ТҰРҒындардың Өмір ұЗАҚТЫҒының Қаржылық ТӘуекелдерге әсері және оларды бағалаудың иммитациялық моделі



Дата04.03.2016
өлшемі85.89 Kb.
#41583
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨМІР ҰЗАҚТЫҒЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРГЕ ӘСЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ИММИТАЦИЯЛЫҚ МОДЕЛІ

(ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫНДАРЫ МЫСАЛЫНДА)
П.А. Садыкова

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Экономика факультеті ІІ курс студенті,

Астана қ., Қазақстан Республикасы

Ғылыми жетекші: С.Е.Керімқұлов

э.ғ.д., профессор, эконометрия ҒЗЗ меңгерушісі

E-mail: M_famous@mail.ru

«Қазақстан-2050» стратегиясы – жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты атты, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың, 2012 жылғы 14-желтоқсандағы кезекті халыққа Жолдауында «Ұлт денсаулығы – табысты болашағымыздың негізі», – деп айта кетті [1]. Аталған ұзақ мерзімдік стратегияда халықтың экономикалық белсенділігін арттыру, әлеуметтік тұрмыстық жағдайының жоғарылату, адам капиталының жақсаруы мен ғылыми-техникалық, инновациялық дамыған, тұрақты үнемді экономиканы, ұлт денсаулығы көзделген. Елбасы тапсырмасын орындау жолдары 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында да нақты көрсетілген. Барлық күш азаматтардың өмір жасының ұзақтығына әсер ететін негізгі міндеттерін шешуге топтастырылады [2].

Ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық дамудың негізі тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтеру. Әлеуметтік қайта жаңғыруда тұрғындардың денсаулығы, тұрмыс деңгейі мен қауіпсіздігін сақтандыру маңызды рөл атқарады. Сәйкесінше, мемлекет әлеуметтік жағдайды көтеруде сақтандыру компанияларын, зейнетақы қорларын және несие нарығын дамыту арқылы тұрғындарды қаржылық ресурстармен қамтамасыз етеді. Ал осы аталған компаниялардың қызметі барысында туындайтын өзекті мәселе қаржылық тәуекелді төмендету.

Қаржылық тәуекелдер – экономикалық ортаның  динамикалық жағдайында сыртқы әрі ішкі даму факторларының ықпалындағы Банк қызметі нәтижесінде келешекте шығынның туындауына, табыс алмауға, қосымша табысты толық алмауға немесе алуға апарып соқтыруы мүмкін оқиғалардың орын алу ықтималдылығы. Тәуекел шаруашылық қызметті жүзеге асырумен байланысты категориялардың ішінде экономикалық категория екені Ресейдің профессоры Е.С.Стоянованың «Финансовый менеджмент» оқулығында келтірілген [3, 439 б.].

Қаржылық тәуекелдерді басқару мақсатында тәуекел-менеджмент бөлімшесі тәуекелдерді басқару саясатын, банк активтері мен пассивтерін басқару саясатын басшылыққа алады. Ал, қаржылық тәуекелдер несиелік тәуекел, валюталық тәуекел, сатып алушылардың төлем қабілетсіздігі, негізгі қарызды және оның пайыздарын дебиторлардың өтемелмеу тәуекелі, инвестициялық тәуекел, пайыздық тәуекел түрлері бар [4].

Қаржылық тәуекелдерді төмендетуде әлеуметтік факторлар қатарына тұрғындардың өмір ұзақтығы негізгі фактор ретінде қарастырылады. Сондықтан ауру-сырқаулық, мүгедектiктiң көрсеткiштерiнің әсері халықтың ұдайы өсуiнiң көрсеткiштерiмен қатар халықтың денсаулығын бағалау үшiн, ал халықтың денсаулығын бағалауда өлiм-жiтiмнiң көрсеткiштерi маңызды орынға ие. Статистикалық деректерге сүйенсек жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларынан болатын өлім-жітім бүкіл дүние жүзі бойынша бірінші орында тұрады. Еуропада жыл сайын осы ауру салдарынан шамамен 3 миллион адам қайтыс болса, Ресейде 1 миллион адам, ал Қазақстанда 80 мың тұрғын осы аурудан көз жұмады. Елімізде адам өлімінің себептері арасында жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары бірінші орынға шығып отыр [5].

Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек пен қантамыр ауруларының ең қатерлілері миокард инфаркт пен инсульт. Миокард инфаркты дегеніміз – коронарлы қан айналымының жетіспеушілігінің әсерінен жүрек бұлшық етінде бір немесе бірнеше ишемиялық некроз ошақтарының пайда болуымен сипатталады. Ал, Инсульт (лат. insultus - соққы, қыспа талу, инсульт) - ми тканінің зақымдалуын, оның қызметінің, мидағы қан айналысының кенеттен бұзылуы; осының салдарынан миға қан құйылады, немесе ми тамырлары бітеліп қалады (тромбоз) [6]. Әлемде ең көп өлім әсіресе табысы орта және төмен елдерде жастар өлімі осы аурулардан болатындығы, 2008 жылы 17,3 миллион адам, тіпті 2030 жылы шамамен 23,3 миллион халықтың өлімі осы аурудан болатыны Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының статистикалық мәліметтерінде көрсетілген [7].

Жүрек-қан тамыр жүйесінің күтілетін өмір ұзақтығына әсері маңызды орын алады. Күтілетін өмір ұзақтығы – бұл жеке адамның емес, жалпы халықтың өмір ұзақтығын сипаттайтын орташа статистикалық көрсеткіш болғандықтан елде демографиялық әрі экономикалық шешім қабылдауда негізгі көрсеткіш болып талбылады. Күтілетін өмір ұзақтығын анықтау үшін өмір сүру кестесі қолданылады. Яғни, ғылыми әдіспен жасалған өлім-жітімнің және өмір сүру ұзақтығының кешенді бағалауы – өлім-жітім немесе өмір ұзақтығының кестесі болып табылады. Мұндай сандық модельдерді жасауда өлімнің негізгі себептерін, оған әсер ететін географиялық, жастық, жыныстық және әлеуметтік факторлардың әсерін қоса есептеу негізгі шарты болып саналады да өлім себептері бойынша өлім-жітім кестесі жасалады. Өлім себептері бойынша өлім-жітім кестесі - жасы бойынша өлім-жітім қарқынына жекелеген өлім себептерінің әсерін, белгілі бір жасқа дейін өмір сүруді, алдағы өмірдің орташа ұзақтығы және басқа да өлім-жітім сипаттамасын көрсететін өзара байланысты шаманың ретке келтірілген қатарлары. Осындай демографиялық мәліметтермен анық жасалған кестелер арқылы адамдардың күтілетін өмір ұзақтығын анықтауға болады [8].

Бұл ретте, статистика жөніндегі ҚР агенттігінің демографиялық жинағында келтірген «өмір ұзақтығы» кестесі арқылы адамның орташа өмір ұзақтығына әсер ететін факторларды инсульт, миокард инфаркт және инсульт-миокард инфаркт аурулары белгісімен толықтырамыз. Сондай-ақ елімізде адам өлімінің негізгі себебі – қанайналым жүйесінің ауруларынан орын алатынын статистикалық мәліметтерде көрсетілген [9]. Дегенмен, 1992-2012 жылдардағы халықтың күтілетін өмір ұзақтығы (КӨҰ) 67,4-ден 69,6-ға артты. Ал, 1992 жылдан бастап 1995 жылға дейін КӨҰ 67,4-тен 63,5-ке дейін төмендеді. Бұдан кейін оның арту үдерісі байқалды. Сәйкесінше, 2012 жылы ол алдын ала бағалау бойынша 69,6 жасты құрады. Оның ішінде ерлерде – 64,8 жас, әйелдерде – 74,3 жас [10]. Демек, демографиялық негізгі мәселе – адам өлімін азайтудың тиімді жолының бірі жүрек-қан тамыры ауруымен ауырып қайтыс болатындар санын азайту керек.

Бұл жұмыстың негізгі зерттеулері ол жүрек-қан тамырлары ауруларынан тәуелді өмір ұзақтығының Қазақстан тұрғындары мысалында имитациялық моделі құрылады. Модельді құру ортасы ретінде Ресейдің беделді «Экс Джей Текнолоджис» компаниясының Anylogic қолданбалы бағдарламасы таңдалған. “Anylogic” бұл кез-келген дискреттік оқиғалы, жүйелік динамикалық және агенттік бағдарланған үдерістердің иммитациялық моделін жасауға бірден-бір тиімді соңғы үлгідегі жаңа буынды объекті бағдарланған IT технологиялы қолданбалы бағдарлама ([11]-қараңыз). Бұл бағдарлама ортасында жоғарыда аталған өмір ұзақтығы кестесіне қосымша жүрек-қан тамырлары (инсульт, миокард инфаркт және инсульт-миокард инфаркт) аурларынан тәуелді болатын өлімдерді есептеудің Cardiovascular Disease иммитациялық моделі құрылады.



___________________________________



Ескертпе: Модель нәтижелерін есептеген автор. Cardiovascular Disease моделі [11]-ден алынған.

1-сурет . Cardiovascular Disease моделі мен Қазақстан статистикалық мәліметтері негізінде инсульт, миокард инфаркт және инсульт-миокард инфаркт аурулары 30 жасқа дейінгі тұрғындардың өмір ұзақтығына


әсері иммитациялық моделінің нәтижелері

Бұл агентті-бағдарланған модельде демографиялық әдістегі факторларға қоса 4 қосымша фактор: күтілетін өмір ұзақтығы, дене массасының индексі (BMI), жүрек-қан тамыр аурулары және ауру тарихы өмір ұзақтығының кестесін жасауда ескеріледі. Шынында, модельде 1000 адамды 100 жыл ішінде компьютерлік тәжірибеден өткізеді және барлық адамның жасы 0-ден басталады. Бірақ әр адамның қазіргі жасын негізгі параметрге енгізіп компьютерлік тәжірибеден өткізуге болады. Компьтерлік тәжірибеде негізгі объект тәуелсіз және ол белсенді объект класы ретінде қарастырылады. Жыл сайын әр адам төмендегі ауруларға:



  • - жүрек-қан тамыры аурулары жоқ (no CVD)

- миокард инфаркті (MI)

- инсульт (stroke)

- миокард инфаркті және инсульт ( MI and Stroke) шалдығады немесе

- өлгендер (Dead) қатарына қосылады. Өлу ықтималдығы тікелей адамның ауруының тарихына байланысты. Ал миокард инфарктісіне немесе инсульт ауруына шалдығуының басты шарты әр адамға берілген параметрге байланысты, яғни адамның дене салмағы индексіне, биологиялық жағдайына, географиялық орналасқан жеріне және тағы басқа негізгі параметрлерге тікелей байланысты. Мәселен, 1-суретте нөмірі № 200-ші адамның дене массасының индексі (BMI) – 20 бірлік. Ал ол 31 жасында инсультқа шалдығады.

Компьютерлік тәжірибе қорытындысы бойынша барлық параметрлері тіркелген 100 адамның өлетін жасын анықталынды. Мәселен, (2-сурет) нөмірі № 941 адамның дене массасы 32 бірлікке тең. Ол 28 жасында инсульт, 39 жасында миокардқа шалдығып, 44 жасында екінші рет инсульт алып, 46 жасында өлуі модельде есептелінген. Негізгі мәліметтерді агенттік модельге енгізе отырып, өмір ұзақтығының дәлірек мөлшерін анықтауға болады. Алайда, табиғи апаттар және басқа оқыс оқиғалар (жол апаты, техногенді апаттары және т.б. ) ескерілмейді, өйткені ондай жағдайлардың болары анық емес.



___________________________________



Ескертпе: Модель нәтижелерін есептеген автор. Cardiovascular Disease моделі [11]-ден алынған.

2-сурет . Cardiovascular Disease моделі мен Қазақстан статистикалық мәліметтері негізінде инсульт, миокард инфаркт және инсульт-миокард инфаркт аурулары тұрғындардың толық мерзімдегі өмір


ұзақтығына әсері иммитациялық моделінің нәтижелері

Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасын жасап, жалпы еңбек қоғамына 20 тапсырма жүктегені бәрімізге мәлім [12]. Бұл орайда, сол тапсырманың сәтті орындалуы үшін келесі иммитациялық модельдің қолданылуы ұсынылады. Сондай-ақ, егерде тұрғындардың дәлірек өмір сүру жасын анықтай алсақ, зейнетақы қорлары, банктер және сақтандыру компанияларының тәуекелділіктерін минималды деңгейге дейін төмендетуге, зейнет жасын анықтауда, яғни еліміздің әлеуметтік, экономикалық, демографиялық даму барысында тиімді шешім қабылдауға қажетті құрал болатыны айқын.



Қазақстанда жұмыс істейтін коммерциялық банктердің басым бөлігінде несие берудегі өмір ұзақтығын есептеу барысында тек жасы, жынысы және тұрғын мекен ауданы факторлық белгілері ғана қатысады. Әрине, бұл егер жүрек-қан тамыры аурулары факторларын ескермесек, онда ол несиенің қайтарымдылық, яғни қаржылық тәуекелі күрт жоғарылайтыны айқын. Сондықтан жұмыста жүрек-қан тамырлары ауруларын негізгі факторлық белгі ретінде модельге қосу арқылы қаржылық тәуекелдерді нақты есептей отырып, мәселен, тұрғындардың денсаулығын әлеуметтік-экономикалық жағдайымызды, оның ішінде жинақ, зейнетақы қорлары, несие, сақтандыру нарықтарын тиімді реттеп, сондай-ақ Елбасымыздың «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді стратегиясында көзделген 30 дамыған елдердің қатарына ену мақсатымызға қол жеткізе аламыз.

Әдебиеттер:

  1. Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан, Астана 12 желтоқсан 2012ж.

  2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы – URL: www.akorda.kz/upload/content_files/doc/…/salamatty_kazakhstan.doc

  3. Финансовый менеджмент: теория и практика. Учебник / Под ред. Стояновой E.С. -Москва: Перспектива, 1998, 439 б.

  4. С.Сейфуллин атындағы ҚАУ ресми сайты – URL: http://portal.agun.kz/e-books/content/8NHYSyxs9puxu0UC4ZDI/pages/15.1.htm

  5. Балдаева Б. Жүрек-қан тамыры ауруларының алдын алу. / baq.kz ақпараттық порталы. – URL: http://baq.kz/kaz/regional_media/cat/8/35/n_cat/501/1969/?PHPSESSID

  6. Миокард инфарктісі. URL: http://www.topreferat.com/Материал/911-Миокард-инфарктісі-Казахстан

  7. Сердечно-сосудистые заболевания / Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының № 317-ақпараттық бюллетень. URL: -http://www.who.int/mediacentre/factsheets/fs317/ru

  8. Күтілетін өмір сүру ұзақтығына өлім-жітім себептерінің жекелеген түрлерінің әсерін есепке алумен өмір сүру кезеңі кестесін есептеу әдістемесі / ҚР Статистика агенттігі. URL:– www.kaz.stat.kz/DocLib/.../каз.методика.doc

  9. Смайылов Ә.А. Қазақстанның демографиялық жылнамалығы. / ҚР Статистика агенттігі. / Статистикалық жинақ/ қазақ және орыс тілдерінде.– Астана, 2012.- 212-553 б. URL: http://www.stat.gov.kz

  10. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында / Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің баспасөз қызметі. Қазақстан Республикасының Үкіметі – http://kz.government.kz/site/news/2012/012/48?cl=201303

  11. Cardiovascular Disease Simulation Model - Multimethod Simulation Software Tool AnyLogic, Ознакомительная версия, URL: http://www.xjtek.com/anylogic/demo_models/

  12. Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мемлекеттік бағдарламасы / «Президент және Халық», Астана. URL: www.pr-hal.kz


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет