Төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың саяси пікірсайысын өткізудің регламенті



Дата28.06.2016
өлшемі38.38 Kb.
#163779


Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

2007 жылғы 6 тамыздағы № 104/220 қаулысымен бекітілген

Төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті

Мәжілісінің депутаттарын сайлауға партиялық тізімдерін ұсынған

саяси партиялардың саяси пікірсайысын өткізудің

регламенті
Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың арасында «Парламенттік сайлау - 2007» телепікірсайысын өткізудің регламенті мен тәртібін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы айқындайды (28-б. 3-т.)
1. Жалпы талаптар:


  • төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы бағдарламалары мәселелері жөніндегі саяси пікірсайыс олардың келісімі бойынша өткізіледі;

  • пікірсайысты өткізу барысында Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiруді, әлеуметтік, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендiрілген құралымдар құруды насихаттауға және үгіттеуге жол берілмейді;

  • саяси пікірсайысқа қатысушылар жеке басты қаралаудан, басқа саяси партиялардың өкілдерін кемсітуден аулақ болып, жалпыға бірдей қабылданған этика нормаларын сақтауға тиіс;

  • саяси партияның өкілі қатыспаған жағдайда, осы партияға арналған эфир уақыты саяси пікірсайысқа басқа да қатысушылар арасында тең бөлінеді.


Дайындық жұмысы: саяси партиялардың өкілдерін телепікірсайыс өткізудің шарттарымен және регламентімен таныстыру, телепікірсайысты техникалық қамтамасыз ету, жүргізушіні айқындау, қатысушылардың жеребе тартуын өткізу Төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың саяси пікірсайысын өткізудің регламентіне сәйкес жүзеге асырылады. Телепікірсайысқа шығу кезектілігін айқындау жөнінде жеребе тарту партиялар атауларының әліпби реті бойынша тікелей пікірсайыс басталардың алдында өткізіледі. Пікірсайысқа қатысушылар раундтардың екінші туры барысында берілген тақырып бойынша сұрақтар мен жауаптар алмасады. Әр саяси партиядан бір өкіл тек бір сұрақ қойып, бір сұраққа ғана жауап бере алады.

Өткізілетін күні: 2007 жылғы 10 тамыз

Уақыты: 18.00

Нысаны: тікелей эфир

Өткізілетін орны: «Хабар» телеарнасының студиясы (Алматы қ.)

Телепікірсайыстың ұзақтығы: 90 минут

Эфирлер саны: 1
Телепікірсайысты өткізу тілі: қазақ және орыс

Теледидар пікірсайысына қатысушылар: пікірсайысқа Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауға партиялық тізімін ұсынған әр саяси партиядан бір-бір өкілден шақырылады.
Саяси пікірсайыс тақырыптары:


  • Жаңа Қазақстан: әлеуметтік мемлекет құру және бәсекелес экономика қалыптастыру жолында

  • Қазақстанның саяси және демократиялық дамуы


Телепікірсайыстың бірінші раунды

  • Тақырыбы: «Жаңа Қазақстан: әлеуметтік мемлекет құру және

бәсекелес экономика қалыптастыру жолында»
Сәлемдесу. Жүргізуші пікірсайысқа қатысушыларды атап өтеді, қатысушыларды телепікірсайыс тақырыптарымен және оны өткізу тәртібімен таныстырады.
1-тур

Партияларды таныстыру, пікірсайысқа қатысушылардың берілген тақырыпта бағдарламалық сөз сөйлеуі (әр сөз сөйлеушіге 2 минуттан)


2-тур

Телепікірсайысқа қатысушылар берілген тақырып бойынша сұрақтар мен жауаптар алмасады.

Әр саяси партияның өкілі тек бір сұрақ қойып, бір сұраққа ғана жауап бере алады (сұрақ – 20 секунд, жауап – 1 минут).
Телепікірсайыстың екінші раунды


  • Тақырыбы: «Қазақстанның саяси және демократиялық дамуы»

Кіріспе. Жүргізуші пікірсайысқа қатысушыларды екінші раундтың тақырыбымен және шарттарымен таныстырады.



1-тур

Депутаттыққа кандидаттардың берілген тақырыпта бағдарламалық сөз сөйлеуі (әр сөз сөйлеушіге 2 минуттан).


2-тур

Телепікірсайысқа қатысушылар берілген тақырып бойынша сұрақтар мен жауаптар алмасады.

Әр саяси партияның өкілі тек бір сұрақ қойып, бір сұраққа ғана жауап бере алады (сұрақ – 20 секунд, жауап – 1 минут).
3-тур

Әр саяси партияның өкілі жүргізушінің сұрағына жауап беруге тиіс (сұрақ – 10 секунд, жауап - әр партияға 1 минуттан).


Телепікірсайыстың үшінші раунды

Пікірсайысқа қатысушылардың қорытынды сөздері


  • «Сайлаушыларға арнау»

Саяси партиялар өкілдерінің сайлаушыларға арнаған «Сайлаушыларға арнау» атты қорытынды үндеулері (әр партияға – 2 минуттан).
Пікірсайысты аяқтау

Жүргізушінің қорытындысы, телепікірсайысқа қатысқан саяси партияларды атап өту (2 минут).



_________________________




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет