«жылумассаалмасу» ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені



бет1/10
Дата11.06.2016
өлшемі0.63 Mb.
#128394
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 денгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-6.1.45/03-2013

ПОӘК

Оқу әдістемелік материалдар. «Жылумассаалмасу» пәннің бағдарламасы



«___» ________ 2013 ж.

№ 1 басылым



«ЖЫЛУМАССААЛМАСУ»

ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В071700-Жылуэнергетика мамандығы үшін
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК материалДАР


Семей

2013

Мазмұны


1 Глоссарий 3

2 Дәрістер 5

Модул 1. Жылуөткізгіштік 5

Дәріс 1 5

Дәріс 2 11

Дәріс 3 12

Дәріс 4 16

Модул 2. Конвективті жылуалмасу 19

Дәріс 5 19

Дәріс 6 22

Дәріс 7 23

Дәріс 8 25

Дәріс 9 27

Дәріс 10 28

Дәріс 11 31

Дәріс 12 33

Модул 3. Сәулелі жылуалмасу 35

Дәріс 13 35

Дәріс 14 37

Дәріс 15 40

3 ПРАКТИКАЛЫҚ сабақтар 41

Модул 1. Жылуөткізгіштік 42

Практикалық сабақ 1 42

Практикалық сабақ 2 43

Модул 2. Конвективті жылуалмасу 44

Практикалық сабақ 3 44

Практикалық сабақ 4 45

Практикалық сабақ 5 46

Практикалық сабақ 6 47

Практикалық сабақ 7 48

Практикалық сабақ 8 49

Модул 3. Сәулелі жылуалмасу 50

Практикалық сабақ 9 50

Практикалық сабақ 10 52

Практикалық сабақ 11 53

4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ 54


1 Глоссарий

Айналадағы орта – бұл жылудинамикалық жүйеге кірмейтін заттар.

Идеал газ – молекуларының арасында ілініс материалдық нүктелерді елестетін шартты және Гей Люссак заңдарына бағынады.

Ішкі энергия - тура жүрісті, айналмалы және тербелісті қозғалыстардың энергия жиынтығын қамтитын молекулалар мен атомдардың бейберекеттік қозғалысынан туындайтын энергия жұмыс – кішкентай бөлшектердің қарастырылып отырған физикалық процесте энергияның бір түрден екінші түрге айналуын сипаттайтын физикалық шама. Жылудинамикада жүйенің сыртқы параметрлері өзгергенде жылудинамикалық жүйенің сыртқы денелерге беретін энергиясы. Өлшем бірлігі Дж.

Жылутасымалдағыш – жылу алмасу процесін іске асыру үшін пайдаланылатын сұйық немесе газ тектес зат. Мысалы, су, су буы, газдар сұйық металдар, органикалық және басқа қосылыстар.

Теплофикация - жылыту – жылу электрорталықтары шығаратын жылу мен электр энергиясын пайдаланып, қалалар мен өнеркәсіп орындарын бір орталықтан жылытуды қамтасыз ету.

Күй теңдеулері тепе-теңдіктегі жылудинамикалық жүйе күйіне арналған параметрлер арасындағы функцианалды байланыс.

Шық нүктесі – құрамындағы құрғатылған буды қаныққан буға жеткізүге қажетті дымқыл ауаны суытуға қажетті температура.

Ауаның абсолютті ылғалдылығы – 1 м3 дымқыл ауадағы су буының массасы.

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы – дымқыл ауаның абсолютті ылғалдылығының берілген қысымен температурадағы ауаның максимал мүмкін су буымен қанығуына қатынасы.

Жанышталу – будын немесе газдың журетін жолын әдейі кедергілеп, көбінесе арнаның немесе құбырдың бір жерін тарылтып, қысымын азайту.

Техникада (гидродинамикада) жаныштау ісі сұйық немесе газ тәрізді заттардың қысымын және шығынын тәртіптеуге қолданылады. Бұл үшін олардың өтетін жолдарына түрлі кедергілер (жапқыш, қақпақ т.б.) қояды.

Джоуль-Томсон әсерлігі – адиабаттық жаныштау нәтежесінде газ температурсын өзгерту.

Инверсия температурасы – адиабаттық жаныштау кезінде газдың температурасы өзгермейді, газдың осы күйіне сәйкес температура.

Ауа сыққыш – 0,2 мПа жоғары артық қысымда ауаны немесе газды сығуға арналған машина.

Регенерация – жүйеден кетіп жатқан газ тәрізді жану өнімінің жылуын жануға келіп түскен газ тәрізді отындарды жылытуға пайдаланылатын ауа немесе газдар қоспасы.

Ренкин циклы – қарапайым бу күштік қоңдырғының жұмысшы дене күйінің өзгерісін сипаттайтын идеал тұйық процесс.

Тоңазыту циклы - аз қыздырылған денеденкөп қыздырылған денеге жылу тасымалына арналған кері шеңберлік процесс.

Жылуалмасу – кеңістікте температурасы біркелкі емес жылу тасымалы бар өзінен өзі еркін жүретін қайтымсыз процесс.

Жылуөткізгіштік – температуралары әртүрлі бір дененің микробөлшектерінің өзара әрекетте суімен жүретін жылу алмасу.

Конвекция – бұл кеңістіктегі газ немесе сұйық көлемінің араласуы мен тасымалданатын жылу.

Конвекті жылу алмасу – бұл қатты жылу беті мен сұйықтар мен газ дардың арасындағы жылуөткізгіштік бен конвекция жолымен бірмезгілде жылу алмасатын процесс.

Жылулық сәуле шығару – заттыңішкі энергиясы арқасында бөленетін сәуле жиілігінің әсіреқызыл аралығында бөліп шығаратын электромагниттік сәуле шығаруы.

Жылу тасымалы – бұл бір сұйық ортадан екінші сұйық ортаға жылу оларды бөліп тұрған қатты қабырға арқылы берілетін процесс.

Температуралық өріс – қарастырылатын кеңістіктің барлық нүктелеріндегі температуралар мәнінің жиынтығы. Температуралық өріс скалярлық шама, себебі температураның өзі скалярлық шама.

Температура градиенті – мәні изотермиялық бетке тік бағытталған температура туындысына тең вектор.

Жылу ағыны – еркін беттен уақыт бірлігінде берілетін жылу мөлшері.

Физикалық ұқсастық – физикалық процестер арасындағы, кескінделетін ұқсастық, олардың өлшемсіз математикалық сипатымен үйлесімді.

Ұқсастық критерийлері – қарастырылатын физикалық құбылыстарды аңықтайтын өлшемді шамалардан құралатын өлшемсіз сандар.

Ұқсастықтың критериалдық (шектік) теңдеуі – құбылысты сипаттайтын ұқсастық критерийлерінің арасындағы функционалды тәуелділік.

Жылуалмастырғыштар – бір ортадан екінші ортаға жылу тасымалдауға арналған құрылғы.

Отын – энергетикалық, өндірістік және жылу құралдарында жылу алуға қолданылатын жанғыш зат.

Жану жылулығы деп 1кг отынның толық жануы кезінде бөлінетін жылу мөлшерін айтады.

Жылулық – жылу алмасу процесінің энергетикалық сипаттамасы.

Калориметрлік бомба- отынның жану жылулығын анықтайтын құрал.

Жану жылулық – қатты, сұйық және газ тәрізді отын толық жанып біткенде алынатын жылу мөлшері. Төмен, жоғары және көлемдік жану жылулық болады.

Жанарғы(горелка)-сұйық және газтәрізді отындарды оттыққа үрлеп беру құралы.

Шартты отын – жану жылулығы 29300 кДж/ кг тең отын.

Буқазандығы қондырғысы – бу қазандығы мен қосымша құрылғылар жиынтығы.

Жылу қазандығы – орталықтан жылыту жүйесін жүйелерін ыстық сумен немесе бумен жабдықдайтын бу қазаны.

Оттық – бу қазандығының немесе пешінің отын жағылатын бөлігі. Қатты отынға арналған оттық қабаттама және камералы оттықтар болып бөлінеді. Сұйық (қарамай( және газ тәрізді отын камералы оттықта жағылады.

Жылу қозғалтқышы – жылу энергиясын механикалық жұсықа айналдыратын қозғалтқыш. Ол химиялық немесе ядролық отын түріндегі табиғи энергетика ресурстарын (қорларын) пайдаланады. Олар поршенді, роторлы және реактивті қозғалтқыштар болып бөлінеді.

Жылуды оқшаулындыру – жылу аппараттары мен су құбырларын айналаға тарап кететін жылу шығынын азайту мақсатында жылу өткізбейтін материалдарме қаптау (немесе орау).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет