Сөж тақырыбы: Бастауыш сыныптардағы жазудың мақсаттары мен міндеттері. Орындаған: Аубакирова Аружан Тобы: а-9-20



бет1/6
Дата01.06.2022
өлшемі25.06 Kb.
#458879
  1   2   3   4   5   6
Бастауыш сыныптардағы жазудың мақсаттары мен міндеттері (Аубакирова Аружан )


Тараз инновациялық көпсалалы колледж


СӨЖ


Тақырыбы: Бастауыш сыныптардағы жазудың мақсаттары мен міндеттері.
Орындаған: Аубакирова Аружан
Тобы: А-9-20
Қабылдаған: Әлімғазиева Жанерке
Бастауыш сыныптардағы жазудың мақсаттары мен міндеттері
Мақсаты:
Оқушылардың ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіру. Ауызекі және жазба тілде қарым - қатынас жасау дағдыларын дамыту, орфографиялық дағдылар мен көркем жазу дағдыларын қалыптастыру. Жазудың түрлі тәсілдері /көшіріп жазу, әріптік, буындық, сөздік, сөйлем, шағын мәтін т. б./арқылы сауатты жазуға үйрету.
Міндеті:
- бас және кіші әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыландыру;
- әріптерді бір - бірімен өзара байланыстыра қосып жазуға үйрету;
- сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру;
- эстетикалық талғамға сай жазу әрекетін игеру арқылы каллиграфиялық көркем жазуын қалыптастыру.


Жоспары:


I.Кіріспе


II.Негізгі бөлім


1. Бастауыш сынып оқушыларын көркем жазуға үйрету
2. Жазуға үйретудің мақсат-міндеттері


III. Қорытынды


I.Кіріспе
Сауат ашу кезеңіндегі ең негізгі басты құрал — «Әліппе» және «Әліппе серігі». Әліппенің бас жағындағы түрлі тақырыптарға салынған суреттер де оқушылармен жүргізілетін дайындық жұмыстары үшін ең қажетті көрнекі құрал болып есептеледі. Әліппеде әрбір жаңа әріпті үйрету барысында жекелеген заттардың суреттері және тақырыптық суреттер де беріледі. Сонымен қатар онда балалардың ойы мен тілін дамыту үшін сюжетті картинкалар, әңгімелер, жұмбақтар т. б. бар. Әліппеге қосымша көрнекі құрал — кеспе әліппе. Кеспе әліппеден олар буын, сөз, сөйлем құрайды және оларды талдап, оқып үйренеді.
Әріптерді естерінде жақсы сақтау үшін суретті алфавит қолданылады; онда әрбір әріптің суреті мен атауы және сол әріптен басталатын заттың суреті салынады.
Әріптерді сақтауға арналған әріп кассасы жасалады. Әріп кассасының көлемі дәптердің ашып қойғандағы көлеміндей болады.
Қызыл, көк түсті төрт бұрыштар жасалады. Қызылы дауысты дыбысты, көгі дауыссыз дыбыстарды көрсетеді.
Бұл айтылғандардан басқа таблицалар да қолданылуы мүмкін. Мысалы дауысты, дауыссыз дыбыстарды өту барысында таблица қажет-ақ. Мұнда дауысты дыбыстың таңбасын қызыл түспен, дауыссыз дыбысты қара түспен ерекшелеуге болады.
Сөз құрастыру үшін буындар беріледі. Жазу жұмыстарында пайдалану үшін арнаулы «Жазу үлгісі» ұсынылады. «Жазу үлгісінде» әріптердің элементтері, жазба үлгілері беріледі.
Әр мектепте оқушылардың партаға түзу, дұрыс отыруы бейнеленген және жазу кезінде қаламды дұрыс ұстау, отыру үлгілері бейнеленген плакаттар болуға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет