2.4 Бұзауды 15- күннен 3- айға дейінгі кезеңде азықтандыру ерекшеліктері
Туғанына екі-үш күннен бастап 2-айға дейінгі бұзауларға кеп сыңардан (мия экстрактасы, гюльфамикс) тұратын сұйық қосымша азық береді. Бұл іш, өкпе ауруларына шалдықпауға, төлдің тәбетін ашатын есімдік тектес азықтарға тез үйренуіне әсерін тигізіп, салмағынын арта түсуіне мүмкіндік туғызады. Көп сыңарлы сұйық қосьшша азықты дайындау үшін 20 литрлік шыныға қайнатып 38—40° суытылған 20 литр суды 20 литрлік шыныға құйып, оған 100грамм құрғақ мия экстрактысын, 1 кг польфамикс қосып ерітеміз. Ерітіндіні қараңғы, күн түспейтін жерге немесе тоңазытқышқа қоямыз. Норма бойынша әр 100кг тірілей салмағына 100 грамм ерітінді бе-ріледі.
Жан-жақты жүргізілген ғылыми тәжірибе мен озат шаруа-шылықтардың жұмыс қорытындысы көп сыңарлы сұық азық қоспасын қабылдаған бұзаулардың өсіп-жетілуі мұндай қоспаны қабылдамаған бұзаулардан әлдеқайда жоғары екендігін дәлелдеді.
Арнаулы шаруашылықта тұқымдық бұзауды 10—15 күннен 6 айға дейін тәулігіне қосатын салмағы 650—700 грамм болатын етід өсіргенде, әр басына шамамен 240—270 кг уыз бен сүт, 400 кг сүт алмастырғыш немеое.көк сүт, 180кг құр-ма жем (рецепті № 61-1), 210—260 кг пішен және шөп үны 380кг сүрлем (немеое 250 кг сүрлем және 250кг тамырже-містілер) береді.
Телді түрлі азықтармен азықтандыру әсіресе ас қорыту органдарының жетілуін күшейтеді және мұндай азықты көп жеуге, оны жақсы қорытып, қоректік заттарды жақсы сіңіруге бейімделген малды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Бұзауға алғашқы айлары өсірудегі азықтандыру жобасы бойынша сүт береді де, оның мөлшерін біртіндеп азайтып, майсыздандырылған көк сүтпен (обрат) ауыстырады.
Барлық бұзау азықтандыру жобасы бойынша алғашқы күндерден бастап сүтке кальций-фосфорлық минералды қосындылар мен ас тұзын қосып береді. Жемнен басында үнтақталып, қабығынан тазартылған сұлыға үйретіп, 2-ші айдан бастап оны бұзау азығына арнайы дайын-далған жем қосындысы не құрама жеммен ауыстырады. Өндірістік құра-мажем болмаған жағдайда үнтақталып, тазартылған сұлы, жүгері үны, бидай кебегі, күнбағыс пен зығыр күнжарасы секілді жеңіл қорытылып, жақсы сіңірілетін, қоректілігі мен қүнарлылығы жоғары жем қосындысын жұмсайды. Жобадағы жоспарланған көрсеткіштерге жету үшін азықтандыруды жан-жақты толықтырып, өсіп, дамып келе жатқан тел организмінің мұқтаждығын қамтамасыз ететіндей етіп ұйым-дастырады.
Ірі сүт шаруашылығында, негізінен, бұзауды уыздық кезеңінен кейін жалпы жиналған сүттеп емізу әдісі қолданылады. Осы өдіспен өсірілетін Бұзаудың тұқымына сөйкес сүттік кезең соңында жеткізілетін тірілей салмағы бойынша азықтандыруына жұмсалатын сүт мөлшерін азықтан-дыру жобасымен (схема кормления телят) белгілейді. Сүттік кезеңде бұзау басына 180 кг сүт пен 200 кг көк сүт жүмсап, тірілей салмағын 125—130 кг-ға жеткізу көзделсе — № 1, 200 кг сүт пен 400 кг көк сүт жұмсап, тірілей салмағын 150—155 кг-ға жеткізу көзделсе — № 2, 250 кг сүт пен 600 кг көк сүт жұмсап, тірілей салмағын 160—170 кг-ға жеткізу көзделсе, № 3 азықтандыру жобасын қолданылады.
Жазғытұрым бұзауды бірінші айдан бастап көкшөп жеуге үйретеді де, оны бұзау азықтандыру жобасындағы аумақты жемшөптің (пішен, сүрлем, тамыр жемістілер) орнына жегізеді. Желінген көкшөп көлемін бұзау басына 2-ші айда - 75-145 кг, 3-ші айда - 180-200 кг, 4-ші айда - 300-320 кг, 5-ші айда - 430-460 кг, 6-шы айда 530—560 кг көлемінде жоспар-лайды. Қорытуына жеңіл болуы үшін бұзауға жегізілетін көк балаусаның бір бөлігін солдырып не кептіріп барып береді.
Тұқьшға қалдырылған еркек бұзауларға кестелерде келтірілген ұрға-шы бұзауларға берілетін жемшөп көлемін құнарлы жем есебінен 10—15% жоғары, төулігіне 740-900 г қосымша салмақ қосатын деңгейде жоспар-лайды! Ол үшін сүттік кезеңнің 6 айында еркек бұзау басына — 320-450 кг сүт, 600-1000 кг көк сүт, 220-230 кг пішен, 200 кг сүрлем, 100-120 кг тамыр жемістілер, 200-220 кг қүнарлы жем жегізіліп, жазда ірі жөне шырынды жемшөп орнына 800-900 кг көкшөп беріледі.
Сүттік кезеңнен кейін жыныстық дамуы жетілген бұзауларды жыны-сы бойынша бөліп, тұқымға қалдырылған бастардан тыс еркек таналарды жеделдетіп жетілдіріп, бордақылауға қояды да, үрғашы таналардан сүттілігі мол сиыр есіруді нысаналап азықтандырады. Ол үшін аумақты жемшөпті кептеп жегізу арқылы олардың ас қорыту жолдарын мейлінше кеңітіп, сыйымдылығын арттырып, кеп көлемде арзан аумақты азық жеп, оны жоғары дәрежеде қорытып және игеріп, сүтке айналдыруға бейімдеп өсіреді.
Мүйізді ірі қара мал төлінің өсуі — 2-3 жасында (физиологиялық жетілуі), ал жетілуі 4—5 жасында (шаруашылық жетілуі) аяқталатындық-тан, оның азықтандыруын осы мерзімдегі жеке өсіп-жетілуінің, яғни онтогенезінің биологиялық заңдылықтарын жете ескере отырып жүргізу керек. Оны іске асыру үшін азықтандыруды Тұқымдық ерекшеліктері өсіру бағыты мен сақайғандағы тірілей салмағына жеткізетін өсу жоспа-рына сөйкестендіреді. Сақайғандағы тірілей салмағы 500—550 кг тартатын сиыр өсіру үшін Бұзаудың алғашқы 6 айдағы орташа төуліктік салмақ қосымы — 650-700 г, 7-12 айдағысы — 550—600 г, 13—18 айдағысы -600—800 г болып, тірілей салмағы 330—345 кг-ға жетуін қадағалайды. Тұқымдық еркек бұзаулардың бүдам да жоғары (850-950г) орташа тәуліктік салмақ қосуын жоспарлап, 16 айлығында тірілей салмағын 400— 500 кг-га жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |