Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз а мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді



Дата09.11.2023
өлшемі16.46 Kb.
#482748
Эссеге дайындық


Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз
А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді





Ғарышты игеру жетістіктері

Ғарыш – алаштың да аяулы арманы еді... Әдетте ондай ойдың еліміздің төрінде «Байқоңыр» ғарыш айлағының жайғасуынан тумағаны анық. 1991 жылғы 3 сәуір күні Қазақ­стан­ның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың адамзат баласының тұң­ғыш өкілі Юрий Гагариннің «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарышқа аттануының 30 жылдығы мерейтойына орай сол кездегі Кеңес Одағының бас газеті «Правдаға» үлкен мақаласы жарияланды.
Бүгінгі тарих шындығын осынау оқи­ғалар аясында сараптар болсақ, Қазақ­станның шексіз кеңістікке ұлы жорығы, қазақтардың ғарышқа «алғашқы шабуылы» дәл осы кезден бастау алғанын есте сақтауға тиісті екенбіз. Қазақстанның озық ойлы ғалымдары Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сол мәлімдемесін күтіп тұрғандай-ақ екен, тұңғыш ғарышкеріміз Тоқтар Әубәкіров ұшатын 1991 жылдың 2 қазанына дейін ғылыми үш бағытты мейлінше терең қамтитын ғарыштық бағдарлама жасап, оны болашақ ғарышкермен ғылыми оты­рыстарда талқылап та, мұқият тиянақ­тап та үлгерді... Қазақтар космосты бағындырғандар қатарында Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, еңбегі сіңген сынақшы-ұшқыш, техника ғылымдарының докторы Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров бүгінгі Қазақстан, бүгінгі ғарыш жайындағы әңгімесін былай түйіндейді: – Ғарыш – ол, ғылымдағы ең жаңа, ең жетістікті технология саналады. Біз қазір осындай әлемдік ең үздік технологиялық жетістіктерден қол үзіп қалсақ, ертең Ұлы Абай айтқандай, «қолымызды мезгілінен кеш сермейміз», опық жейміз. Одан соң өмірбақи оның артынан қусақ та жете алмасымыз анық. Мұндай ғылыми озық технология өмір заңдылықтарына сәйкес күн сайын құбылып, ай сайын өзгеріп тұрады. Менің өз басым осы саланың өкілі болғандықтан да «Байқоңырды», ғарышты игеріп жатқан біздің Ұлттық ғарыш агенттігі дер кезінде құрылды, нағыз отау тікті-ау деп ойлаймын.(242 сөз)



Ә мәтіні: БАЙҚОҢЫР ҒАРЫШ АЙЛАҒЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ


ХХ ғасырдағы ұлы оқиғалардың бірі де бірегейі – адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа адам ұшырған Байқоңыр ғарыш аймағының дүниеге келуі болып табылады. Алайда қазіргі таңда ТМД – дағы осы бір аса ірі ғарыш кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалып отыр.


Ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға мынадай кері әсерлерін тигізуде:
— ұшу процесінен кейін, атомосфераның табиғи режимі бұзылады;
— атмосфераны және жер беті қабаттарын токсинді зымыран жанармайының қалдықтарымен ластайды;
— атмосфераның озон қабатын бұзады;
— территорияларды ұшу аппараттарының қалдықтары мен сынықтарымен зақымдайды;
— қышқылды жаңбырдың жаууына себепші болады;
— ауқымды масштабта температураның жоғарылауына әсерін тигізеді.
Лабораториялық жағдайда жүргізілген зерттеулердің нәтижесі өсімдіктердің бойының қысқа болып, кейбір морфологиялық өзгерістер байқалып, ауылшаруашылық өнімдерінің сапасы нашарлап және өнімділігінің төмендейтінін көрсетеді.
Сондай – ақ, жыл сайын Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына 30 – 35 мың тонна улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтіреді. Көптеген ғылыми зерттеулер ауа ылғалдылығының төмендеуі, жылдың әр мезгілінде температураның күрт өзгертуі, ғарыш ұшу аппараттарының жұмысымен байланыстырады.
Алғашқы эксперименттік бақылаулар қуатты ғарыштық ұшу аппаратының «Спейс – Шаттл» немесе зымыран жеткізгіш «Сатурн-5» аппаратының ғарышқа ұшыру кезінде Канаверал-Европа жағалауымен Солтүстік Атлантаға дейнгі аралықтың ауа ағынының өзгертуі, ал жылдың жылы уақытында «Плесецк» ғарыш айлағынан ұшырылатын қуатты ұшу аппаратының әсері бұрынғы Одақ территориясының Орталық Еуропалық бөлігіне және солтүстік-батыс облыстардың атомосфералық ауа ағынының активтілігінің жоғарылауына әсерін тигізетінін дәлелдейді.
Қуатты ғарыш ұшу аппараттары ұшырылатын «Байқоңыр» ғарыш айлағына жақын орналасқан аймақтарда ауа райы құрт бұзылып, 3-5 туәлікке дейін боранды құм суырып, жел болып, температураның төмеңдеу процесі жиі байқалатыны белгілі.
Ғарыш айлағы жұмыс жүргізгеннен бастап «Протон» зымыран жеткізгішінің 260-тан астамы ұшырылған.
Ғарыш ұшу аппараттарының қоршаған ортаға басты зиянды әсері ауа ағынын күшейтумен шектеліп қоймайды, түріне қарай салмағы 3,2 тоннадан-16,2 тоннаға дейін болатын зымырандардың жағар және жаңармай қалдықтары құрамында химиялық токсинді қосылыстардың болуында. Соңғы 30 жылдың көлемінде осы салаға қатысты мамандар химиялық жанармаймен жұмыс істейтін зымыран двигательдері қалдықтарының қоршаған ортаға ттигізетін зиянды әсерлерін зерттеуде. Осы ғылыми зерттеулердің нәтижесі, зымыран двигателінен бөлінетін қалдықтардың атмосфераның төменгі қабатына ауқымды масштабта зиянды әсерінің жоқтылығын дәлелдесе 40 – жылдан бері жинақталған мәліметтерге қарағанда олардың зиянды әсерлерін анық көруге болады.

Тапсырма
Эссе үшін тапсырма үлгісі
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңді пайдаланып «Ғарышты игеру жетістіктері» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 200-250 сөз болуы қажет
(20)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет