Тақырыбы: Заң және біз Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата Заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру;
Түрі:конференция
Көрнекілігі: интерактивті тақта, видеоролик,қанатты сөздер
Барысы : Гимн орындайды
І Құқық туралы жалпы түсінік
ІІ«Тығырықтан шығар жол қайсы» /ситуациялық жағдайды шешу/
ІІI Мен заңды қаншалықты білемін?
ІV Заңсыз арал
V «Қызыл,сары-көк ауыл» ойыны
VI Қылмыскер бала қайдан шығады?
VII Қорытынды
І. Құқық туралы түсінік Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Құқықтың ерекшелегі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.
Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы құқыққа арналған.
IІ «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)
Ауыл іші, түн, көп бала өлең айтып шулап отыр. Жандарынан өтіп бара жатқан балаға отырғандардың біреуі атып тұрып:- “Әй, бері кел” деп айқай салды. Қайырылмаған оған пышақ көрсетті.
1.Қалай ойлайсыңдар, демалып отырған жастар заңды бұзды ма ?
2. Кім қалай бұзды ?
3. Ата-ана тарапынан қандай жауапсыздық кетті?
ІІІ .“Мен заңды қаншалықты жақсы білемін?” Қазір мен бірнеше жағдайларды оқимын. Бұның ішінен оқылған жағдайды қылмыс деп тапсаңыздар оң қолды көтересіздер де, себебін алдарыңыздағы параққа жазасыздар, егер қылмыс емес десеңіздер сол қолдарыңызды көтересіздер, себебін тағы параққа жазасыздар. Әр жағдайға жеке тоқталып, түсініктеме бересіздер.
1. Дүкенде спирттік ішімдікпен бірге есірткі сатылады.
2. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр.
3. Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді, сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтып бермеді.
4. Бір оқушы сыныптасына: « Ертең 20 теңге әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш көрсетті.
5. Химиялық завод өзінің зиянды өнімін өзенге тастады, сол өңірдің ауасы бұзылды.
6. Мектеп оқушылары жүзім ұрлады.
7. Сыныптағы бір бала екінші баланың сумкасын сызып тастады.