Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті
Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасы
Кафедра мәжілісінің № 4 хаттамасынан
үзінді
25.11.2022
Төрайым: Ақатаева Ш.Б.,
Хатшы: Баербекова А.Е
Қатысты: Топашев М.А., Жангабулова З.К., Ақшабаева Л.М., Жукеев Т.Б., Баербекова Ә.Е., Еликбаева С.Т, Келмағанбетова Ш.С.
Күн тәртібі:
4. Еликбаева С.Т ашық сабағын талдау.
5. Әр түрлі мәселелер
4. Тыңдалды: Акатаева Ш.Б.
Кафедра аға оқытушысы С.Т.Еликбаеваның 02.11.2023 күні сағат 14.00-де ИС-23-2 тобында «Қазақтың ұлттық тағамдары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа кафедра оқытушылары қатысты.
Ашық сабақ барысында студенттерге «Қазақтың ұлттық тағамдары» бойынша ақпарат беріліп, бейнероликтер көрсетіліп, тақырыпты меңгерту мақсатында ойындар ойнатылып, Zip Grade. Kahoot бағдарламасы бойынша түрлі жұмыс түрлері жүргізілді. Ашық сабақ жоғары деңгейде өткізілді.
Сөз сөйледі: Баербекова Ә.Е.
Сабақта студентердің дұрыс сөйлеуі, өз-өздерін бағалауы, сауатты жазуы және топта жұмыс істеу дағдылары, өз ойларын қазақ тілінде жүйелі жеткізе білуі байқалды. Сабақта түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды, сондықтан сабақ мақсатына жетті деп бағалауға болады.
Қаулы етілді: Ашық сабақ «өте жақсы» деп бағалансын.
Төрайым: Ақатаева Ш.Б.
Хатшы: Баербекова А.Е
Достарыңызбен бөлісу: |