Топырақ пен тірі организмдердің ортамен қарым-қатынасы туралы



Дата26.08.2024
өлшемі14.94 Kb.
#503223
Топ биол ОН


«Топырақ биологиясы» пәнінің негізгі міндеттері топырақтың тіршілік ортасы ретінде және экологиялық аспектілері мен диагностикасының қоршаған ортамен байланысымен таныстырып, оқыту болып табылатындықтан студенттер:
– топырақтағы тірі ағзалар бірлестіктерінің түзілуі, құрылымы және құрам ерекшеліктері;

  • Топырақ пен тірі организмдердің ортамен қарым-қатынасы туралы;

  • топырақтағы биологиялық үрдістердің ерекшеліктерін;

  • топырақтағы топырақ биотасының арасындағы қарым-қатынас туралы;

  • топырақ биотасының тіршілігіндегі адамдардың рөлі;

  • топырақ биотасының құрамын, топырақ биотасының тіршілігіне түрлер популяциясының, экологиялық аспектілердің әсері мен рөлін, экологиялық проблемаларды шешу жолдарын біледі.

– биологиялық тәсілдерді іс жүзінде дұрыс әрі тиімді пайдалана білуді;

  • топырақтағы тірі ағзалар бірлестігін жан-жақты талдап, сипаттама бере білуді;

  • зерттеу материалдары бойынша нақтылы, бағалы қорытындылар мен түйіндер алып оларды іс жүзінде пайдалануға дағдыланады;

– курсты оқу процесінде топырақ жамылғысына қатысты алған білімдерін олардың жақсы дамуына мүмкіндік туғызатын экологиялық-практикалық міндеттерді шешуде пайдаланады.

Пәнді игеру нәтижесінде студенттер төмендегідей білім мазмұнын меңгеріп, пәндік және жалпы мәдени құзыреттері қалыптасады:


- топырақтағы тіршілік әлемінің алуан түрлілігімен, биотаның жеке топтарының негізгі айналым шеңберіндегі басты элементтердің өсімдік қорегіндегі маңызды рөлі жайлы, жер бетіндегі органикалық заттардың ыдырауы мен трансформациясы, гумустың түзілуі және ыдырауы жайлы мәліметтерді саралауды меңгереді;
- топырақтағы микробтар системасының негізгі қызметінің заңдылықтары жайлы біледі;
- практикалық сабақтарда студенттер топырақтың биологиялық белсенділігінің көрсеткіштерін анықтау әдістерін игеріп, байқауға үйренеді;
- топырақ микроорганизмдерін анықтауға және сандық мөлшерін санауға, ыдырау процестерінің белсенділігін анықтауға, өсімдік қалдықтарының құрамдас бөліктерін, жеке бөліктердегі азот айналымын, топырақ бактериялары мен саңырауқұлақтарының токсинді және антибиотикалық қасиеттерін анықтауға дағдыланады;
- алған білімдерін студенттер қазіргі дамыған ғылым сатысында табиғат ортасының антропогендік әсерлердің нәтижесінде бүлінуінде немесе жер бетінің топырақты игеру жағдайын бағалауда, топырақ биологиясының экологиялық мәселелерін зерттеу мен оны шешу жолдарын қарастыруда білікті қолданылуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жер үлескілерін, тек қана өзінікі емес мектеп территориясы маңындағы үлексілерді игеруге, ауылшаруашылығы саласындағы жұмыстарға орналасса, олар біздің мемлекетіміздің топыраққа деген үнемді қатынасы және оны қорғау мәселелері жөнінде білімді кеңес бере алады - адамзат қоғамындағы топырақтың маңызын бағалауға және топырақ түзілудің жалпы бағытына талдау жасай біледі.
-

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет