Топ: оз-20-05к тексерген: а ш.ғ. м аға оқытушы Қыдыров Т. Н алматы 2022 жыл мазмұНЫ



бет1/8
Дата03.03.2023
өлшемі1.13 Mb.
#470336
  1   2   3   4   5   6   7   8
срс Дамир


Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті КЕАҚ
«Су,жер және орман ресурстары» факультеті
«Орман ресурстары және аңшылықтану» кафедрасы
СЕМЕСТІРЛІК ЖҰМЫС
Тақырыбы: Шығыс-Сібір лайка итті.
Орындаған: Шакенов Д.Н.
Топ: ОЗ-20-05К
Тексерген: а.ш.ғ.м аға оқытушы Қыдыров Т.Н

Алматы 2022 жыл


МАЗМҰНЫ

Кіріспе_________________________________________________________3


1 Лайка ит тұқымдасы____________________________________________ 4
1.2 Шығыс-Сібір лайкасы_________________________________________ 5
1.3 Шығыс Сібір Лайка тұқымының стандарты ______________________ 7
2 Иттің мінезі___________________________________________________10
3 Шығыс-Сібір лайкасымен аңшылықа шығу________________________11
4 Итті қолға үйрету, тәрбиелеу____________________________________ 13
5 Итті қолда ұстау және күтімі____________________________________ 15
Қорытынды___________________________________________________ 18
Пайдаланылған әдебиеттер_______________________________________ 20

Кіріспе
Аңшылық – бұл иттерді қолға үйретудің алғашқы кәсібі. Ит (canis)– тас ғасырында адамның көмегімен ең алғашқы қолға үйретілген үй жануары. Ертедегі аңшылар ешқандай аңшылық құрал-саймандарын қолданбай-ақ тез және өжет жыртқыштарды өзіне көмекке бейімдеді, яғни қолға үйретті.Бұл жануардың адамға деген тікелей жақындасуы, оның психикасының айтарлықтай өзгеруіне алып келді.
Қазіргі аңшы иттері – ақылды және әдемі жануарлар, олармен қарым-қатынаста және психикалық бағалығы – дұрыс өсірілген және тәрбиелі иттер, адамның досына немесе көмекшісіне айналады.
Көптеген ит асыраушылар мен кинологтар аңшы иттердің тұқымдарының жұмысқа қабілеттілігі мен барлық экстерьерлік көрсеткіштерін жақсартып және оны дамытып, сақтап қалды.
Қазіргі заманда адамдардың белсенді іс-әрекеттері мен Аңшылық қару жарақтардың жетілуіне байланысты, аңшылық алқаптар мен жабайы жануарлардың саны азайып, бұл аңшылық кұрудың тәсілдерін өзгертуге әкеліп соқты. Иттер тікелей адамдарға жақын болу себебінен басқа үй жануарларына қарағанда айтарлықтай үлкен өзгеріске ұшырады. Адамның тікелей әсерінен иттердің жоғарғы жүйке қызметі байытылды, сезім мүшелердің қызметі жетіліп, иттердің күрделі үйретулерге алғырлығы дамыды және алуан түрлі іс-шараларға атап айтсақ: қарулы күштерде және халық шаруашылығында аңшылыққа пайдалану, тәжірибеде бұрын қолданылмаған бір тума сәндік ит тұкымдарын шығаруға мүмкіндік болды. Әртүрлі аң аулау өнімділігін арттыру үшін әртүрлі ит тұқымдары шығарылды. СНГ аймағында 30-ға жуық аңшы ит тұқымдары өсіріледі, олар: тазы -5 тұқым, лайка – 4 тұқым, қуғыншы ит- 5 тұқым, құс аулайтын ит- 6 тұқым, спаниель – 3 және інге түсетін ит – 6. Қазіргі кезде адам қатысуымен табиғи сұрыптау әсерінен 400-ден артық тұқым ескерілді, бірақ бұл бәрі емес, халықаралық ит өсіру федерациясына кірмейтін кей елдерде көптеген, кеңінен белгілі тұқымдар бар, бұлар есепте жоқ, себебі халықаралық ұжымдарда тіркелмеген. Тұқым дегеніміз жалпы шығу тегі бір, жануарлардың үлкен тобы (иттердің тобы). Бір тұқымға жататын жануарларда тұқым қуалау негізі жалпылама, себебі оларды бір қалыпқа құйғандай, біртекті тұқым қуалаушылық арқылы берілетін аңшылық сапасы, өмір сүру талаптары мен экстерьер ерекшеліктері болады.[1]




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет