Төлегенов а. К., Сариева г. М., Несипакынова ф. К., Даленбаев а.Ә. Жаңартылған бағдарлама бойынша қазақстан тарихы пәнін оқыту әдістемесі


ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІНІҢ ГЕОГРАФИЯСЫ: МЕКТЕПТЕГІ ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ



бет7/14
Дата07.06.2024
өлшемі7.53 Mb.
#502423
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Авторлық 2020

2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІНІҢ ГЕОГРАФИЯСЫ: МЕКТЕПТЕГІ ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мен «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын тарих пәнімен сабақтастыра отырып білім беру

Ұстаз – мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Әр елдің өсіп-өркендеуі мен бәсекеге қабілетті болуының қайнар көзі – ұстаз берген білім. Сондықтан даму сатысында ең биік шыңдардан көрінгісі келетін мемлекеттер білім беру саласын дұрыс жолға қоюды, сол арқылы білім сапасын көтеруді мақсат етеді.


Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жолдауларында да басым бағыт білім саласына қатысты. «Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ», «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді», «Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман»-деп көрсетуі білім беруде ұстаздардың өз мамандығының шебері екенін дәлелдеуге мүмкіндік береді. Әр ұстаз өзінің педагогикалық өрлеуіне шеберлік, кәсібилік, білімділік, құзырлық, рухани құндылықтарды бойына жинай алған жағдайда оқушылардың білім алуына дұрыс бағыт бере алады.
Тарих сабағында жаңартылған оқу бағдарламаларына жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушылардың ұлттық дүние танымдарын қалыптастыру-бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі. Тарих – халқымыздың зердесі, бабалардан мұра болып келе жатқан оқиғалар жиынтығы. Тарих сабағында қазақтың сайын даласындағы ежелгі заманнан бастап бүгінге дейін ұрпақ сабақтастығы дамылсыз жалғасып келе жатқандығын, төл атамекеніміздің тұрғылықты халқы өзіміз екенін түсіндіру. Ұланғайыр Ұлы далада адамзат тарихындағы түбегейлі өзгеріске себеп болған көшпелі өмір салтының қалыптасқандығы, Еуразия даласындағы көшпелілер құрған мемлекеттік бірлестіктердің қуаттылығы, «Ұлы даланың жеті қыры» – тарих бетіндегі бедерлі іздер. Олар:
І. Атқа міну мәдениеті
ІІ. Ұлы даладағы ежелгі металлургия
ІІІ. Аң стилі
ІV. Алтын адам
V. Түркі әлемінің бестігі
VI. Ұлы Жібек жолы
VII. Қазақстан-алма мен қызғалдақтың Отаны [6, Б. 1].
Халықты өзге халықтан ерекшелендіріп тұратын – ұлттық мәдениеті мен тарихи ерекшеліктері. Ұлттық ерекшеліктері – рухани мәдениетіне, туған жеріне, тарихына деген құрмет. Сондықтан тарих пәнін оқытқанда жаңа технологияларды пайдалану арқылы әр оқушының дүниетанымын қалыптастыруымыз керек. Оқушылардың орта ғасырлардағы көк тасқа қашап хат жазғызған қағандарды, әлем бойынша атты ерттеп мінген ботайлықтарды, металдарды өңдеп, алтынмен апталған киімдер мен ақинақтарды, белбеу дулығаларын өрнектеген «аң стилін», Шығыс пен Батыстың мәдениеттерінің алтын көпірі болған Ұлы Жібек жолын, Алатаудың баурайында пісіп әлемге тараған әйгілі апорт пен Ұлы далаға салтанатты сән беріп тұратын қырдың қызыл қызғалдағының тарихымен танысу арқылы отансүйгіштік қасиеттері оянады.
Біздің рухани мәдениетіміздің тамыры тереңде. Оған дәлел халқымызда дарынды тұлғалардың (ақын-жыраулар, билер мен хандар, батырлар) аз еместігінде. Рухани мәдениетіміздің, дініміздің адам табиғатына өте жақын келетін, таза әрі өміршең екенін жүрегімен түсінген адам ешқашан ұлттық келбеті мен қасиетін жоғалтпайды. Ұлттық рухта тәрбиелеу –адамгершілік пен ар намысты қорғауға, туған жерін сүюге, төзімділік пен ерлікке баулиды.
Тарих пәні қоғамдық білім көзі болғандықтан, әр оқушының осы білімді меңгеруіне толық жағдай жасалынуы тиіс. Көптеген инновациялық технологиялардың ішінде бала психологиясына, оның түсіну қабілетіне сай болып келетін және ұстаз тарапынан ұйымдастырушылық қабілетті көп қажет ететін технология ретінде ойын технологиясын қолданған тиімді. Ойын арқылы оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, ойлау қабілеті дамиды сөздік қоры байиды. Ойынның негізгі мақсаты – баланы тарихи деректерге қызықтыра отырып, материалды меңгерту. Сондай-ақ, ойын үстінде балалардың ойлау қабілеті, назары, байқампаздық әрекеті, зейіні жетіледі.
Модульдік технология жүйелі түрде терең білім алудың бірден-бір бүгінгі күннің нәтижелі оқыту формасы болса, соның өзінде де ойындарды қолдану өз нәтижесін көрсетеді. Модульдік технологиялар жүйесінде ойындар келесі түрге бөлінеді: еліктегіш, сюжеттік, ситуациялық, шығармашылық, рөлдік, шартты, іскерлік, өндірістік, формальдық, ұжымдық, сайыстық, нәтижелік. Оқушылардың тілін дамытып, ойын жүйелі түрде айта білуге үйрету – мұғалімнің басты парызы [7, Б. 8].
Мектепте тарих пәнін оқытуда сабақта жиі қолданылатын ойын түрлері ретінде тапсырма ойындары, картографиялық ойындарды, хронологиялық іскерліктерін қалыптастыратын ойындарды атауға болады. Ойын арқылы оқушылардың оқуға,білім алуға қызықтыра отырып, тұлғалық қасиеттерін дамытуға болады.
Мәселен, «Тапсырма ойындары» атақты тұлғаларға мінездеме беруге негізделген ойын түрі болып табылады. Тарихи тұлғаларды сипаттайтын «Қай тарихи тұлға?» немесе «...Бұл туралы кім айтты?», «... Егер мен болсам не істер едім?», «Суретке қарап сипатта» деген ойын түрлерін өзгерте отырып, барлық сыныптарда қолдануға болады. Интербелсенді тақтаны пайдалану арқылы портреттермен хронологиялық кезеңдерді көрсету арқылы «Ол кім, бұл не?» ойынын оқушылардың деңгейлеріне қарай өзгертіп отыруға болады.
«Картаграфиялық ойындар» оқушылардың кеңістікті бағдарлауын, шоғырлануын қалыптастырады. Мысалы: Қазақстанның картасын алып оқушылардың қолдарына жапсырылатын қима қағаздарға салынған қызғалдақ гүлін, Алтын адамның, алманың, Түрік қағанатының билеушілерінің, жылқылардың, металлдардың, керуеннің суреттерін тарату арқылы картадан табылған аймақтарының тұсына жабыстыру тапсырылады. Картаграфиялық білімдерін қалыптастыруға чайноводтар да көмектеседі. «Чайновод» - сөздің соңғы дыбысымен басталатын сөздер тізбегі. Мысалы: Ертіс – Солтүстік – Керуен... солай сөз тізбегі жалғаса береді.
«Хронологиялық ойындар» тарихта оқушының хронологиялық іскерлігін қалыптастырады. Белгілі бір оқиғаның датасын анықтау немесе тек датасы арқылы тарихи оқиғаларды, оқиғаның даму кезеңдерін, кезеңге бөліну критерийлерін негіздеу тапсырмалары болып табылады. Тақтаға берілген бірнеше даталардың ішінен тақырыпқа сай даталарды анықтап, тарихи кезеңнің ұзақтығын, оқиғаның кезеңдік желісін анықтауға карточка, тест, кесте сызу мен ауызша жауап беру тапсырмалары беріледі [8, Б. 12].
Сонымен қатар білім беруде пікірсайыс технологиясы ойын технологияларының ішіндегі тиімді құралдың бірі болып табылады. «Дүние жүзі педогогикалық инновациясы» атты М.В.Клариннің коммуникативті пікір алмасу моделі жөніндегі негізгі қағидалары мен тұжырымдарын, әдістемелік нұсқауларын тарих пәнін оқыту барысында пайдалану жақсы нәтижеге қол жеткізеді.
Пікірсайыс сабақтарында сөз жарысын дамыту оқушылардың білімін молайтып, саяси шешендік шеберліктерін шыңдап қана қоймай, ұлтжандылық пен патриоттық сезімдерін де оятады.
Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Рухани жаңғыру – бұл тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күнімен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы» дей келе, «Туған жер» бағдарламасын ұсынды. Бағдарламаның негізгі мақсаты-өскелең ұрпақты патриоттық рухқа тәрбиелеу, өз елінің, туған жерінің тарихы туралы мәліметтерін терең меңгерту. Бағдарламаны оқушылармен зерделей отырып, «Бәсекелік қабілет», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтап – жаңғыртуда» табыстың кілті – білімде екенін дәлелдеп, әр сабақта қолдану керек екенін түсіндік. Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік мол.
Туған жердің тарихын зерделей оқытуда үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі ұсынған «Өлкетану» курсының оқу бағдарламасы енгізілді. Курстың негізгі мақсаты – туған өлкенің қалыптасуы мен дамуын кешенді сипаттайтын географиялық, тарихи, мәдени, табиғи және басқа да түрткіжайттар туралы білімін қалыптастыру мен туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейінің бірінші залында қойылған «Алтын адамның» ғұрыптық киімдері мен қару-жарағы, аң стилінде жасалған жәдігерлері құнды болса, ал алтыншы залда орналасқан антропологиялық музей Орталық Азиядағы бірегей музей болып табылады. Онда Берел патша (ер мен әйел) қорғанының толық жаңғыртпасы берілген. Сонымен қатар Алматы археологиялық музейінде Жетісудағы Сақ мәдениетінің дамуын айқын көрсететін Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» қалпына келтірілген киімі ерекше көзге түседі. «Алтын адамның» үстіндегі киімі мен шошақ бас киімі де оқушылардың қызығушылықтарын арттырды.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет