АБЫЛАЙ ХАН
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Абылай ханның ХYІІІ ғасырда Орталық Азияның әлемдік деңгейдегі мемлекет басшысы, қолбасшысы, дипломат болғанын, оның тұсындағы қазақ хандығының Жоңғарлармен, Ресей, Қытай империясымен және тағыда басқа елдермен жүргізген сыртқы саясатының негізгі оқиғаларын түсіндіру. Абылайдың қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтау жолындағы сыртқы саясат саласындағы тарихи еңбегін ашып көрсету
Дамытушылық: Оқушыларға Абылай дәуірін, тұлғасын, оның сыртқы саясат саласындағы қайраткерлігін ғылыми тұрғыдан талдауға, саналылықпен түсіне білуге ұлы бабамыздың дипломатиялық қызметі туралы өздігінен ізденіп, білулеріне бағыт-бағдар беру.
Тәрбиелілік: Оқушылар бойында қазақтың ұлы ханы абылай тұлғасына, оның кемеңгерлігіне, дипломатиялық шеберлігіне деген қызығушылық пен құрмет сезімін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Танымдық сабақ
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы, сахналық көрініс, тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд–шоу, суреттер.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, математика,
Сабақ жоспары.
1.Абылай ханның өмірі.
2.Абылайдың ішкі саясаты.
3.Абылайдың Ресей және жоңғармен қарым-қатынасы.
4.Абылайдың қырғыз және қытаймен қарым-қатынасы.
5.Абылайдың қазақ тарихында алатын орны.
6.Криптограмма
7.Сандар сөйлейді.
8.Көрініс.
9.Абылай бейнесінің бүгінгі өмірмен байланысы.
10.РАФТ.
Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа назарларын аудару.
Оқушыларды «Шежірешілер» және «Тарихшылыр» деп екі топқа бөлемін.
Сабақтың мақсаты мен жоспарын таныстыру.
- Сәлеметсіздер ме? Оқушылар және ұстаздар! Бүгінгі, «Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы» атты ашық сабаққа қош келдіңіздер.
Мұғалім:
- Бүгінгі тәуелсіздіктің 20 жылдығымен тұстас келіп отырған мерекенің бірі Абылай ханның туғанына 300 жыл толуы. Біз әуелі Абылай ханға дейінгі Қазақ халқының басынан өткерген тарихи оқиғаларға тоқталайық. Қазақ халқы сонау жоңғар шапқыншылығы кезіндегі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» , «Аңырақай» оқиғаларын бастан кешірді. Осындай қиын –қыстау күндерде Абылай өзінің даналығымен, ақыл-ой парасаттылығымен халқына көмек берді. Соның арқасында қазақ елі бұрын-соңды қол жетпеген ұлттық бірлікке мемлекеттік тұтас басшылыққа, кең байтақ атамекен жеріне ие болды.Оқушылар Абылайдың өмірі мен ішкі саясатын өз беттерінше айтып шығады.
Мұғалім: Әрі қарай Абылай ханның сыртқы саясаты және тарихта алатын орны туралы түсінік берді.
Абылай хан Ресеймен дипломатиялық және сауда байланыстарын орнатты.
Абылай өзінің негізгі күшін Жоңғар шапқыншылығын әлсіретуге бағытталды. Қалден Церен -қайтыс болғаннан кейін мұрагерлер арасындағы тақ таласын тиімді пайдаланып, олардан қазақ жерін қайтарып алды.
Жоңғар мемлекетін жоюдың басталған кезінде қазақ билеушілері мен Қытай үкімет билігі арасында жер қатынастарына байланысты шиеленісті дау туды. Қазақ басшылары Жоңғария жерінің бір бөлігін оның байырғы қожайыны болып табылатын қазақтарға қайтарып берілуін талап етті. Бірақ Қытай үзілді –кесілді бас тартты.1761жылы Қытай боғды хан ы Аягөз өзенінің оңтүстүк бөлігіне көшіп-қонуға тыйым салды . Абылай қытайлықтармен келіссөз жүргізуді күшейте түсті . Соның нәтижесінде 1767ж Қытай Тарбағатай аймағындағы және Іле өзені бойындағы жайылымдарды қайтарып беруге мәжбүр болды. Абылайдың қырғыздармен де қарым-қатынасы күрделі болды. Қырғыз жасақтары Жетісу жеріндегі қазақтардың малын барымталап тыныштықтарын алды. Абылай екі рет шабуыл жасап, үшіншісінде келісімге келіп қырғыз манаптарының балаларын аманатқа алып, көптеген қырғыздарды айдап алып келді. Олардан екі болыс ел құрап, атығай руының арасына қоныстандырды. Абылай ханның бұл шаралары қазақ-қырғыз шекарасында тыныштық орнауына үлкен себебі болды.Абылай хан қазақ халқының тарихында ерекше маңызды орын алады. Абылайдың күш-жәгері ең алдымен күшті және тәуелсіз Қазақ мемлекетін құруға жұмсалды.
Криптограмма.
1.3.37.16.1.13. 30.1.18. 10.20.34.37. 30.1.18.18.37.19. 27.23.22.1.6.37.
( Абылай хан Жошы ханның ұрпағы.)
13.37.16.1.13.7.37.19 8.23.16.38.5.38.18. 3.1.6.1.16.1.22. 10.1.26.6.1.34. 3.1.25.37.23. «10.1.16.1.19.1.34. 10.20.16.3.1.23.37.24.» 7.8.22. 1.25.16.1.18.
(Абылайдың ерлігін бағалап, Жауғаш батыр «жалаңаш батыр» деп атаған.
1.3.37.16.1.13.7.37.19. 3,1.16.1. 14.8.11.7.8.5.38. 16.1.15.1.22. 1.25.37. 24.1.3.1.16.1.15.
(Абылайдың бала кездегі лақап аты Сабалақ.)
4)1.3.37.16.1.3. 30.1.18.18.37.19. 14.8.19.8.24.34.38.38.24.38 3.27.15.1.23. 10.37.23.1.26.
(Абылай ханның кеңесшісі Бұқар жырау)
Сандар сөйлейді.
1.808+903=1711 Абылай ханның дүниеге келген жылы.
2.535+536+70*10=1771 Түркістан қаласында үш жүздің ханы
болып сайланды.
3.889*2=1778 Патша үкіметі Абылайды орта жүздің ханы деп
жариялады.
4.500*2+391+390=1781 Абылай хан қайтыс болды.
Көрініс. Абылайдың жоңғарларға тұтқынға түсуі.
Абылайдың бейнесі бүгінгі өмірмен байланысы.
Бүгінгі таңда қазақ халқының ақын – жыраулары абылайдың өмірін,ерлігін жырлады. Халқымыз Абылайдың атын ұран етіп шақыратын болды.Сол замандағы Абылайдың арман -мақсаты мен қазіргі таңдағы президент Н.Ә Назарбаевтыңда мақсат-мүддесі бір болатын. Ол еліміздің тәуелсіздігі мен тыныштығы еді. Абылай қарулы қақтығысқа жол бермеуге тырысты. Бейбітшілікті басты ұстаным ету бүгінгі Қазақстанның да негізгі бағыты. Біз бүкіл Азияны, қала берді күллі әлемді өзара сенімге, ынтымаққа шақырып отырған елміз.
РАФТ
Оқушылар Н.Ә Назарбаев пен Абылай ханға алғыс хат жазады.
Бағалау.
Үйге тапсырма . Абылай хан туралы аңыз әңгімелер жинау және тақырыпты оқу
Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты
Июнь 4, 2015 Stybaev.T Рефераттар Комментариев нет
XVIII ғасырдың 60-жылдарының аяғына қарай Казақ мемлекеті Абылайдың белсенді сыртқы және ішкі саяси қызметі арқасында біршама мықты әрі біртұтас мемлекетке айналды. 1770 жылы сұлтан қырғыз жерлеріне тағы бір жорық жасады. Шату асуы арқылы Қызылсу және Шамси өзендерінің аңғарына өтіп, қазақтар қырғыз жасақтарын ауыр жеңіліске ұшыратты. Көптеген тұтқындар Орталық Қазақстанға көшіріліп, онда Абылайдың жеке вассалдары-төлеңгіттері құкығымен коныстандырылды. Ресей билігінен Жоңғарияға қашқан еділ қалмақтарын талкандағаннан кейін сұлтанның беделі бұрынғысынан да арта түсті. Ресейдің отаршыл әкімшілігі қазақтардан қалмақтардың қайтарылуына жәрдем көрсетуді талап етті, алайда Абылайдың өз ойлағаны бар еді. Сол кезде Абылай Қытай мен Ресейдің қолдауына кол жеткізуге тырысып, халықаралық аренада белсенді әрекеттер жасады. 1768 жылдың өзінде-ақ ол цин императорының өзін «барлық қазақтар мен сұлтандардың бастығы» деп тануына қол жеткізген еді. Сонымен бірге 1769 жылдың аяғында ол Ресейден өзі үшін 10 мың адамдық армия бөлуді сұрап, оның орнына аманатқа өз балаларының бірін ұсынды. «Егер… бізге жау шабуыл жасаса, бізге бір сан (10 мың.) немесе кем дегенде мың немесе бес жүз адам көмек көрсетілетін болады. Ал оның үстіне жоғарыда аталған бір сан әскер, менің тірі кезімде болсын немесе менің балаларымның тірі кезінде болсын, былайша пайдаланылар еді; алыстағы жаулар үшін — бір сан, жақындағылары үшін — мың, ал егер онша көп болмаса — менің ішкі жауларыма қарсы — бес жүз». Сол кезде Абылай өзінің аманат баласын генерал етуді сұрады, аманаттар сұлтанның өз тандауы бойынша екі-үш жылдан сон алмастырылып отыратын. Әрине бұл талаптар ол кезенде іс жүзінде орындалмайтын талаптар еді, мұны сұлтан жақсы түсінді. Бұл ретте Абылай шекаралық әкімшілікке өзінің қытайлармен, түсініліп жүргеніндей, әсте де онша жақын еместігін және Ресей протекторатынан әсте де бас тартпақшы болып жүрмегендігін білдірген еді. 1771 жылы Абылайды жалпы казақ ханы етіп сайлау үшін жағдай жасалды. 1771 жылдың күзінде ұзақ уақыт бойы ақылдасканнан кейін барлық үш жүздің өкілдері жаңа ханды сайлау үшін хандыктың ежелгі астанасы Түркістан қаласына келді. Абылайға ыкпалды жырау Бұқар Қалкаманұлы, Әбілпейіз және Болат сұлтандар, Нұралы ханды коспағанда, Кіші жүз қазақтарының, билеушілері, Орта жүз бен ұлы жүздің өкілдері сөзсіз колдау көрсетті. Халық көп жиналған кезде казақ дәстүрі бойынша Абылай ақ киізге көтеріліп, үш жүздің ханы болып жарияланды. А. И. Левшиннің айтқанындай, ол «оған (атаққа) торғауыттарды жеңуі аркылы және Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін, барлық қырғыз-қазақ ордаларының ғана емес, түркістандықтар мен ташкенттіктердіңде сайлауы арқылы ие болды». Сөйтіп Абылай Казақ хандығының бірлігін қалпына келтіре алды.
Достарыңызбен бөлісу: |