Трансмиссияның жалпы құрылымы



Дата02.01.2022
өлшемі14.32 Kb.
#453457

Трансмиссияның жалпы құрылымы

Автомобильдің трансмиссиясы қозғалтқыштың айналдыру моментін жетекті дөңгелектерге беруге, сондай-ақ айналдыру моментінің көлемін және оның бағытын өзгертуге арналған. Механизмнің негізгі қызметі иінді біліктегі айналдырғыш моментті бірнеше есе көбейтіп, қозғағыш доңғалаққа жеткізу болып табылады. Себебі, көлікті жүргізу үшін оның доңғалағына үлкен күш түседі, ал сол күшті айналдырғыш момент тудырады. Трансмиссия үш түрлі тәсілдер: жетекті (класссикалық); алдыңғы жетекті және толық жетекті болып пайдаланылады.

Автомобиль трансмиссиясына ілініс, беріліс қорабы, үлестіргіш қорап, карданды беріліс, басты беріліс, жетекші белдіктер кіреді.

Ілініс қозғалтқышты трансмиссиядан қысқа уақытқа ажыратуға, автомобиль орнынан қозғалған кезде және қозғалыс кезінде берілістерді ауыстырып қосқаннан кейін оларды бірқалыпты жалғастырып тұруға арналған.

Беріліс қорабы қозғалтқыштан дөңгелектерге берілетін айналдыру моментін және бағытын өзгертуге арналған.

Карданды беріліс қозғалтқыштың айналу моментін жетекті белдіктерге беруге арналған.

Басты беріліс айналу моментін 90º-қа өзгертіп, жарты өстерге беруге және жетекті дөңгелектердің айналу жиілігін төмендетуге арналған.

Дифференциал оған берілетін айналу моментін шығатын біліктерге бөліп беріп, олардың әртүрлі айналысын қамтамасыз етуге арналған.

Трансмиссия түрлері:

1. Механикалық;

2. Гидравликалық;

3. Электрлі;

4. Құрамалы.

Гидромеханикалық трансмиссия

Көп сатылы цилиндрлік редуктор, мұнда берілістерді қолмен ауыстыру ескерілген. 
Гидрожалғастырғыш қозғалтқыштың айналдыру моментін беріліс қорабына беруге арналған және ол сорғының дөңгелегінен, блоктау плитасынан, турбинадан, реактордан, жалғастырғыштан тұрады.

Сорғының дөңгелегі қозғалтқышпен, ал турбина беріліс қорабымен жалғасқан.

Гидрокөлемді және электрлік трансмиссиялар

Гидрокөлемдік өткізгішпен жабдықталған автомобильдің трасмиссиясы гидрокөлемді деп аталады. Гидрокөлемді трансмиссия сатысыз болады.


Гидрокөлемді беріліс сорғыдан және гидромоторлардан тұрады, олар бір-бірімен құбырлармен жалғасқан. Беріліс санының сатысыз өзгеруі сорғының жұмыс көлемінің жайлап өзгеруі арқылы қамтамасыз етіледі, кейде гидромотордың жұмыс көлемінің өзгеруі арқылы реттеледі.

Электрлік трасмиссияда автомобильдің жетекті дөңгелегі электр қозғалтқышымен қозғалады. Электр қозғалтқышы редуктормен бірге дөңгелектің ішінде орналасады. Мұндай құрылғыны мотор-дөңгелек деп атайды. 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет