Тоқмансай ауылдық округі әкімінің жылдағы атқарылған жұмыстары туралы есебі



Дата22.02.2016
өлшемі81.16 Kb.
#916
Тоқмансай ауылдық округі әкімінің

  1. жылдағы атқарылған жұмыстары туралы есебі

Тоқмансай ауылдық округінде төрт елді – мекен орналасқан. Атап айтар болсақ: Қайнар,Тоқмансай, Өлетті және Тоқмансай станциясы болып бөлінеді. Тоқмансай ауылдық округі бойынша халық саны 1586 адамды құрайды. Аудан халқының 3,9%. (Қайнар-1013, Тоқмансай- 365, Тоқмансай станциясында-189, Өлетті- – 19 адам).

Ауылдық округ бойынша тұрғындардың жеке меншік малының саны: ірі қара мал – 1217 бас, қой – 2964 бас, ешкі - 345 бас, жылқы - 156 бас, 910 - ке жуық құс, 287 – қаз бар.

2014 жылдың қорытындысына сәйкес Тоқмансай ауылдық округі бойынша 2500 ірі қара мал, 4237 бас қозы бірдейлендіріліп, 1758 бас ірі қара малдың және 770 бас бұзау, 8500 бас қойдың қаны алынды. Осы малдар сібір екпесімен егілді.

Ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары бойынша:

1) Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» туралы Заңына сәйкес ауылдық округ бойынша туылған балалар саны - 15, некеге тұрғандар саны - 3, қайтыс болғандар саны - 8. Зейнеткерлер - 167, мүгедектер - 44.

2) «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» туралы ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысына сәйкес 20 отбасы жәрдемақы алады.

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қыркүйектегі № 1223 қаулысымен бекітілген «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы» 84 анықтама берілді.

Жеке және занды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 12 қаңтардағы Заңына сәйкес жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі – халықтан түскен арыздарды қарау. Жеке тұлғалардан – 8 арыз түсті, уакытылы қаралып, дер кезінде жазбаша жауап қайтарылып арызы қанағаттандырылды.

Шығарылған шешім -23. Өкім - 65.

Көктем уақытындағы екі айлық санитарлық тазалау және абаттандыру кезінде ауылдық округ бойынша 4 стихиялық қоқыс орындары жойылып, 6000 тонна қоқыс шығарылды. Ауылдық округ аумағындағы бірнеше сенбілік өткізіліп, көшелер мен аулалардағы тазалық жұмыстары кезінде 4 тонна қоқыс тиісті жерлерге шығарылды. 7 шаруашылық құрылым мен 120 адам санитарлық тазалау жұмыстарына қатысты, 7 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

«Тоқмансай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ –де 2014 жылғы штат кестесі бойынша әкімшілік қызметкерлері:1- әкім, 4 бас маман, 1 жетекші маман. Штаттан тыс жұмысшылар саны - 1 (еден жуушы), 1- көлік жүргізушісі бар.

2014 жылдың бюджеттік қаржыландыру жоспарына 123-001-011,015. «Қаладағы аудан,аудандық манызы бар қаланың,кент,ауыл,ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 9012,3 мың теңге қаралып кассалық және нақтылы шығындары 9012,3 мың теңгені құрады.

(Соның ішінде:



  • 111 «Жалақы» ерекшелігі бойынша 5040,7 мың теңге қаралып кассалық және нақтылы шығындары 5040,7 мың теңгені құрады;

  • 123-008-015 «Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру» бағдарламасы бойынша 866,0 мың теңге қаралып,кассалық және нақтылы шығындары 866,0 мың теңгені құрады;

  • 123-013-000 «Аудандық маңызы бар қалаларда,кенттерде (селолық) округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 1400,0 мың теңге қаралып,кассалық және нақтылы шығындары 1400,0 мың теңгені құрады;

  • 123-022-000 «Мемлекеттік органдардың күрделі шығындары» 2000,0 мың теңге қаралып,кассалық және нақтылы шығындары 2000,0 мың теңгені құрады;

  • 123-040-000 «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру «көшелерді жарықтандыру» шығындары 800,0 мың теңге қаралып,кассалық және нақтылы шығындары 485,0 мың теңгені құрады; 315,0 мың теңге үнемделіп қалды.)

Салық базасының қамтамасыз етілуі мен салық жиналымы, ауылдық округ бойынша 272 жеке меншік үй бар. Ағымдағы жылы төленуге тиіс жоспарланған 36987 теңге мүлік салығының 36987 теңгесі төленген. Жоспардың орындалу көрсеткіші 100%. Төленуге тиіс жоспарланған 89700 теңге жер салығының 89700 теңгесі төленді. Жоспардың орындау көрсеткіші - 100%. 111660 теңге көлемінде 18 көліктің салығы төленді.

Жеке кәсіпкерлікті дамыту. Ауылдық округ аумағында 7 жеке кәсіпкер тіркелген. Оның төртеуі азық – түлік дүкені, үш автобус жолаушылар тасымалдауымен айналысады. Желтоқсан айынан бастап тағы бір кәсіпкер би үйірмесін ашып, қазіргі таңда екі топпен жұмыс жасап жатыр.

Ауыз-су. Қайнар ауылын ауыз сумен «Тоқмансай» ЖШС-гі қамтамасыз етіп отыр. Ал Тоқмансай ауылы тұрғындары құдық суын пайдалануда. Ст. Тоқмансай ауылы орталықтандырылған ауыз су құбыры арқылы ауыз суды пайдаланады. Сумен қамтамасыз етуші мекеме Алға-жылу.

Ауыл шаруашылығы. 2014 жылғы көктемгі егін егу науқанына округ бойынша екі шаруашылық «Тоқмансай» ЖШС-гі және Жер-Ана М» ш/қ қатысып 8000 га жерге дәнді дақылдар егілді. Бірақ жаз мезгілінің қуаншылығына байланысты ойдағыдай егін болмады. Гектарына 2 центнерден өнім алды. 2014-2015 жылғы мал қыстату науқанына дайындық барысында ауыл тұрғындары мен шаруашылық құрылым басшыларының қатысуымен жиналыстар өткізіліп, арнайы штаб құрылды. Биылғы шөп шабу науқаны кезінде 26 бригада ұйымдастырылып, 46 адам және техникадан 36 трактор, 18 шөп шабатын косилка, 2 шөп тайлағыштар, 2 шөп тиегіштер жұмылдырылып нәтижесінде - 7548 центнер шөп шабылды. Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап «Жер-Ана М» шаруа қожалығы қой малын асыл тұқымды шаруашылық статусын алды. Қазіргі таңда 20 бас асыл тұқымды қошқары бар.

Білім беру. Ауылдық округ бойынша өскелең ұрпаққа қазіргі қоғам талабына сай сапалы білім беру және оларды бәсекеге қабілетті етіп оқыту мен тәрбиелеу жолында үш білім беру нысаны жұмыс жасайды. Тоқмансай орта мектебі, Тоқмансай негізгі мекетебі және Тоқмансай «Айналайын» бала бақшасы. Кадрлық құрам сапасы жоғары деңгейде. Тоқмансай орта мектебінде 26 мұғалім жұмыс жасайды. Олардың – 2-жоғары, 12-бірінші, 6-екінші санаты мұғалімдер сапалық құрамы - 57%. Тоқмансай негізгі мектебінде 16 мұғалім жұмыс жасайды. 15-жоғары, 1-арнаулы орта білімді, 6 мұғалім І санатты, 7 мұғалім ІІ санатты пайыздық көрсеткіші - 81,3. Мектептерде әр түрлі үйірмелер жұмыс жасайды. (қазақша күрес, еркін күрес, тоғыз құмалақ, туризм, ән т.б.). 2013-2014 оқу жылын жалпы 269 (202 о.м., 67 н.м.) оқушы аяқтады. Олардың білім сапасы Тоқмансай орта мектебі бойынша-56%, Тоқмансай негізгі мектебі бойынша – 57% болды. Мектеп бітірушілердің 8 оқушысы ҰБТ-ге қатысты. Ол қатысым 53,3% құрайды. Орташа көрсеткіші – 72,1%. Былтырғы жылмен салыстырғанда (68,0)-4,1 балға жоғары. Аудандық көрсеткіш 79,7 болып 5,6 балға төмен көрсеткіш көрсеттік. Енді алда келе жатырған ҰБТ- ға оқушылардың дайындық барысындағы көрсеткіштері: 3 қазан – 56,5%, 27 қазан – 55,7%, 22 қараша – 59,5%-ды құрап отыр. Мектептерде жаз айларында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында қаражат беріліп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жаңа оқу жылында 215 (о.м.-188, н.м.-65) бала білім алып жатыр. Бастауыш сыныпқа пайдалануға 40 (о.м.-30, н.м.-10) парта 80 (о.м.-60, н.м.-20) орындық, 5 үстел мен 5 тақта алынды. 8 компьютер комплектсімен берілді. Ал спорт залының жабдықтары: 9 коньки, 3 тоғызқұмалақ, 1 теннис үстелі, 1 волейбол торы, 3 доп берілді. Мед. кабинетке 1 кушетка, салмақ және бой өлшейтін құрылғылар алынып, жұмсалған қаражат 145500 теңгені құрады. Мектеп асханасын оқушыларды тамақпен қамтамасыз ету үшін жеке кәсіпкер Наурызбаев жалға алып отыр. Асханаға электро плита, таразы, мұздатқыш, дестильятор алынды.Сонымен қатар жаңадан пайдалануға химия кабинеті келді. Құрал – жабдықтарын - 3564388 теңгеге алу жоспарланып отыр.

2014 жылдың қуантарлық жаңалығы негізгі мектеп ғаламтор желісіне қосылып отыр. «Көркейе бер туған жер» акциясы аясында Тоқмансай негізгі мектебінің кабинеттерінің есіктері мен мұғалімдер столдары жаңартылды. Үш кабинетке линолеум, жалюзи ілінді. Асханаға сөрелер мен электро плита алынып, пайдаланылуда.



МҚКК «Айналайын» Тоқмансай балалар бақшасында екі топ жұмыс жасап тұр. Тізім бойынша – 50 бала тәрбиеленуде. Балабақшада 20 адам жұмыс жасайды: 3 әкімшілік қызметкер, 7 педагог, 10 техникалық қызметкер. Балалар тамақтануына ата – аналардың ай сайынғы төлейтін төлем ақысы орта есеппен – 5250 тг құрайды. Азық түлікпен қамтамасыз етіп отырған Алға қаласындағы жеке кәсіпкер Жармұхамбетов Гүлнардан нан өнімдері алынады. Қалған азық – түлікпен Алға қаласындағы жеке кәсіпкер Уаисова Светлана қамтамасыз етеді. «Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында қаражат беріліп ағымдағы жөндеу жұмыстары да сапалы түрде жүргізілді. Электр жүйесі мен жылыту жүйесі қанағаттанарлық жағдайда.

Денсаулық сақтау. Қайнар ауылдық округі бойынша 1 дәрігерлік амбулатория бар. Типті ғимарат, көлемі 520 кв/м. Тоқмансай ауылында 1 медпункт бар. Мұнда 1 медбике жұмыс жасайды. Қайнар дәрігерлік амбулаториясында 1 дәрігер, 2 медбике және 1 акушер, 1 тазалықшы, 1 күзетші және 1 жедем-жәрдем көлігін жүргізуші жұмыс жасайды. Амбулатория ағымдағы жөндеуден өткен. Жылу жүйесі газбен. (Амбулаторияда ЭКГ аппараты, қанның шекерін, холестеринді анықтауға арналған медициналық құрал - жабдықтар, қажетті дәрі-дәрмектермен толықтай қамтамасыз етілген. 1 жастан -5 жасқа дейін ауырған балалар интегралды жүйеде сауықтырылады.

ҚРДСМ № 786 14.11.2011 жылғы бұйрығы бойынша 84 ауырған , 23 диспан-



серлік есептегі балалар ақысыз дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. ҚРДСМ №885 бұйрық бойынша диспансерлік есепте тұратын балалар саны-29, оның ішінде қан аздық- 21, бронхиалды астма- 1, қант диабеті- 1, ВПС-2,оның ішінде 1 ота жасалды. ДЦП- 1, Крон ауруы-1, көз миопиясы-2. Олар жүйелі бақылауға алынып, сауықтырылуда. Алдын-ала екпелер жоспарлы түрде жүргізіледі. ҚР № 729 бұйрығы бойынша барлық балалар жасына қарай алдын – ала тексеруден өтуде. Екпелер жоспарлы түрде жүргізіледі. Ана мен бала денсаулығын сақтау мақсатында және де жанұяны жоспарлауда әңгіме-кеңестер жиі-жиі өткізіліп тұрады. 14 науқас жедел түрде, 22 жоспарлы түрде ауруханада емделді. 36 науқас күндізгі стационарда ем алды.) Туберкулез аурының алдын алу шараларлы бойынша тұрғындардың флюро-тексеруден жарты жылдық жоспары-781, өткендер саны- 793. Оның ішінде жылжымалы флюро-машинадан өткендер саны-361, оның ішінде флюроположительный-1, тексерілуге жіберілді. Жыл ішінде анықталған туберкулез аурулар саны- 2, оның ішінде бірінші рет ауырғандар-жоқ, қайта ауырғанда-2. Барлық белсенді туберкулез аурулар - 4 оның ішінде-2 мультирезистенті. Қазақстан Республикасының №685 10.11.2009 жылғы бұйрығына қосымша өзгеріс №145 16.03.2011 жылғы ҚРДСМ бұйрығымен скринингті алдын ала тексеруден барлығы сұт безі обырына-52,оның- 52 әйел өткізілді. Жатыр мойны обырына-57, оның-57 әйел өткізілді. Дәрігерлік амбулаториясы 2014 жылғы медицина қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында халық денсаулығын қорғау ісіндегі үздік жетістіктері мен денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін облыстық конкурстың «Үздік дәрігерлік амбулатория» номинациясына ие болды.

Байланыс. Дербес пошта қызметкері аптасына екі рет халыққа газет- журнал басылымдарын әкеліп тұрады, уақытында таратып, зейнетақы, жәрдемақы беру, газ төлемдерін алу жұмыстарын жүзеге асырады. Ауыл тұрғындарын, мекеме қызметкерлерін баспасөзге жаздыру жұмыстарын жүргізеді. Ауылдық округ тұрғындары Қазақтелеком байланыс жүйесіне 237 абонент пайдаланса, «Кар-Тел» ЖШС-нің «BEELINE» ұялы байланыс операторы тағы бар.

Мәдениет мекемесі. Қайнар ауылдық мәдениет үйіне 13429000 қаражат бөлініп, оның 11219388 теңгесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. (03 июнь-15 қыркүйек аралығында). Тағы да 2000000 қаражат құрал жабдықтар алу үшін беріліп, оның – 1800000 теңге жұмсалды. Күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін ауылдық клубты ашу салтанатына орай аудандық термешілер сайысы өтіп ауыл халқын бір серпілтіп тастады. Ғимарат ішінде орналасқан Тоқмансай ауылдық кітапханасы да жыл басынан бері оқырмандарға ұсынылатын кітаптар санын біраз молайтты. Барлық кітап қоры – 9936, толықтыруға көркем әдебиет кітаптарының жаңадан 100 данасы бөлінді. Айтулы мереке күндері тақырыпты іс-шаралар жоспарлы түрде өткізіледі.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында «Тоқмансай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне жыл басында 800000 (сегіз жүз мың) теңге қаражат бөлінген болатын. Бұл қаржыға жергілікті қоғамдастық мүшелерімен ақылдаса отырып, Тоқмансай ауылдық округіне қарасты Тоқмансай станциясы елді мекенінің көшесін (Теміржол) жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Тоқмансай станциясы көшесіндегі 13 бағанға жарық шамдары орнатылып, қыркүйек айында іске қосылды. Жарықтандыру жұмыстарына 485000 (төрт жүз сексен бес мың) теңге жұмсалынды.

Учаскелік инспектор Қалдыбаев Мақсат Пазметенұлы ауылдың тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде өз міндетін ойдағыдай атқаруда. Мектеп оқушыларымен жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмау және алдын - алу мақсатында тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Баяндамалар оқып, анкеталық сұрақтар алып, түрлі тақыраптарда дөңгелек үстел т.б шаралар өткізіп тұрады.



2015 жылға алға қойылған мақсатты міндеттемелер:


  1. Тоқмансай ауылының көшелерін жарықтандыру.

Жалашев Н.К.

Тоқмансай ауылдық

округінің әкімі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет