Тұрақты комиссияның 2015 жылғы 24 ақпандағы



Дата13.06.2016
өлшемі60.23 Kb.
#131360



Тұрақты комиссияның

2015 жылғы 24 ақпандағы

қаулысы

Елордада «Индустриалдық-

инновациялық қызметті

мемлекеттік қолдау туралы»

Қазақстан Республикасы

Заңының іске асырылу

барысы туралы

Елордада «Индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының іске асырылуы туралы ақпаратты тыңдап және талқылап бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия атқарушы органдар экономиканың басымды секторларын дамыту, инвестициялық тартымдылықты және индустриалдық-инновациялық қызмет субъектілерінің экспорттық әлеуетін арттыру үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде кешенді іс-шараларды жүзеге асыратынын атап өтті.

Қала кәсіпкерлерінің индустриалдық-инновациялық қызметін мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын бюджеттік бағдарламаның әкімшісі - Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының «Индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шеңберінде іс-шараларды іске асыру» атты бюджеттік бағдарламасы шеңберінде ағымдағы іс-шараларды қаржыландыру жүзеге асырылуда. Мысалы, 2015 жылға бекітілген бюджетте көрсетілген іс-шараларды іске асыруға жергілікті бюджет қаражатынан 4 669 мың теңге көзделген.

2014 жылдың 9 айында жалпы өңірлік өнімнің көлемі нақты көрсеткіште 8,7 пайызға өсті, өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігі 2 есе ұлғайды.

Өнеркәсіпке деген инвестициялар көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 1,5 есе өсті және 123,4 млрд. теңге құрады.

Индустрияландыру картасы шеңберінде 2010-2014 жылдары сомасы 167,8 млрд. теңгеге 22 жоба іске асырылды, нәтижесінде шамамен 3 мың жұмыс орны ашылды. Өңдеу өнеркәсібінде шығарылған өнім көлемінің үлесі 3,9 пайыздан 33 пайызға дейін өсті. Өңдеу саласындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың саны 462, оларда 11 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Шағын және орта бизнесті дамытуда «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы айтарлықтай роль атқаруда. Оның шеңберінде жалпы сомасы 72,5 млрд. теңгеге 409 жоба мақұлданды, соның ішінде 361 жобаның пайыздық ставкасын субсидиялау, 54 жобаның несиесінің кепілдендіру, республикалық бюджет есебінен 32 жобаның өндірістік инфрақұрылымы бойынша, грант шеңберінде 16 жоба мақұлданды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде елорда кәсіпорындарына юриспруденция, бухгалтерлік пен статистикалық есеп, салық және кеден заңнамасы, маркетинг, менеджмент және мемлекеттік сатып алу саласында консультациялық және консалтингтік қызметтер түрінде бизнес жүргізу жөнінде 10 мың сервистік қызмет көрсетілді, 3 800-ден астам адам оқытылды. Бағдарламаны іске асыру уақытынан бастап 4 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

Индустрияландыру шеңберінде Астана қаласының аумағында жалпы ауданы 598,1 гектар № 1 индустриалдық парк жұмыс істейді. Қазіргі уақытта парк аумағында іске асыруға 50 жоба ұсынылған, олардың 21-і пайдалануға берілді, 17 объектіде құрылыс жұмыстары жүргізілуде және 13 жоба жобалау сатысында. Индустриалдық парк кәсіпорындары 2010 жылдан бастап 328,1 млрд. теңгеге өнім шығарды, өнім экспорты 9,1 млрд. теңгені құрады. кәсіпорындар қызметінен түскен салық көлемі 29,6 млрд. теңге болды, олардың ішінде 2014 жылы 6,6 млрд. теңге. 2014 жылы доңғалақ-логистикалық кешені, буып-тиеу желісі бар көлік-логистикалық орталығы пайдалануға берілді.

Алғашқы өндірістерді іске қосу сәтінен бастап 2010 жылдан ағымдағы уақытқа дейін өнім шығару 50 реттен астам өскен. Іске асырылған инвестициялық жобалар № 1 индустриалдық парктың жалпы пайдалы ауданынан 80 пайызды алып отыр, онда шамамен 3 мың жұмыс орны ашылды.

Елорданың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сүт пен сүт өнімін, макарон мен жарманы, шұжық өнімін, алкогольсіз сусындарды, жартылай дайын өнімді, нан және кондитерлік өнімді шығару саласында 24 инвестициялық жоба қолдау тапты.

Индустрия саласындағы әлеуетті дамыту мақсатында «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы аумағында мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен «Астана қаласында жаңа өнеркәсіп аймағының (Индустриалдық парк) инфрақұрылымын салу» жобасы іске асырылуда. Жобаның іске асырылуы басталғаннан Энергетика басқармасы «Шығыс өнеркәсіптік ауданы» 110/10 кВ қосалқы станциясын, ұзындығы 3,4 км магистралдық жылу құбырын салды, 18,7 км жолдардың жүру бөлігі, 23 км су құбыры, 22,4 км тұрмыстық кәріз жүйесі, 33,5 км нөсерлік кәріз салынды. 7 тарату пункті пайдалануға берілді, 7,5 км кабель каналы, тұрмыстық ағындардың сорғы станциялары салынды. Ақбұлақ өзенінде екі су өткізу құрылғысы салынды.

«№ 2 индустриалдық паркті салу» жаңа жобасын іске асыру жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылуда, оның аумағында 25 км автомобиль жолын, әр бөлінген жер учаскесінің шекарасына тарату желілерімен 110/20 кВ қосалқы станциясын, жылумен қамту, су құбыры, тазарту станциясымен тұрмыстық және нөсерлік кәріз желілерімен қуаттылығы 150 Гкалл қатты отындағы дербес қазандық, 12 км қосу темір жолын салу жоспарланған. "KaznexInvest" АҚ бірлесіп Jurong Consultants компаниясының өкілдерімен бірқатар кездесу өтті.

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Астана қаласында инновацияларды дамыту мен енгізу үшін қала аумағында "Astana Innovations" АҚ сияқты құрылымдық бөлімше жұмыс істеуде.

Сонымен бірге, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы өткізіліп жатқан іс-шараларға қарамастан қала аумағында индустриалдық-инновациялық қызметті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерінде бірқатар проблема бар екендігін атап өтті. Жобаларды қаржыландыру мерзімдерінің сақталмауы инвестициялық жобалардың мерзімінде іске асырылмауының негізгі себептері болып табылады. Мысалы, «Дизель қозғалтқыштарын шығару зауытын салу», «Тігін жабдығын және тоқыма өнімін шығару зауытын салу» жобаларды уақытында қаржыландырмау және инженерлік желілер құрылысының аяқталмауы оларды іске қосу мерзімін ауыстыруға әкеп соқтырды.

Шағын кәсіпкерлік пен инновациялық қызметті қолдау үшін инфрақұрылымын объектілерін (электр энергиясымен қамтамасыз ету, кәріз жүйесі, жол салу, сумен қамтамасыз ету және басқалар) құру мен дамыту проблемалары бар.

Жылыжай шаруашылықтарын дамыту мен қолдау мәселелеріне жеткілікті көлемде көңіл бөлінбейді.

Индустриалдық-инновациялық қызмет объектілерін білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету проблемасы орын алуда.

Жоғарыда жазылғанның негізінде қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Елордада «Индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының іске асырылуы туралы ақпарат назарға алынсын.

2. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына, «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын әкімшілендіру басқармасына:

экономиканың басым секторларын дамытуды ынталандыру мақсатында елорданы индустриалдық-инновациялық дамытуға бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау жөніндегі жұмысты жандандыру;

инновацияларды тиімді енгізуді қолдау және жоғары технологиялы өндірістерді дамыту мақсатында экономиканың басымды секторларын дамыту, еңбек өнімділігін арттыруға жұмыс істейтін өндірістерді жаңғырту, жаңа бәсекеге қабілетті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде шара қабылдау;

мемлекеттік қолдауды алуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы заңнама шеңберінде индустриалдық-инновациялық қызмет субъектілеріне ұсынылатын мемлекеттік қолдау шараларының ашық, атаулы болуын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

индустриалдық-инновациялық қызметке мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриалдық-инновациялық жүйесінің субъектілеріне әдістемелік, консультациялық және өзге де көмекті көрсету іс-тәжірибесін жалғастыру ұсынылсын.

3. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына іске асырылатын инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру, оларды іске асыруға уақтылы қаражат бөлуді қамтамасыз ету ұсынылсын.

4. «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық әкімшілендіру басқармасына индустриалдық-инновациялық қызмет субъектілеріне олардың жұмыс істеуі басында орынжай, жабдық беру, бухгалтерлік есеп жүргізу, заң, ақпараттық пен консультациялық қамтамасыз ету және индустриалдық-инновациялық жобаларды іске асыруға қажетті өзге де қызметтерді көрсету жөніндегі жұмысты жандандыру ұсынылсын.

5. Білім басқармасына Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен бірлесіп білім беру мекемелерінің нақты қажеттілікті ескерумен индустриалдық-инновациялық қызмет объектілеріне білікті кадр ресурстарын даярлау мен оларды қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар әзірлеу ұсынылсын.



6. Осы қаулының орындалуын бақылау тұрақты комиссияның мүшесі З.Р. Шибкеновке жүктелсін.

Тұрақты комиссияның төрағасы У. Досаев



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет