Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 18 наурыздағы
№ 215 қаулысымен
бекiтiлген
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналарды тiркеу нөмiрлiк белгiлерiн бере отырып, тiркеу, қайта тiркеу бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналарды тiркеу нөмiрлiк белгiлерiн бере отырып, тiркеу, қайта тiркеу мемлекеттiк қызмет (бұдан әрi - Мемлекеттiк қызмет) болып табылады.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 14) және 15) тармақшалары және Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2564 тiркелген «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн мемлекеттiк тiркеу ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2003 жылғы 8 қыркүйектегi № 467 бұйрығы негiзiнде көрсетiледi.
4. Мемлекеттiк қызметтi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң аумақтық инспекциялары (бұдан әрi - Мемтехинспекция) көрсетедi, олардың мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген.
5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нысаны тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналарды тiркеу, қайта тiркеу болып табылады.
6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмде көрсетiледi:
1) өтiнiш берушi қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 күнтiзбелiк күн iшiнде;
2) қажеттi құжаттарды тапсырған кезде (талонды тiркеген, алған кезде және т.б.) кезек күтуге, электронды сауалды қалыптастыруға рұқсат берiлген ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспайды;
3) мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi ретiнде барынша рұқсат етiлген файл мөлшерi құжаттарды алу кезiндегi кезек күтуге рұқсат берiлген ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес мемлекеттiк алымдар мен баж (жаңа техникалық паспортты және мемлекеттiк тiркеу нөмiрлiк белгiсiн алған кезде) белгiленген, олар мыналарды құрайды:
тiркеу үшiн мемлекеттiк алым - 0,25 айлық есептiк көрсеткiш;
баж салығы: машинаға техникалық паспорт бергенi үшiн - 0,5 айлық есептiк көрсеткiш;
машинаға мемлекеттiк тiркеу нөмiрлiк белгiсiн бергенi үшiн - 1 айлық есептiк көрсеткiш.
Мемлекеттiк алым және баж төлемнiң мөлшерiн және төленген күнiн растайтын түбiртек беретiн Қазақстан Республикасының банк ұйымдары арқылы төленедi.
9. Мемлекеттiк қызмет керсетудiң тәртiбi және қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.kz интернет-ресурсында және Мемтехинспекцияларда орналастырылады, олардың мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген.
10. Мемлекеттiк қызмет сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн жұмыс күндерi (дүйсенбi - жұма) көрсетiледi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезекке тұру тәртiбiмен жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға (күту залы, құжаттардың үлгiлерi қойылған таған), сондай-ақ мүмкiндiгi шектеулi адамдарға қолайлы жағдайлар жасалады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:
1) Мемтехинспекция қызметкерi бланкiсiн беретiн белгiленген нысандағы өтiнiш, олардың мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген;
2) жеке тұлғалар үшiн - өтiнiм берушiнiң жеке басын және тұрғылықты жерiн куәландыратын құжаттың көшiрмесi мен түпнұсқасы;
3) заңды тұлғалар үшiн - заңды тұлғаның мөрiмен куәландырылған заңды тұлғаның құрылтай құжаттары (тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң статистикалық картасының көшiрмелерi);
4) машинаны кәдеге жарату (жарамсыз деп тану, шығынға жазу) жағдайларын қоспағанда, оны мемлекеттiк тiркегенi, қайта тiркегенi және тiркеу құжатының телнұсқасын бергенi үшiн алымдардың төленгенi туралы құжат;
5) шарттың (сату-сатып алу, айырбастау, сыйға тарту, қарыз және басқалары), машинаны қабылдау-беру актiсiнiң немесе машинаға меншiк құқығын растайтын өзге де құжаттың (анықтама-шот, кассалық кiрiс ордерiнiң түбiртегi, соттың шешiмi немесе меншiк құқығын растайтын өзге де құжаттар) нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
6) машинаның тiркеу құжаты және мемлекеттiк тiркеу нөмiрлiк белгiсi үшiн мемлекеттiк баж төленгенiн растайтын құжат;
7) жаңа және қолдан жасалған немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген машиналарға берiлген Қазақстан Республикасының сәйкестiк сертификаты немесе оның қауiпсiздiк техникасының белгiленген талаптарына сәйкестiгiн растайтын басқа құжат;
8) кедендiк жүк декларациясы (машинаны шетелден сатып алған жағдайда), кедендiк құжаттардың көшiрмелерi осы құжаттарды берген кеден органы ғана куәландырады.
Құжаттарды өкiл ұсынған жағдайда өтiнiшке оның өкiлдiгiн растайтын құжат (сенiмхат) қоса берiледi.
Машиналарға және нөмiрлi агрегаттарға меншiк құқығын растайтын басқа да құжаттарға мыналар жатады:
машиналарды сатып алғанын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелгенiн растайтын құжаттардың түпнұсқалары (МКД);
нотариалды тәртiппен куәландырылған шарттар, куәлiктер, мүлiкке құқығы туралы құжаттар және басқа да құжаттар, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған өзге де құжаттар;
Қазақстан Республикасына әкелiнген машиналардың «Транзит» белгiлерi және тiркеу құжаттары;
заңды тұлғаның машинаны жеке тұлғаға сату туралы мөрмен куәландырылған бұйрығы (өкiмi).
Мемтехинспекцияда есепте тұрған және жаңа заңды немесе жеке тұлғаларға сатылған (берiлген) заңды тұлғалардың машиналарын тiркеу қолда бар тiркеу құжаттарының, жалпы жиналыстың хаттамасы, жарғыға сәйкес жоғары органның шешiмi, бiрiншi басшының қолы қойылып, мөрмен расталған осы ұйым бойынша бұйрықтың үзiндi көшiрмесi, негiзгi құралдарды қабылдау-тапсыру актiлерi (НК-1 нысаны) сатылған машина үшiн төлемдi растайтын төлем құжаттары, мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi аумақтық органдардың рұқсаттары (мемлекет меншiгiндегi заңды тұлғалар үшiн) негiзiнде жүргiзiледi.
13. Бланкiлердi (өтiнiш нысанын) мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген тiркеу орны бойынша Мемтехинспекциялардан немесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.kz интернет-ресурсынан алуға болады.
14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi толтырылған бланкiлер, нысандар, өтiнiштер және басқа да құжаттар Мемтехинспекцияның инженер-инспекторына ұсынылады, олардың мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген, ол құжаттарды осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестiгiне тексередi және кiрiс құжаттарын есепке алу кiтабына тиiстi жазба енгiзедi. Ұсынылған құжаттар осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкес келмесе, тұтынушыға құжатты қабылдаудан бас тартылады. Тұтынушының талабы бойынша оған құжатты қабылдаудан бас тартудың дәлелдi жазбаша растамасы берiледi.
15. Құжаттарды қабылдау кезiнде өтiнiш берушiге құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын Мемтехинспекцияның инженер-инспекторы қажеттi құжаттарды қабылдағаны туралы белгi қойылған өтiнiштiң көшiрмесiн бередi.
16. Мемлекеттiк тiркеу нөмiрлiк белгiлерiн (бұдан әрi - МТНБ) және техникалық паспорттарды мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген Мемтехинспекция жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткеннен кейiн техникалық паспорттарды және МТНБ беру тiзiлiмiне жеке қолын қойғызып, көлiк құралдарының иесiне (өкiлiне) бередi.
17. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден көлiк құралының иесi (өкiлi) осы стандарттың 12-тармағындағы құжаттарды ұсынбаған жағдайда бас тартылуы мүмкiн.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн Мемтехинспекцияның мамандары өз қызметiнде:
1) қарапайымдылық танытуға, өзiнiң лауазымдық жағдайын, соның iшiнде көлiк, сервистiк және өзге де қызметтердi алу кезiнде баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;
2) сыпайы және әдептi болуға;
3) өтiнiштердi қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеуге, олар бойынша белгiленген мерзiмде қажеттi шаралар қабылдауға;
4) тұтынушы құжаттарының сақталуын, қорғалуын және мазмұны туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге тиiс.
4. Жұмыс нәтижелерi
19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
20. Мемтехинспекцияның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жұмыс тобы бекiтедi.
5. Шағымдану тәртiбi
21. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасына наразылықтар болған жағдайда Мемтехинспекция маманының әрекетiне шағым мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген аудандық, облыстық және қалалық аумақтық инспекциялар бастықтарының атына немесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң төрағасының немесе оның орынбасарының атына берiледi - 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi 36, 703, 702-кабинеттер, интернет-ресурсы: www. minagri.kz; тел. (87172) 555-880, 555-961; факс 555-762; е-mail: tehnika@minagri.kz
22. Шағымдар жазбаша түрде почта арқылы, электрондық почтамен не қолма-қол осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес аумақтық инспекциялардың кеңселерi арқылы жұмыс күндерi қабылданады.
23. Қабылданған шағым мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген аумақтық инспекциялардың ақпараттарды есепке алу журналына тiркеледi және түскен уақытынан бастап 15 күн iшiнде қаралады.
Шағымдарды қарау нәтижелерi туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабарланады.
6. Байланыс ақпараты
24. Мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi 36, 703, 702-кабинеттер, интернет-ресурсы: www. minagri.kz; тел. (87172) 555-880, 555-961; факс 555-762; е-mail: tehnika@minagri.kz
Тракторларды және олардың базасында
жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер
мен механизмдердi, монтаждалған арнайы
жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн
ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және
жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн,
сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы
машиналарды тiркеу нөмiрлiк белгiлерiн
бере отырып, тiркеу қайта тiркеу бойынша
мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына
1-қосымша
Кесте. Сапа және қол жетiмдi көрсеткiштердiң мәнi
Сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерi
|
Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi
|
Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi
|
Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Уақтылығы
|
1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)
|
100%
|
|
|
1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан көп емес күткен тұтынушылардың %-ы (үлесi)
|
100%
|
|
|
2. Сапасы
|
2.1. Қызмет көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)
|
100%
|
|
|
2.2. Лауазымды адам құжаттарды дұрыс рәсiмдеген жағдайлардың (жүргiзiлген есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) %-ы (үлесi)
|
100%
|
|
|
3. Қолжетiмдiлiк
|
3.1. Қызмет көрсету тәртiбi туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)
|
100%
|
|
|
3.2. Тұтынушы бiр дегеннен дұрыс толтырған және тапсырған жағдайларының %-ы (үлесi)
|
100%
|
|
|
3.3. Ақпаратқа интернет арқылы қол жеткiзуге болатын қызметтердiң %-ы (үлесi)
|
100%
|
|
|
4. Шағымдану үдерiсi
|
4.1. Қызметтiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санына негiздi шағымдардың %-ы (үлесi)
|
|
|
|
4.2. Белгiленген мерзiмде қаралған және қанағаттандырылған негiзделген шағымдардың %-ы (үлесi)
|
|
|
|
4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)
|
|
|
|
4.4. Шағымдану мерзiмiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)
|
|
|
|
5. Сыпайылық
|
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)
|
100%
|
|
|
Көрсеткiштер Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi төрағасының бұйрығымен бекiтiлген мемлекеттiк қызмет стандарттарының көрсеткiштерiн анықтау бойынша үлгi әдiстемелiк ұсынымдарға сәйкес есептеледi (сайт www.kyzmet).
Тракторларды және олардың базасында
жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен
механизмдердi, монтаждалған арнайы
жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн
ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және
жол құрылыс машиналары мен механизмдерiн,
сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары машиналарды
тiркеу нөмiрлiк белгiлерiн бере отырып,
тiркеу қайта тiркеу бойынша мемлекеттiк
қызмет көрсету стандартына 2-қосымша
Облыстық, аудандық, Астана және Алматы қалалары аумақтық
инспекцияларының мекенжайлары мен телефондары
Атауы
|
Заңды мекенжайы
|
Телефон нөмiрi
|
Ақмола облысы
|
Ақмола ОАИ
|
Көкшетау қ. Абай к., 89
|
8(7162)401494
|
Ақкөл ААИ
|
Ақкөл қ. Нұрмағамбетов к., 81
|
8(71638) 21100, 22312, 20188
|
Аршалы ААИ
|
Аршалы к-тi, Комсомол к., 3
|
8(71644)22483, ф.21634
|
Астрахан ААИ
|
Астраханка а., Әл-Фараби к., 49
|
8(71641)22808, 22286
|
Атбасар ААИ
|
Атбасар қ., Жеңiс к., 67
|
ф. 8(71643) 42902, 41388
|
Бұланды ААИ
|
Макинка қ., Углинский к., 42
|
8(71646)21530, ф.21009
|
Егiндiкөл ААИ
|
Егiндiкөл а., Жеңiс к., 7
|
8(71642)21965, ф.21334
|
Еңбекшiлер ААИ
|
Степняк қ., Рысқұлов к., 2
|
8(71639)21154, ф.21512
|
Ерейментау ААИ
|
Ерейментау қ., Степная к., 1
|
8(71633)23770, ф.23798
|
Есiл ААИ
|
Есiл қ., Мырзашев к., 96а
|
8(71647)29387, 21437, ф. 21387
|
Жақсы ААИ
|
Жақсы а., Тұқтыбаев к., 1
|
8(71635)21168, ф.21672
|
Жарқайын ААИ
|
Державинск қ., Ленин к., 24
|
8(71648)91437, 91336
|
Зерендi ААИ
|
Зерендi а., Ленин к., 23 а
|
8(71632)21250, ф.22558
|
Қорғалжын ААИ
|
Қорғалжын а., Абай к., 72
|
8(71637)21869, ф.21236
|
Сандықтау ААИ
|
Балхашино а., Ленин к., 126 а
|
8(71640)91674, ф.92200
|
Целиноград ААИ
|
Ақмола а., Гагарин к., 14
|
8(71651)31153, 31152
|
Шортанды ААИ
|
Шортанды к., Зеленый айналымы, 5
|
8(71631)22520, 21744
|
Щучье ААИ
|
Щучье қ. Железнодорожная к., 105
|
8(71636)36236
|
Степногор ҚАИ
|
Степногор қ., 2 ш.а., 16 үй
|
8 (71645) 64997, ф.61993
|
Ақтөбе облысы
|
Ақтөбе ОАИ
|
Ақтөбе қ., Смағұл к., 11
|
8(7132) 244089, ф.241819
|
Әйтеке би ААИ
|
Комсомольское а., Құлымбет к., 6
|
8(71339) 21712; 21182; 21577
|
Алға ААИ
|
Алға қ., Тамды к., 1
|
8(71337)31475; ф.31475
|
Байғанин ААИ
|
Байғанин к., Метеостанция к., 33
|
8(71345)22998; 22076
|
Ырғыз ААИ
|
Ырғыз к., Барысбай к., 7
|
8(71343)21643; 21848
|
Қарғалы ААИ
|
Батамша к., Әйтеке би к., 40
|
8(71342)23106; 23156
|
Қобда ААИ
|
Қобда к., Алиата к., 21
|
8(71341) 21122
|
Мәртөк ААИ
|
Мәртөк к., Панфилов к., 50
|
8(71331)22778; 21747
|
Мұғалжар ААИ
|
Қандыағаш қ., Қалиев к., 14
|
8(71333)35550
|
Темiр ААИ
|
Шұбарқұдық к., Желтоқсан к., 5
|
8(71346)22152; 23217
|
Ойыл ААИ
|
Ойыл к., Бақаев к., 6
|
8(71332)21821
|
Хромтау ААИ
|
Хромтау қ., Спортивная к., 2
|
8(71336)21741
|
Шалқар ААИ
|
Шалқар қ., Үргенiшбаев к., 26
|
8(71335)21748
|
Ақтөбе ААИ
|
Ақтөбе қ., Иманов к., 33
|
8(7132) 962558; 230299
|
Алматы облысы
|
Алматы ОАИ
|
Талдықорған қ., Лесная к. 1
|
8(7282)261297
|
Ақсу ААИ
|
Жансүгiров к., Сәтпаев к. 2
|
8(72832)21315
|
Алакөл ААИ
|
Үшарал қ., Шуақов к., 30
|
8(72833)21455
|
Балқаш ААИ
|
Бақанас қ., Бижанов к., 4
|
8(72773)91466
|
Еңбекшiқазақ ААИ
|
Есiк қ., Пугачев к., н-з
|
8(72775)41879
|
Ескелдi ААИ
|
Қарабұлақ к., Оразбек к., 52
|
8(72836)30130
|
Жамбыл ААИ
|
Ұзынағаш а., Сәтпаев к., 117
|
8(72770)22731
|
Iле ААИ
|
Өтеген батыр к., Титов к., 33 а
|
8(72752) 22286
|
Қарасай ААТ
|
Қаскелен қ., Тәуелсiздiкке 10 жыл к., 23
|
8(72771)23572
|
Қаратал ААИ
|
Үштөбе қ., Оспанов к., 8
|
8(72834)21849
|
Кербұлақ ААИ
|
Сарыөзек к., Рысқұлов к., 20
|
8(72840)31280
|
Көксу ААИ
|
Балпық би к., Сейфуллин к., 5
|
8(72838)20565
|
Панфилов ААИ
|
Жаркент қ.., Иванов к., 94
|
8(72831)51034
|
Райымбек ААИ
|
Кеген а., Лебаев к., 43
|
8(72777)21911
|
Сарқанд ААИ
|
Сарқанд қ., Қабанбай Батыр к., 6
|
8(72839)21089
|
Талғар ААИ
|
Талғар қ.., Абылай хан к., 98
|
20783
|
Ұйғыр ААИ
|
Шонжы а.,
Ж. Құдайбергенов к., 119
|
8(72778)21800
|
Талдықорған ҚАИ
|
Талдықорған қ., Қаблiс жырау к., 207
|
8(7282)301980
|
Атырау облысы
|
Атырау ААИ
|
Атырау қ., Орманшар ш.а., 49 а
|
8(7122)282941; 292071
|
Жылыой ААИ
|
Құлсары қ., 8-учаске
|
8(71237)55730
|
Мақат ААИ
|
Мақат к., Орталық алаң, 2
|
8(71239)31110
|
Махамбет ААИ
|
Махамбет а., Ветстанция, 1
|
8(71236)30210
|
Қызылқоға ААИ
|
Миялы а., Құттыбаев к.,16
|
8(71238)21324
|
Индер ААИ
|
Индер к., Қаражанов к.,9
|
8(71234)22244
|
Исатай ААИ
|
Аққыстау а., Ынтымақ к., 45
|
8(71231)20952
|
Құрманғазы ААИ
|
Ганюшкино а., Ветстанция, 1
|
8(71233)23063
|
Шығыс Қазақстан облысы
|
Ш. Қазақстан ҚАИ
|
Өскемен қ., Крылов к., 40
|
8(7232) 259920, 254008 ф.
|
Абай ААИ
|
Қарауыл а., Баян к., 25
|
8(72252)91308
|
Аягөз ААИ
|
Аягөз қ., Осенний орамы, 48 а
|
8(72237)33540
|
Бесқарағай ААИ
|
Большая Владимировка а., Совхозная к., 38
|
8(7222)91604
|
Бородулиха ААИ
|
Бородулиха а., СТО, 4
|
8(72351)21932
|
Глубокое ААИ
|
Глубокое а., Пирогов к., 6
|
8(72331)22870, 215, 52
|
Жарма ААИ
|
Қалбатау а., Мұсылманқұлов к., 21
|
8(72347)65582
|
Зайсан ААИ
|
Зайсан қ., Стамбетова к., 10
|
8(72340)21393
|
Зырян ААИ
|
Зырян қ., Бриллин к, 55
|
8(72335)61718
|
Қатонқарағай ААИ
|
Үлкен нарым а., Слямовк.,136
|
8(72341)21833
|
Көкпектi ААИ
|
Көкпектi а., Қабанбай к., 81
|
8(72348)21808
|
Күршiм ААИ
|
Күршiм а., Момышұлы к.,12
|
8(72339)31280
|
Тарбағатай ААИ
|
Ақсуат а., Қабанбай к., 24
|
8(72346)21405
|
Ұржар ААИ
|
Ұржар а., Калинин к., 1
|
8(72230)34739
|
Ұлан ААИ
|
Молодежный кентi
|
8(72338)27366
|
Шемонаиха ААИ
|
Шемонаиха а, Мичурина к., 21
|
8(72332)30630
|
Риддер ААИ
|
Риддер қ., Қонаев к., 40
|
8(72336)40930
|
Семей ҚАИ
|
Семей қ., Павлодарская к., 106
|
8(72226)36101
|
Жамбыл облысы
|
Жамбыл ОАИ
|
Тараз қ., Пушкин к., 140-б
|
8(7262) 453362
|
Байзақ ААИ
|
Сарыкемер а., Орынқұлов к., 89
|
8(72637) 22559, 21931
|
Жамбыл ААИ
|
Аса а., Промышленная к. 3
|
8(72633)21707, 21257
|
Жуалы ААИ
|
080300 Б.Момышұлы а., 93
|
8(72635)21592, 21311
|
Қордай ААИ
|
Қордай а., Жiбек жолы к., 108
|
8(72636)42170, 26438
|
Меркi ААИ
|
Меркi а., Панфилов к., 6
|
8 (72632) 24888, 24887
|
Мойынқұм ААИ
|
Мойынқұм а., Көшенов к., 5
|
8 (72642) 24820, 24970
|
Т. Рысқұлов ААИ
|
Құлан а., Асылов к., 54
|
8(72631)21975, 21221
|
Сарысу ААИ
|
Саудакент а., Асанов к., 7
|
8 (72639) 22052, 22130
|
Талас ААИ
|
Ақкөл ААИ, Қонаев к., 17
|
8(72641)21446, 21169
|
Шу ААИ
|
Төле би а., Асатұлы к., 21
|
8 (72638) 32587, 32568
|
Тараз ҚАИ
|
Тараз қ.,12 ш.а., 23-үй, 22-пәтер
|
8(7262)347201, 347179
|
Батыс Қазақстан облысы
|
Батыс Қазақстан ҚАИ
|
Орал қ., Қ. Аманжолов к., 75
|
8(7112)515446, 507529
|
Ақжай ААИ
|
Чапаев а., Меңдалиев к., 23
|
8(71136)92424
|
Берлi ААИ
|
Ақсай қ., Советская к., 81/2
|
8(71133)21710
|
Бөкейорда ААИ
|
Сайқын а., Жәнiкешов к., 16
|
8(71140)21320
|
Жаңақала ААИ
|
Жаңақала а., Заправочная к., 2
|
8(71141)21712
|
Жәнiбек ААИ
|
Жәнiбек а., Чурин к., 19
|
8(71235)21898
|
Зеленов ААИ
|
Переметное а., Набережная к., 59
|
8(71130)22708
|
Зеленов ААИ
|
Даринск а., Жеңiстiң 40 жылдығы к., 43
|
8(71131)21985
|
Қазталов ААИ
|
Қазталов а., Ветстанция к., 1
|
8(71144)31129
|
Қаратөбе ААИ
|
Қаратөбе а., Құрманғали к., 13
|
8(71145)21468
|
Сырым ААИ
|
Жымпиты а., Қазақстан к., 15
|
8(71134)31267
|
Тасқала ААИ
|
Тасқала а., Ветстанция к.
|
8(71139)21897
|
Теректi ААИ
|
Федоровка а., Ленин к., 162
|
8(71132)21953
|
Шыңғырлау ААИ
|
Шыңғырлау а., Сырым Датов к., 108
|
8(71137)33155
|
Орал ҚАИ
|
Орал қ., Конкин к., 5
|
8(7112)37585
|
Қарағанды облысы
|
Қарағанды ҚАИ
|
Қарағанды қ., Лобода к., 20
|
8(7212) 563595 567819 ф.
|
Қарағанды ААИ
|
Қарағанды қ., Прогресс к., 23
|
8(7212)437823
|
Қаражал ААИ
|
Қаражал қ., Сардары Сарытоқа к.,1
|
8(71032)26879
|
Абай ААИ
|
Абай қ., 3 ш.а.., 42 үй
|
8(72131)44560
|
Ақтоғай ААИ
|
Ақтоғай к., Оразалин к., 14
|
8(71037)21861
|
Бұқар жырау ААИ
|
Ботақара а., Шопанай к., 3
|
8(72154)21798
|
Жаңаарқа ААИ
|
Атасу к., Жамбыл к., 124
|
8(71030)27502
|
Қарқаралы ААИ
|
Қарқаралы қ., Игенсартов к., 35
|
8(72146)31432
|
Нұра ААИ
|
Киевка к., Ленин к., 2 а
|
8(72144)22657
|
Осакаров ААИ
|
Осакаров к., Шеткебұлақ к., 1
|
8(72149)42072
|
Шет ААИ
|
Ақсу-Аюлы к., Жезқазған к., 62
|
8(71031)22280
|
Ұлытау ААИ
|
Ұлытау а., Бұлқышев к., 30
|
8(71035)21204
|
Балқаш ҚАИ
|
Балқаш қ., Желтоқсан к., 20
|
8(71036) 65426
|
Жезқазған ҚАИ
|
Жезқазған қ., Балычная к., 16
|
8(71027) 60557, ф.63922
|
Темiртау ҚАИ
|
Темiртау қ., 7 ш.а.., 55 үй
|
8(72139)88114
|
Саран ҚАИ
|
Саран қ., Саран к., 2/1 үй
|
8(72137)25684
|
Қостанай облысы
|
Қостанай ОАИ
|
Қостанай қ., Гоголь к., 79 а
|
8(7142)501199
|
Алтынсары ААИ
|
Обаған а., Строительная к., 2
|
8(71445)34113
|
Амангелдi ААИ
|
Амангелдi а., Б. Майлин к., 18
|
8(71440)21548
|
Әулиекөл ААИ
|
Әулиекөл а., Байтұрсынов к., 48
|
8(71453)21072
|
Жангелдi ААИ
|
Торғай а., Құлжановтар к., 66
|
8(71439)21580
|
Денисов ААИ
|
Денисовка а., Дорожная к., 1
|
8(71434)91837
|
Жiтiқара ААИ
|
Жiтiқара қ., Д. Асанбаев к., 51 үй
|
8(71435)27656
|
Қамысты ААИ
|
Қамысты а., Ленин к., 61
|
8(71437)22218
|
Қарабалық ААИ
|
Қарабалық к., Космонавттар к., 16
|
8(71441)33285
|
Қарасу ААИ
|
Қарасу к., Исақов к., 66
|
8(71452)22062
|
Қостанай ААИ
|
Затобольск к., Терешкова к., 13/1
|
8(71455)21463
|
Меңдiқара ААИ
|
Боровской а., Алтынсарин к., 83
|
8(71443)21894
|
Наурызым ААИ
|
Қарамеңдi а., Шаяхметов к., 2
|
8(71454)21652
|
Сарыкөл ААИ
|
Сарыкөл к., Миронов к., 1 а
|
8(71451)22740
|
Таран ААИ
|
Таран а., Западная к., 3
|
8(71436)36157
|
Ұзынкөл ААИ
|
Ұзынкөл а., Октябрдiң 60 жылдығы к., 23
|
8(71444)21842
|
Федоров ААИ
|
Федоров а., Пушкин к., 56
|
8(71442)22150
|
Арқалық ҚАИ
|
Арқалық қ., Абай даңғылы, 29
|
8(71430)70364
|
Қызылорда облысы
|
Қызылорда ОАИ
|
Қызылорда қ., Мостовая к., 2
|
8(7242) 212562, 212568
|
Арал ААИ
|
Арал қ., М. Сәдiбеков к., 118
|
8(72433)21951
|
Қазалы ААИ
|
Қазалы ауданы, Түктiбаев к., 78
|
8(72438)23645
|
Қармақшы ААИ
|
Қармақшы ауданы, Момышұлы к., 101
|
8(72437)21286
|
Жалағаш ААИ
|
Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр к., 224
|
8(7243) 131882
|
Сырдария ААИ
|
Сырдария ауданы, Ғ. Мұратбаев к., 93
|
8(72436)21133
|
Шиелi ААИ
|
Шиелi ауданы, Бөгенбай батыр к., 21
|
8 (72432) 43788
|
Жаңақорған ААИ
|
Жаңақорған ауданы, Мұсаханов к., 105
|
8(72435)22185
|
Маңғыстау облысы
|
Маңғыстау ОАИ
|
Ақтау қ., 23 ш.а., 39-үй
|
8(7292)605040
|
Жаңаөзен ҚАИ
|
Жаңаөзен қ., Мұнайшылар к., 8
|
8(7234) 32639
|
Бейнеу ААИ
|
Бейнеу к., Бизнес орталық
|
8(72932)21167
|
Қарақия ААИ
|
Құрық а., Босан батыр к., 6
|
8(72937) 22330
|
Маңғыстау ААИ
|
Шетпе к., Орталық кiтапхана
|
8(72931)21499
|
Түпқараған ААИ
|
Форт-Шевченко қ., Ж. Мыңбаев к., 46-үй
|
8(72938)22573
|
Павлодар облысы
|
Павлодар ОАИ
|
Павлодар қ., Крупская к., 71
|
8(7182)512078
|
Ақтоғай ААИ
|
Ақтоғай а., ветеринарлық кешен
|
8(71841)21999
|
Ақсу ҚАИ
|
Ақсу қ., Вокзальная к., 17
|
8(71837)60742
|
Баянауыл ААИ
|
Баянауыл а., Әуезов к., 1
|
8(71840)91506
|
Железин ААИ
|
Железин а., Чкалов к., 21
|
8(71831)21154
|
Ертiс ААИ
|
Ертiс а., Интернациональная к., 6
|
8(71832)21189
|
Качир ААИ
|
Тереңкөл а., Байтұрсынов к. 234
|
8(71833)22394
|
Лебяжi ААИ
|
Лебяжi а., Ыдырысханов к., 39
|
8(71839)21754
|
Май ААИ
|
Көктөбе қ., ветеринарлық кешен
|
8(71838)91654
|
Павлодар ААИ
|
Павлодар қ., Ленин к., 145
|
8(7182)324301
|
Успен ААИ
|
Успенка а, Терешкова к., 18
|
8(71834)91636
|
Шарбақты ААИ
|
Шарбақты а., ветеринарлық кешен
|
8(71836)21692
|
Екiбастұз ҚАИ
|
Екiбастұз қ., Геологическая к., 205 а
|
8(71873)36057
|
Солтүстiк Қазақстан облысы
|
Солтүстiк Қазақстан ОАИ
|
Петропавл қ., Казахстанская правда к., 66
|
8(7152)360141
|
Айыртау ААИ
|
Саумалкөл а.
|
8(71533)21190
|
Ақжар ААИ
|
Талшық а.
|
8(71546)21562
|
Аққайың ААИ
|
Смирнов а.
|
8(71532)22489
|
Ғабит Мүсiрепов ААИ
|
Новоишим а
|
8(71535)21640
|
Есiл ААИ
|
Явленка а.
|
8(71543)22485
|
Жамбыл ААИ
|
Преснов а.
|
8(71544)22855
|
Қызылжар ААИ
|
Бескөл а.
|
8(71538)28177
|
Мағжан Жұмабаев ААИ
|
Булаев а.
|
8(71531)22759
|
Мамлют ААИ
|
Мамлют а.
|
8(71541)22259
|
Тайынша ААИ
|
Тайынша а.
|
8(71536)23037
|
Тимирязев ААИ
|
Тимирязев а.
|
8(71537)20125
|
Уәлиханов ААИ
|
Кiшкенекөл а.
|
8(71542)22139
|
Шал ақын ААИ
|
Сергеевка а.
|
8(71534)21435
|
Оңтүстiк Қазақстан облысы
|
Оңтүстiк Қазақстан ОАИ
|
Шымкент қ., Қабанбай батыр к., нөмiрсiз
|
8(7252)551417
|
Арыс ҚАИ
|
Арыс қ., Теле би к., нөмiрсiз
|
8(72540) 21052, 21255 ф.
|
Түркiстан ҚАИ
|
Түркiстан қ., Т.Мыңбасы к., 16
|
8(72533) 43052, 43167 ф
|
Бәйдiбек ААИ
|
Шаян а., Қадырбаев к., 32
|
8(72548) 22012, 21459 ф.
|
Қазығұрт ААИ
|
Қазығұрт а., Әуезов к., нөмiрсiз
|
8(72539) 22889, 21405 ф.
|
Мақтаарал ААИ
|
Жетiсай қ., Маханбет к., 1
|
8(72534) 67344, 67250 ф.
|
Отырар ААИ
|
Шәуiлдiр а, Жiбек жолы даңғ., 17
|
8(72544) 21578, 21337 ф.
|
Ордабасы ААИ
|
Темiрлан а., Қажымұқан к., нөмiрсiз
|
8(72530) 21586, 21757 ф.
|
Сайрам ААИ
|
Қарасу а., Панфилов к., нөмiрсiз
|
8(72531) 20281, 20208 ф.
|
Сарыағаш ААИ
|
Сарыағаш қ., Майлы қожа к.,
|
8(72537) 22890, 21413 ф.
|
Созақ ААИ
|
Шолаққорған а., Төреқұлов к., 1
|
8(72546) 42420, 41305 ф.
|
Төле би ААИ
|
Леңгiр қ., Есенқұлов к., 55
|
8(72547) 61427, 62585 ф.
|
Түлкiбас ААИ
|
Т. Рысқұлов а., Жантұров к., 17
|
8(72538) 52440 ф.
|
Шардара ААИ
|
Шардара қ., Қасымов к., 17
|
8(72535) 21309, 22369 ф.
|
Алматы қаласы бойынша АИ
|
Алматы қ., Медеу ауданы, Мақатаев к., 15
|
8(7272) 302792, 738776
|
Астана қаласы бойынша АИ
|
Астана қ., Фурманов к., 6
|
299278
|
Достарыңызбен бөлісу: |