Сабақтың тақырыбы «Өсiмдiктер әлемімен қоштасу»



Дата17.06.2016
өлшемі71.5 Kb.
#142229
түріСабақ
Балтабекова Назигүл Секербайқызы

Биология пәні мұғалімі

№73НОМ

Қарағанды қаласы


Сабақтың тақырыбы «Өсiмдiктер әлемімен қоштасу» (ауызша журнал)

Сабақтың мақсаты:

бiлiмділік: оқушылардың «өсiмдiктер дуниесi» саласы бойынша бiлiмiн жүйелеу, қорытындылау, бiлiм сапасын арттырып, пәнге қызығушылығын арттыру;

дамытушылық: оқушылардың бiлiм дағдыларын,бiлiктiлiгiн, тапқырлығын, ойлампаздығын дамыту;

тәрбиелiк: шыгармашылық iзденiске, отансуйгiштiкке, табиғатты аялауға, еңбек етуге,алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана алуға тәрбиелеу.

Корнекiлiгi: слайдтар, кестелер, сөзжұмбақтар, суреттер.

Сабақтың түрі:қайталау және жүйелеу.

Әдіс - тәсілдері:сұрақ-жауап,дидактикалық ойындар.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

II. Журнал парақтарымен таныстырып,сол бойынша сабақты өткiзу.

Журнал парақтары:

I. Сауалхана

II. Ойлан тап

III. Сөздiң көркi - мақал

IV. Жанға шипа - дертке дауа

V. Еңбек етсең ерiнбей...

VI. Ойнайык та ойлайық

VII. Әдеби бет

VIII. Табиғатты аяла

1-бет. Сауалхана

1. «Өсiмдiк» оқулығын ең алғаш шығарған қазақтың биолог ғалымы кiм?

(Жұмақан Маусымбайұлы)

2. «Өсiмдiк пионерi» деп қай өсiмдiктi айтады? (Қына)

3. Ең ұзақ жасайтын ағаш? (Емен-2000жыл)

4. Дүниедегi ең биiк ағаш? (Эвкалипт)

5. Өсiмдiктiң қай мүшесi «жасыл асхана» деп аталады?(Жапырағы)

б. Фотосинтез үрдісін ашқан кiм? (КА.Тимирязев)

7. Бағалы антибиотик саңырауқұлақтың қай түрiнен алынады, ол қандай дәрi?(Зең саырауқұлағынан, пеницилин дәрiсi)

8. Солтүстiк Американың күн гүлi қалай аталады?(Күнбағыс)

9. Қай өсiмдiк сабағы өте жуан? (Баобаб)

10. Ең тез, жылдам өсетiн өсiмдiк. (Бамбук, тәулiгiне 1 м өседi)

11. Француз ханшасы қандай өсiмдiк гүлiмен өзiн әшекейлеген? (Картоп гүлi)

12. Өсiмдiктiң жапырағында жарықта қандай үрдіс журедi? (Фотосинтез)

13. Күн баласы атанған қай өсiмдiк? (Мақта)

14. Ең ұзын шырмалғыш өсiмдiк. (Лиана)



2-бет. Ойлан тап!

1) Сөзжұмбақ шешу Сөзжумбақ - «ТАМЫР »





3




5




2




4




Т

А

М

Ы

Р



















































































1. Өсiмдiкке қажеттi қоректiк зат.

2. Негiзгi тамырдан пайда болатын тамыр.

З. Тыңайтқыш.

4. Қоректiк заттарды сiңiруге әсер ететiн күш.

5. Түкшелерi бар тамыр аймағы.

Сөзжумбақ - «ГҮЛ»

1










Г













2

Ү
















3




Л
















1. Ерте гүлдейтiн iрi гүлдi бөлме өсiмдiгi.

2. Гүлдiң бiр бөлiгi.

З. Гүлдiң ең жiңiшке бөлiгi.


Сәйкестендiру: бiрiншi бағанда (10) өсiмдiк түрлерi жазылған, екiншi бағанда өсiмдiктердiң тұқымдастары көрсетiлген. Екi бағанды сәйкестендiру.

1. орамжапырақ 1.астық

2. жоңышқы 2. раушангүлдiлер

З. долана З. алқа

4. картоп 4. күрделiгүлдiлер

5. құмай 5. шаршыгүлдiлер

б. қызғалдақ 6. алабота тұқымдастар

7. сарымсақ 7. бұршақ тұқымдастар

8. қарбыз 8. пияз тұқымдастар

9. қызылша 9. асқабақ тұқымдастар

10. бақбақ 10. лалагүлдiлер

дрыс жауабы: 1-5, 2-7, 3-2, 4-3, 5-1, 6-10, 7-8, 8-9, 9-6, 10-4.



3-бет. Сөздiң көркi - мақал.

Айтылған мақалдарды аяқта ..

1. Қыз - елдiң көркi, ...

2. Адам көркi - шүберек, ...

З. Ата – бәйтерек,...

4. Бiр тал кессең, ...

5. Қораңда малың болсын, ...

б. Ер – елдiң көркi, ...

7. Дана көптен шыгады, ...

8. Атаңнан мал калғанша, ...



4-бет. Жанға шипа, дертке дауа.

Мұнда дәрiлiк қасиетi бар өсiмдiктер туралы оқушылардың даярлаған хабарламалары, пайдалы кеңестері тыңдалады .



Мыңжапырақ - күрделiгүлдiлер тукымдасына жататын биiктiгi 60-70 см көп жылдық шөптесiн өсiмдiк. Дәрiге өсiмдiктiң гүлдеп тұрған жер үстi мүшелерi жиналады. Мыңжапыраiқтың кұрамында эфир майлары, камфара, илiк заттар, шайыр, органикалық қышқылдар, каротин, К, С дәрумендерi бар. Мыңжапырақтың қан тоқтататын, қабынуга, аллергияга қарсы әсер ететiн, қан тамырларын кеңейтетiн қасиеттерi бар. Халық медицинасында мьңжапырақты терiдегi iрiңдеген жараға, асқазан жолының жұмысын жақсартуға қолданады.

Жолжелкен - iрi жапырақты және жапырақсыз гүл сояуы сорайған 2 жылдық өсiмдiк. Жапырағында ащы және илiк заттар, калий тұзы, лимон қышқылы, С дәруменi, ал тұқымында бұлардан басқа 15-20 % эфир майы болады. Жолжелкеннiң жапырағы қақырық түсiргiш дәрi болып табылады. Кақырықты кетiру ушiн 1 ас қасық жапырақты бiр стақан қайнап тұрган суға салып, 15 минут қояды да, сүзiп, тұндырмасын күнiне 1 ас қасықтан 3-4 рет iшедi. Терi жарақаттанып, не бiрнәрсе кесiп кеткенде де, терi қабынғанда да жолжелкеннiң жас жапырағын қолдануға болады. Халық медицинасында да оны ертеректен берi қан тоқтату және сорғыш дәрi ретiнде дененiң сыртынан басады.

Бақбақ - биiктiгi 5 см, сындырғанда сүт сияқты ат түстi сөлi шығатын көп жылдық шөп. Бақбақ тамырының дәрiлiк қасиетi бар.Тамырынан ұнтақ жасап, асқазан жұмысын жақсарту және тамаққа тәбет арттыру үшiн күнiне З мезгiл тамақ алдында сумен араластырып iшедi. Бул жағдайда ұнтақ өте аз мөлшерде пышақ ұшымен ғана алынады.

5-бет. «Еңбек етсең ерiнбей ...» тақырыбында ақыл-кеңес бұрышы.

Оқушы: «Еңбек етсең ерiнбей, тояды қарның тiленбей» дейдi халық мақалы. Бiз жақсы өнiм алу үшiн, бақшада жұмыс жасағанда мынадай жағдайларды ескеруiмiз керек.Топырақты дұрыс өңдеп күтпесе,ол жақсы өнiм бермейдi . Сондықтан топырақты қазып, аударуымыз керек.Сонда арам шөптердiң тамыры қиылып,зиянкес жәндiктердiң дернәсiлдерi жойылады.Көңдi де күзде шашып тастау керек,сонда ол бiртiндеп шiрiп,минералды заттарға айналады .Көктемде,жазда үстеп қоректендендiруге болады.Онда ағаштың түбiн арнайы дөңгелетiп қазып,соған езiлген тыңайтқышты құямыз.



6-бет. Ойнайық та ойлайық

а) жұмбақ шешу

1.Таңертең де, кешке де . 2.Қалың киiм ұнатады

Күнге қарап тұрады. (Күнбағыс) Шешiндiрсең жылатады.(Пияз)



З. Ала шапан киген, 4.Аласа талда, Алуан алма.

Қайнатпай пiскен. (Карбыз) Ал қызыл болмай, Аузыңа салма.



5. Кiргенде iнiне ол сыңарды, (Қызанақ)

Ұрпағын ерiтiп ол шығарды. (Картоп)



ә) Кім жылдам?

1 минутта басы гүлден басталатын 10 қыз есiмдерiн ата.

1 минутта аягы гүлге аяқталатын 10 қыз есiмдерiн ата.

б) Қар буынынан басталатын осiмдiктердiң атын тап.


ҚқҚ

Қққ Қ А Р


















































А- дан басталып, а-мен аяқталатын өсiмдiк атын тап.


А







А
















А







А



в) Биологиялық эстафета.

1 оқушы бiр өсiмдiктiң немесе жемiстiң атын айтып, келесi оқушы сол өсiмдiктiң немесе жемiстiң соңғы әрпiнен басталатын жемiстiң немесе өсiмдiктiң атын айтуы керек.



7-бет. Әдеби бет.

Оқушылар табиғат, өсiмдiктер туралы ақындардың өлеңдерiн жинақтап ортаға салады. Мысалы:



1. Табиғаттың тарылтпайьқ

Мөлдiр кәусәр тынысын

Пәк табиғат!

Жүрегiмнiң тамылжыған жырысың.

Ей, адамдар!

Қалай ғана қатыгездiк жасайсың

Ол анаң ғой, ал сен оның кенже ұлысың.

2. Табиғатты қорғау үшiн бәрiмiз күресейiк

Бiр-бiр ағаш егейiк.

Текке отырмай, жасымыз бен кәрiмiз

Таза ауа үшiн терiмiздi төгейiк.



З. Ей, табиғат шеберсiң-ау, шеберсiң

Көрмегендi көрсетерсiң, берерсiң

Ұлан-ғайыр байлығымды мiсе етпей

Аш көзденген адамдарга не дерсiң?!



4. Айың анау, күнiң мынау, жер мынау

Ей адамдар, жетпей жатыр ендi не?

Табиғатқа таласпаңдар ағайын,

Асырайды ол сенi, менi, елдi де.



8-бет. Табиғатты аяла.

Халқымыз ежелден табиғаттың кейбiр туындыларын «киелi», қасиеттi деп ұғып, оларды өлтiруге, жоюға болмайтындығын уағыздаған. Сонымен бiрге, табиғат пен адамды бiртұтас, бiр-бiрiнен бөлуге болмайды деп қараған.Сондықтан адам табиғаттан өз керегiн алып, қалғанына еш уақытта зиянын тигiзбеген.

Халық табиғаттағы өздерi қастерлеген жерлердi «Әулие бұлақ», «Әулие ағаш» деп атап, оларды көздiң қарашығындай қорғап отырған.

Табиғатты қорғау жөнiнде Казақстан Республикасы Ата заңының 38-бабында Қазақстан Республикасы азаматтарына табиғатты сақтау және табиғат байлықтарын қорғауға мiндеттiлiгi айтылған.



Қорытынды.

Бұған дейiн қаншама өсiмдiктер жайында қысқаша болса да бiраз мағұлмат алдыңдар. Тiршiлiк көзi - табиғат. Табиғат өсiмдiкке бай. Олардың саны азайып, жойылып кету қаупi тұрғандары қаншама?! Сондықтан Қазақстан Қызыл кiтабына тiркелген өсiмдiктердi ғана емес, өзге де жабайы өсiмдiктердi аялап, қорғай бiлу - сендерге парыз. Табиғатты қорғау - адамзат тiршiлiгi мен рухани байлығын сақтап қалу екенiн үнемi есте сақтаңдар.

Бугiнгi сабағымызды мынадай өлең жолдарымен аяқтаймыз.

Табиғатта үйлесiмдi жаратылған тiршiлiк,

Көк аспаннан күлiмдесiн Күн шығып,

Табиғатта бәрiнiң де орны бар,

Қалмаса екен сол тiршiлiк тұншығып.

Табиғаттың болсын сәнi өсiмдiк,

Табиғатқа қатiгездiк жасамайық, тимейiк,

Мейiрiм мен жақсылықтың бәрiн де,



Жүрейiк бiз табиғаттан үйренiп.

Оқушыларды бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет