"Тұрғындарға амбулаторлы-емханалық көмек көрсетудің өзекті сұрақтары" атты цикл бойынша базисті бақылау сұрақтары (ҚЖ-108)
1. ЖТД қабылдауына 10 жастағы бала келді. Балада аяқ-қолдарының айқын ісінуі, асцит, олигурия бар. Зәр анализінде - протеинурия 6 г/л, қанның б/х анализінде -гипопротеинемия, гиперлипидемия. Аталған диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
-
пиелонефрит
-
нефритті синдромы бар гломерулонефрит
-
цистит
-
тұқымқуалаушы нефрит
-
нефротикалық синдромы бар гломерулонефрит
2. Бала 5 жаста. Ол пневмония диагнозымен жалпы тәжірибелік дәрігермен үйде бақыланады. 3 күн бойы пенициллинді бұлшықетке алады. Дене температурасы 39,0 С, жөтел ылғалды, ТЖ минутына 20, ЖЖЖ минутына 120. Цианоз жоқ. Перкуторлы: жедел пневмония белгісі бар. Баланы әрі қарай жүргізудің тәсілі қандай:
-
сол емді жалғастыру
-
сульфаниламидтер қосу
-
пенициллин мөлшерін көбейту
-
пенициллинді басқа антибиотикпен ауыстыру
-
антипиретик мөлшерін көбейту
3. Тұмау эпидемиясы кезінде 17 жастағы бұрын көктамыр ішіне есірткі қабылдаған жас адам бас ауруына, дене қақсауына, әлсізденуге, оянған кезде жарықтан қорқуға шағымданды. Дене температурасы 37,3°С, желке бұлшықеттерінің кернеуі болды. Дәрігер төсек режимін, сұйықтық көп ішу, панадол қабылдауды ұсынды. 12 сағаттан кейін жүрек айнуы мен бас ауруы қосылды. Науқас өте ұйқышыл болды. Шақыру бойынша келген кезекші дәрігер науқасты ауруханаға жіберді. Аталған диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
-
Ауыр тұмау
-
АИЖС-энцефалопатия.
-
Герпестік энцефалит.
-
Лейкоэнцефалит.
-
Менингококты менингит.
4. Миокард инфарктісімен ауырғаннан 6 апта өткеннен соң науқаста кеудесінде ауырсыну мен безгек пайда болды. Зерттеу кезінде перикардит пен плеврит анықталды. Аталған диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
-
Дресслер синдромы.
-
Миокардит.
-
Кардиомиопатия.
-
Диафрагма өңеш тесігінің жарығы.
-
Нейроциркуляторлы дистония.
5. 45 жастағы әйел дәрігерге қатты эмоциядан, физикалық күштен кейін дамып үдейетін қатты әлсіздікке байланысты келді. Қарау кезінде - науқас қолдарын әзер көтереді. ҚҚ - 200/100 мм.с.б., қан сарысуындағы К+ - 2,5 ммоль/л. Аталған диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
-
Нейроциркуляторлы дистония.
-
I дәрежелі артериальді гипертония.
-
II дәрежелі артериальді гипертония.
-
III дәрежелі артериальді гипертония.
-
Кон синдромы.
6. 27 жастағы ер адам эпигастрий мен оң жақ қабырға астының ауырсынуын кенет сезінді. Бірнеше сағаттан соң ауырсыну азайды. Объективті: тілі құрғақ, іші тартылған, құрсақ қуысы бұлшықеттері кернеулі. ҚҚ - 90/60 мм.с.б., пульс 120 соғ./мин. Аталған диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
-
Созылмалы гастрит
-
Ойық жара ауруы, 12 елі ішек ойық жарасының тесілуі
-
Өт шығару жолдарының дискинезиясы
-
Құрсақ қолқасы аневризмасының жарылуы
-
Жедел ішек өткізбеушілігі
7. ЖТД дәрігеріне 25 жастағы жүкті әйел ішінің төменгі бөлігі мен бел аймағының сыздап ауырсынуына шағымданып келді. Жүктілік мерзімі 11-13 апта. Анамнезінде 2 босану мен 2 жасанды түсік бар. Қынапты зерттеу кезінде: жатыр мойнының ұзақтығы 3,0 см, сыртқы араны ашылған, жатыр мойнының каналы 1 көлденең саусаққа ішкі араннан өткізгіш, жатыр жүктілік мерзіміне сай ұлғайған, жыныс жолдарынан шырышты бөлінулер бар. Диагноздың қайсысы ең ықтимал?
-
Қауіпті өздігінен болатын түсік
-
Көпіршік енуі
-
Жолдас жатуы
-
Истмикалық-цервикалдық жеткіліксіздік
-
Дамымаған жүктілік
8. 35 жастағы әйел жалпы тәжірибелік дәрігерге кеуде қуысында ұзақтығы 5-10 минуттай болатын эпизодты ауырсыну шағымымен келді. Ауырсыну тыныштықта да, физикалық күш түскенде де пайда болады; ауырсыну ешқайда таралмайды. Темекіні енді тартпайды. ҚҚ бұрын көтерілмеген. Отбасының екі мүшесі 50 және 56 жастарында жүрек ауруынан қайтыс болған. Қарау кезінде - науқас жағдайы қанағаттанарлық, ҚҚ 120/70 мм с.б., ЖЖЖ 1 минутына 70. Жүрек ұшы соғысының күшеюі анықталады, төстің сол жақ қыры бойынша систолалық шу естіледі, шудың интенсивтілігі науқас тұрған жағдайында күшейеді. ЭКГ: ST және Т тісшелерінің спецификалық емес өзгерістері бар. Аталған диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
-
Вегетативті -тамырлы дистония.
-
Қолқа стенозы.
-
Гипертрофиялық кардиомиопатия.
-
Митральді стеноз.
-
Өкпе артериясының стенозы.
9. Алдын алу қарауы кезінде жас әйелде ҚҚ 160/90 мм.с.б. дейін жоғарылауы байқалды. Өзі кезекті бас ауруына шағымданады. Зәр анализінде патология жоқ. ЭКГ: ST сегментінің спецификалық емес өзгерістері бар. 10 жыл бойы оральді контрацептивтер қабылдайды. Қан қысымының жоғарылауы мынамен байланысты шығар:
-
Артериальді гипертензия
-
Оральді контрацептивтер қабылдау.
-
Нейроциркуляторлы дистония.
-
Оральді контрацепция тиімсіздігінен дамыған жүктілік.
-
Электролитті бұзылыстар.
10. ЖТД дәрігерінің қарауына 65 жастағы науқас келді. Бойы 160 см, дене салмағы 105 кг. Шағымдары жоқ. Қандағы глюкоза деңгейі аш қарынға - 6,2 ммоль/л. Осы науқасты жүргізудің тәсілі қандай:
-
Әрі қарай зерттеу мен мен емдеуді қажет етпейді.
-
Динамикада қандағы глюкоза деңгейін бақылап диета сақтау қажет
-
Пероральді глюкозотолерантты сынаманы жүргізу қажет.
-
Науқаста гипогликемия, анамнезді дұрыс жинау керек.
-
Зәрдегі глюкоза деңгейін анықтау қажет.
11. Жалпы тәжірибелік дәрігерді 65 жастағы ер адам оң жақ аяғының кенет ауырсынуына және парестезияның пайда болу шағымдарымен шақырды. Объективті қарау кезінде оң жақ табаны мен балтыры бозғылт, аяғын көтерген кезде бозғылттық күшейеді. Оң жақ аяғының сыртқы артериясында пульсация жоқ. Бұл симптомдар мынамен байланысты.
-
Беткейлі тромбофлебит.
-
Бел омыртқаның диск жарығы.
-
Артериальді окклюзия.
-
Балтырдың терең көктамырларының венозды жекіліксіздігі.
-
Шеткері нейропатия.
12. ЖТД дәрігерінің қабылдауына 15 жастағы науқас 200 мл иісі бар шырышты-іріңді қақырықты жөтел, қан түкіру, дене температурасының 38,2°С дейін жоғарылауы, әлсіздік, ентігу шағымдарымен келді. Бала кезінде жиі жөтел байқалған. Соңғы 5 жыл ішінде - жыл сайынғы асқынулар болады. Аталған диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
-
Бронхоэктаз ауруы
-
Өкпе обыры
-
Өкпенің созылмалы абсцесі
-
Созылмалы бронхит
-
Өкпе поликистозы
13. 18 жастағы науқас военкоматтан ЖТД дәрігеріне тексеріске жіберілді. Анамнезінде - балалық шағында дұрыс дамыған. Эпицентрі төс сүйектің оң жақ қыры бойынша 2 қабырға аралығында орналасқан, жүрек негізінің тұсында дөрекі систолалық шу естіледі, ол ұйқы артериясына беріледі. Қолқа тұсындағы II тон әлсіз. Пульс - 64, ырғақты. Иық артериясының ҚҚ - 95/75 мм.с.б., жамбас артериясының ҚҚ - 110/90 мм.с.б. Аталған диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
-
Қолқа сағасының стенозы
-
Жүректің қосарланған ақауы
-
Қолқа коарктациясы
-
Қарынша аралық перде ақауы
-
Ашық артериалды ағыс
14. Лейлаға 15 ай. Қызда қауіптің далпы белгілері жоқ. Пневмония жоқ. Онда жөтел немесе суықтану, мастоидит бар. Сіздің әрекет ету жолыңыз қандай:
-
Тамақты шайып қауіпсіз дәрілермен жөтелді азайту.
-
Анасына қай кезде жедел қайтып келуін түсіндіріңіз.
-
Егер жағдайы жақсармаса 5 күннен кейін қайта қарау.
-
Қажетті антибиотиктің бірінші мөлшерін беріңіз.
-
Жедел ауруханаға жіберіңіз.
15. Асханада тамақтанған 9 студентте балық салатынан кейін 8-12 сағаттан соң іш ауруы, 2-4 рет патологиялық қоспасы жоқ іш өту, тамақ ауруы, мұрын бітелкуі, жөтел пайда болды. 9 науқастың үшеуінде 1-2 рет құсу, дене температурасының 37,1-37,5 С дейін көтерілуі байқалды. Ал таңертең ауырғандарда гастроэнтерит белгілері жоғалып тек катаральді белгілері ғана сақталды. Аталған диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
А. энтерококты этиологиялы ТТИ
B. ботулизм
C. энтеровирусты инфекциялар
D.иерсиниоз
E. вирусты гепатит
16. ЖТД дәрігер қабылдауына бір ай бойы безгек, қалшылдау, кешке қарай тершеңдік мазалайтын қойшы адам келді. Бір айдан кейін жамбас буыны мен оң жақ мықын-құйымшақ буындасуының артриті қосылды. Аталған диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
А. Ку-лихорадка
B. ревмоартрит
C. бруцеллез
D. иерсиниоз
E. пастереллез
17. 57- жастағы анамнезінде өкпе туберкулезі бар науқаста безгек, ентігу, продуктивтілігі аз жөтел пайд болды. Рентгенограммада сол жақ өкпе аймағының туберкулезден кейінгі пневмосклерозы нәтижесінде дамыған гомогенді емес қараюлар байқалды. Туберкулезді процесс пен бейспецификалық сипатты пневмония арасында ажыратпалы диагностика жүргізілді. Қосымша зерттеулер мәліметтерін алғанша мына дәрілердің біреуін тағайындау қажет:
-
Цефотаксим.
-
Рифампицин.
-
Гентамицин.
-
Изониазид пен рифампицинді бірге қолдану.
-
Изониазид пен цефазолинді бірге қолдану.
18. 40-жастағы науқас ұзақ уақыт бойы эхо-
кардиография және жүрек катетеризациясы мәліметтерімен дәлелденген таза митральді стенозға байланысты бақыланады. Соңғы 6 ай ішінде ентігу күшейді, үй жұмысын орындау мүмкіндігі жоғалып жүрек демікпесі мен жүрекшелер жыбырлауының пароксизмдері дамыды. Үлкен қанайналым шеңберінде іркілу белгілері жоқ. Қандай ем ең нәтижелі болады?
-
Зәр айдаушылар.
-
Преднизолон.
-
Антиагреганттар.
-
Дигоксин.
-
Митральді комиссуротомия.
19. 42-жастағы науқас ауруханаға демікпе ұстамасымен түсті. Жыл бойы оны ұстамалы абаламалы жөтел, бас айналуы, ауа жетпеу сезімі мазалайды.Көбіне жөтел жатқан кезде дамиды. Объективті: ысқырықты сырылдар қашықтықта естіледі. Аускультативті - қатқыл тыныс алу көрінісінде шамалы ысқырықты сырылдар естіледі. Тыныс алу жиілігі минутына 26, ЖЖЖ минутына 92, ҚҚ 110/70 мм.с.б. Науқаста бронх обструкциясының себебі неде?
-
Бронх ішілік ісік.
-
Сол жақ қарыншалы жүрек жеткіліксіздігі.
-
Трахеяның экспираторлы стенозы.
-
Түйінді периартериит, демікпелік түрі
-
Экзогенді аллергиялық альвеолит.
20. 56-жастағы науқаста антибиотиктермен емделсе де 38,5 °С дейінгі безгек бір айға созылды, арасында ауырсынусыз макрогематурия байқалды. ҚҚ 140/80 мм.с.б. Қан гемоглобині - 175 г/л, ЭОЖ 50 мм/с. Осы мәліметтермен қандай диагноз негізделді?
-
Бүйрек обыры.
-
Гематуриялық типті созылмалы гломерулонефрит.
-
Пиелонефритпен асқынған нефролитиаз
-
Амилоидоз.
-
Бүйрек поликистозы.
Достарыңызбен бөлісу: |