Сот шешендігінің мазмұны және ерекше сипаттары



Дата02.01.2022
өлшемі19.42 Kb.
#452841
сож 4


Сот шешендігінің мазмұны және ерекше сипаттары

Сот процесіне анық сөздер керек. Тыңдаушылар істің барысына жете еріп отыруы қажет. Сот сөзінде сарабдал сыншының, сазды шешенің,үміт пен үмітсіздік араласқан үкімнің үні болса игі. Сот сөйлеп тұрған заты жайында жан – жақты, анық – қанық білмесе болмайды. Сол мәселенің жағымды, жағымсыз тұстарын да жақсы білуге мүдделі. Бұның бәрінен тіл байлығы ғана алып шығады. Туған тілін терең меңгермеген сотты жұртшылық тыңдамайды, сыйламайды. «Қазақтар шешен келеді, олар мақалдап сөйлейді, жай сөзінің өзі өлең боп құйылып жатады» деп, немістің білгір академигі В.В.Радлов айтса, оның өзін қазақ арасында көп болған поляк азаматы Адольф Янушкевич : «.... дала Демосфендерінің кейбіреулері мені сөздерінің мазмұндылығымен баурап алады» дейді.«Үздік, үлгілі сөздер қарапайым, анық түсінікті және ойға тұнып тұруы тиіс» депті атақты А.Ф.Кони . Егер шешендік сөз «жанды тербететін дарын» болса ондай қасиет барлығына бірдей тән болуы қажет. Әртүрлі процестің тілі түрлі – түрлі болып келуі мүмкін. Аудиторияны билеудің жолы әртүрлі, әрқалай толып келеді.

Прокурор тілі қалай болмаққа керек, сот – медицина сарабының тіліне шешендік қажетіне деген ой туды.Сотта жақсы сөйлеу дегеніміз – істің түбегейлі түбірін тереңдеу танып білу, көзді көңілді жеткізіп сөйлеу хұқ нормаларына сүйену, әдеби тілмен сөйлеу деген сөз соттағы шешеннің сөзі қазыны да, қараушыны да, халықты да өзіне қаратып сендіре алса, құба құп,нұр үстіне нұр демекпіз. Ал, аудиторияны меңгері сөздің жетуіне, жетелеуіне байланысты екені хақ.Қылмыстың ашылуы егжей – тегжейлі талқыға түсуі қылмыскер әрекетіне баға берілуі, қылмыстың туу себебі және оның салдары ортаға түскенде сот мәжілісіне айтылатын сөздер ондыққа дәл тиіп жатуы тиіс, өйтпейінше процестің бүге – шегесі ашылмай, анықталмай қалуы ғажап емес. Ендеше сотта сөйлеу де өнердің бір түрі деп білуіміз заңды.Шешендіктің барлық түрі сотқа келе бермейді, соттағы шешендіктің өзіндік ерекшеліктері бары даусыз нәрсе. Айталық, мұғалімдер алдында сөйлеу мен сотта сөйлеу бірдей көрініс емес. Қай жерде қай кезде де біліп, тіліп сөйлеген абзал. Дәл, шын, тура айтып жеткізу, білікті маманның, жүйрік юристің тұрғысынан сөйлеу нағыз шебердің үлесі екені айғақ. Бұның үстіне білікті білімділік қосылады.



Жұрт алдында сөйлеудің мәдениеті жайында аз айтылып келе жатқан жоқ. Әсіресе, соттағы сөз оймен, мөлшермен, нақты айтылуы ләзім. Сөз көбейіп кетсе, оның арты суға ұласып кетеді. Прокурордың немесе адвокаттың сөзі дәлелсіз, дәмсіз, құрғақ боп келсе сот процесінің ұтары шамалы болмақ.

Сот процесіне анық сөздер керек. Тыңдаушылар істің барысына жете еріп отыруы қажет. Сот сөзінде сарабдал сыншының, сазды шешенің,үміт пен үмітсіздік араласқан үкімнің үні болса игі. Сот сөйлеп тұрған заты жайында жан – жақты, анық – қанық білмесе болмайды. Сол мәселенің жағымды, жағымсыз тұстарын да жақсы білуге мүдделі. Бұның бәрінен тіл байлығы ғана алып шығады. Туған тілін терең меңгермеген сотты жұртшылық тыңдамайды, сыйламайды. «Қазақтар шешен келеді, олар мақалдап сөйлейді, жай сөзінің өзі өлең боп құйылып жатады» деп, немістің білгір академигі В.В.Радлов айтса, оның өзін қазақ арасында көп болған поляк азаматы Адольф Янушкевич : «.... дала Демосфендерінің кейбіреулері мені сөздерінің мазмұндылығымен баурап алады» дейді.« Үздік, үлгілі сөздер қарапайым, анық түсінікті және ойға тұнып тұруы тиіс» депті атақты А.Ф.Кони . Егер шешендік сөз «жанды тербететін дарын» болса ондай қасиет барлығына бірдей тән болуы қажет. Әртүрлі процестің тілі түрлі – түрлі болып келуі мүмкін. Аудиторияны билеудің жолы әртүрлі, әрқалай толып келеді. Прокурор тілі қалай болмаққа керек, сот – медицина сарабының тіліне шешендік қажетіне деген ой туды.Сотта жақсы сөйлеу дегеніміз – істің түбегейлі түбірін тереңдеу танып білу, көзді көңілді жеткізіп сөйлеу хұқ нормаларына сүйену, әдеби тілмен сөйлеу деген сөз соттағы шешеннің сөзі қазыны да, қараушыны да, халықты да өзіне қаратып сендіре алса, құба құп,нұр үстіне нұр демекпіз. Ал, аудиторияны меңгері сөздің жетуіне, жетелеуіне байланысты екені хақ.Қылмыстың ашылуы егжей – тегжейлі талқыға түсуі қылмыскер әрекетіне баға берілуі, қылмыстың туу себебі және оның салдары ортаға түскенде сот мәжілісіне айтылатын сөздер ондыққа дәл тиіп жатуы тиіс, өйтпейінше процестің бүге – шегесі ашылмай, анықталмай қалуы ғажап емес. Ендеше сотта сөйлеу де өнердің бір түрі деп білуіміз заңды.

Шешендіктің барлық түрі сотқа келе бермейді, соттағы шешендіктің өзіндік ерекшеліктері бары даусыз нәрсе. Айталық, мұғалімдер алдында сөйлеу мен сотта сөйлеу бірдей көрініс емес. Қай жерде қай кезде де біліп, тіліп сөйлеген абзал. Дәл, шын, тура айтып жеткізу, білікті маманның, жүйрік юристің тұрғысынан сөйлеу нағыз шебердің үлесі екені айғақ. Бұның үстіне білікті білімділік қосылады.Жұрт алдында сөйлеудің мәдениеті жайында аз айтылып келе жатқан жоқ. Әсіресе, соттағы сөз оймен, мөлшермен, нақты айтылуы ләзім. Сөз көбейіп кетсе, оның арты суға ұласып кетеді. Прокурордың немесе адвокаттың сөзі дәлелсіз, дәмсіз, құрғақ боп келсе сот процесінің ұтары шамалы болмақ.Айыпталушының, ақтаушының да, соттың да тілі таза, түсінікті әрі заңға сүйеніп тұрса әділет салтанат құрады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет