Маңғыстау облысының білім басқарамасы
Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің
оқу-әдістемелік кабинеті
«Психологиялық тренингтер мен жаттығулар жинағы»
(оқу әдістемелік құрал)
Ақтау – 2015
«Бекітілді»
Маңғыстау облыстық
техникалық
және кәсіптік білім берудің
оқу-әдістемелік кабинетінің
Әдістемелік кеңесінің
№____ хаттамасы
«____ »____________ 2015 ж
Тақырыбы: «Психологиялық тренингтер мен жаттығулар жинағы»
Құрастырған: Кожакова А.И. – Маңғыстау гуманитарлық колледжінің педагогика және психология пәндерінің оқытушысы.
Пікір жазған: Нұрмұхаметова Р.А. - Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-нің «Педагогика және психология» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты.
Психологиялық тренингтер мен жаттығулар жинағы барлық мамандықтар бойынша психология пәнінде қолдануға арналған.
Бұл әдістемелік құрал психологтардың, педагогтардың және топ жетекшілерінің жұмысында көмекші құрал бола алады.
«¥сынылды»
Әдістемелік бірлестік
отырысының №___ хаттамасы
«____ »___________ 2015 ж.
АЛҒЫ СӨЗ
Бұл әдістемелік құралда психологтардың, педагогтардың және топ жетекшілерінің өз жұмыстарында қолдануға арналған психологиялық тренингтер мен жаттығулар жазылған.
Бүгінгі таңда психология ғылым саласының аясы біршама кеңейе түсті.
Мектепке дейінгі мекемелерде, мектепте, тіпті орта және жоғарғы оқу орындарында да балаларды тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелеріне отбасы мен педагог бірлескен өзара тығыз байланыста болуға тиісті.
Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады.
Тренинг – кәсіптік және тұлғалық қарым-қатынастағы құзіретті дамытуды көздейтін интерактивті оқытудың бір түрі.
Тренинг көпшілікті оқытудың әдісі. Оны әмбебап әдіс деп те атайды.
Ал осы тренингтерде жеке тұлғаның ерекшелігінің даму деңгейін анықтайтын диагностикалық әдіс қолданылды және осының негізінде тренингтің, ойындар мен арттерапия элементтерінің көмегімен көптеген жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік бар.
Тренингтегі топтық жұмыстар қатысушылардың белсенділігін арттыруға, серіктестік қатынасын дамытуға, басқа адамдардың көзімен қарауына мүмкіндік туғызды.
Тренинг арқылы оқытушы мен оқушылар арасындағы өзара байланыс нығая түседі. Тренингтің тағы бір пайдалы жағы қарым-қатынас, яғни әңгімелесу еркіндігі мен тәуекелділік атмосферасы болып табылады. Интерактивті әдістерді қолдану арқылы жеке тұлғаның дамуына, тәрбиелілікке, оқыту қабілетін ұтымды пайдалануға, ықпалдастыққа, өзін-өзі кемелдендіруге, ортаға бейімделуге жетелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |