Солтүстік Қазақстан облыстық соты
төрағасының № _______ өкімімен
БЕКІТІЛДІ
_______________________
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының
Оқу орталығы туралы
Е Р Е Ж Е С І
1. Жалпы ережелер
1. Солтүстік Қазақстан облыстық сотының Оқу орталығы туралы негізгі Ережесі (бұдан әрі – Ереже ) Оқу орталығының мәртебесін, негізгі міндеттерін, қызметтері мен өкілеттілігін анықтайды, оның ұйымдасуына және қызметіне талаптарды белгілейді.
2. Оқу орталығы облыстық сот төрағасының өкімімен құрылады.
3. Өз қызметінде Оқу орталығы:
- «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын;
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2007 жылғы 29-наурыздағы № 74 өкімімен бекіткен облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттардағы оқу орталықтары туралы типтік Ережемен;
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2004 жылғы 25-тамыздағы № 159 өкімімен бекіткен базалық соттарды құру және оның жұмысы туралы ұсыныстармен;
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2006 жылғы 7-наурыздағы № 58 өкімімен бекіткен облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттардағы оқу бағдарламаларын үйлестіруші туралы Ережемен;
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2006 жылғы 29-қыркүйектегі № 199 өкімімен бекіткен облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттар судьяларын мамандандыру бойынша әдістемелік ұсыныстармен;
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2011 жылғы 26-қаңтардағы № 13 өкімімен бекіткен жоғары тұрған соттарда аудандық, облыстық және оларға теңестірілген соттар судьяларының тағылымдамадан өту Тәртібімен.;
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2006 жылғы 28-қарашадағы № 253 өкімімен бекіткен Қазақстан Республикасы сот жүйесін зерттеу туралы Ережемен;
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2007 жылғы 29-наурыздағы № 73 өкімімен бекіткен тәлімгерлік туралы Ережемен;
- басқа да нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.
2. Оқу орталығының міндеттері мен қызметтері
4. Оқу орталығының негізгі міндеттері:
-
сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту, жұмысты және іс жүргізу өндірісін тиісті ұйымдастыру мақсатында үздіксіз сот оқуы үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
-
халықаралық стандарттар есебінде сот жүйесін одан ары қарай жетілдіруге көмек көрсету;
-
заң ғылымдары, білім және практика арасындағы байланысты нығайтуға көмек көрсету.
5. Оқу орталығының негізгі міндеттері:
-
судьялар мен кеңсе қызметкерлерінің оқуын ұйымдастыру;
-
қолданыстағы заңды және сот практикаларын қолдануда өзекті мәселелерді талдау және анықтау, судьялардың оқуды қажет етуіне талдау, оқу жоспарларын жоспарлау үшін оқудың басымдылық нысандары мен әдістерін анықтау;
-
судьялардың республикалық, облыстық және аймақтық оқу бағдарламаларына олардың қажеттілігіне сай қатысуын камтамасыз ету;
-
судьялар мен судьялыққа үміткерлердің тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру;
-
судьялардың тәлімгерлік және жетекшілік жұмыстарын ұйымдастыруды үйлестіру және әдістемелік көмек көрсету;
-
оқу материалдары мен құжаттарын жинау, сақтау және қолдану;
-
судьяларға әдістемелік көмек көрсету;
-
Қазақстан Республикасы сот жүйесінің зерттеу Орталығымен және базалық соттармен өзара әрекеттесу;
-
біліктілікті арттыруға бағытталған басқа да қызметтер болып табылады.
3. Оқу барысын және тағылымдаманы ұйымдастыру
-
Оқу Орталығында бағдарламаны оқу тиісті аймақтағы барлық судьяларға қатысты есептелінген.
-
Оқитындардың контингенті (біліктілігін арттырушы судьялар) келесі санаттарға бөлінеді: жаңадан тағайындалған судьялар (негізінде жалпы юрисдикциялық аудандық соттар); мамандандырылған әкімшілік, қылмыстық және экономикалық соттардың судьялары; аудандық соттардың төрағалары; облыстық соттың апелляциялық сот алқасының судьялары, облыстық соттың кассациялық сот алқасының судьялары, кеңсе қызметкерлері.
-
Ерекше назар:
-
судьялық басқару қызметіне кадрлық резервте тұрған;
-
судьялық жұмыс өтілі жалғастырылмаған;
-
сот төрелігін жүзеге асыруда жиі қателер жіберетін, құқыққабылдау практикасында қиындықтарға тап болған судьяларға бөлінеді.
9. Оқу Орталығында судьялардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыс келесі негізгі секциялар бойынша іске асады:
әкімшілік құқық және процесс;
азаматтық құқық және процесс;
қылмыстық құқық және процесс.
Қажеттілігіне қарай өзге секциялар, оның ішінде соттың кеңсе қызметкерлерін оқыту мәселелері бойынша да құрылуы мүмкін.
10. Оқуды ұйымдастыру жеке санаттағы істерді қараудың ерекшелігі, іс жүргізу құжаттарын жасау, заңнамалардың өзгертілуі, қажет болған жағдайда халықаралық құқық және құқықтық теорияларға талдау жасау ескерілген циклдар бойынша арнайы өңделген оқу-тематикалық жоспарларға сәйкес іске асады.
11. Судьяларға оқудың қажеттілігі судьялардың дербес ұсынысы, тақырып бойынша соттардан ақпарат жинау тәсілі, сот практикаларын қорыту және статистикалық деректерді талдау, сауалнама және басқа да өлшем түрлері(әрі қарай - өзге талдаулар) негізінде анықталады. Одан басқа, сот практикаларына қорыту жүргізу және жалпы отырыстың нормативтік қаулыларын қабылдау бойынша Жоғарғы Соттың болашақтағы жоспары ескеріледі.
12. Үздіксіз сот білімін қамтамасыз ету судьялардың келесі бағыттарды қажет етуі бойынша іске асады:
сабақтар (семинарлар, дәрістер және т.б.);
дербес оқу, қашықтық оқытуды қосқанда;
тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру;
тәлімгерлік пен жетекшілікті іске асыруға көмек көрсету;
оқытудың басқа да түрлері.
13. Судьялар мен сот қызметкерлерін оқыту барынша көп тиімділікті қамтамасыз ету есебінде жоспарланады. Бұл ретте Оқу орталығы оқу барысында толық көлемде үй-жайды, техникалық құралдарды, оқу орталығының өзінің және базалық соттардың оқу материалдарын қолдануға мүмкіндік беретін барлық шараларды қолдануы тиіс.
14. Оқу орталығы өзінің құзыретіне қатысты міндеттерді жүзеге асыру үшін базалық және өзге де соттардың атына олардың орындауы міндетті тиісті тапсырмаларды жіберуге құқылы.
15. Оқу орталығының оқыту барысында интерактивтік әдістер – рөлдік ойындар, топтармен жұмыс, сұхбаттар және т.б., техникалық құралдар - Power Point; сандық жазба материалдарының тұсауын кесу, түрлі бейнематериалдар және т.б. қолданылады, тарату және анықтама материалдары беріледі.
16. Сабақ оқыту Оқу орталығының оқу жылына жоспары негізінде іске асады, онда облыстық сот төрағасының келісімімен келесі бағыттар бойынша:
дәрістер;
семинарлар (облыстық, тармақтық, секциялық);
практикалық сабақтар және қажеттілігіне сай, басқа оқу түрлері жүргізіледі.
17. Оқу облыстық сот судьяларының дәріс беру есебінде жүргізіледі. Оқу ісіне қатысуға аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары, басқа да құқық саласының мамандары тартылады.
18. Қажет болған жағдайда оқытушылар мен дәріскерлердің қалауы бойынша оқу орталығы жаңа оқыту әдістерімен сабақ беру және тренингтер жүргізеді.
19. Дербес оқу судьялармен дербес оқу жоспарларының негізінде, оның ішінде тәлімгерлік туралы ережеге сай жүзеге асады.
Бұл ретте Оқу орталығы судьялардың өз бетінше оқуы үшін жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қолдануы тиіс, атап айтқанда қажетті әдебиеттерді уақтылы жеткізу, семинарлардың жазбасымен ақпараттардың магниттік және есептік тасымалдағышын, судьялардың сұрауы бойынша конференциялар мен өзге де шараларды ұйымдастырып, жеткізу.
20. Қашықтық оқыту сандық технологияларды, Ғаламтор торабын пайдаланумен іске асады. Қашықтық оқыту өзінің мазмұнына аудио оқытуды (компьютерге жүктеле отырып жазылған баяндаулар мен дәрістер немесе шынайы уақытта Ғаламтордағы баяндаулар), бейне оқытуды оның ішінде түрлі слайдтар және интерактивтік әрекеттестікті (сұхбаттық форумдар, электрондық пошта) енгізеді.
Қашықтықта оқытуға қатысушылар оқу курсына бір апта қалғанға дейін кешікпей, оқуға қажетті техникалық және бағдарламалық құралдар, курстың мақсаттары мен міндеттері, тақырыптары, өзара әрекеттесу графигі туралы мәліметтерді қамтитын оқу кестесін алулары тиіс.
21. Оқу орталығында тағылымдамадан өту аудандық, облыстық және оларға теңестірілген соттардың судьяларының жоғары тұрған соттарда тағылымдамадан өту Ережелеріне сәйкес, облыстық сот судьяларынан тағайындалған тағылымдама жетекшісінің басшылығымен сот төрағасы бекіткен дербес бағдарламаға сай жүзеге асырылады.
22. Тағылымдамаға жіберу кезінде ерекше ықылас жаңадан тағайындалған сот төрағаларына, судьяларға және сот қызметкерлеріне беріледі.
23. Тағылымдамадан өтуге шақырылған адамдардың саны дұрыс жұмыс тәртібін және оқу сапасын қамтамасыз ету есебімен жүргізілуі тиіс.
25. Төрағалардың, судьялардың және сот кеңсесі қызметкерлерінің келуін қамтамасыз етуді «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппараты ) Солтүстік Қазақстан облыстық сотының Кеңсесі» ММ-і іске асырады.
26. Облыстық соттың судьяларына тағылымдаманың қажеттілігі туралы ақпаратты оқу бағдарламаларын үйлестіруші облыстық соттың төрағасына, Жоғарғы Сот және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының сот төрелігі Институтына тиісті бағдарламаларды құру үшін береді.
27. Қызмет етіп жүрген судьялар мен сот қызметкерлерінің тағылымдамадан өту тиімділігіне талдау типтік сауалнама негізінде тағылымдамашылардан алдын ала және кезекті сауалнамалау арқылы жүргізіледі.
4. Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру
28. Оқу орталығының әдістемелік жұмысы келесі бағыттар бойынша іске асады:
-
судьялыққа үміткерлерді тағылымдамадан өткізуді ұйымдастыруда аудандық және оларға теңестірілген соттарға әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
-
жаңадан тағайындалған және құқыққабылдау практикасында қиындыққа тап болған судьяларға әдістемелік басшылық қызметін іске асыру;
-
талдау нәтижелері, сот практикаларын қорытулар туралы ақпараттарға судьялардың қол жеткізуін қамтамасыз ету;
-
тәлімгерлік пен жетекшілікті дамытуға көмек көрсету.
29. Судьялыққа үміткерлермен жұмыс жасауда аудандық және оларға теңестірілген соттарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық сотта тағылымдамаға жіберілген тұлғалардың есебіне, тағылымдаманың тиімділігіне талдау жүргізіледі.
30. Жас судьялармен әдістемелік жұмыс тәлімгерлік туралы ережеге сай жүзеге асырылады.
31. Тәлімгерлік пен жетекшілікті дамытуға әдістемелік көмек көрсету семинарлар жүргізу, оң тәжірибелерді зерделеу мен тарату және басқа да тәсілдер арқылы іске асады.
32.Облыстық соттың судьяларымен және базалық соттармен өткізілген семинарлардың материалдары өткізілгеннен кейін бес күндік мерзімде судьялардың танысуы үшін Оқу орталығына жіберіледі, ал қажеттілігіне қарай сот төрелігін жүзеге асыру бойынша мұнан былайғы жұмыста да қолданылады.
33. Оқу орталығы судьялар берген ақпараттарға есеп жүргізеді және сот төрелігін жүзеге асырудың сапасына шараларды қолданудың тиімділігіне кезекті талдау жасайды.
34. Қажеттілігіне қарай Оқу орталығы брошюралар, есептер, ақпараттық хаттар түрінде жарияланым жасайды.
35. Жартыжылдық қорытындымен оқу мәселесі бойынша судьялардың жұмысы оқу бағдарламаларын үйлестірушінің талдауына және бағалауына салынады. Жұмыстың қорытындысы жайында оқу бағдарламаларын үйлестіруші облыстық соттың төрағасына облыстық соттағы оқу бағдарламаларын үйлестіруші туралы ережеге сай есеп береді.
5. Оқу орталығының қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету
36. Оқу орталығы жұмысына жалпы басшылықты оқу бағдарламаларын үйлестіруші – Оқу орталығының жетекшісі жүзеге асырады.
37. Оқу орталығы жетекшісінің қызметін материалдық қамтамасыз етуді «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппараты ) Солтүстік Қазақстан облыстық сотының Кеңсесі» ММ-і іске асырады.
38. Оқу орталығының жұмысының нәтижелі және пәрменді болуы үшін оқу бағдарламаларын үйлестірушілердің оларға жүктелген міндеттерін орындау бойынша жағдайлар жасау, кеңсе қызметкерлерінің арасынан оларды көмекшілермен қамтамасыз ету.
39. Оқу орталығының жетекшісі жүктеме деңгейінің жоғары болуына байланысты судья әдебі комиссиясының, тәртіптік алқаның және өзге де облыстық соттың жұмыс топтары мен комиссияларының құрамына кіруге және басқа қоғамдық жұмысқа тартылуға тиіс емес.
40. Оқу орталығының жетекшісі:
-
облыстық сот алқалары төрағаларының келісімімен оқуға қажеттіліктен және өзге де талдаулар нәтижелерінен шыға отырып, дәрістердің, семинарлардың, практикалық сабақтардың тақырыптарын өңдейді;
-
судьяларды және сот кеңсесі қызметкерлерін оқыту мәселелері бойынша базалық соттың жұмысына курьерлік етеді;
-
оқу орталығының жұмыс жоспарын облыстық соттың төрағасының келісіміне ұсынады;
-
облыстық сот төрағасына облыстық сотта тағылымдамадан өтуге жіберу үшін судьялардың кандидатурасы бойынша ұсыныс жасайды;
-
Жоғарғы Сот жанындағы оқу бағдарламаларын үйлестірушімен, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының сот төрелігі Институтымен, Қазақстан Республикасының сот жүйесін зерттеу Орталығымен қызметтес болады;
-
жартыжылдық қорытынды бойынша облыстық соттың төрағасына атқарылған жұмыс туралы есеп береді, туындаған қажеттілік есебінде бұдан былайғы оқу бағдарламасын өзгерту және толықтыруды анықтайды;
-
облыстық соттың төрағасына оқу ісін жетілдіру бойынша сонымен бірге оқу бағдарламаларына белсенді қатысқаны үшін судьяларды мадақтау туралы ұсыныс жасайды;
8) жаңадан тағайындалған судьяларға тағылымдама ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсетеді.
41. Оқу орталығының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппараты ) Солтүстік Қазақстан облыстық сотының Кеңсесі» ММ-і іске асырады.
42. Оқу орталығының қызметі базалық соттармен, Қазақстан Республикасының сот жүйесін зерттеу орталығымен тұрақты өзара әрекет етуге негізделген.
43. Облыстық соттың төрағасы оқу орталығы жетекшісінің және оқытушыларының жұмыстарын ынталандыруға бағытталған шаралар қолданады (сый тарту, мадақтау және басқа да тәсілдер), оның ішінде түрлі жарыстар бойынша - үздік тәлімгер, үздік жетекші, үздік дәріскер, үздік тағылымдама жетекшісі, үздік маман және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |