұстайтын әдеті, керек жағдайда көмекке ұмтылар парасаттылығы,немерелеріне шуағын шашқан Ақ Әже болуы абыройын асқақтата түседі. Менің кластастарым 20 ғасырдың жетпісінші жылдары мектеп бітірген сол кездегі жас өркендер. Қазірде олар бір-бір мекеменің тізгінін ұстаған, белгілі шыққан биіктері бар, немереге ата-әже атанған, әрнәрсенің парқын білер, бірнеше ұрпақ өкілін тәрбиелеген азаматтар. Дегенмен де алдымыздан Апайымыз шықса әлі де имене баса тұрып, баяғы бала кездей сағынышпен құшақ жаямыз. Міне, баланың жұдырықтай жүрегін жақсылықпен жаулап алған Ұстаз бейнесі осылай болса керек-ті. Мен қазірдің өзінде де алғашқы Ұстазыммен мақтанам, сол бір ақиық кісіге анамнан басқа адамды теңгермеймін.
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қаражар ауылы Қаражар орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байканова Салтанат Ораковна
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы
Ғ. Қайырбеков.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.
Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты мен де таңдадым. Ұстаз болу – бала кезімнен арманым еді. Ең алғаш мектеп ашып, еңсемді тіктеген ұлы ұстаз құдіретінің кемеңгерлігі мені де осындай қиында қызығы мол мамандыққа жетелегендей....
Мектепте білім алған сәттен бастап, осындай сенімділік шаттық сезім арманының ұлықтығы болса керек.
Ең алғаш әріп танытқан алғашқы ұстаз апайымның жылы жүзі, мейірім тұнған сɵзі, білімге деген құлшынысыммен бірге ұстаз болудыңда баспалдағы іспетті. Сол Бәтима апайымның ұстаздықтың қырларын ерінбей үйреткені мені үлкен бір шыңға жетелегендей, мен мұғалім болуды мақсат ете отырып, ізгіліктің сырын таңдадым десемде болады.
Маман иесі атанып, еңбек жолымды бастарда да сол бір жылы жан маған сара жол нұсқаудан танбады... Әрине, мұғалімдіктің қиын тұстары жетерлік, талай адам баласымен тіл табыса білу, білім нәрін ізгілендіру үлкен шыдамдылықты талап етеді.
Әлі күнге дейін есімде оқушылармен жұмыс жасау қиын деген сәтте апайым сәл күлімсіреп: « ертең жарысқа барасың »˗дегені. Тапсырмаларды орындау барысында оқушы мен мұғалім арасындағы жағдайларды сол сәтте мен қинала отырып, ой елегінен сараптай отырып, «тұжырымдама» жазғанымда: « мынаны жазған адам қиындықтың бәрін жеңеді, баламен жұмыс жасаудың ɵзі үлкен жауапкершілікті қажет етеді тек жалқаулықты, жеңілуді қажет етпейді»˗ деді .
Әрбір сабақ, әрбір үлкен іс, әрбір жауапты іс кезінде үнемі кɵмекке осы бір жайсаң жан келеді.
Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель»,- десе, Абылайхан Төле биді, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтеп кеткен екен. Ендеше, менің табынатын ұстазым – қиыншылық, қысым көрсе де, ауыр кезеңде жолымды ашып, осы күні құрметті демалыстың зейнетін кɵріп отырған алғашқы ұстазым, мамандық таңдаудағы еліктеушім десемде болады Бәтимадай апайымды.
Алғашқы ұстаз – әр ұрпақтың кѳшбасшысы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін алғашқы ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың:
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!
Жоғарыда айтылған «Ұстаз болу жүректің асылдығы» деген сɵз кез˗келген мұғалімнің кɵкейінде бойтұмардай сақталса нұр үстіне нұр болар еді. Барлық істің нәтижесі біткен ісінен кɵрінсе, мұғалім еңбегі адам кɵкжиегі, санасынан кɵрінеді деп білемін. Ұстазға деген сағынышты жыр жолдары еріксіз тілге тиек болады.
Бүгінгі таң ерекше төгіліп нұр,
Мерейлі күн екені көрініп тұр.
Ұстаз- ана сізге деген көңіл көгі,
Ақ бұлттардай тілекпен өріліп тұр.
Бағытын болашақтың бағамдарда,
Бірге басар оң игі қадамдарға
Ұлағатты ұғымға « ұстаз» деген
Бас иемеген ѳмірде адам барма
Жүзіңізден анамның нұрын кѳрем
Бѳлісетін әрдайым сырымменен
Шәкіртінің атынан ұстазыма
Лебізімді арнайын жырымменен
Ұлылықты ұғындырған ұрпаққа
«Ұстаз» деген ұлы ұғымнан сыр тартам
Алғашқы ұстаз жолын қуған бұл күнде
Шәкіртіңнің атынан мен тіл қатам
Мен де сондай жас ѳркеннің бірімін
Бірегей болу, сізге ұқсау- мол ұғым
Ізгіліктің жолын сепкен жолыма
Сезінемін жаныңыздың жылуын
Бар шәкіртті басқан ол бауырына
Бала жүрек қанық болған сырына
Сол кездегі асыл ұстаз белесін,
Теңер ем мен Хантәңірі шыңына
Жаныма мен ѳзіңізден ем іздеп,
Жүріп келем сіздің салған кең ізбен
Есіміме кір келтірмей жүргенім
Шәкірт болып түлегенмін ѳзіңнен.
Сіз болсаңыз, шәкірттердің бағбаны,
Мен де сіздің ізіңізді жалғадым.
Шәкіртімді асқарлардан кѳре алсам
Онда менің жұлдызымның жанғаны
Сіз туралы таусылмас жыр- дастаным,
Сан түрлі ойды сыйдырамын, қанша мың.
Әрқашан да рақым нұрға бѳленіңіз,
Риясыз кѳңілден нұр сыйладым.
Алаңдайтын әрқашан жайымызға
Ақылыңыз орнығып бойымызға
Әр шәкіртін кѳретін патшасындай
Іліміңіз дарыды бойымызға
Біз үшін кѳп қиындық кѳргеніңіз
Тек жақсылық жаханнан термегіңіз
Шыңға шықсақ әрқашан асқаралы
Бұл сіздің Ұстаз- ана еңбегіңіз
Кѳтеретін сүрінсек, құласақ та,
Анамыздай аяулы бала шақта.
«Ѳмір» кеме айдынында шәкіртіңіз,
Атыңызды әйгілер болашақта.
Хан апаға
Ұлылықты ұғындырған ұрпаққа
Ұстаз деген ұлы ұғымнан сыр тартам
Ұстаздардың ұстазы ол Хан апа
Жас буыннан ѳзіңіге тіл қатам
Мен де сондай жас ѳркеннің бірімін
Бірегей болу сіздей мол ұғым
Жүзіңізді кѳрмесем де, бұл жолы
Сезінемін жаныңыздың жылуын
Бал бүлдіршін бауырына жылынған
Сәби жүрек қанық болған сырына
Қазақ сізді Хан апаға теңесе
Теңер ем мен Хантәңірі шыңына
Жаныма мен ѳзіңізден ем іздеп
Жүріп келем сіздер салған кең ізбен
Есіміме кір келтірмей жүргенім
Шәкірт болып түлегенмін ѳзіңнен
Сіз болсаңыз, шәкірттердің бағбаны
Мен де сіздің ізіңізді жалғадым
Шәкірттерді асқарлардан кѳре алсам
Онда менің жұлдызымның жанғаны
Сіз туралы таусылмас жыр әттеңі
Сан түрлі ойды сыйдыра алмас дәптерім
Әрқашан да рақым нұрға бѳлеңіз
Риясыз кѳңілімді пәк менің
Сейткалиева Амангуль
Кенсахара ОМ мұғалімі, Мәртөк ауданы
Өмір-шымшытырыққа толы күйбең тіршілік. Осы өмір дұрыс бағытта қалыптасуға, тек жақсыға құмар болуға тәрбиелейтін ең алдымен ата-анаң болса, екінші ұлағатты ұстаз. Ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз ойындаймыз.Ұстаз екінші анаң. Білім нәрі мен сусындатар асылжан.”Терлеп еңбек етерсің, тілегіңе жетерсің” деген керемет сөз бар қазақта. Осы бір сөз ұстаздар қауымына арналғандай.Ұстаз алдындағы шәкіртінің білімді, тәрбиелі болуы үшін, талмай-тынбай еңбектенеді. Ал шәкірт еңбегін ақтап, биіктен көрінсе, ол ұстаздың мерейінің үстем болғаны. Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жамықпас,
Үйретуден балаға, - дейді ұлы Абай.
Сол сияқты тілінен бал тамған ақын да, ғалым да ел қорғаған батыр да тегеуріні темір балқытар жұмысшы да, бәрі, бәрі ұстаз алдында бас иеді. Қиындығы да, қызығы да жетерлік ең бастысы-жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету. Өйткені ұстаздардың мойнына ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Ұстаз... Оңашада отырып ұстаз туралы ойға кетсем, көз алдымнан ақ жарқын мінезді, ақ жүректі, жылы жүзді ұстаз бейнесі көрініп, мені қиялға батырып, еріксіз нұрлы естеліктерге жетелей жөнеледі...Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне бел буған періште. Мен Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Қызылсу колхозында білім алдым. Ең алғаш мектеп табалдырығын аттап кірген сәтімде күлімдеп қарсы алған, қолымнан жетектеп партаға отырғызып, «Әліппе» кітабын ұстатқан, алғаш әріп үйреткен-менің сүйікті де ең алғашқы ұстазым – Изимова Зибагүл. Олешкімге ұқсамайтын еңбекқор, білімді, мейірімді жан. Бәрімізді өз баласындай көріп, ақыл айтып, көп нәрселерді үйретіп жүретін осы жанның орны мен үшін қашан да ерекше. Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы бір адам болса, ол- алғашқы ұстаз....Әрбір шәкірттің өзі сүйген, жылдар бойы тәлім алған ұстазының аяулы бейнесі көкірек көрігінде, жүрек түбінде сақталуы заңдылық. Себебі, ұстаз – баланы адам қылып тәрбиелеп, күлімдеген, күнім деген, сенің жүрегіңе болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор тұлға.Осы орайда бастауышта оқығанымызда сыныпта 20 бала болған едік. Қыздардың бәрі әр үйдің еркесі болғанымен, өте пысық болды. Барлығымыз бірдей “апайлағанда” ұстазымыздың көзіне жас үйірілетін. Өзге мұғалімдер “шұрқыраған балапандар” деп күлетін. Осындай қарқынмен біз бастауыш сыныпты үздік тамамдап, жоғары сыныпқа жолдама алған болатынбыз.Қашанда жүріс-тұрысы, шашы, сөйлеу мәдениеті өте сүйкімді, әрі ұстамды тәлімгерімізді біз жақсы қырынан ғана біліп келдік.Сол жарқын кездерден бері көп жылдар өткенімен, шәкірттерінің сүйіспеншілігіне бөленген ұстазымызға, екінші анамыздай болған Изимова Зибагүл апайға айтар алғысымыз шексіз. Қазіргі уақытта ардагер ұстаз құрметті демалыста....Әрбір шәкірттің жылдар бойы тәлім алған ұстазының аяулы бейнесі көкірек көрігінде, жүрек түбінде сақталу – заңдылық. Себебі, ұстаз – баланы адам қылып тәрбиелеп, болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор тұлға. Изимова Зибагүлдей ұстазы бар адам әр кез бақытты! Бәрімізді өз баласындай көріп, ақыл айтып, көп нәрселерді үйретіп жүретін осы жанның орны біз үшін қашанда ерекше. Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы бір адам болса, ол — алғашқы ұстазың. Мен алғашқы ұстазымды мәңгі-бақи мақтан етемін.
Достарыңызбен бөлісу: |