Топпен ізденістер Өзін өзі бақылау, бағалау Тест Оқулықпен жұмыс



Дата05.03.2016
өлшемі202.3 Kb.
#42447
Сабақтың өту жүйесінің жоспар схемасы

Зерттеу жұмысы

Топпен жұмыс


Екеуара жұмыс

3

Топпен ізденістер



Өзін - өзі

бақылау,

бағалау


Тест


Оқулықпен

жұмыс



Сын тұрғысынан ойлауды дамыту

технологиялары


    1. Қызығушылықты ояту

«топтау»


«түртіп алу»

«ойлану, жұпта талқылау»

«болжау»

«әлемді шарлау»




    1. Мағынаны тану

V – «білемін»

- - «білмеймін»

+ - «мен үшін жаңа ақпарат»

? - «мені таңқалдырды»


    1. Ой толғаныс

«бес жолды өлең»

«венн диаграммасы»

«еркін жазу»

«семантикалық карта»

«Т кестесі»




Модульдік оқыту технологиясының

құрылымы




Кіріспе бөлімі

(модульге, тақырыпқа енгізу)



Сөйлесу (дайындық) бөлімі

(оқушылардың өзара сөйлесу арқылы танымдық

қызметін ұйымдастыру)




Қорытынды бөлімі

(бақылау)



Тақырып: Модульдік оқыту технологиясы оқушыны

дамыту құралы ретінде



Кіріспе бөлімі

Оқу модулінің құрылымымен таныстыру. Оқу модулінің мақсаттары мен міндеттерін анықтау. Тақырып бойынша лекция (тірек сызба – конспект қолдану)


2 сағат

Сөйлесу бөлімі

Материалды теориялық оқып білу («Қарлы кесек» оқыта үйрету ойыны)

3 сағат

Бекіту (жеке саралау жұмысы)


2 сағат

Тақырыпты қорытындылау («Брейн-ринг» оқыта үйрету ойыны)

3 сағат

Пәндер бойынша оқу модульдерін әзірлеу (топтық жұмыс)


3 сағат

Қорытынды

(бақылау) бөлімі

Сынақ

2сағат

Барлығы




15 сағат


Оқу модулінің соңында семинар-практикумға қатысушы нені білуі тиіс:

  1. педагогикалық технологияның оқыту әдістемесінен айырмашылығын;

  2. модульдік интерактивтік оқыту технологиясының құрылымы және оны құрастырудың негізгі қағидаларын;

  3. оқушылардың танымдық қызметін оқу модулінің құрылымындағы әр бөлімінде ұйымдастыру жүйесін;

  4. модульдік интерактивтік оқыту технологиясының оқушы тұлғасын дамытудағы ықпалын.

Оқу модулінің соңында семинар-практикумға қатысушы неге үйренуі тиіс:

  1. оқытудың интерактивті формаларын сабақта қолдана білуге;

  2. пәндер бойынша оқу модульдерін әзірлеуге.

Мұғалімнің алдын ала жұмысы төмендегідей әрекет қадамдардан тұрады




    1. қадам: Берілген тарау, блок немесе тақырып бойынша бағдарламада меңгерілуі тиіс деп көрсетілген міндетті білім, білік және дағдыларды, сондай-ақ оқыту мақсаттары мен міндеттерін дайындау.

    2. қадам: Берілген модуль бойынша оқу материалының тұтас мазмұнын оқып-зерттеу.

    3. қадам: Берілген модуль бойынша негізгі мағынаны білдіретін түйінді ұғымдарды, тақырып бойынша негізгі ақпарат беретін рельефтік (код сияқты) сөздерді табу. Олардың өзара байланысы мен өзара бағыныштылығын анықтау.

    4. қадам: Тұтас тақырып бойынша тірек сызбаларын құрастыру (анықталған түйінді ұйымдар мен «кодтар» негізінде).

    5. қадам: Оқу модулінің тұтас мазмұны бойынша тестілік тапсырмалар құрастыру (15-20 тапсырма шамасында).

    6. қадам: Берілген модульдегі оқу материалдарының тұтас мазмұны бойынша сынаққа қажетті сұрақтар мен тапсырмалар блогін құрастыру (оқу пәнінің өзіндік ерекшелігіне орай сынақты диктантпен, бақылау жұмысымен алмастыруға болады).

    7. қадам: Сөйлесу бөлімін әзірлеу. Оқытудың белсенді формаларын таңдау. Оқу материалының мазмұны бойынша әрбір оқушыға арнап бірінші күрделілік дәрежесіндегі, орташа күрделілік дәрежесіндегі тапсырмалар және оқытудың ізденушілік (зерттеушілік) элементтері бар аса күрделі дәрежедегі тапсырмалар әзірленеді.



Оқу модулі құрылымының бірізділігі


  1. Оқушыларды оқу мақсаттарымен таныстыру;




  1. Сыныпты мазмұны жақын тақырыптар тобы (блогі) немесе тарау бойынша жасалған жалпы үлгімен (модульмен) таныстыру;



  1. Мұғалімнің оқу материалын қысқаша баяндауы (белгілер жүйесі – сызбалар, сұлбалар, кестелер және т.б. негізінде).




  1. Өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және әрбір оқушының қызмет нәтижесін әр сабақта бағалап отыру;



  1. Жалпы тақырыпқа, тарауға («өсу» бағытымен) 4-7 рет қайта негізінде оқу материалын оқып үйрену;




  1. Тұтас тақырып бойынша тестілеу.


Сөйлесу бөлімін құрудың негізгі қағидалары


    • Оқу материалын біртұтас беру қағидасы.




    • «Өсу» бағытымен оқып үйрену қағидасы (басында шағын түрде, соңынан мазмұнын біртіндеп аша отырып, көлемін арттырып, қосымша толықтырулар мен фактілер енгізу арқылы). Бұл оқушының оқу материалын бөлек-бөлек емес, кешенді түрде, тұтас тарау (тақырып) бойынша пысықтауын білдіреді.



    • Сөйлесу бөлімінің әр сабағында оқу модулінің тақырыбына «қайта оралып отыру» қағидасы (қайталаумен шатастыруға болмайды). Іс жүзінде тақырыпқа оқу материалының көлемі жағынан да, тапсырмалардың күрделілік деңгейі тұрғысынан да «өсу» бағытымен қайта оралып отыру меңгерілген білімді бекітуүшін қажет. Зерттеулер көрсеткендей, жады ақпаратты ұзақ уақыт есте ұстап, білім деңгейіне жеткізу үшін оған саналы түрде бірнеше мәрте (7 ретке дейін) қайта оралып отыру қажет. Мұндағы басты немесе материалды қайталау емес, тақырыпқа қайта орала отырып, оны адамның өз алдына қойған проблемаларын шешудегі құрал жабдығы ретінде пайдалану.

Оқу модулінің кіріспе бөлімінің құрылымы
Мұғалім:


      1. оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен және мазмұнымен таныстыру;



      1. оқушылардың осы оқу модуліндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, әсіресе бұл мақсаттар мен міндеттерді әрбір оқушының «қабылдауына», түсінуіне ерекше көңіл бөледі;



      1. тірек сызбаларға («оралмандарға», белгіленген үлгілерге) сүйене отырып, модульдердің тақырыбы бойынша оқу материалын қымқаша (15-20 минут ішінде) түсіндіреді.


Оқу модулінің сөйлесу бөлімі

құрылымының ерекшеліктері
КІРІСПЕ БӨЛІМІ
* оқу материалын репродуктивті деңгейде қайта жаңғыртуын;

* әр оқушының «жақын арадағы дамуы» бағытында тақырыпты саралап оқып үйренуін;


СӨЙЛЕСУ БӨЛІМІ

Интерактивтік оқыту формасымен қамтамасыз етеді:


    • жоғары күрделілік деңгейіне өтуге байланысты оқу материалының бекітілуін;

    • білім стандартының талаптарынан жоғары деңгейде жұмыс жасау мүмкіндігі;

    • тақырыпты шығармашылықпен ұғынуын және ізденушілік, зерттеушілік элементтері бар аса күрделі дәрежедегі тапсырмаларды орындау мүмкіндігін;


ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ


    • білім стандартының талаптарына сай тест және бақылау тапсырмаларын орындау



Оқу модулінің сөйлесу бөлімінде

қолданылатын оқытудың белсенді

формалары



    • топтық немесе жеке топтық;

    • жұптық;

    • ұжымдық;

Оқытудың бұл формалары жалпы немесе құрылымдық деп аталады. Бұдан басқа нақты немесе арнайы формалары бар.




    • Семинарлар;

    • Оқу конференциялары;

    • Диспут;

    • Топтық пікірталас және т.б.

Оқу процесін жандандыру құралдарының ішінде ойын, ойын арқылы оқыту ерекше орын алады.



Модульдік оқыту технологиясын зерттеу,

апробациялау және пайдалану кезеңдері

(мұғалімдер үшін)

І кезең (келелі мәселені теориялық зерттеу)

Ұйымдастыру формасы:

    • лекциялар

    • семинар-практикум

    • интерактивтік оқыту формаларын қолдану туралы тренинг сабақтар

ІІкезең (тәжірибелік дайындық)

    • оқушыларды интерактивтік формаларына үйрету;

    • оқу модельдерін даярлау (сыналатын нұсқа)

    • тұрақты эксперимент өткізу; әр оқушының машықтану дәрежесін (соу) анықтау (Б.Блум бойынша)

    • оқу модулін эксперимнеттік топта апробациялау;

    • бірнеше оқу модульдерін даярлау және оларды кейін апробациялау.

ІІІ кезең

    • бақылау және эксперименттік топтағы оқушылардың білім деңгейін алдын ала анықтап білу (диагностика)

    • эксперименттік топта бірнеше оқу модульдерін даярлау;

    • эксперименттік топтағы оқушыларды даярланған модульдермен оқыту;

    • оқушылардың машықтану дәрежесін (соу) қайталап анықтап білу (диагностика)

ІVкезең

    • пән бойынша оқу модульдерін толық оқу жылына даярлау,

    • оқу модульдерін оқу-тәрбие процесінде пайдалану;

    • педагогикалық мониторинг ұйымдастыру;

    • келелі мәселе бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмысын қорытындылау

МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛЫ

Жоғарыда айтып өткеніміздей, оқыту технологиясының ұсынылып отырған нұсқасын құруда біз оқушыларды дамытуға баса көңіл аудардық. Біздің ойымызша, бұл технология:

    • оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;

    • танымдық процестерді (жады, ойлау, зейін, елестету қабілеті) дамытуға;

    • оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;

    • Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға;

    • Тұлғаныңқиындықтарға даяр болу және оны жеңе білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік, сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.

Ұсынылып отырған технологияны түрлі үлгідегі мектептерде(жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларды, лицейлерде) қалалық және ауылдық жерлерде қолдану бағдарламалықматериалды «жақсы» және «өте жақсыға» меңгерген оқушылардың саны едәуір артқанын көрсетті.

Алайда бұған мұғалімдердің осы технологияны қолданғанынан бергі үшінші жылдың соңына ғана қол жеткенін атап өткіміз келеді.

Зерттеулер мұндай феноменнің негізгі себептерін анықтауға мүмкіндік берді.

Бұл технологиямен жұмыс бастаған алғашқы жылы мұғалім сабақтардың құрылымын, формасын және мазмұнын өзгертеді. Мұғалімнің өз рөлі де түбегейлі өзгереді. Көп жағдайда мұғалім оқу процесін басқарып қана оқушылардың өзіндік дербес танымдық қызметін ұйымдастырады. Мұғалімге оқушылардың белсенді оқу қызметін ұйымдастыру формаларын мұқиат ойлап, әзірлеуге тура келеді. Ұйымдастырушы, кеңесші, «фасилитатор» рөлінде көшу мұғалімнен өзінің сана сезімін, оқушыларға қатынасын, эмоциялық және ақыл ой қуатын қайта құруды талап етеді.

Сөйтіп, алғашқы жыл жаңа тәсілдерді сынауға арналған; оны жаңа бастаған мұғалім ойға алғанының бәрі іске аспағандықтан, көбінесе ыңғайсыз, қанағаттанбаушылық сезімде болады. Кейде мұғалімнің сасып-салбырауы, шарасыздығы байқалады, ал бұл оқушылар назарынан тыс қалмайды. Сабақтағы мұғалімнің мазасыз жай-күйі, балалардың өздеріне тосын жаңа ойындарды сынақтан өткізу барысындағы айқай-шуы, соның салдарынан біраз уақытты өткізіп алу кезеңде оқушылардың білім деңгейін біршама төмендетеді.

Технологияны қолданудың екінші жылы оқу процесі біршама тұрақтыландырылады. Мұғалім мен оқушы өздерін нық сезініп, өз күштеріне сене бастайды. Ендігі таныс болып алған оқыта үйрету ойындары (сабақтарда олардың тек мазмұны ғана өзгереді) мұғалімнің оларды жүргізу ережесін түсіндірге кететін уақытын ді, бұл олардың өз ойларын дұрыс қиыстырып, сыртқа шығарып айтуына мүмкіндік береді.

Үшінші жыл көптеген оқушыларда пәнге деген тұрақты қызығушылық пайда болумен сипатталады. Бұл кезеңде оқушылар оқу процесін осылайша ұйымдастырудың артықшылықтарын түйсіне бастайды, өйткені үй тапсырмасының көлемі азаяды, оқу материалы есте жақсы сақталады. Оқушының сөйлеу тілі, қисынды ойлауы дамиды, қорқыныш, мазасыздық сезімі жойылады, өзін таныту мүмкіндігі пайда болады және т.с.с.

Оқушылар өзара сөйлесудің, оқыта үйрету ойындарының (олардың негізгі мазмұны-оқу материалы) артықшылығын көреді. Оқу материалына бірнеше мәрет қайта оралу, бір күрделілік деңгейінен екіншісіне қиындықсыз өту оқу модулінің соңында біршама балл алуға мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың өз күшіне сенуіне және оларда оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға ықпал етеді.

Дарынды балалар сабақта жүйелі түрде, үнемі аса жоғары күрделілік деңгейінде жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Бұл олардың интеллектуалдық қуатын жүзеге асыруға ықпал етеді. Көсемдік (лидерлік) қабілеттері бар оқушылар «кеңесшілер» немесе «жүргізушілер» рөлдері арқылы өздерін танытады. Бұл тек олардың бағдарламалық материалды басқа оқушыларға қарағанда тезірек орындағанында ғана мүмкін болады. Үшінші жылдың соңына қарай біз бағдарламалық материалды «жақсы» және «өте жақсы» меңгерген оқушылар санының тұрақты түрде артқанын байқадық. Оның үстіне мұғалім оларға қойылатын талаптар деңгейін төмендетпейді.

Жоғарғы орындар тарапынан жүргізілген әртүрлі бақылау сынықтары, тестілік тексерулер біздің эксперимент барысында алған мәліметтерімізді қуаттады.

Эксперимент көрсеткендей, үш жыл бойына осы технологияны игерген мұғалімдер кез келген даярлық деңгейіндегі оқушылардан тұратын сыныптарда оқу процесін нәтижелі, тиімді ұйымдастыра алады. Бұл технологияның жан-жақтылығы – оны жоғары, орташа, төмен білім деңгейіндегі балалармен жұмыс істеуге гимназиялық, лицей сыныптарында да, жалпы білім беретін мектептерде де (қалалық немесе ауылдық) қолдануға болатындығы.

Айырмашылығы тек бағдарламалық материалды меңгерудің түрлі деңгейлерін жұмыс істейтін оқушылар санының әртүрлі болатындығында. Зерттеулер көрсеткендей, гимназиялық және лицей сыныптарында оқушылардың көпшілігі ІІ және І деңгей тапсырмаларын таңдап, оны жақсы орындайды. Білім деңгейі орташа сыныптарда – ІІІ, ІІ тек кейде ғана І деңгей тапсырмалары таңдалады. Білім деңгейі төмен оқушылар әдетте ІІІ деңгей («жеңілдетілген» стандарт) тапсырмаларымен жұмыс істеуден бастайды.

Алайда тәжірибелік-сынақ жұмысы осы технология бойынша бір сыныпта төрт жыл бойына жұмыс істегенде, оны неғұрлым жоғарырақ білім деңгейіне ауыстыруға мүмкіндік беретінін айқындады. Технологияны қолдану аудандық және облыстық олимпиада жүлдегерлері және ҚР Кіші ғылым академиясы ұйымдастырған конкурстардың, шығармашылық жұмыстардың жеңімпаздары болған оқушылар санын арттыруға мүмкіндік берді.

Әсіресе тарихты, гоеграфияны, биологияны, әдебиетті, химияны, азаматтануды, «Дүниетану» курсын (3-4 сыныптарда), орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілін және басқа бірқатар пәндерді оқытуда модульдік технологияны қолдану неғұрлым нәтижелі болды. (Тәжірибелік-сынақ жұмысы Қазақстанның түрлі аймақтарында қазақ және орыс тілінде оқытатын мектептерде жүргізілді).



Шағын зерттеу жүргізіп, осы оқыту технологиясының тиімділігіне көз жеткізгісі келетін мұғалімдерге біз жеке тұлғаны, оның оқуға қызығушылығын тудыруды, танымдық процестерді, оқушылардың таным қабілеттерін зерттеудің әдістерін және бұл технологияның оқушыны тұлғалық дамытудың түрлі аспектілеріне ықпалын анықтау үлгісін ұсынамыз.

Оқушылардың танымдық қабілеттерінің даму

деңгейін анықтау кестесі (Б.Блум бойынша)
Мерзімі: «______» _______________________ Сынып:


Деңгейлер

І-жыл

ІІ-жыл

ІІІ-жыл




Оқушылар саны

Оқушылар саны

Оқушылар саны

Білу










Түсіну










Қолдану










Талдау










Топтау










Білімді бағалау










Б.Блум таксоманиясы

Он екі баллдық жүйе енгізгенде оқушылардың

білімін бағалау баллын бөлу жобасы
БІЛУ Өтілген материалды есте сақтау және қайта жаңғырту.

Оқушы қолданылған терминдерді, нақты фактілерді,

негізгі ұғымдарды, ережелер мен қағидаларды біледі.

ТҮСІНУ Материалды бір айтылу формасынан басқасына

түрлендіру, оқушының материалды түсіндіруі. Оқушы

осыдан шығатын салдарды болжап, суреттейді.

ҚОЛДАНУ Ережелерді, әдістерді, заңдарды, ұғымдарды, қағидаларды,

теорияны қолдану. Оқушы жаңа жағдайларда ұғымдар мен

қағидаларды пайдаланады, әдісті немесе әрекетті дұрыс

қолдануын көрсетеді.

ТАЛДАУ Біртұтастың бөліктерін белгілеу; олардың өзара

байланысын айқындау; тұтасты ұйымдастыру қағидаларын

түйсіну. Оқушы жасырын болжауды көрсетеді, қисынды

ойлаудағы қателері мен кемшіліктерін көреді.

ТОПТАУ Тұтастыққа қол жеткізу үшін оқушының жаңаша

элементтерді қиыстырып, құра білуі.

БІЛІМДІ Қандай да бір материалдың мәнін, материалдың жазбаша

БАҒАЛАУ мәтін түрінде құрылу қисындылығын бағалап, тақырып

бойынша шағын зерттеу жүргізе білуі.
Модульдік оқыту технологиясының оқушы тұлғасына және

оны дамытуға ықпалын көрсететін кесте


Оқушы тұлғасының қасиеттері

Әсер ету формасы

Модульдік оқыту

технологиясының негізгі

элементтері

1.Танымдық процестер



* Жады

* Зейін

Д А М Ы Т А Д Ы

* меңгерілген ұғымдар мен түсініктерді «қапшыққа» салып, есте ұстауға мүмкіндік беретін үлгілерге, сызбаларға сүйене отырып, оқу материалын түсіндіру;

* адамның екі сигналдық жүйесіне сүйену, сөйлесу бөлімінің әр сабағында оқушы оқу материалын оқиды (көреді), тыңдайды, жазады, дауыстап айтады;

* сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында әртүрлі күрделілік деңгейіндегі оқу материалын бірнеше мәрте қайта оралу;

* оқытудың белсенді формалары-ойын арқылы оқыту, пікірталастар, жеке және топтық жұмыс түрлері;

* әрбір оқушының өз еңбегінің соңғы нәтижесіне деген қызығушылығы;

* оқулықтарды, оқу құралдарын және басқа қосымша әдебиеттерді пайдалануды талап ететін оқу материалымен жұмыс жүйесі;

* адамның екі сигналдық жүйесіне сүйенуі;

* әрбір оқушының нәтижеге қол жеткізуіне бағытталуы (модульдік сөйлесу бөлімінде үш деңгейлік тапсырмаларды пайдалану және білім дәрежесін бағалаудың шартты «тлғыз баллдық» жүйесіне көшу)




*ойлау

*елестету

*қабылдау

*танымдық

шығармашы

лық қажеттілігін қанағаттан

дыру



Д А М Ы Т А Д Ы

* тапсырмаларды саралап беру-сөйлесу бөлімінде оқушыларға берілетін І (шығармашылық) деңгей тапсырмалары;

* оқытудың пікірталастық, ойын формаларын пайдалану;

* технологияда ізденушілік (зерттеушілік) оқыту элементтерін пайдалану,

2.Қажеттілік

терді қанағаттандыру

* қауіпсіздік (тұлғаның негізгі қажеттілігі)


Қанағаттандыруға мүмкіндік береді

*оқытудың белсенді формалары;

*жеке тәртіппен жұмыс істеу мүмкіндігі,

*білім бағалаудың тоғыз баллдық жүйесі;

*тапсырмаларды саралап беру;

*сабақтардағы өзара көмек, өзара бірлескен қызмет;

*өзара сөйлесу , серіктестік қарым-қатынас;

*өз білімін бақылау, өзін-өзі тексеру.


* сыйласу,

өзін өзектілендіру, өзін-өзі бекіту негізгі қажеттіліктер;

*өзара қатынас ойын қажеттілігі

Қанағаттандыруға

мүмкіндік береді

*сөйлесу бөлімінде өзін-өзі және бірін-бірі тексеру және бақылау жүйесі;

*тапсырмаларды күрделілік дәрежесіне қарай саралап беру;

*сөйлесу бөлімінде білім дәрежесін бағалаудың тоғыз баллдық жүйесі;

*оқытудың ойын формалары;

*өзара сөйлесу, оқушылардың өзара қатынасы.


* қиындықтарға дайын болу және оны жеңу

*оқу модулінің сөйлесу бөлімі әрбір оқушының қорытынды (бақылау) бөліміне қиындықсыз және тиімді өруін қамтамасыз етеді.

3. Танымдық қабілеттері

дамытады

*тапсырмаларды үш деңгейлік саралап беру;

*Б.Блумның таксоманиясын пайдалану;

*білім дәрежесін бағалаудың тоғыз баллдық жүйесі (деңгейлер бойынша)

*тұлғалық-бағытталған формалары;

*сөйлесу бөлімінің сабақтарын ұйымдастыру.



4.Белсенді сөздік қоры (ауызша, жазбаша тіл)


дамытады

*тұрақты түрде өзара сөйлесу, ортақ тақырыпқа әңгімелесу;

*сөйлесу бөлімінің сабақтарында адамның екі сигналдық жүйесіне сүйену.



5.Оқуға жағымды қызығушылық

қалыптастырады

*танымдық қызметтен қанағаттанып, қуаныш сезіміне бөлену (оқу модулінің сөйлесу бөлімі сабақтарындағы «екіліксіз» оқу, «өз деңгейінде» жұмыс істеу мүмкіндігі, ойынға қатысу, қорқыныш сезімінің жойылуы, өзіндік және өзара бірге дайындау мүмкіндігі, субъектілік қатынастар);

*сөйлесу бөліміндегі білім дәрежесін бағалауда «тәтті лимон» және «көк жүзім» қағидаларын пайдалану.




Мұғалімнің оқу модулінің сөйлесу бөлімін

даярлау әрекетінің құрылымы



1. Модульдің сөйлесу бөліміндегі материалдың негізгі мазмұнын белгілеу.



2.Оқу материалын біртұтас, жинақты, «өсу» бағытымен беру.



3. Тақырып бойынша жеңілдетілген деңгейдегі және білім стандартының талаптарын қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар дайындау.




4. Оқушылардың пәнге қызығушылығын және креативтілігін (шығармашылық қабілеттерін) дамытуға арналған шығармашылық сипаттағы материал дайындау.



5. Осы бөліктің барлық сабақтарында өзара сөйлесуді қамтамасыз ету.








қамтамасыз етеді






Модульдік интерактивтік оқыту технологиясы




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет