Төртбұрыштар Параллелограмм



Дата17.07.2016
өлшемі189.6 Kb.
#205567
Төртбұрыштар
Параллелограмм


  1. Параллелограммның қабырғалады 12 см және 15 см. Үлкен қабырғасына түсірілген биіктігі 8 см болса, кіші қабырғасына түсірілген биіктігін табыңыз.

Жауабы: 10 см

  1. Ромбының қабырғасы 17 см және бір диагоналі 16 см. Келесі диагоналін табыңыз:

Жауабы: 30 см

  1. Параллелограммның бір бұрышы 400. бұған тең емес келесі бұрышын табыңыз.

Жауабы: 1400

  1. Параллелограммның қабырғалары 8 см және 10 см, сүйір бұрышы 600. Параллелограммның ауданын табыңыз:

Жауабы:

  1. Параллелограммның диагоналі оның қабырғаларымен 250 және 350 бұрыш жасайды. Параллелограммның бұрыштарын табыңыз.

Жауабы: (600; 1200)

  1. Параллелограммның бір қабырғасы 4 дм, екіншісі одан 3 есе артық. Параллелограммның периметрін табыңыз.

Жауабы: 32 дм

  1. Параллелограммның доғал бұрышы 1300. сүйір бұрыштың сыртқы бұрышын табыңыз.

Жауабы: 1300

  1. Үлкен ВС қабырғасы 6 см-ге тең АВСД параллелограммның 2 см-ге тең ВК биіктігі жүогізілген. Параллелограммның периметрін табыңыз, егер онвң сүйір бұрышы 300-қа тең болса.

Жауабы: 20 см

  1. АВСД параллелограммның С сүйір төбесінен жүргізілген СК кесіндісі АВ қабырғасынан ВС кіші қабырғасына тең кесінді қиып бұрыш құрайды. Параллелограммның бұрыштарын табыңыз.

Жауабы: 400 және 1400

  1. Параллелограммның диагональдарының қиылысу нүктесінен ұзындығы 2 см болатын кесінді, ұзындығы 5 см болатын қабырғасын қақ бөледі. Параллелограммның периметрін табыңыз.

Жауабы: 18 см

  1. Параллелограмның периметрі 24 см. Іргелес қабырғалардың айырымы 3 см екендігін ескеріп, оның қабырғаларын табыңыз.

Жауабы: 4,5 см және 7,5 см

  1. Параллелограмм дегеніміз-

Жауабы: қарама-қарсы қабырғалары параллель төртбұрыш

  1. Параллелограмның бір бұрышы 300, параллелограмның бұрыштары неге тең?

Жауабы: 300, 1500, 1500, 300

  1. АВСД параллелограмның периметрі 24 см, егер АД-АВ=3 см болса, әр қабырғасы қаншадан болады?

Жауабы: 7,5; 4,5; 7,5; 4,5

  1. АВСД пераллелограмның екені белгілі болса, бұрыштары неше градусқа тең?

Жауабы: 750, 750, 1050, 1050

  1. Егер тік төртбұрыштың қабырғаларының қатынасы 4:9 қатынасындай болса, ал оның периметрі 52 см болса, оның қабырғалары неге тең болады?

Жауабы: 8 см, 18 см

  1. Бір бұрышының биссектрисасы бір қабырғасын 7 см мен 14 см кесінділерге бөлетін параллелограмның периметрін табыңдар.

Жауабы: 70 см және 56 см

  1. Параллелограмның периметрі 48 см. Егер бір қабырғасы екіншісінен 3 см үлкен болса, онда параллелограмның қабырғаларын табыңдар.

Жауабы: 10,5 см және 13,5 см

  1. Параллелограмның периметрі 48 см. Егер қабырғасының айырымы 7 см болса, онда параллелограмның қабырғаларын табыңдар.

Жауабы: 8,5 см және 15,5 см

  1. болатын параллелограмның бұрыштарын табыңдар.

Жауабы: мен

  1. болатын параллелограмның бұрыштарын табыңдар.

Жауабы: 710 мен 1090

  1. Параллелограмның бір бұрышы 400. Қалған бұрыштарын табыңыдар.

Жауабы: 1400; 400; 1400

  1. Бір бұрышы екіншісінен 360-қа үлкен болатын параллелограмның бұрыштарын табыңдар.

Жауабы: 720; 1080

  1. Бір қабырғасы 72 см және ол периметрінің 3:8 бөлігіне тең болатын параллелограмның қабырғаларын табыңдар.

Жауабы: 24 см және 72 см

  1. Периметрі 44 см-ге тең болатын параллелограмм диоганімен әрқайсысының периметрі 30 см болатын екі үшбұрышқа бөлінген. Диагональдің ұзындығын табыңыз.

Жауабы: 8 см

  1. Параллелограмның екі қабырғасының қатынасы 3:5 қатынасындай, периметрі 48 см. Пераллелограмның қабырғаларын табыңдар.

Жауабы: 9 см; 15 см

  1. Параллелограмның қабырғалары 12 см, 15 см. Ұзын қабырғасына жүргізілген биіктігі 8 см. Кіші қабырғасына жүргізілген биіктігін табыңыз.

Жауабы: 10 см

  1. Параллелограмм бисектрисасы қарсы жатқан қабырғасын 4 см және 5 см кесінділерге бөледі. Параллелограмм периметрін табыңыз.

Жауабы: 26 см

  1. Параллелограмның екі қабырғасы 3:4 қатынасындай. Периметрі 2,8 м-ге тең. Параллелограмның қабырғаларын табыңыз.

Жауабы: 0,6 м, 0,8 м

  1. Екі бұрыштың қосындысы 1600 болатын параллелограмның бұрыштарын табыңыз.

Жауабы: 800; 1000

  1. Параллелограмның бір бұрышы екіншісінен 500 артық. Параллелограмның бұрыштарын табыңыз.

Жауабы: 650; 1150

  1. АВСД-параллелограмның периметрі 10 см. Егер АВСД үшбұрышының периметрі 8 см болса, ВД диагоналінің ұзындығын табыңыз.

Жауабы: 3 см

  1. Параллелограмм қабырғалары 2 см және 3 см, арасындағы бұрышы 600. Осы бұрышқа қарсы жатқан диагональ ұзындығын табыңыз.

Жауабы: см

  1. Параллелограмм диагоналы оның екі қабырғасымен 250 және 350 бұрыш жасайды. Параллелограмм бұрышын табыңыз.

Жауабы: 600 және 1200

  1. Екі бұрышының айырмасы 700 болатын параллелограмм бұрыштарын табыңыз.

Жауабы: 550 және 1250

  1. Параллелограмның барлық бұрыштарын табыңыз, егер оның қарама-қарсы бұрыштарының қосындысы 1600 тең болса.

Жауабы: 800, 1000

  1. Параллелограмның сүйір бұрышы 300-қа тең. Төбесінен екі қабырғасына түсірілген биіктіктердің қосындысы 15 см. Параллелограмның периметрін табыңыз.

Жауабы: 60 см

  1. Параллелограмның қабырғалары және 1, ал ауданы . Қабырғалар арасындағы доғал бұрышы неге тең?

Жауабы: 1200

  1. Параллелограмның диагоналдары 16,8 және 12,4 ал олардың арасындағы бұрыш 600. Параллелограмның қабырғаларының квадраттарын табыңыз.

Жауабы: 56,92 және 161,08

  1. Параллелограмның бір бұрышының биссектрисасы бір қабырғасын 14 см және 28 см кесінділерге бөледі. Параллелограмның периметрін табыңыз.

Жауабы: 140 см және 112 см

  1. Параллелограмның үлкен қабырғасы 5 см, ал биіктіктері 2 см және 2,5 см. Параллелограмның екінші қабырғасы неге тең?

Жауабы: 4

  1. Параллелограмның бір бұрышы басқасынан екі есе үлкен. Егер параллелограмға іштей шеңбер сызуға болатын болса, онда ...

Жауабы: диагональдарының бірі ұзындығы бойынша параллелограмның екі қабырғасына тең болады

  1. Биіктігі см болатын параллелограмның бір бұрышы екіншісінен екі есе кіші. Онда параллелограмның ...

Жауабы: бір қабырғасы 2 см тең

  1. Параллелограмның екі қабырғасының қатынасы 3:4 қатынасындай. Оның периметрі 2,8 м. Параллелограмның қабырғаларын табыңыз.

Жауабы: 0,6 м; 0,8 м

  1. Параллелограмның бір бұрышы екіншісінен 500-қа үлкен болса, оның бұрыштары неге тең?

Жауабы: 650; 1150

  1. Биіктігі см болатын параллелограмның бір бұрышы екіншісінен үш есе үлкен. Онда параллелограмның ...

Жауабы: қабырғаларының бірі 2 см тең

  1. Параллелограмм қабырғалары 2 және 3, ал арасындағы бұрыш 450. параллелограмм ауданын табыңыз.

Жауабы: .

Тік төртбұрыш


  1. Тік төртбұрыштың диагоналі оның бұрышын біреуі 200 болатындай 2 бөлікке бөледі. Бұрыштың екінші бөлігін табыңыз. Жауабы: 800

  2. NPKM тік төртбұрышының NK диагоналі болатындай бұрыш қояды. МОК бұрышын табыңыз, егер О-диагональдарының қиылысу нүктесі болса. Жауабы: 200

  3. Диагональдардың қиылысу нүктесінен қабырғаларына жүргізілген перпендикулярларының ұзындығы 2 дм және 4 дм екендігін ескеріп, тік төртбұрыштың периметрін табыңыз. Жауабы: 24 дм

  4. АВСД тік төртбұрышының қабырғаларын табыңыз, егер А төбесінен ВС қабырғасына жүргізілген АМ кесіндісі -қа тең, ал МС-МВ=3 см. Тік төртбұрыштың периметрі 24 см. Жауабы: 3 см және 9 см

  5. Тік төртбұрыш диагональдарының қиылысу нүктесі кіші қабырғасынан үлкен қабырғаға қарағанда 4 см алысырақ. Жауабы: 10 см; 18 см

  6. А бұрышының биссектрисасы ВС қабырғасын 45,6 см мен 7,85 см кесінділерге бөлетін АВСД тік төртбұрышының периметрін табыңдар.Жауабы: 198,1 см; 122,6 см

  7. Тік төртбұрыштың диагоналі оның қабырғаларының бірінен екі есе артық. Диагональдарының арасындағы бұрыштарын табыңдар. Жауабы: 600; 1200

  8. Тік төртбұрыштың бір бұрышының биссектрисасы оның қабырғасын қақ бөледі. Тік төртбұрыштың кіші қабырғасы 10 см-ге тең, оның периметрін табыңдар.

Жауабы: 60 см

  1. Әр катеті 6 см болатын тік бұрышты үшбұрышқа онымен ортақ бұрышы бар тік төртбұрыш іштей сызылған. Тік төртбұрыштың периметрін табыңыз.

Жауабы: 12 см

  1. АВСД тік төртбұрышында . Тік төртбұрыштың диагональдарының арасындағы бұрышты табыңдар. Жауабы: 1100; 700

  2. АВСД тіктөртбұрышында АЕ және CF ВД диагоналіне А және С төбелерінен түсірілген перпендикулярлар. Диагональдардың арасындағы бұрыш 300-қа тең. СF=2 см тең болса, ВД диагоналінің ұзындығын табыңыз?Жауабы: 8

  3. Тіктөртбұрышта әр диагоналі кіші қабырғасымен 540 бұрыш құрайды. Кіші қабырғасы жағындағы диагональдардың арасындағы бұрышты табыңдар. Жауабы: 720

  4. Тіктөртбұрыштың диагоналі оның бір қабырғасынан екі есе ұзын. Диагональдарының арасындағы бұрышты табыңдар. Жауабы: 600

  5. АВСД тік төртбұрышының төбесінен оның диагоналіне түсірілген биіктік, оның бұрышын 3:1 қатынасында бөледі. Осы перпендикуляр мен екінші диагоналінің арасындағы бұрышты табыңдар. Жауабы: 450

  6. Егер ұзындығы 6 см-ге тең тік төртбұрыш диагоналы табанымен 600 бұрыш жасаса, онда тік төртбұрыш ауданын табыңыз. Жауабы: см2

  7. Егер тік бұрышының қабырғалары 6 см және см болса, диагоналдар арасындағы кіші бұрышын табыңыз. Жауабы: 600

  8. Тік төртбұрыштың периметрі 26 см, ал ауданы 42 см2. Тік төртбұрыш қабырғаларын табыңыз.

Жауабы: 6 см; 7 см

  1. Ауданы 56 см2, периметрі 30 см тік бұрышты төртбұрыш қабырғаларын табыңыз.

Жауабы: 7 см және 8 см

  1. Тік төртбұрыш ұзындығы енінен 8 см артық, ал ауданы 65 см2. Қабырғаларын табыңыз.

Жауабы: 13 см және 5 см

  1. MNPQ-тік төртбұрыш, мұндағы NP=5 см, МР=12 см, ал О-диагональдар қиылысу нүктесі. NОР үшбұрышының периметрін табыңыз.

Жауабы: 17 см

  1. Егер тік төртбұрыштың қабырғалары 6 см және см болса, диагоналдар арасындағы кіші бұрышын табыңыз.

Жауабы: 600.

Ромб


  1. Қабырғалары 2 м-ге тең ромбының периметрін табыңыз.

Жауабы: 8 м

  1. Ромбының доғал бұрышын табыңыз, егер оның сүйір бұрышынан жүргізілген диагональ қабырғасымен 400 бұрыш жасайтын болса.

Жауабы: 1000

  1. Кіші диагоналі 5 дм, осы диагональ мен қабырғасының арасындағы бұрыш 600 болатын ромбының периметрін табыңыз.

Жауабы: 2 дм

  1. Кіші диагоналі қабырғасына тең болатын ромбының доғал бұрышын табыңыз.

Жауабы: 1200

  1. Диагональдары 6 см және 8 см болатын ромбының қабырғасын табыңыз.

Жауабы: 5 см

  1. Ромбының доғал бұрышының төбесінен жүргізілген биіктіктігі қабырғасымен 200 бұрыш жасайды. Ромбының доғал бұрышын табыңыз.

Жауабы: 1100

  1. ЕА=АО=1 м болатын ромбының периметрін табыңыз.

Жауабы: 8 м

  1. Ромбының бір диагоналі қабырғасына тең. Ромбының бұрыштарын табыңдар.

Жауабы: 600; 1200

  1. Ромбының бір диагоналі қабырғасына тең. Ромбының диагональдары мен қабырғаларының арасындағы бұрыштарын табыңдар.

Жауабы: 300; 600

  1. және АС=10,5 болатын АВСД ромбының периметрін табыңдар.

Жауабы: 42

  1. Бір бұрышы 450 болатын ромбының диагональдары мен қабырғаларының арасындағы бұрыштарды табыңдар.

Жауабы: және

  1. Ромбының бір қабырғасының диагональдармен жасайтын бұрыштарының қатысы 2:7 қатынасындай. Ромбының бұрыштарын табыңдар.

Жауабы: 400 және 1400

  1. Диагональдары пен 2 болатын ромбының бұрыштарын табыңдар.

Жауабы: 600 және 1200

  1. АВСД ромбыда . ВД диагоналі мен ДС қабырғасы арасындағы бұрышты табыңдар.

Жауабы: 720

  1. АВСД ромбыда А бұрышы сүйір, ВЕ және ВF-биіктіктер, ВД диагоналі мен ВF биіктігі арасындағы бұрыш 400. ромбының бұрыштарын табыңдар.

Жауабы: 1000 және 800

  1. АВСД ромбыда ВАС бұрышының биссектрисасы ВС қабырғасын М нүктесінде қиып өтеді. -қа тең деп алып ромбының бұрыштарын табыңдар.

Жауабы:800 және 1000

  1. Ромбының бір диагоналі оның 2р-ға тең периметрінің 25%-ін құрайды. Ромбының сол диагоналін, қабырғасын және бұрыштарын табыңдар.

Жауабы:

  1. АВСД ромбысының ВК биіктігі 6 см-ге, ал АВС бұрышы 1200 тең болса, онда ромбының ауданын табыңыз.

Жауабы: см2

  1. Кіші диагоналі 8 см, бұрышының біреуі 600 болатын ромб периметрін табыңыз.

Жауабы: 32 см

  1. Ромбтың бір диагоналінің ұзындығы қабырғасына тең. Ромбтың бұрыштарын табыңыз.

Жауабы: 600; 1200

  1. АВСД ромбысында тең. АОД үшбұрышының барлық бұрыштарын табу керек, мұндағы О-диагональдардың қиылысу нүктесі.

Жауабы: 200; 900; 700

  1. Ромбының қабырғасы 17 см-ге тең, ал бір диагоналі 16 см-ге тең. Ромбының екінші диагоналін табыңыз.

Жауабы: 30 см

  1. КМN үшбұрышына бұрыш ортақ, ал Е төбесі МN қабырғасында жататындай іштей ромб сызылған. Егер КМ=m, КN=n болса, онда ромб қабырғаларын табыңыз.

Жауабы:

  1. Диагоналі 6 см, 8 см болатын ромб қабырғасы неге тең?

Жауабы: 5 см

  1. АВСД ромбыда және О-ромбтың диагональдарының қиылысу нүктесі. АОД үшбұрышының бұрыштарын табыңыз.

Жауабы: 200; 900; 700

  1. Ромбтың бір диагоналы оның қабырғасына тең. Ромбтың бұрыштарын табыңыз.

Жауабы: 600; 1200

  1. Диагоналдары АС=12 см және ВД=16 см болатын АВСД ромбысының АВ қабырғасын табыңыз.

Жауабы: 10 см

  1. АВ қабырғасы 17 см-ге тең, ал ВД диагоналы 30 см-тең болатын АВСД ромбысының АС диагоналын табыңыз.

Жауабы: 16 см

  1. Ромб биіктігі 2-ге тең. Ромб бұрышы 300 болса, ауданы неге тең?

Жауабы: 8.

Квадрат


  1. Квадраттың диагоналі см болса, квадрат қабырғасын табыңыз: Жауабы: 6 см

  2. Квадраттың периметрі 24 см, оның қабырғасын табыңыз: Жауабы: 6 см

  3. Квадраттың диагоналі 10 см болса, квадраттың ауданын табыңыз: Жауабы: 50 см2

  4. Бір қабырғасы 9 см, ал ауданы 108 см2 болатын тіктөртбұрыштың келесі қабырғасын табыңыз: Жауабы: 12 см

  5. Тіктөртбұрыштың периметрі 56 см, ал бір қабырғасы келесісінен 6 есе ұзын. Тіктөртбұрыштың ауданын табыңыз: Жауабы: 96 см2

  6. Квадраттың төбесінен қабырғасының ортасына жүргізілген ұзындығы 6 мм кесінді сол қабырғамен 600 бұрыш жасайды. Квадраттың периметрін табыңыз: Жауабы: 24 мм

  7. Диагоналінің жартысы 3 см болатын квадраттың қабырғасын табыңыз: Жауабы: см

  8. Квадраттың периметрі 24 м. Квадраттың диагоналін табыңыз. Жауабы: м

  9. Квадраттың қабырғасы 9 см-ге тең. Ауданын табыңыз. Жауабы: 81 см2

  10. Квадраттың бір қабырғасы 12 см. Периметрін табыңыз. Жауабы: 48 см

  11. Егер квадраттың әрбір қабырғасын 3 есе арттырса, оның ауданы қалай өзгереді?

Жауабы: 9-есе өседі

  1. Квадраттың диагоналі 6 см-ге тең. Оның ауданын табыңыз. Жауабы: 18 см2

  2. Квадраттың диагоналі а-ға тең. Қабырғасы неге тең?

Жауабы:

  1. Квадраттың диагоналі 4 см. Бұл квадраттың қабырғасы басқа квадраттың диагоналі болып табылады. Екінші квадраттың қабырғасын табыңыз. Жауабы: 2 см

  2. Квадраттың диагональдарының қиысу нүктесі қабырғасынан 16 см қашықтықта жатыр. Квадраттың периметрін табыңдар. Жауабы: 128 см

  3. АВСД квадратының АС диагоналі 18,4 см тең. А нүктесі арқылы өтетін және АС түзуіне перпендикуляр түзу ВС және СД түзулерін сәйкес М және N нүктелерінде қиып өтеді. МN-ді табыңыз. Жауабы: 36,8 см

  4. С бұрышы тік, катеті АС=12 см болатын тең бүйірлі тік бұрышты АВС үшбұрышы және екі қабырғасы үшбұрыштың катеттерінде, ал Е төбесі гипотенузасында жататындай СДЕF квадраты берілген. Квадраттың периметрін табыңдар. Жауабы: 24 см

  5. АВСД квадратының қабырғасы 4 см. СД қабырғасынан Е нүктесі алынған. ЕА=5 см. СЕ-ні табыңдар. Жауабы: 1 см

  6. АВСД квадратының АВ қабырғасынан М нүктесі алынған. СМ=25 см. Квадраттың диагоналі см. МА-ны табыңдар. Жауабы: 5 см

  7. Диагоналі 10 см тең квадраттың қабырғасын табыңдар. Жауабы: см

  8. Шеңберге іштей сызылған квадрат пен сол шеңберге сырттай сызылған квадраттардың аудандарының қатынасын табыңдар.

Жауабы:

  1. АВСД квадратының ВС мен СД қабырғаларынан МС=КД болатындай етіп, сәйкес М мен К нүктелері белгіленген. ДМ мен АК кесінділері О нүктесінде қиылысады: 2ОМ=МА7 ОМА бұрышын табыңыз.

Жауабы: 600

  1. АВСД және ДСМК квадраттары берілген. АВ=10 см. О және Р-нүктелері АВСД және ДСМК квадраттардың диагональдарының қиылысу нүктелері. ОСРД төртбұрышының ауданын табыңыз.

Жауабы: 50 см2

  1. Квадрат диагоналы -ге тең. Квадрат ауданын табыңыз.

Жауабы: 4.
Трапеция

  1. Сүйір бұрышы 380 болатын тік бұрышты трапецияның доғал бұрышын табыңыз.

Жауабы: 1420

  1. Тең бүйірлі трапецияның кіші табаны 4 м, биіктігі мен үлкен табанында қиылатын кесіндісінің кішісі 3 м-ге тең. Трапецияның үлкен табанын табыңыз.

Жауабы: 10 м

  1. Тең бүйірлі трапецияның табандары 6 м және 10 см. Трапецияның доғал бұрышы 1200. Трапецияның периметрін табыңыз.

Жауабы: 24 см

  1. Трапецияның биіктігі 4 см, ал үлкен табанындағы бұрыштары 300 және 450. Трапецияның бүйір қабырғаларын табыңыз.

Жауабы: және 8

  1. Тең бүйірлі трапецияның сүйір бұрышы 600. Бүйір қабырғалары мен жоғары табаны 10 м-ге тең. Трапецияның орта сызығын табыңыз.

Жауабы: 15 м

  1. Табандары АД мен ВС болатын, ал болатын АВСД трапециясының В мен Д бұрыштарын табыңдар.

Жауабы:

  1. Тең бүйірлі трапецияның бір бұрышы 680. Трапецияның қалған бұрыштарын табыңдар.

Жауабы: 680; 1120; 1120

  1. Трапецияның периметрі 48 см параллель емес қабырғалары 15 см мен 13 см. Трапецияның орта сызығыг табыңыз.

Жауабы: 10 см

  1. Трапецияның орта сызығы 8 см, ал бір табаны 6 см. Басқа табанын табыңыз.

Жауабы: 10 см

  1. Трапецияның табандары 5 см мен 9 см. Трапецияның диагоналі орта сызығын мынадай кесінділерге бөледі.

Жауабы: 2,5 см және 4,5 см

  1. Тең бүйірлі трапецияның жоғарғы табаны 60 см, биіктігі 12 см, бүйір қабырғасы табанымен 600 бұрыш жасайды. Трапецияның төменгі табанын табыңдар.

Жауабы:

  1. Тең бүйірлі трапецияның қарама-қарсы бұрыштарының айырмасы 400 тең. Трапецияның бұрыштарын табыңдар.

Жауабы: 700 және 1100

  1. Трапецияның орта сызығы 7 см тең, ал табандарының бірі екіншісінен 4 см-ге артық. Трапецияның табандарын табыңдар.

Жауабы: 9 см және 5 см

  1. Трапецияның табандарының қатынасы 5:6, ал трапецияның биіктігі 10 см. Егер трапеция ауданы 110 см2 тең болса, онда кіші табанын табыңыз.

Жауабы: 10 см

  1. Трапецияның бүйір қабырғасы тең үш бөлікке бөлінген. Бөліну нүктелерінен табанына параллель түзулер жүргізілген. Егер трапецияның табандары 2 м және 5 м болса, онда осы кесінділердің ұзындығын табыңыз.

Жауабы: 3 м және 4 м

  1. Тең бүйірлі трапецияның доғал бұрышының төбесінен жүргізілген биіктік табанын 5 см және 2 см кесінділерге бөледі. Трапецияның орта сызығын табыңыз.

Жауабы: 5 см

  1. Трапецияның орта сызығы 1 см. Диагональдардың біреуі орта сызықты айырмасы 2 см-ге тең кесінділерге бөледі. Трапеция табандарын табыңыз.

Жауабы: 8 см, 12 см

  1. Трапеция табандарының ұзындығы 4 см және 10 см. Орта сызығы диагоналі арқылы қандай кесінділерге бөлінетінін табыңыз.

Жауабы: 2 см, 5 см

  1. Трапецияның бір табанындағы бұрыш 680 және 740. Трапецияның қалған бұрыштарын табыңыз.

Жауабы: 1120 және 1060

  1. Трапецияның бүйір қабырғалары 13 см және 15 см, ал периметрі 48 см. Трапецияның орта сызығын табыңыз.

Жауабы: 10 см

  1. Тең бүйірлі трапецияның бір бұрышы 600-қа тең, ал табандары 15 см және 49 см. Трапецияның периметрін табыңыз.

Жауабы: 132 см

  1. Трапецияның орта сызығы 7 см. Бір табаны екіншісінен 4 см артық. Трапецияның табандарын табыңыз.

Жауабы: 5 см, 9 см

  1. Трапецияның табандары 2:3 қатынасындай, ал орта сызығы 5 м тең. Трапецияның табандарын табыңыз.

Жауабы: 4 м, 6 м

  1. Тең бүйірлі трапецияның үлкен табаны 2,7 м, бүйір қабырғасы 1 м, арасындағы бұрышы 600-қа тең. Трпецияның кіші табанын табыңыз.

Жауабы: 1,7 м

  1. Трапецияның доғал бұрышы төбесінен түсірілген биіктігі табанын 6 см және 30 см кесіндіге бөледі. Трапеция тең бүйірлі болса, табандарын табыңыз.

Жауабы: 24 см және 36 см

  1. Трапецияның табандары 7 см және 15 см, ал биіктігі 8 см. Трапецияның ауданын табыңыз.

Жауабы: 88 см2

  1. АВСД трапецияның табандары ВС=12 м және АД =27 м екендігі белгілі болса, онда АС диагоналын табыңыз, егер мұндағы АВС бұрышы мен АСД бұрыштары тең болса.

Жауабы: 18 м

  1. Трапецияның табандары а және b. Трапецияның диагоналдарының қиылысу нүктесінен өтетін және табан қабырғаларына параллель кесінді жүргізілген. Кесіндінің ұштары трапецияның бүйір қабырғаларында жатыр. Осы кесіндінің ұзындығын табыңыз.

Жауабы:

  1. Табандары 4 м және 6 м болатын трапецияны орта сызығы екі фигураға бөледі. Осы фигуралардың аудандарының қатынасын табыңыз.

Жауабы: 11:9

  1. Үлкен табаны а-ға тең трапеция бір түзумен ромб және тең қабырғалы үшбұрышқа бөлінген. Трпецияның орта сызығын табыңыз.

Жауабы:

  1. Трапецияның бүйір қабырғалары 14 см және 17 см, ал периметрі 71 см. Трапецияның орта сызығын табыңыз.

Жауабы: 20 см

  1. Трапецияның табандары 4 және 12. Оның 6-ға тең болатын бүйір қабырғасы үлкен табанымен 300 бұрыш жасайды. Трапеция ауданын табыңыз.

Жауабы: 24

  1. Трапецияның орта сызығы 7 см. Оның бір табаны екіншісінен 4 см артық. Трапецияның табандарын табыңыз.

Жауабы: 5 см, 9 см

  1. Трапецияның бір табанындағы бұрыштары 200, 700, ал табандарының ортасын қосатын кесіндінің ұзындығы 2 см. Егер орта сызығының ұзындығы 4 см болса, онда трапецияның табандарының ұзындығы қандай?

Жауабы: 2, 6

  1. Тең бүйірлі трапецияның бүйір қабырғасы 4 және табанымен 300 бұрыш жасайды, орта сызығы 5-ке тең. Трапеция ауданын табыңыз.

Жауабы: 10.

Аралас есептер


  1. ВС=7, ЕД=4. АВ және СЕ қабырғалары параллель. АД табанын табу керек.

Жауабы: 11

  1. Тік төртбұрыштың қабырғалары 3 см және 4 см. Қабырғасы тік төртбұрыштың диагоналіне тең болатын ромбының периметрін табыңыз.

Жауабы: 20 см

  1. Трапецияның диагоналі оның орта сызығын ұзындықтары 4 см және 6 см болатын кесінділерге бөледі. Трапецияның табандарын табыңыз.

Жауабы: 8 см және 12 см

  1. Бір қабырғасы екіншісінен 2 есе артық болатын және периметрі 24 м болатын тік төртбұрыштың қабырғаларын табыңыз.

Жауабы: 4 м және 8 м

  1. Квадратқа іштей сызылған тіктөртбұрыштың әрбір төбесі квадраттың бір қабырғасына тірелген және тіктөртбұрыштың қабырғалары квадраттың диагональдарына пераллель болып келген. Тік төртбұрыштың қабырғаларының бірі екіншісінен екі есе артық және квадраттың диагоналы 12 м-ге тең, тік төртбұрыштың қабырғаларын табыңдар.

Жауабы: 4 м және 8

  1. Тең бүйірлі тік бұрышты үшбұрышқа іштей сызылған квадраттың екі төбесі-гипетенуза бойында, ал қалған екі төбесі катеттердің бойында жатыр. Гипотенузаны 3 м-ге тең деп алып, квадраттың қабырғасын табыңыз.

Жауабы: 1 м

  1. Параллелограмның диагоналдары 12 см және 20 см, ал олардың арасындағы бұрыш 600-қа тең. Параллелограмның қабырғаларын табыңыз.

Жауабы: 14 м және

  1. Табандары АД=а, ВС=b болатын АВСД трапециясының РМ орта сызығы болсын. Ол АС диагоналін К нүктесінде қалды. РК мен КМ кесінділерін табыңыз.

Жауабы:

  1. Тең бүйірлі трапецияда жоғары табаны бүйір қабырғасына тең, ал диагоналі бүйір қабырғасына перпендикуляр. Трапецияның бұрыштарын тап.

Жауабы: 600 және 1200

  1. Табандарының біреуі екіншісінен екі есе үлкен, ал бүйір қабырғалары кіші табанына тең тең бүйірлі трапецияның бұрыштарын тап.

Жауабы: 600 және 1200

  1. Ромб диагональдарының оның бір қабырғасымен жасайтын бұрыштарының қатынасы 4:5 қатынасындай. Ромбының бұрыштарын табыңыз.

Жауабы: 800 және 1000

  1. Периметрі 44 см болатын пераллелограмм диагоналімен әрқайсысының периметрі 30 см болатын екі үшбұрышқа бөлінген. Диагональдың ұзындығын табыңыз.

Жауабы: 8 см

  1. Квадрат қабырғаларының орталары түзулердің кесінділерімен қосылған, пайда болған төртбұрыштың қабырғаларының орталары да кесінділермен қосылған. Соңғы төртбұрыштың периметрі квараттың периметірінен ...

Жауабы: 2 есе кіші

  1. Ромб диагоналдарй d1 және d2-ге тең. Төбелері осы ромб қабырғаларының орталарында жататын төртбұрыштың периметрін табыңдар.

Жауабы:

  1. Тік төртбұрыштың диагоналы мен бір қабырғасының арасындағы бұрышы 300, ал оған сырттай сызылған шеңбердің радиусы R-ге тең. Тік төртбұрыштың кіші қабырғасын табыңдар.

Жауабы: R

  1. Егер дөңес көпбұрыштың бұрыштарының қосындысы 14400 болса, онда осы көпбұрыштың бұрышының саны қанша болғаны?

Жауабы: 10

  1. Дөңес көпбұрыштың әрбір төбесінен 5 диагональ өтетін болса, онда көпбұрыштың қабырғаларының санын табыңыз.

Жауабы: 8

  1. Егер дөңес сегіз бұрыштың ішкі бұрыштары тең болса, онда сыртқы бұрышын табыңыз.

Жауабы: 450

  1. Дөңес көпбұрыш берілген. Егер осы көпбұрыштың әрбір бұрышы тікбұрыштың әрбәр бұрышынан 180 артық болса, онда көпбұрыштың қабырғалар санын табыңыз.

Жауабы: 5

  1. Егер ізделінді дөңес көпбұрыштың бұрыштарының қосындысы дөңес тоғыз бұрыштың бұрыштарының қосындысынан 2 есе көп болса, онді ізделінді дөңес көпбұрыштың қабырғалар санын табыңыз.

Жауабы: 16

  1. Әр бұрышы 1500 болатын дұрыс көпбұрыш қабырғалар санын табыңыз.

Жауабы: 12

  1. Дұрыс n-бұрышты көпбұрыштың әр бұрышы 1350 болса, онда қабырғалар саны қанша?

Жауабы: 8

  1. Дұрыс көпбұрыш бұрыштарының қосындысы 18000. Қабырғаларының санын табыңыз.

Жауабы: 12

  1. Дұрыс көпбұрыш бұрыштарының қосындысы 10800. Көпбұрыш қабырғаларының санын табыңыз.

Жауабы: 8

  1. Ұқсас екі төртбұрыштың периметрлерінің қатынасы 2:3. аудандарының қатынасын табыңыз.

Жауабы: 4:9

  1. Әрбір катеті 8 м-ге тең тікбұрышты үшбұрышқа осы үшбұрышпен ортақ бұрыш жасайтын іштей тіктөртбұрыш сызылған. Тіктөртбұрыштың периметрін табыңыз.

Жауабы: 16 м

  1. Дұрыс көпбұрыштың ең үлкен центрлік бұрышы қандай бұрыш болуы мүмкін?

Жауабы: 1200

  1. Қабырғасы а және сүйір бұрышы α болатын ромбының ауданының, қабырғасы ромбыға іштей сызылған шеңбердің диаметріне тең болатын квадраттың ауданына қатынасын табыңыз.

Жауабы:

  1. М нүктесі АВСД төртбұрышының жазықтығында жатпайды. Ма кесіндісінің ортасы К нүктесі. ДК мен МВ түзулер өзара қалай орналасқан?

Жауабы: айқасады

  1. Дұрыс тұжырымды көрсетіңіз:

Жауабы: барлық квадрат – ромб болады.

www.testent.ru


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет