- Тұрғын аймақтардағы қозғалыс. ҚР ЖЖҚ-ға сәйкес, тұрғын аймақ – тиісті белгілермен белгіленген аумақ. Тұрғын аймақтар мен аула аумақтарында (тұрғын үй ғимаратына, құрылысына жапсарлас аумақ) жолда жүру қағидаларының талаптары бірдей.
- Тұрғын аймақтарда жаяу жүргіншілердің жүруіне басымдық берілген. Олар тротуарлармен, сондай-ақ жүру бөлігімен де қозғалу кұкығына ие. Тұрғын аймақта жүрген кезде жүргізушілер жаяу жүргіншілерге жол беруге міндетті. Алайда жаяу жүргіншілердің жүру бөлігінде автокөліктердің жүруіне қасақана кедергілер жасауына
- тыйым салынады.
- Тұрғын аймақтарда:
- • тура жүріп өтуге;
- • көлік құралдарының жүру бөлігінен тыс жүруіне;
- • үйрену үшін жүргізуге;
- • автокөлікті іске қосылған қозғалтқышпен 5 минуттан көп аялдатуға;
- • салмағы 3,5 т-дан асатын жүк машиналарының, автобустардың арнаулы бөлінген жерлерден тыс тұрағына;
- • дыбыс сигналдарын беруге, зор дауысты музыка қосуға;
- • тротуарларға, көгалдарга, балалар және ойын алаңдарындағы тұраққа тыйым салынады.
- Тұрғын аймағынан шыққан немесе кірген кезде, көлік құралының жүргізушісі оның қандай бағытта келе жатқандығына қарамастан, қозғалыстың кез келген қатысушысына жол береді.
- Маршруттық көлік құралдарының басымдығы
- Қоғамдық көлік заманауи адам үшін өте маңызды, сондықтан ЖЖҚ-на маршрутгық көлік құралдарының басымдығын белгілеуге арналған бірқатар тармақ енгізілген.
- Қиылыстардан тыс жерде,
- деподан шығу жағдайынан
- бөлек трамвай,
- егер өтіп кетуге теңдей құқық туындаса,
- қалған рельссіз көлік құралдарының
- алдында басымдыққа ие болады.
- Маршруттық көлік құралдарына арналған жолақтарды белгілеу үшін белгілі бір жол белгілері пайдаланылады.
- Бұл белгілермен бөліп көрсетілген жолақта маршруттық көлік құралдарынан басқа барлық автокөліктердің жүруі мен тоқтауына тыйым салынады.
- Алайда «Маршруттық көлік құралдарына арналған жолақ» белгісімен белгіленген жолақ қалған жүру бөлігінен үзік сызықтармен бөлінсе, онда жолдағы қозғалысқа қатысушылар үшін жүру мен маневрлер жасаудың ерекшеліктерң болады.
- Автокөліктер жолдан жапсарлас аумакқа бұрылғанда және одан шығу кезінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолаққа ауысып барып бұрылуы тиіс.
- Маршруттық көлік құралдарына арналған жолақ тұтас сызықтармен бөлінсе, онда көлік құралының жүргізушісі маршруттық көлік құралдарына арналған жолаққа ауыспай бұрылуы тиіс.
- Маршруттық көлік құралдарына арналған жолағы бар жолға шығу кезінде жүргізуші алдымен маршруттық көлік құралдарының жолағына өтуі, содан кейін одан шығып, жүрісін жалғастыруы тиіс.
- Сондай-ақ жолаққа кіру маршруттық көлік құралдарына кедергі жасамаса, жолаушыларды жүру бөлігінің оң жақ шетіне түсіру және отырғызу үшін жолға кіруге рұқсат етіледі.
- Елді мекендерде жүргізушілер аялдамадан қозғалатын маршруттық көлік құралдарына жол беруге міндетті. Өз кезегінде маршруттық көлік құралдарының жүргізушілері жолдың бос екендігіне және өздеріне жол берілгендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана жүруді бастауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |