Түпқараған аудандық білім үйлестіру орталығы мемлекеттік мекемесі



Дата17.06.2016
өлшемі7.5 Mb.
#142190
Түпқараған аудандық білім үйлестіру орталығы

мемлекеттік мекемесі
Қоршаған ортамен таныстыру арқылы балаларды әдептілікке, әдемілікке тәрбиелеу

(Балабақша тәрбиешілеріне арналған әдістемелік ұсыныстар)





Таушық– 2014 жыл
«Мақұлданды»

ММ «АҚБҮО»

кеңесінде

Хаттама №______

«___»_____2014 ж








Дайындаған: МКҚК«Айгүл»

Балабақшасының тәрбиешісі

Жаксылыкова А.А


«Ұсынылды»

Сараптау комиссиясының отырысы

Хаттама №_______

«______»___________2014 ж








Алғы сөз
Қазір заман талабына сай жас ұрпақты оқу – тәрбие үрдісінде тәрбиелеу тәрбиеші ұстаздың алдына қойған мақсаты.

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе.

Еліміздің болашағы саналатын ұрпақ тәрбиесінде, оқу тәрбие үрдісі, өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен міндетін, еркін ойлау қабілетін, бала танымын, білімін, қоғам талабына сай жан – жақты дамыған, тұлға қалыптастыруды қажет етеді. Тәрбие тиімділігінің ең басты мәселесі, мемлекет мүмкіндігінен туындайтын қажеттілікке сай тәрбиенің мақсатын анықтау.



Мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту, қоршаған ортамен таныстыру, логикалық ойын жетілдіру, таным қалыптастыру арқылы өз тәжірибесінде дұрыс қолдану.

Мектепке дейінгі мекемелер, яғни балабақшалар үшін жарық көрген мектепке дейінгі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен бағдарлама әдістемелік нұсқаулықтарды негізгі ала отырып, «Айгүл» балабақшасы тәрбиешісі Жақсылықова Айгүл Қатынас, Денсаулық білім беру саласы оқу іс – әрекетінің үлгісін тәжірибе алмасу мақсатында ұсынып отыр. Балабақша тәрбиеші, педагогтарына арналған дайын оқу іс – әрекет технологиялық карталары білім сапасын арттыруда зор ықпал етері сөзсіз. Жас маман, тәрбиешілерге көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.


Балабақша әдіскері А.Баянова

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Әдептілік-әдемілік белгісі»

Мақсаты: Бұл оқу іс-әрекетінің негізі мақсаты балалардың әдептілік туралы білімдерін кеңейту. Әдептілік ұғымдарын баланың бойына сіңіру көрініс арқылы балалардың бойындағы әртістік қабілеттерін ашу, дамыту.

Білімділігі: Әдепті, әдемі, таза болып жүру

Тәрбиелік:. Үлкенді сыйлауға, кішіге жәбір көрсетуге болмайтынын түсіндіру.

Көрнекілігі: Видеопроектор экранымен, «Әдептілік- әдемілік белгісі» оқу іс-әрекетінің презентациясы, мақал-мәтелдер

Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойындар


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы


Балаларды ұйымдастыру

Отанымызға, бақшамызға, отбасымызға арналған жылы-жылы лебіздерімізді айтайық.
Жыл ерекшелігіне тоқтау. Суреттерді әңгімелеу.


Балалар, табиғат дегеніміз не?
Табиғат нешеге бөлінеді және оны қалай атаймыз?


Үлкенге де Сіз

Кішіге де Сіз

Барша жұртты құрметтеп

Бас иеміз біз
Жылы лебіздер айтады.


Жыл мезгілін айтып,

суреттегі балаларға есімдер беріп олардыің іс-әрекеттерін айтады.
Табиғат бізді қоршаған әлем.
Табиғат екіге бөлінеді, олар тірі және өлі табиғат.

Іздену ұйымдастырушы

Әдепті бала дегеніміз кім? Әдептіге не жатады? Әдептілік туралы қандай мақал-мәтел білеміз? Міне бүгін осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.
«Жылы киім тәнді жылытар,

Жылы сөз жанды жылытар»-дегендей, балалар егер бірдеңе қажет бола қалса өтінемін деген сөзді айту керек.

Ортада Альбина мен Сәулемайдың сурет салуын тамашалайық.


Балалар, біреудің құралын рұқсатсыз алуға бола ма?
Қане, бұл қателікті кім түзейді.

Балалар, қараңдаршы Адайбек қандай әдепті. Өтінемін деген ізгі сөзді айтуды ұмытпады.
Кейде біз жылтыраған, жалған сөздерді естиміз.

Қасқыр қойды мақтады,

Барлық ісін жақтады.

Қасқыр жолдас болмайды-ау,

Қой түбінде оңбайды-ау.

Әрине, қасқыр сияқты залым да зұлым адаммен алысқа бара алмайсың. «Ежелгі жау дос болмас» деген бар. Балалар жалған сөйлеуге бол ма?
.

Біз кешірім сұрап білеміз бе? Кешірімді қай кезде сұраймыз?

Балалар бірге ойнайтын достарын ренжітуге бола ма?
Қане, Диана қатеңді түзету үшін Інжуден кешірім сұрайық.
Енді, балалар мына суреттерге назар аударайық.
1-сурет. Ересек адам кішкентай балаға қол көтеруде.

Балалар мына суретке қараңдаршы. Кімдердің суретін көріп тұрсыңдар.
Ересек адам кішкентай балаға не істеп жатыр?
Не үшін қол көтеріп жатыр білеміз бе?
Өзінен кіші адамды да, өзгені де ұрып соғу әдептілікке жатпайды. /түсінік беріледі/
2-сурет. Жасы үлкен адам кішкентай балаға ауыр жүк артып қойды.




«Тәні саудың жаны сау» дейді дана халқымыз. Тазалық туралы не білеміз?

Әрқашан таза, сүйкімді болу үшін не істеу керек? Балабақшада жуынамыз ба? Қай кезде жуынамыз?


Дидактикалық ойын:

«Мен атаған нәрсені көрсет».

Мақсаты: Танымдық қабілетін, зейінін тұрақтандыру.

Шарты: Түрлі заттардың ішінен айна, тарақ және шашты сәндеу үшін керек бұйымдарды табады.


Әдемілік бейнесі.





Мақал-мәтелдерді еске түсірейік:


І-көрініс.

Альбина бірге сурет салып отырған құрбысы Сәулемайдан қарындашты рұқсатсыз алып кетеді. Себебі Сәулемайдың қарындаштары Альбинаның қарындашына қарағанда әлдеқайда әдемірек болатын. Сәулемай қарындашты қайтып беруін сұрайды. Алайда Альбина оған бергісі келмейді.

Жоқ.
Адайбек ортаға шығып: Өтінемін қарындас,

Бере тұршы қарындаш.

Болмайды.


Досын және жақындарын ренжітіп алғанда.
ІІ-Көрініс. Диана мен Інжу ортада қуыршақ ойнап отырады. Кенет Диана қуыршағын қызғанып Інжуды нұқып, қуыршағын тартып алады. Ал, Інжу ренжіп жылап қалады.


Әрине жоқ.
Інжу кешірші, мен қателестім. Жүр бірге ойнайық.

Ересек адам мен кішкентай бала

Қол көтеріп жатыр.

Балалардың түрлі жауаптары.

Жасы үлкен адам жасы кіші адамға ауыр жүк көтертуге болмайды. Бұл әдепсіз адамдардың жасайтын қылықтары. Әдепті адам ешқашан өзінен кіші адамға ауыр жүк көтерпейді, керісінше балаларға қол ұшын беріп жәрдемдеседі, қамқор болады.

1-бала:

Дос бол сабын сумен сен,

Жиі-жиі жуын сен.

Таңертең де, кеште де

Жуын тамақ соңында.

Жуын ұйықтар кезіңде,

Жуын тұрған мезгілде.

Су мен сабын бір жолдас

Жоймас олар кір болмас.

Тамақ ішер алдында және тамақ ішіп болғасын жуынамыз.

Серуеннен келгенде,ұйықтар алдында т.б



Балалар суреттерді әңгімелеп.

Ондағы бүлдіршіндерге есімдер қойып,

олардың іс-әрекеттерін айтады.

Қыздардың сәнді киініп, таза әрі әдемі болып отырғандығын әңгіме етеді.



  • Сіз деген әдеп, біз деген көмек.

  • Еріншектің ертеңі таусылмас.

  • Әдептілік ар ұят,

адамдықтың белгісі.

  • Дені саудың жаны сау.

Рефлексті коррекциялау


Сонымен, әдепті бала деп-сәлемдесе білетін, үлкен-кішіні құрметтейтін, таза да ұқыпты жүретін, айтқан тілді алатын, ата-анасын, бауырларын ренжітпейтін баланы әдепті бала деп айтады екенбіз.



Балалар әдептілік, әдемілік туралы өз ойларымен бөліседі.



Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Әдепті, әдемі, таза, ұқыпты, шыншыл болуды білу керек. Өтірік сөз айтуға біреудлі ренжітуге болмайды.
Болуы керек: Танымы, ойлауы, сөздік-тілдік қоры, байланыстыра сөйлеуі.
Баланың қолынан келуі: Баланың қолынан келуі: Сұрақтарға толық жауап беру. Суреттерді әңгімелеу, берілген тапсырмаларды орындау. Өлең-шумақтарды айту. Жұмбақтар шешу.


Білім беру саласы: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Валеология

Тақырыбы: «Денсаулық еліне саяхат»

Мақсаты: Денсаулық сақтау туралы түсінік беру, зейінін тұрақтандыру, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстыра сөйлеуін дамыту,

Білімділігі: Қазақстан Республкасы туралы түсініктерін кеңейту,

Тәрбиелік: Отанын, жерін қорғауды түсіндіру, дене мүшелері туралы түсінік беру, тазалаққа үйрету, мейірімділікке, ұқыптылыққа үйрету т.б.

Көрнекілігі: Видеопроектор экранымен, «Денсаулық бұрышы»

оқу іс-әрекетінің презентациясы, мақал-мәтелдер,

Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, саяхат, ойындар


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балаларды ұйымдастыру

Жүректен жүрекке жылы лебіздер.

- Жылдың қазір қай мезгілі?

- Күз неше ай қонақта болады?

-Күз айларын ата?

- Мына суреттерге қарап күзгі ерекшеліктерді атаңдар және суреттегі балаларға есімдер қойып олардың іс-әрекетін талдаңдар:


Күз туралы тақпақтарды

еске түсіріп өтейік,

қане кім айтады?




Денсаулық дегенді қалай түсінесің? «Дені сау адам» деп кімдерді айтамыз?

Армысың алтын күн!

Армысың Жер ана!

Армысыздар қонақтар!

Армысыңдар достарым!

Аман болсын халқымыз,

Заман болсын ең тыныш!

Аман болсын аналар!

Аман болсын балалар!
- Аспанымыз ашық болсын!

- Еліміз тыныш болсын!

- Бақшамыз бақты болсын!

- Жеріміз гүлдене берсін!

- Елімізде бейбітшілік болсын!

- Ынтымағы жарасқан ел болайық!

- Қазақстан гүлдене берсін!

- Отбасымыз аман болсын!

- Деніміз сау болсын!

- Жеріміз бай болсын!

-Әрқашан күн сөнбесін!

- Күз

-3 ай

-Қыркүйек, қазан, қараша


Адайбек пен Нұржайнат саябаққа барып күзгі жапырақтарды теріп жүр. Олар алма теріп жүрген кірпіні көріп қызықтауда. Ал, кірпі өз азығы алманы жинап бара жатыр. Саябақ іші алтын түске еніпті, талдарда күз түскенге мәз мейрам болып тұр, себебі олардың да демалатын уақыты келді. Талдар қыс бойы ұйықтап, көктемде қайта оянады.

Күз мезгілі бейнеленген. Балалар жеміс бағында алма жинап жүр. Әліби алма ағашынан алманы үзіп Назеркеге беріп жатыр. Ал, Назерке оны алып Әлиханға беруде. Ал Әлихан болса Жамилаға тасып беруде. Жамила алманы жәшікке салып жинап жатыр. Арғы бетте басқа да балалар жемістерді жинап жатыр. Жиналған өнімді дүкенге жібереді. Дүкеннен тұтынушылар сатып алады.

1-бала:

Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.
2-бала:

Алтын нұрдай тамшылап,

Жапырақтар төгіледі.

Біздің өмір таң шуақ

Біздің өмір көңілді.
3- бала:

Біреу астық түсіріп,

Біреу бидай ұшырып.

Жатқан мезгіл күз екен

Алдым соны түсініп.
4-бала:

Қыстың жақын қалғанын,

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей


Балалардың түрлі жауаптары.



Іздену ұйымдастырушы



Сайқымазақ: Балалар біз қазір “Денсаулық еліне саяхатқа шығамыз”. Ол жерде тек дені сау адамдар мен түрлі аң құстар тату-тәтті өмір сүріп жатыр екен. Ол жақта Салауат деген атай тұрады. Ол алдына келген барлық науқастарды емдеп, жазып жібереді екен.
Тәрбиеші: Балалар Салауат атай туралы білгілерің келе ме?
Салауат атай ол дәрігер адам. Ол алдына келген барлық науқастарды емдеп жазып жібереді. Мына суретте аюдың қолы, түлкінің аяғы, үйректің қанаты ауырады екен. Олар Салауат ағайға ем іздеп келіп жатыр. Ал маймыл болса ағайдың көмекшісі екен. Ол алдына келген науқастарды рет-ретімен, кезегімен жіберіп көмектесіп тұр екен.

Ал, мына жерде бір топ құстар: Тоқылдақ, үкі, торғай, тотықұс, кептер, үндік, тіпті ала қарға да келіп Салауат атайға өзінің алғыстарын айтқалы келіпті.

Балалар қараңдаршы мына аң, құстар бізді тектен-тек Салауат атаймен кездестіргісі келмей отыр. Олар бізге бірнеше сұрақтар қоямыз дейді. Егер сол сұрақтарға жауап берсек біз Салауат атаймен кездесе алады екенбіз.

Қонжық:

Денсаулық туралы мақал-мәтел білесіңдер ме?


Дәрумендер мекені туралы не білесіңдер?
Дәрумендерді қайдан аламыз?
Жеміс-жидек, көкөністер қайда өседі?

Мына жемістерді атаңдаршы?



Мына жидектерді атаңдаршы:


Мына көкөністерді атаңдар:



Осы жеміс-жидектер мен көкөністерде қандай дәрумендер бар?

Менің соңымнан қайтала.

Есіңде сақта: Егер денсаулығың мықты болсын десең әрдайым жемістер мен көкөністерді жеп жүру керек.


Жемістер мен көкөністер туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

Қане кім айтады?







Арыстан:

Дене мүшелері туралы жұмбақ шеше білесіңдер ме?
Көреді бәрін өзгенің,

Көре алмайды өздерін?
Екі шырақтың ортасында бір өзім?
Күмбір-күмбір қарағым,

Қартайғанша жарадың?
Денесі жұмсақ сүйрік?
Бунақты көсеу, тармағы бесеу?
4-кезең. Тазалық денсаулық кепілі.

.



Асан мен Үсен алма жегілері келгені соншама бақшаға барып алма теріп әкелді. Асан алманы жумастан жеп жатыр, ал Үсен болса алманы жуып жеп жатыр.

Осы жерде Асан мен Үсеннің қайсысының әрекеті дұрыс?
Егер алманы жумай жесеңдер мына суреттегідей микробтар және түрлі құрттар ішкі ағзаға еніп түрлі ауру тудыруы мүмкін еді. Сондықтан жеміс-жидектермен көкөністерді әрдайым жуып жеу керек.
Қарғаның жұмбағы:

Ертемен күнде сен

Қолыңа сүйкесең.

Кетіп кір ласың,

Тап таза боласың

Бұл не?
Жұлдыздың жұмбағы:

Шомылған баланы

Аймалап алады

Сүртеді қолыңды

Сүртеді жоныңды

Бұл не?



Балалар, сендер барлық сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер. Енді саяхатқа шығуларыңа болады. Жолдарыңыз болсын!

Балалар, Салауат атай орманда тұрады. Оны мына көрініс арқылы таба аласыздар. Егер осы суретті көрсеңіздер онда Сіздер атайдың үйін тапқандарыңыз. Сәт сапар тілеймін.
Тәрбиеші: Балалар, Сіздер аң-құстардың барлық сұрақтарына жақсы жауап бердіңіздер. Олар біздерге жолға шығуымызға келісімдерін беріп сәт сапар тіледі. Ал, балалар сендер жолға шығуға дайынсыңдар ма?
Әсем әуен үнімен саяхатқа шығады.



«Денсаулық еліне қош келдіңіздер!»
Денсаулық елінде Салауат атай болмай оның көмекшілері Қоян мен Барыс оларды қарсы алып, балаларға дене мүшелері туралы түрлі сұрақтар қойып, жұмбақтар жасырады. «Мен атаған нәрсені көрсет» атты дидактикалық ойын ойнатады.

-Екі көзің не үшін керек?

-Екі қолың не үшін керек?

- Құлақ деген не үшін керек?

Тіл мен жағың не үшін керек?



Суретке назар аударады. Сайқымазақтың сөзін мұқият тыңдайды.





1-бала:

Бас аманда мал тәтті,

Бас ауырса жан тәтті.
2-бала:

Жасырғанның жарасы асқынады.
3-бала:

Дені саудың жаны сау.

- Жеміс-жидек, көкөністерден.
-Бау-бақшада.

Жүзім. Алмұрт. Алма. Банан. Өрік

Анар. Ананас. Жаңғақ. Апельсин. Лимон
Құлпынай, шие, бүлдірген.


Қауын, қарбыз, бұрыш, қызанақ, картоп, қияр, сәбіз, асқабақ т.б.

- Лимон, апельсинде-С-дәрумені,

- Алма, алмұртта- В-дәрумені;

-Бұрышта-В-дәрумені,

-Қызанақта-А,В-дәрумендері

-Сәбізде-А-дәрумені

-Пиязда-А,В,С дәрумендері бар.

1-бала:

Асханадан шықпаймын,

Атым пияз бұқпаймын.

Көзден жасты шығарып,

Тұмаудан бір сақтаймын.
2-бала:

Өсіретін бойыңды

Дамытатын ойыңды

Қоянғада азықпыз

Сәбіздерміз жазықсыз.
3-бала:

Дөп-дөңгелек сары

Ішінде бар дәні

Қызығасың көріп

Оның аты өрік

4-бала

Іші толған шәрбәт

Дәмі қандай әйбат

Үзесің бірден жүзін

Оның аты жүзім
Көз

Мұрын
Құлақ

Тіл
Қол мен саусақ

Үсеннің әрекеті дұрыс. Алманы жуып жеу керек.


Сабын


Сүлгі



-Әрине дайынбыз.

- Жақсыларды көру үшін.

-Елге көмек беру үшін.

-Ақыл кеңес тыңдау үшін.

-Ақиқатты айту үшін.
Ойын ойнап балалар қоянмен, барыспен қоштасып «Денсаулық елінен» қайтып оралады.

Рефлексті коррекциялау


Денсаулық туралы қарапайым ережелерді есте сақтаңдар, менің соңымнан қайталаңдар.



Балалар тәрбиешімен бірге

ережелерді қайталайды.
- күніне кем дегенде 2 рет тіс жуу керек.

- Ұқыпты таза жүру керек.

-Әрдайым спортпен шұғылдану керек

-Дұрыс тамақтану керек.

-Күнде жуынып жүру керек.

-Әрдайым жеміс-жидек, көкөністерді жуып жеу керек.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Денсаулық сақтау үшін таза, ұқыпты жүру керек.

Әрдайым таза, табиғи өнімдерді жеу керек.

Дұрыс тамақтану керек.

Болу керек: Баланың естеу сақтауы, зейіні, ойлауы, тілді-сөздік қоры, байланыстыра сөйлеуі т.б.


Баланың қолынан келуі:

- Сұрақтарға жауап беру.

- Суреттерді әңгімелеу

- Берген тапсырмаларды орындау




Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Құрметтеймін туған тілімді»

Мақсаты: Балалардың тілін дамыту; зейінін тұрақтандыру; ойлау қабілетін дамыту; сөздік қорын байыту; байланыстыра сөйлеуін дамыту;

Білімділігі: Қазақстан Республкасы туралы түсініктерін кеңейту, Отанын, туған жері туралы білу, құрметтеу

Тәрбиелік: Тілін, дінін, елін, жерін, Отанын сүюге, құрметтеуге баулу

Көрнекілігі: Оқу іс-әрекетінің презентациясы, мақал-мәтелдер топ ішіндегі «Астанаға саяхат», Бәйтерек, Қазақстан Республикасының рәміздері ту, елтаңба, гимні, Қазақстан картасы, , Алтын адам, т.б.

Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, саяхат, ойындар


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балаларды ұйымдастыру


Жүректен-жүрекке жылы лебіздер.
Н.Жанаевтың өлеңі:

Қарашы күз келді, күз келді,

Сары алтын жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Көңілсіз еткен күз енеді.

Өлеңде жылдың қай мезгілі туралы айтылған?

Күзгі суреттерді әңгімелейік:

  1. Саябақта

  2. Егіс алқабында

  3. Біздің аулада

Көк аспанда күн күлсін!

Бірге күлсін бүлдіршін.

Көк аспанда күн күлсін,

Жерге ұдайы нұр құйсын!
Сен әдептісің

Сен мейірімдісің

Сен адалсың

Сен қайырымдысың

Сен ақкөңілсің

Сен сабырлысың

Сен көріктісің.....

Күз
Балалар суреттерді әңгімелейді. Балаларға есімдер қойып олардың іс-әрекеттерін талдайды.

Іздену ұйымдастырушы

Біздің еліміз, Отанымыз қалай аталады?

Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды?

Елімізді басқарып отырған елбасымыз кім?

Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?

Біз қай тілде сөйлейміз, біздің ана тіліміз қандай, ұлтымыз кім?
Қазақ тілі туралы түсінік беру. Ондағы : Ә, Ғ, Қ, Һ, І, Ң, Ү, Ұ, Ө өзге тілдерде кездеспейтінін, қазақ әліпбиі 42 әріптен тұратынын түсіндіру.
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақ тілінің сақталуына, дамуына, халық арасында қазақ тілінің орын алуына үлкен үлес қосқан ақындарымыздың бірі Қадыр Мырзалиев атамыздың өлеңін еске түсіріейік...

«Астанаға саяхат» топ бұрышына саяхат жасау. Ондағы әсем ғимараттармен танысу. Бәйтерек туралы ой қозғау. Астана қаласы туралы өз ойларын ортаға салу.

Балалар қазақ тілі туралы жыр-шумақтарды еске түсірейік...
Ана тілім, дана тілім бақытым,

Қазақ тілін білу менің парызым.

Тілім менің ұмытылмас тірлігім,

Кім біледі тіліміздің тағдырын.
Тіліңе берік байланғын,

Тіл айдын, келіп жайланғын.

Аққудай аппақ арымсың,

Ана тіл сенен айналдым.

Саяхаттан оралу.
Тіл туралы мақал-мәтелдерге кезек берейік


Жұмбақ шешейік:


  1. Көк лағым көгенде жатып семіреді




  1. Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады?




  1. Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні.

Құйрығынан суырып Әкелді әжем бір күні

Тәуелсіз Қазақстан Республикасы

Тәуелсіздік алғанымызға

20 жыл болды

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев


Ту, Елтаңба, Гимн.


Ұлтымыз қазақ, ана тіліміз қазақ тілі.


1-бүлдіршін:

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте...


1-бүлдіршін:

Тіл деген қасиетті ұғым екен,

Қазақ тілі жырлайтұғын жырым екен.

Ұмытпайық тілімізді ешқашан,

Қасиетін сақтайтұғын сырым екен.
2-бүлдіршін:

Мәртебесі тіліміздің биік екен,

Қазағыма қазақ тіл боп енген екен.

Тілімізді ұмытпайық әрқашан,

Қазақ тіл боп мәнгілікке қалған екен.
3-бүлдіршін:

Ана тіл кәусар бұлағым,

Қана алмас сенсіз құмарым.

Әр әрпің маған бір-бір тау,

Шыңына қалай шығамын?



  1. Ана тілім алпыс тілге татиды.

  2. Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі қайырады.

  3. Атағыңды өсіретінде тіл, өшіретін де тіл.

Қарбыз.


Пияз.


Сәбіз

Рефлексті коррекциялау

М.Әлімбаевтың өлеңі:

Кіршіксіз қардай сақтаңдар

Қазақтың тілін ғаламат

Ана тіл-арым, иманым,

Аманат саған, аманат.
Ана тілі ана сүтімен даритынын ұмытпайық.


Алған білімдермен бөліседі.

Ұнаған бөлімдерін айтады.




Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Ана тіліміз – қазақ тілі. Қазақ тілінің мәртебесін. Қазақстан Республикасының рәміздерін, мақал-мәтел, жұмбақтарды.
Болуы керек: Танымы, ойлауы, сөздік-тілдік қоры, байланыстыра сөйлеуі.
Баланың қолынан келуі: Сұрақтарға жауап беру.
Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Көктем келді көңілді»

Мақсаты: Көктем туралы түсінік беру

Білімділік: Көктем ерекшелігін, жылдың қыстан кейінгі кезекті

мезгілі көктем мезгілі екенін білу;

Тәрбиелік: Көктемгі еңбекке тәрбиелеу, жыл құстарын қарсы алуға және оларға қамқор болуға тәрбиелеу;

Дамытушылық: Балалардың тілін дамыту; Сөздік қорын молайту; Байланыстыра сөйлеуін дамыту;

Көрнекілігі: Оқу іс-әрекетінің презентациясы

Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойындар


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балаларды ұйымдастыру



Жүректен-жүрекке жылы лебіздер:



              • Қазір жылдың қай мезгілі?

              • Көктем неше ай қонақта болады?

              • Көктем айларын білесіңдер ме?

  • Жыл ерекшелігін еске түсірейік...

Қуан, шаттан!

Қуан, шаттан!

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң!

Қайырлы таң!

Күліп шықты күн бүгін.


Бір-біріне, Отанға, туған елге, отбасына деген жылы лебіздер айтады

Балалардың түрлі жауаптары



Іздену ұйымдастырушы

Көрнекілік суреттерді әңгімелеу





«Көктем өрнегі»

Қар еріді, су ақты,

Күндер келді шуақты.

Байтақ дала келбеті,

Түкті кілем сияқты.

Көкке бояп өңірді,

Көктем келді көңілді.

Бау-бақшада, орманда,

Құстар әні төгілді.

Жаңбыр жауып басылды,

Күлімдейді көкте күн.

Кемпірқосақ асылды,

Өрнегіндей көктемнің.


Жұмбақ шеше білесіңдер ме?
Бұлтты айдай желдеткен,

Нөсерлеткен селдеткен.

Шалшық келіп ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?
Тырс-тырс етіп тамады,

Сайға қарай ағады?
Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.
Суретті әңгімеле.



Шығармашылық жұмыс:

«Құстарға арналған ұя мен жем сауыт»

Көктем, көктемде,

Құстар келіп жеткенде.

Қуанып бір қаламыз,

Әнмен қарсы аламыз.


Сергіту:

Дидактикалық ойын: «Төлерін тап»


Құлпырып көктем келді. Айнараның бау-бақшасында қызу жұмыс жүріп жатыр. Анасы талдың түбін әктеп жатыр. Әкесі жер қопсытып, ағасы гүл егіп жатыр. Ал, Айнара еккен гүлдерге, жас шыбықтарға су құйып жүр.

Құлпырып көктем келді. Аспанда әдемі ақша бұлттар көшіп барады. Күн күлімдеп өз шуағын шашып тұр. Мәди мен Еркеназ көктемді қуана қарсы алды. Айнала жасыл желек жамылған Жеміс ағаштары гүлдеп, айналаға қызғалдақ өсіп шығыпты.

Көктем


Жаңбыр

Күн

Көктем мезгілі. Шотан әкесімен бірге құстарға қамқор болып, оларға ұя жасап, ағаш басына ілмекші.

Балалар алдын ала түрлі-түсті қағаздан қиылып дайындалған қиындылардан ұя мен жем сауыт жапсырады.


Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті-қолын жуады.


Жан-жануарлар көктемді қуана қарсы алды. Әсем табиғат аясында құстар ән салса, көжек пен қонжық ойын ойнап жүр.

Ойын ойнайды.

Рефлексті коррекциялау

Көктемгі ерекшеліктерді ата?

Құстарға қалай қамқорлық жасадық?

Төлдерді ата?

Мадақтау.

Көктемде жан-жануарлар төлдейді. Құстар жылы жақтан оралады. Адамдар егін еге бастайды. Табиғат тіріліп өз тіршілігін бастайды.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Жыл мезгілін. Көктем ерекшелігін. Төлдерді.
Болуы керек: Танымы, ойлауы, сөздік-тілдік қоры, сөйлеуі.
Баланың қолынан келуі: Сұрақтарға толық жауап беру. Суреттерді әңгімелеу, берілген тапсырмаларды орындау. Жұмбақтар шешу. Құстарға ұя мен жем сурет жапсыру.
Білім беру саласы: Қатынас, шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру, ән

Тақырыбы: «Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты Қазақстан»

Мақсаты: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы түсінік беру;

Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның  келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге баулу.                                     

Тәрбиелігі: Отан-Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.

Дамытушылығы: Балалардың ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту, жыр-шумақтарды мәнерлеп айту,

Көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреттері (Қайрат, Лаззат, Ербол) Видеопроектор экранымен, тақырып желісі бойынша презентациялар, шарлар, нақыл сөздер.

Әдіс-тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: Қайрат, Ләзат, Ербол - халық қаһармандары, Отан ана


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Балаларды ұйымдастыру

Жүректен-жүрекке жылы лебіздер:


              • Қазір жылдың қай мезгілі?

              • Қыс неше ай қонақта болады?

              • Қыс айларын білесіңдер ме?

  • Қыс ерекшелігін еске түсірейік...

Армысың шапағатты күніміз,

Армысың мейірімді жеріміз.

Армысың табиғат анамыз,

Келді Сізге өзіңіздің балаңыз.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!

Отанға, туған елге, отбасына деген жылы лебіздер айтады

Балалардың түрлі жауаптары



Іздену ұйымдастырушы

Көрнекілік суреттерді әңгімелеу

Қысқы орман көрінісі.

«Азаматтың отбасы»

«Ержігіттің қамқорлығы»
Еліміз қалай аталады?

Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды?

Тәуелсіздік бізге кімдердің арқасында жетті, кімдердің еңбегін ерекше атап өтуге болады?
«Желтоқсан желі» бейнеклипі.
Желтоқсан құрбандарын еске алу.



Қайрат Рысқұлбековпен таныстыру.

"Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең, алыңдар.


Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық.
Атам десең атыңдар!" 

Монументтермен таныстыру:


  1. Алматы қаласында орналасқан 1986 жылғы желтоқсан көтерілісін еске алу монументі




  1. Желтоқсан оқиғаларына арналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументі


Қазақстан Республикасы рәміздері туралы жыр – шумақтарды еске түсірейік:



Ән: «Көк тудың желбірегені»



«Елбасы еліммен бірге»


Біз жараттық мына ғажап ғасырды,

Тарихы оның Елбасымен ашылды.

Отанымның өр намысты киесі,

Құрметтеймін жиырма бірінші ғасырды.

Бақыт қонды халқымның бүгін басына,

Нұрсұлтандай атам қонды тағыма.

Жас ұрпақтар желбіретіп, нық ұста,

Елбасының үлгі болар жолын да.
Ақмоладан жасады Астананы

Танымастай өзгертті бас қаланы.

Зауыт салды, жол салды, мектеп салды,

Аяқталмай қалмады бастағаны.


Ән: «Астана бас қала»



Суреттерді әңгімелейді.
Балалардың түрлі жауаптары.

Экранға назар аударады.

1 мин үнсіздік.

Суреттерке зер салады.



1-бала:

Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім елтаңбам.

 
2-бала:



Бұлт баспасын күнімді

Тарылмасын өрісім.

Биік ұстау туымды,

Қасиетті борышым.

Ән орындайды.

3-бала:

Құт береке шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

 

«Елбасы еліммен бірге» бүлдіршіндер арнауы:



1-бала:

Алтын күн нұрын төксін аспаннан,

Аман өттік тағдырдың салмағынан.

«Ертеңгі енді елімнің-сандер жастар»

-деп, Елбасы емірене ақтарылған.

Елім, жерім кемімей толсын деймін,

Барша жұртқа жақсылық қонсын деймін.

Келешекте Қазақстан Республикасы,

Бар әлемге танымал болсын деймін.

2-бала:

Ел қойнауым Қазақстан деп келемін,

Өзіңе мен жыр қойнауын төгемін.

Бар алаштың «Бәйтерегі» бір өзің,

Нұрағадай елеулі ер сен едің.


3-бала:

Танытты қазақ елін дүйім жұртқа,

Мойындады елімізді үлкен спортта.

Елбасы елімменен бірге болса,

Алынбайтын біздерге шың болып па?!

Алаңсызбыз, Елбасы өзің барда,

Арманымыз тек Сіздей болсақ деген.

Бақыттымыз шаттыққа кенелген біз,

Нұрсұлтанға құрметпен бас иеміз.
Ән орындайды.

Рефлексті коррекциялау

Жылы лебіздер.


Ән: «Қазақстаным менің»


Отанға, туған елге, отбасына, достарына деген жылы-лебіздерін білдіреді.
Ән орындайды.


Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Өз Отанан. Туған елін, жерін. Отанға деген құрмет. Желтоқсан құрбандарына тағзым.
Болуы керек: Танымы, ойлауы, сөздік-тілдік қоры, сөйлеуі.
Баланың қолынан келуі: Сұрақтарға толық жауап беру.

Суреттерді әңгімелеу, берілген тапсырмаларды орындау. Әндерді орындау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет