Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті
Шығыс Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті
Шығыс Қазақстан облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің Құжаттамалық қамтамасыз ету тобының 2014 жылы орындаған жұмысы туралы
ЕСЕБІ
Өскемен қаласы
2014 жылғы желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті
Шығыс Қазақстан облысыТөтенше жағдайлар департаментінің Құжаттамалық қамтамасыз ету тобының 2014 жылы орындаған жұмысы туралы есебі
-
Жұмыс міндеттері мен мазмұны
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Құжаттамалық қамтамасыз ету тобы (бұдан әрі ҚҚТ) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі –ШҚО ТЖД) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
ҚҚТ өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі бұйрықтарын, басқа да нормативтік-құқықтық актілерді, Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 25 қазандағы «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерін бекіту туралы» № 430 бұйрығымен бекітілген Әкімшілік жұмыс департаментінің ережесін басшылыққа алады.
ҚҚТ құрылымы мен штаттық саны ШҚО ТЖД бастығының ұсынуымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрімен бекітіледі.
Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары:
1 – міндет: бірыңғай құжаттау тәртібін қамтамасыз ету үшін кіріс және шығыс хат-хабарды қабылдау, алдын ала қарастыру және есепке алу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Баспа - бланкілі өнімді есепке алу және сақтау.
Функциялары: түскен құжаттардың қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру, (рәсімделу дұрыстығы, қосымшаларының, қажетті деректемелерінің болуы); ШҚО ТЖД-ға құжат түсу фактісін тіркеу; құжаттарды сұрыптау; есепке алу нысанында кіріс хат-хабарын тіркеу, құжаттарды қарастыруға уақытылы жіберу; шығыс хат-хабардың ресімделу дұрыстығын тексеру, қосымшаларының және қажетті деректемелерінің болуын тексеру, шығыс хат-хабарды есепке алу, тіркеу және уақытылы жіберілуін жүзеге асыру, ШҚО ТЖД 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 200 бұйрығымен бекітілген ШҚО ТЖД Құжаттамалау және құжаттаманы басқару қағидасымен айқындалған талаптарға құжаттардың сәйкестігін бақылау; ШҚО ТЖД баспа-бланкілі өнімін беруді есепке алу; баспа-бланкілі өнімінің сақталуы мен жойылуын жүзеге асыру.
2-міндет: бақылаудағы құжаттардың орындалу жағдайын бақылау және жүйелі талдауды жүзеге асыру.
Функциялары: ҚР ТЖМ ведомстволары, орталық аппарат, жергілікті атқарушы органдар және басқа да мемлекеттік ұйымдардан, жеке және заңды тұлғалардан түскен бақылау құжаттарын қарастырудың уақытында және сапалы орындалуын бақылау; орындаушылық тәртіпке тұрақты бақылау жасау және оның нәтижелері бойынша басшылыққа ақпарат ұсыну; ШҚО ТЖД іс жүргізу және құжат айналым жағдайына талдау жасау; құжаттармен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерін, орындаушылық тәртіпті жетілдіру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру; ШҚО ТЖД Құжаттамалау және құжаттаманы басқару қағидаларын, құжаттармен жұмыс тәртібін реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеу; ШҚО ТЖД жұмыс жоспарында қарастырылған бақылауды жүзеге асыру бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету; ҚҚ ж МТДБ құзыреті шегінде ҚР ТЖМ жыл сайынғы Операциялық жұмыс жоспарымен, Стратегиялық жоспарымен қарастырылған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету.
3-міндет: қызметкерлердің іссапарын ұйымдастыру.
Функциялары: ҚР ТЖМ келген құжаттар, ШҚО ТЖД, оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс жоспары, ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелері ұсынған баянат, қызметтік жазбалар негізінде қызметкерлерді іссапарға жіберу бұйрықтарының жобаларын дайындау; бұйрықтарды тіркеу, іссапар куәліктерін дайындау, тіркеу және беру, іссапарға келген қызметкерлерді тіркеу;
4-міндет: ШҚО ТЖД негізгі қызмет бойынша бұйрықтарын тіркеу.
Функциялары: негізгі қызмет бойынша бұйрықтардың қойылатын талаптарына сәйкестігін тексеру (ресімделу дұрыстығы, қосымшалары мен қажетті деректемелерінің бар-жоғы); бұйрықтарды тіркеу, көбейту және бұйрық көшірмелерін тарату көрсеткішіне сәйкес тарату.
5-міндет: істер номенклатурасын құрастыру. Істерді қалыптастыру, сақтау және ведомстволық мұрағатқа тапсыру іс-шараларын ұйымдастыру.
Функциялар: ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің ұсынған ұсыныстары негізінде істер номенклатурасын құрастыру; ведомстволық мұрағаттың құжаттарды қабылдау, сақтау есепке алу және қолдану бойынша жұмысын ұйымдастыру, ШҚО ТЖД орталық сараптамалық комиссиясының жұмысын ұйымдастыру; ШҚО ТЖД бөлімшелеріне көмек көрсету үшін мұрағаттық іс мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
6-міндет: ШҚО ТЖД жеке және/немесе заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Функциялары: жеке және/немесе заңды тұлғалардың түскен жазбаша және ауызша өтініштерін, олар бойынша қызметтік хат-хабарды қабылдау мен тіркеуді қамтамасыз ету; жеке және/немесе заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы және дер кезінде орындауды бақылау, ШҚО ТЖД басшылығының жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке мәселелері бойынша қабылдау жұмысын ұйымдастыру; жеке мәселесі бойынша қарау кезінде түскен жазбаша өтініштерін есепке алу және бақылау; Қазақстан Республикасының аумағы бойынша прокуратура органдарына № ОЛ нысандағы есебін қалыптастыру және жолдау.
7-міндет: ШҚО ТЖД бастығы жанындағы Кеңес жұмысын ұйымдастыру (бұдан әрі Кеңес).
Функциялары: ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің, Кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша Кеңестің жұмыс жоспарын әзірлеу және Төрағасымен бекіту, Кеңес отырысының хаттамаларын жүргізу және рәсімдеу; Кеңес отырысына дайындалу бойынша дайындау бойынша ұйымдастырушылық және техникалық шараларының жоспарын дайындау, төрағасы мен мүшелеріне ШҚО ТЖД жоспарында көрсетілген лауазымды тұлғаларға тарату; Кеңес отырысына шақырылғандар тізімін жасау және оларды хабардар ету, Кеңес отырысын жүргізу бағдарламасын жасау; Кеңес отырысы материалдарының дұрыс рәсімделуіне бақылау жасау, ШҚО ТЖД басшылығын материалдардың дайындығы туралы хабардар ету; Кеңес төрағасының қарауына алдыңғы отырыс материалдарын ұсыну, Кеңес отырысын дайындау мен өткізу бойынша ұйымдастырушылық шаралар жоспарының орындалу барысына бақылау жасау; Кеңес хаттамалық шешімдерін тіркеу және орындаушыларға тарату; Кеңестің хаттамаларын және барлық отырыстарының материалдарын есепке алу және сақтау, заңнамамен бекітілген тәртіпте олардың мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету.
-
Есептілік кезеңге қызметті ұйымдастыру және оның жағдайы.
ШҚО ТЖД Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің іс жүргізу және мемлекеттік тілді дамыту бойынша жұмысы Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Жұмыс регламентімен және ҚР ТЖМ және ШҚО ТЖД бұйрықтарымен бекітілген ШҚО ТЖД Құжаттамалау және құжаттаманы басқару қағидаларына (бұдан әрі Құжаттамалау қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.
2014 жылғы 15 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚҚТ 9289 қызметтік құжат тіркелген, заңды тұлғалардың өтініштері – 2398, жеке тұлғалардан – 261 өтініш, ҚПҮ белгісі бар құжаттар – 185. 6537 шығыс құжаты тіркелді, «ҚПҮ» белгісі бар 193 құжат орындалды. Құжаттың орындалуын бақылау күнделікті жүзеге асырылады. Есеп беру кезеңіне құжаттардың орындалу мерзімі бұзылған жоқ.
«ҚР ТЖМ құжаттардың орындалуына бақылауды күшейту шаралары туралы» 2014 жылғы 19 мамырдағы № 230 бұйрықтарын орындау мақсатында орындаушылық тәртіп жағдайы туралы мәселелер апта сайын аппараттық мәжілістерде, құжаттардың орындалуына бақылау жасауды ұйымдастыру бойынша жұмыс тобының отырыстарында жартыжылдық және жыл қорытындысы бойынша қаралып, хаттамалары дайындалып, құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге таратылады.
ҚҚТ есептілік кезеңінде талап ету бойынша ҚР ТЖМ-ға, ҚР БП ШҚО бойынша ҚС ж АЕКБ-ға және ай сайын ШҚО ТДБ-ға іс жүргізу және мемлекеттік тілді дамыту бойынша белгіленген мерзімде есептер ұсынылды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша кәртішкелерін ай сайынғы түсіру және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру туралы» 1-ОЛ нысанындағы тоқсан сайынғы статистикалық есеп ШҚО ТЖД бойынша ЭҚАБЖ арқылы қалыптастырылады, ал ШҚО ТЖД ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері жоғарыда аталған есепті «Тұлғалардың өтініштерін есепке алу» атты автоматтандырылған ақпараттық жүйеде қалыптастырып, ШҚО ТЖД-ға ұсынады. ҚР БП ШҚО бойынша ҚС ж АЕКБ-ға жинақтық түсіру және есеп ай сайын бірінші жұмыс күнінде, 1-ОЛ нысанды статистикалық есеп тоқсан сайын бекітілген мерзімде ұсынылады.
2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Айқын» жобасы бойынша жұмыс жүргізіле бастады (бірегей нөмір). ШҚО бойынша ҚР БП ҚС ж АЕКБ апта сайын 18 таңбалы бірегей нөмірлермен берілген талон бойынша есеп ұсынылады. 2014 жылғы 25 қыркүйекке дейін жеке және заңды тұлғаларға 1216 талон берілді.
2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ШҚО ТЖД ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерде «Айқын» жобасы бойынша жұмысты бастау жоспарланған. 2014 жылдың желтоқсан айының соңында ШҚО ТЖД ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің барлығына бірегей нөмірі бар кітапша-талон сатып алу жоспарланған.
2014 жылдың 6 қаңтарында ШҚО ТЖД Орталық сараптамалық комиссиясының (бұдан әрі ОСК) 2014 жылға арналған жұмыс жоспары дайындалып, бекітілді. Жоспарға сәйкес 2014 жылдың 11 ақпанында ОСК-ның 1 отырысы өткізілді, онда ШҚО ТЖД және ШҚО ТЖД «ӨС жАҚЖҚ» ММ іс жүргізуі аяқталған істерді мұрағатқа табыстау кестесі қарастырылды, және ШҚО ТЖД МӨББ МӨБ бөлімінде істерді ведомстволық мұрағатқа табыстауға дайындау, іс жүргізуде құжаттарды қалыптастыру, ресімдеу сапасы туралы есеп тыңдалды.
ҚР ТЖ министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 58 бұйрығымен бекітілген сақтау мерзімі көрсетілген, ҚР ТЖМ қызметінде қалыптасатын құжаттар тізбесі (бұдан әрі Тізбе) бойынша ШҚО ТЖД және ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ істер номенклатурасының қайта қарастырылуына байланысты 2014 жылдың 2 сәуірінде жоспардан тыс ОСК отырысы өткізілді, онда 2014 жылға арналған істер номенклатурасы қарастырылып, келісілді.
ҚР ТЖ министрінің 2012 жылғы 10 қазандағы № 457 бұйрығымен бекітілген сақтау мерзімі көрсетілген ҚР ТЖМ қызметінде қалыптасатын құжаттар тізбесін басшылыққақ ала отырып, 2014 жылға арналған ШҚО ТЖД істер номенклатурасы электронды форматта ведомствоаралық құжат айналымына жататын құжаттарды есепке ала отырып ШҚО ТЖД ОСК 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 4 отырыс хаттамасымен келісіліп, 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 206 бұйрығымен бекітілді. Электронды форматта ведомствоаралық құжат айналымына жататын құжаттарды есепке алынған 2014 жылға арналған істер номенклатурасы ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелеріне таратылды.
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық мұрағатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы №58 бұйрығына сәйкес ШҚО ТЖД 2014 жылғы арналған істер номенклатурасы сақтау мерзімі 10 жылға дейін, қағаз көшірмесіз, электрондық түрде ведомствоаралық құжат айналымына жататын құжаттар есебімен сақтау мерзімі көрсетілген Министрлік қызметінде пайда болатын құжаттар тізбесіне (бұдан әрі Тізбе) қатаң сәйкестікте жаңадан құрылды. Істер номенклатурасы 2014 жылғы 2 сәуірдегі ШҚО ТЖД ОСК № 2 жоспардан тыс отырысында қарастырылып, келісілді, «ШҚО мәдениет, мұрағаттар мен құжаттар басқармасы» ММ «Мемлекеттік мұрағат» ҚМУ мұрағаттар мен құжаттар бөлімімен келісілді, ШҚО ТЖД бастығының 2014 жылғы 21 мамырдағы № 91 «2014 жылға арналған істер номенклатурасын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілді.
Тізбеге сәйкес істер номенклатурасын құрастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін «Тізбемен жұмыс туралы» ШҚО ТЖД бастығының 2014 жылдың 06 наурызындағы № ІН-23-15-15/188 нұсқауына сәйкес ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелеріне және оның ведомстволық мемлекеттік мекемелеріне 2014 жылға арналған істер номенклатурасы әзірленді және жолданды.
«2012 жылғы істерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық мұрағатына тапсыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 32 бұйрығын, ШҚО ТЖД бастығының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 200 бұйрығымен бектілген ШҚО ТЖД Құжаттандыру және құжаттаманы бақсару қағидасының 122-тармағына, «Істерді ведомстволық мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыс тобын құру туралы» ШҚО ТЖД бастығының 2014 жылғы 11 ақпандағы № 30 бұйрығымен 2012 жылғы істерді ШҚО ТЖД ведомстволық мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыс тобы құрамы және істерді тапсыру кестесі бекітілді. Кестеге сәйкес 2014 жылдың 24 ақпанынан бастап 5 маусымға дейін ШҚО ТЖД барлық құрылымдық бөлімшесінен, тұрақты сақталатын, уақытша сақталатын және жеке құрам бойынша құжаттар мен істер қабылданды. ШҚО ТЖД ведомстволық мұрағаты біріктірілуі себепті ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ құжаттарын да сақтайды, ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ бастығының 2014 жылғы 27 ақпандағы № 40 бұйрығымен 2012 жылы аяқталған істерді табыстауды қамтамасыз ету жұмыс тобы құрамы бекітілді. Кестеге сәйкес 2014 жылдың 25 ақпанынан бастап 30 маусымға дейін ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ барлы құрылымдық бөлімшесінен, тұрақты сақталатын, уақытша сақталатын және жеке құрам бойынша құжаттар мен істер қабылданды. Қабылдау тапсыру тізімдемесіне сәйкес жүзеге асырылды.
Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 23 қарашадағы № 278 бұйрығымен бекітілген Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттерінде қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулылар шығарылған материалдары, тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, беру және уақытша сақтау тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес, ШҚО ТЖД 2014 жылғы 14 наурыздағы № 49 бұйрыққа сәйкес есеп беру мерзімінде ШҚО ТЖД ведомстволық мұрағатына сақтауға 2013 жылға арналған бас тартылған материалдарды (бұдан әрі бас тартылған материалдар) ШҚО ТЖД 16 қалалық және аудандық ТЖ басқармалары мен бөлімдерінен қабылдады. Нұсқаулық негізінде ШҚО ТЖД ТЖ басқармаларында және бөлімдерінде қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шығарылған қаулылар бойынша 2008 жылдың ғылыми-тарихи құндылығы жоқ, тәжірибелік маңызын жоғалтқан материалдар жоюға іріктелді. ОСК-ның 2014 жылғы 2 сәуірдегі отырысында бас тартылған материлдар ісін жою туралы акті қарастырылғаннан және ШҚО ТЖД бастығының 24 сәуірде актіні бекіткеннен кейін бас тартылған материалдар өртеу арқылы жойылады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасарының 2014 жылғы 14 тамыздағы № 1-19-5-91/2496-И нұсқауына сәйкес ШҚО ТЖД сақтау мерзімі тұрақты құжаттары шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағатына тапсыруға дайындалған, жеке құрам бойынша істерді 2014 жылғы 30 қыркүйекке дейін дайындауды аяқтау жоспарланған.
2014 жылдың басынан бері ШҚО ТЖД ведомстволық мұрағаты құрылымдық бөлімшелерге жұмысқа арналған 164 іс жіберді, 465 сұранымдар бойынша үзінді және құжаттардың көшірмелерін әзірледі.
ШҚО ІІД бастығының м.а. 2014 жылғы 4 қарашадағы № 1-19-70/3908-И нұсқауына сәйкес ШҚО ТЖД 2015 жылға арналған істер номенклатурасы жасалып, ШҚО ТЖД ОСК келісілді. Қазіргі таңда ол ШҚО ІІД арнайы мемлекеттік мұрағатқа келісілуге жолданған.
Есеп беру кезеңінде ШҚО ТЖД қызметкерлеріне және оның ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне – ТЖ басқармаларына және бөлімдеріне, ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ-ға, ШҚО ТЖД «СҚҚ» ММ-ға істерді құру және ресімдеу, оларды сақтауға әзірлеу бойынша тәжірибелік көмек көрсетілді.
2014 жылдың 28 наурызында ШҚО ТЖД бастығы жанындағы Кеңестің бірінші отырысы өткізілді, ШҚО ТЖД 2014 жылға арналған бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес мәселелер қарастырылады: 1) 2014 жылдың қыс-көктем маусымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу туралы;
2) Авариялық-құтқару құрылымдарының жұмыстарды жүргізуге дайындығы жағдайы туралы, проблемалық мәселелер, оларды шешу жолдары.
2014 жылдың 30 маусымында ШҚО ТЖД бастығы жанындағы Кеңестің екінші отырысы өткізілді, онда мына мәселелер қарастырылды: 1) Облыс аумағындағы сыртқы өртке қарсы сумен қамту көздерінің жағдайы туралы.
2) ШҚО ТЖД және оның ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінде әскери-қызметтік тәртіп, сыбайлас жемқорлық құқыбұзушылық пен қылмыстың алдын алу және жол бермеу жағдайы туралы.
2014 жылғы 30 маусымда ШҚО ТЖД бастығы жанындағы Кеңестің екінші отырысы өткізіліп, онда мына мәселелер қарастырылды: 1) Облыс аумағындағы сыртқы өртке қарсы сумен қамту көздерінің жағдайы туралы; 2) ШҚО ТЖД және оның ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінде әскери-қызметтік тәртіп, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу және жол бермеу жағдайы туралы.
2014 жылғы 28 тамызда ШҚО ТЖД бастығы жанындағы Кеңестің кезектен тыс отырысы өткізіліп, Мемлекеттік басқару органдарының арасындағы өкілеттіктердің ара жігін ажырату мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасы заңнамасының шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жүйесін одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттары туралы мәселе қарастырылды.
2014 жылғы 23 қыркүйекте ШҚО ТЖД бастығы жанындағы Кеңестің төртінші отырысы өткізіліп, онда 1) Орындаушылық тәртіп, іс қағаздарын жүргізу және мұрағат бойынша жұмысты ұйымдастыру жағдайы туралы. 2) ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің 2014 жылға арналған ШҚО ТЖД жұмыс жоспарында көзделген іс-шаралардың орындау туралы қарастырылды.
2014 жылғы 11 желтоқсанда ШҚО ТЖД бастығы жанындағы Кеңестің 5-отырысы өткізілді, онда мына мәселелер қарастырылды.
1) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты 2015 жылға арналған Жолдауының қағидаларын талқылау;
2) ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараттық-насихаттау қызметі бойынша жұмысының жағдайы туралы.
3) Департаменттің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің төтенше жағдайлар мен оқиғалар туралы жедел ақпараттандыруы туралы.
4) 2014 жылы Кеңес қызметінің қорытындысы және 2015 жылға арналған міндеттер туралы.
2014 жылғы 09 қаңтардағы № 4 бұйрықпен бекітілген 2014 жылдың сәуірінде 2014 жылға арналған ШҚО ТЖД бақылау-тексеру шараларының жиынтық жоспарының 5-тармағына сәйкес ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелерінде 2014 жылға арналған істер номенклатурасын жүргізуді тексеру бойынша тақылыптық тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша акт жасалып, анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді.
2014 жылдың өткен кезеңінде ҚҚ ж МТДБ қызметкерлері ШҚО ТЖД Риддер қаласының ТЖ басқармасының, Бесқарағай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімін кешенді тексеруге қатысты және ШҚО ТЖД «СҚҚ» іс жүргізу және мемлекеттік тілді дамыту, іс номенклатурасын жүргізу бойынша қорытынды тексеруге қатысты.
2014 жылдың маусымында ШҚО ТЖД ҚҚ ж МТДБ және ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ ҚҚ ж МТДҚ қызметкерлері ҚР ТЖМ қызметкерлерімен бірлесіп ШҚО ТЖД, ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ, Семей қ. ТЖБ, Зырян ауданының ТЖБ, Риддер қ. ТЖБ «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттардыі іс жүргізуін тексеруге қатысты. Тексеру қорытындысы бойынша акт берілді.
3. Бөлімшенің тапсырмалары мен функцияларын жүзеге асырудың толықтығы
2014 жылғы 11 айдағы аумақтық органдардың құжат айналымы бойынша есеп-мониторингі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
р/с №
|
АММ атауы
|
Сыртқы кіріс хат-хабардың жалпы саны
|
Ішкі кіріс хат-хабардың жалпы саны
|
Сыртқы шығыс хат-хабардың жалпы саны
|
Ішкі шығыс хат-хабардың жалпы саны
|
дирорд
|
Жеке тұлғалардың өтініштері
|
Қағаздағы «ҚПҮ» грифі бар құжаттар
|
ОРД
|
Жиыны сыртқы хат-хабар саны
|
Барлығы'>Жиыны ішкі хат-хабар саны
|
|
Барлығы
|
Тек қана электронды форматта
|
Барлығы
|
Тек қана электронды форматта
|
Барлығы
|
Тек қана электронды форматта
|
Барлығы
|
Тек қана электронды форматта
|
Кіріс
|
шығыс
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
|
7
|
ШҚО ТЖД
|
4 162
|
2 671
|
4275
|
4 275
|
5 610
|
3 711
|
706
|
706
|
233
|
2 612
|
181
|
192
|
533
|
12 798
|
4 981
|
|
Барлығы
|
4 162
|
2 671
|
4275
|
4 275
|
5 610
|
3 711
|
706
|
706
|
233
|
2 612
|
181
|
192
|
533
|
12 798
|
4 981
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4. Қызметтік жұмысты жетілдіру бойынша іс-шаралар
2013 жылдың 4 ақпанынан бастап ШҚО ТЖД 2014 жылғы 1 ақпандағы № 24 «Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Электрондық құжат айналымның бірыңғай жүйесін енгізу туралы» бұйрығына сәйкес ШҚО ТЖД барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері ЭҚАБЖ-да жұмыс істейді. Қағаз түріндегі көшірмесіз тек электрондық форматта ведомствоаралық құжат айналымға сақталу мерзімі 10 жылдық құжаттар есепке алынған құжаттар тізбесі және істер номенклатурасы бекітілді. Құжаттамалау қағидаларының сақталуымен ШҚО ТЖД істер номенклатурасына сәйкес ҚР ТЖМ орталық аппаратына және басқа мемлекеттік мекемелерге де хат-хабар қағаз түріндегі нұсқасыз жіберіледі. Қазіргі таңда барлық ЭСҚ 2014 жылға жаңартылды.
ҚҚ ж МТДБ құрылымдық бөлімшелерінің қызметтік жұмысын жетілдіру мақсатында ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне нұсқаулар жіберіледі, қызметтік жұмыс бағыты бойынша комиссия және жұмыс тобының отырыстары өткізіледі.
Ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында ШҚО ТЖД ҚҚ ж МТДБ бас маманы А.С. Нұртазаева және ШҚО ТЖД «ӨСж АҚЖҚ» ММ ҚҚ ж МТДҚ сарапшысы А.Т. Аубакирова ҚР ТЖМ Әкімшілік жұмыс департаментінде тағылымдамадан өтті. Екі қызметкер де оң пікірлер алды.
ШҚО ТЖД ҚҚТ бас маманы А. Нұртазаева
Келісілді:
ААТ
Штаб
Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту бойынша жергілікті атқарушы органдарды, мекемелерді, ұйымдарды хабардар ету
№
р/с
|
Ақпарат тақырыбы
|
Кімге жіберілді, ТАӘ, лауазымы
|
Жіберілген күні, шығыс нөмірі
|
Қабылданған шешімдер.
|
1
|
Мемлекеттік тілдегі құжат айналым бойынша есеп
|
ШҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
|
24.01.2014ж.
№23-15-15/221
|
Мәліметке алу үшін
|
2
|
Мемлекеттік тілдегі құжат айналым бойынша есеп
|
ШҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
|
25.02.2014ж.
№23-15-15/613
|
Мәліметке алу үшін
|
3
|
Мемлекеттік тілдегі құжат айналым бойынша есеп
|
ШҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
|
20.03.2014ж.
№23-15-15/877
|
Мәліметке алу үшін
|
4
|
Мемлекеттік тілдегі құжат айналым бойынша есеп
|
ШҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
|
25.04.2014ж.
№23-15-15/1323
|
Мәліметке алу үшін
|
5
|
Мемлекеттік тілдегі құжат айналым бойынша есеп
|
ШҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
|
23.05.2014ж.
№23-15-15/1618
|
Мәліметке алу үшін
|
6
|
Мемлекеттік тілдегі құжат айналым бойынша есеп
|
ШҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
|
25.06.2014ж.
№23-15-15/2021
|
Мәліметке алу үшін
|
7
|
Мемлекеттік тілдегі құжат айналым бойынша есеп
|
ШҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
|
25.07.2014ж.
№23-15-15/2404
|
Мәліметке алу үшін
|
8
|
Мемлекеттік тілдегі құжат айналым бойынша есеп
|
ШҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
|
25.08.2014ж.
№23-15-15/2641
|
Мәліметке алу үшін
|
9
|
Мемлекеттік тілдегі құжат айналым бойынша есеп
|
ШҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
|
25.09.2014ж.
№23-15-15/2905
|
Мәліметке алу үшін
|
10
|
Мемлекеттік тілдегі құжат айналым бойынша есеп
|
ШҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
|
29.10.2014ж.
№23-15-15/3275
|
Мәліметке алу үшін
|
11
|
Мемлекеттік тілдегі құжат айналым бойынша есеп
|
ШҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
|
25.11.2014ж.
№23-15-15/3509
|
Мәліметке алу үшін
|
Достарыңызбен бөлісу: |