Түпқараған аудандық білім бөлімі
Түпқараған аудандық білім үйлестіру орталығы
Қызықты тапсырмалар
С. Шапағатов селосы 2017
«Мақұлданды»
«МАБҮО» кеңесі
Хаттама №___
«__»___ 2017 ж.
Құрастырған: Алпишева Зухра Жанөмірқызы
«№1 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» ММ
бастауыш сынып мұғалімі
«Ұсынылды»
«ТАБҮО» ММ
сараптау комиссиясының кеңесі
Хаттама №____
«___»______ 2017 ж.
Алғы сөз
Еліміздің болашақ азаматтары бүгінгі біздердің аладарымызда отыр. Олардың қандай болып өсетіні, өмірден алатын орны мен қоғамдағы әлеуметтік жағдайы біздермен тікелей байланысты. «Білім негізібастауыштан» деген қанатты сөзде үлкен шындық пен жауапкершілік жатыр. Сол себепті 1сынып оқушыларының әріптануына, жазуына, сөйлеуіне, ойлауына баса назар аудару керек. Оқу және жазу дағдылары қалыптасып, алғашқы тілдік мағлұматтарды, сөйлеу әрекетінің түрлерін меңгеріп, байланыстырып сөйлей алатындай, ана тілін сүйетін, адамгершілік, Отансүйгішік сезімдері қалыптасқан, шығармашылыққа бейім жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау керек.
1-сыныпта «Сауат ашу» пәні интеграцияланған (оқу мен жазу – «Әліппе» оқулығы; тілдік және оқу материалдары – «Ана тілі» оқулығы) мазмұңда оқытылатындықтан оқушылардың оқу мен жазу дағдысын қатар алып жүруі қиындық тудырып жатады. Сауат ашудың әрбір кезеңінің өзіндік ерекшелігіне ескере отырып, оқушыларды оқуға және жазуға даярлау, сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуге үйрету көзделуде.
Әліппе кезеңінде оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту міндеті қойылғандықтан дидактикалық тапсырмаларды орындау барысында бұл міндеттерді орындауға мол мүмкіндік болады.
Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеттері: оқушылардың оқу және жазу дағдыларын жетілдіру; байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту көзделген.
Оқушылар өз ойын еркін айтатын, өзіне сенімді болу мақсатында жасалатын жұмыстарды көздеп, жас ерекшеліктеріне лайықты етіп құрастырылған. Оқушылардың әліппеден кейінгі кезеңінде, ана тілі оқулығының кезінде кеңінен қолдануға болатын мұғалім үшін көмекші құрал.
Алғаш алған білімдерін тексеру мақсатында мұғалімдер жеке немесе топтық жұмыстар ретінде үлестірмелі карточка етіп беруге болады.
Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың сөздік қорлары жетіліп, сөйлеу мәдениеті қалыптасып, алған білімін дәлелдеу мүмкіндігі жетіледі.
Дидактикалық ойындар арқылы оқушылар алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп отырады. Сауат ашу, ана тілі пәнінен білім, білік, дағдыны үнемі есепке алып отырубастауыш мектептегі оқу үрдісінің ең қажетті бөлігі. Қызықты тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың алған білім деңгейі және білім мен дағдының саналы түрде меңгерілгенін тексеру мақсатында жүргізуге болады.
Қызықты викторина ойынын ойнау барысында оқушылардың шапшаңдылығы мен ойлау қабілетін бақылап, бағалауға болады.
Тест сұрақтарын жылдың соңында оқушылардың білімін тексеру мақсатында қолданып, тест жұмысынын маңызын түсіндіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |